Инфоурок Дошкольное образование КонспектыТабиғатты аялайық мектепалды даярлық тобы

Табиғатты аялайық мектепалды даярлық тобы

Скачать материал

Тақырыбы:    Табиғатты аялайық!

 

Мақсаты:        балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыру. Дамытушылық: Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу.

Тәрбиелік мәні:  Табиғатқа  деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар,  гүлдер, суреттер,

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой-толғау сабағы

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба – Алтын күн!

Амансың ба  - Көк аспан!

Амансың ба   - Жер – Ана!

Амансың ба -  достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бізге қонақтар келіп отыр.

 

Өткен тақырыпты еске түсіру

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі

- Көктемнің қай айы?

- Сәуір айы  

- Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып ойша орманға аттанайық.

- Балалар, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа жасыл шөп, шөп үстінде жүрміз, аспан ашық,     күн жарқырап тұр- деп орманды елестетейік.

-Ал енді, балалар, біз бүгін ақын Төлеген Айбергенов ағамыздың «Көктем» өлеңімен танысамыз.

«Көктем»

Көңілді көктем далаға

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар

Ауылымды арала.

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді. 

- Бұл өлең жолдары қай мезгіл туралы айтылған?

-Балалар  көктем мезгілі

- Ойын: «Күн мен түн»

Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады.

Ойынның шарты: Құстардың дыбысы жазылған кассетаны қосып, мәнеріне келтіріп баяу тындап отырады. Балаларға белгі беріледі «түн» дегенде үйықтап қалады. Ал «күн» дегенде бастарын көтеріп көздерін ашады. Қателескен бала ойыннан шығады.

- Сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

- Көктем мезгілі.

- Көктем  күні  қандай болады?

- Балалар : Қар еріп, күн жылынады,  ағаштар бүршік жарды, жер көгерді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады, құстар ұшып келді, біздер құстарға үйшік жасаймыз, құстарды қарсы аламыз.

-Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады?

Балалар: бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ  гүлдері шығады.

- Өте жақсы балалар , көктем мезгілінің ерекшеліктерін  дұрыс әңгімелеп бердіңіздер, көктем мезгілі өте  тамаша екен.

 Табиғат ана құлпырып, құстар келіп сайрап, жан-жануарлар қыстан аман-есен шығып, қуанып жатқан мезгіл.

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Балалар екіге бөлінеді. «Тірі және өлі табиғат» болып.

  Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат»

Ойын шарты: Ал, балалар енді табиғаттың ішінен тірі табиғатты атап беріңдерші.

                           Қане кім айтады? Қайсы екен тірі табиғат?

- Балалар:  Гүл, шөп, ағаш, жәндік, құстар.

- Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші.

- Балалар: Тау, тас, су,қар.

- Өте дұрыс айттыңдар, балалар.

 Көрініс:  Табиғат деген не?

Табиғат деген не? – деп сұрады кішкентай балық

Табиғат дегеніміз- телегей теңіз су,- деді бақа

Табиғат дегеніміз не? – деп сұрады Аюдың қонжығы.

Мен талай жерде болғанмын, мен де білемін, ол-орман,- деді енесі.

 Табиғат деген не? – депсұрады бота енесінен.

Табиғат дегеніміз- ол құм, тікенек шөп.

Талай жерде болғанмын, мен де білемін – деді түйе.

Табиғат дегеніміз - әрине, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар- деді қарлығаш

Ұсақ жәндіктер де бір-бірімен «табиғат деген не?» деп таласып үлгерді.

Жер- жер! –деп жар салды шегіртке.

Табиғат деген мен! Жер-Анамын  

Сергіту сәті:

 Аспанға қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Тәуелсіздік ел көрдім.

- Көктемде ең алғашқы ұшып келетін құстарды кім айтады?

- Балалар:   -Қараторғай, қарлығаш,тырна.

- Олар қандай пайда келтіреді?

Балалар:  Ағаштарды қорғайды

- Ағаштар не үшін керек?

- Ағаштар не үшін керек?

Балалар:   таза ауа шығарады көлеңкесін береді.

 Балалар біздің достарымыз, құстар туралы не білесіңдер құстарға қамқорлық жасап тұрамыз,  ендеше құстар туралы жаттамақтарымызды айтайық.

 

                                    Қос қанатын иіп ап,

                                    Жарға келіп қонады.

                                    Қара киім киіп ап,

                                    Балшықтан үй соғады.

 

                                    Үйге кірші торғайым

                                    Мен аяздан қорғайын.

                                    Жем шашамын,жегейсін

                                    Үйшік жасап берейін.

 

                                    Келіп көктем құстары,

                                   Бау-бақшада ән салды.

                                   Оларды жас достары

                                   Ұя жасап қарсы алды.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам шешуін табындар

Описание: Описание: 06060822Жұмбақтар:

 

Тұмсығын балға қып

Тоқ-тоқ соғады.

                           (тоқылдақ)                  

                        

 

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.       

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай.  

                            (қарлығаш)

                                       

 

 

 

 Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді балпаңдап.

                           (қаз)                        

 

 

 

 

                                              

Ойын:  « Кім тапқыр»

Ойынның шарты: Үй құстары мен дала құстарының аттарын айту.

Қортынды:

Балалар, біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. Табиғат туралы  қандай тиым сөздерді кім біледі?

  1. Гүлді үзбе
  2. Құстың ұясын бұзба.
  3. Ағашты сындырма
  4. Суға түкірме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Табиғатты аялайық мектепалды даярлық тобы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 903 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 4242
    • DOCX 4.9 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Измагамбетова Тарбия Улжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12988
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проблемы и перспективы в развитии вариативных форм преемственности между детским садом, школой и системой дополнительного образования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Менеджмент в дошкольной образовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 268 человек

Курс повышения квалификации

Психосоматические расстройства у детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 307 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе