Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Табиғатты қорғау" сабақ жоспары

"Табиғатты қорғау" сабақ жоспары

Скачать материал

 

Қазақ  тілі     8«Б» сыныбы

Пән мұғалімі: Магзумова Г.К

Сабақтың тақырыбы:  «Табиғатты қорғайық» .

 Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашып, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

Білімдік:

Ақпараттық технологиялар арқылы табиғаттықорғаутуралымәлімет алу, меңгерту, танымдыққабілеттерінарттыру.

Дамытушылық:

Оқу, пікіралмасу, тыңдау, көру  арқылыойлау, есте сақтау  қабілеттеріндамыту, ой қорытып, оны қағазбетінетүсіру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылықпенжұмысістеугеүйрету, ауызекісөйлеугедағдыландыру.

Тәрбиелік:

Табиғаттысүюгежәнеұқыптыұстауға тәрбиелеу,  эстетикалық сезімдерге баулу, топта жұмыс істей отырып, бір-бірін тыңдауға, басқаның пікірін сыйлауға үйрету.

 

Көрнекілік материал: интербелсенді  тақта, слайдтар, бейнефильмдер.

Сабақтыңтүрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, әңгімелеу, іздену, дәлелдеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, география.

 

Сабақтың  барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Мұғалімнің  сөзі.

2. Ой қозғау. Әр топтағы оқушыларға сөз бөліктері таратылады. Оқушылардың міндеті әр сөзді мағынасына қарай жинап, сөйлемдер құрастыру.

Әр топтан спикерлер жауап береді.

Интербелсенді  тақтадан слайдтар,бейнефильм көрсету.

Дұрыс жауабы: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Мағынасы адамдар мен табиғат бір – бірімен тығыз байланысты. Сондықтан біз табиғаттың қамқоршысы, қорғаушысы болуымыз керек. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат біздің асыраушымыз, біз барлығын табиғаттан аламыз.Сондықтан табиғатты зиянды заттардан сақтап, оған күтім жасауымыз керек. Табиғаттың тілі жоқ, яғни оны адамдар аялап, қорғау керек.

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болу мүмкін?

-Бүгінгі сабағымыз табиғат қорғау жайында болмақ.

-Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білгілерің келеді?  Мақсатымыз не?

-Табиғат, табиғатты қорғау, оған қалай көмектесу керектігі жайлы білу.

(Оқушылар мақсатқа өздері шығады)

II . Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты қорғау».

Мақсаты: Табиғатты қорғау жайында мағлұмат алу.

Сөздік жұмысы

қорғау-защищать

тіршілік-жизнь

қауіп-қатер-опасность

қоршаған орта-окружающая среда

табиғатты аялау-заботиться о природе

ажырамас-неразделимый

ластану-загрязниться

жаны ашу-жалеть

міндетті- обязанный

мәселе- проблема

талап етеді –требует

III. Бекіту тапсырмалары

  Топпен жұмыс.Топтасып жұмыс істейді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

 Берілген тапсырмаларды орындау барысында айтатын ойларын қағаз бетіне түсіре отырып, жұмыстарын қорғауға дайындылады.

1 топ тапсырмасы:  Берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдап, «Біз табиғатты қорғаймыз»  тақырыбын ашу.

    Бізді қоршаған орта-табиғат. Жан-жануарлар мен өсімдіктер, орман-тоғайлар, өзен мен көлдер, жер мен ай, күн мен жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғатқа жатады.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап,өзен мен көлдердің, қоршаған ортаныңластанбауына ерекше мән берген. Табиғат пен адамды бір-бірінен бөлуге болмайды . Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алады. Табиғатқа ешқашан зиянын тигізбеген.Адамдар табиғатты сақтау керек және табиғат байлықтарын қорғауға міндетті.

Табиғатты қорғау дегеніміз-адамның өзін-өзі қорғау.Табиғат – бұл тіршілік.Сондықтантабиғатқаадамдарқамқор болу керек. Ендеше осы табиғаттықорғаудыңжолдарыкөп.Мысалы: табиғиорындысақтау. Ауаны, суды ластамау.Табиғаттыаялапұстау, бүлдірмеу.

2 топ тапсырмасы: «Қоршаған ортаның табиғатқа әсері және экологиялық жағдай қандай?»  деген сұраққа топпен жауап беру.

     Алғаш рет экология деген ұғымды ғылымға неміс ғалымы Фрнест Геккель енгізді. Экология гректің үй, мекен, тұрақ және ілім деген сөзінен шыққан. Ол бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақтау керек. Экология өсімдіктер, жануарлар әлемін сақтап, қорғауды талап етеді. Экололгия таза болу үшін адамдар қоршаған ортаның тазалығын сақтау керек.

    Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.Сондықтан ауа ластанады. Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды. Мысалы, су жағасына қоқыс төгеді. Сол себепті су ішуге жарамсыз болып қалады.Бүгінгі таңда экологиялық мәселе  бүкіл әлемдік мәселеге айналуда.

 

3 топ тапсырмасы:  Ақпараттық технологияның, яғни ғаламтор көмегімен табиғатқа байланысты мәлімет табу.

Әр топ жұмыстарын қорғайды. Тақырып бойынша түйін сөздерді, ойларын интербелсенді тақтада жазады. (Жазба жұмысы)

Сергіту сәті

Дауыл тұрды, жел соқты

Бұлт қаптады аспанды.

Күн күркіреп шатырлар.

Жаңбыр жауды тарсылдап.

Кемпірқосақ көрінді

Жаңбыр аздап басылды

Артынан күн де ашылды.

 

«Еркін хат».Табиғаттан адамзатқа хат жазу.   РАФТ стратегиясы.

Бұл тапсырма РАФТ стратегиясы деп аталады. РАФТ-стратегиясы. Хат жазуР-жазатынның рөлі / жансыз нәрсе, тарихикейіпкер, шығарманың авторы,т.б. /А- кімге жазылатыны Ф- түрі / хат, пікір,эссе, жарнама, т.б/ Т- тақырыбы/  (5 минут)

Өздеріңді табиғаттың адамнан басқа бір бөлшегі ретінде сезініп, су,өсімдік, жануарлардың  атынан адамзатқа  хат жазасаңдар. Хат былай деп басталады.

Адамзат!  Мен де сен сияқты тіршілік  иесімін.  Өсемін, өмір сүремін, адамдарға пайдам тиеді.  Сондықтан...

Өздеріңе берілген кілтті сөздер арқылы  хатты аяқтаңдар.

1 топ:Су-бұлақ, өзен, көл, теңіз    таза су, ластама, қоқыс, тіршілік жоқ,

 

2 топ: Өсімдік –гүл, ағаш       жұлма, мені күтіп бапта, сындырма, 

3 топ: Құстар мен жануарлар             азайып барамыз,  атпаңдар, 

 

Әр топ өздері жазған  хатты оқып, қорытынды жасайды.

Қорытынды сөз: Адамдар табиғатты қорғап,  аялай білу керек.  Өйткені адамдар барлығын табиғаттан алады. Яғни табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты.

IV.Рефлексия:

Интербелсенді тақтамен жұмыс  (2 минут)

Табиғат                         пен                            Адам

Қажеттіліктерін табу.

5 жолды өлең құрастыру.  «Синквинг»

 

Бағалау.Бағалау парақшалары арқылы өздері бағалайды. 1 минут

 

Бағалау критерийлері:

«5»         +  +  +  +  +

«4»-       +  - + - +

«3»        - + - -

р/с

Оқушылардың аты, фамилиясы

Тапсырмалар

Қорытынды

Баға

Сөйлемді дұрыс құрау

Мәтінмен жұмыс

Хат жазу

 

5 жолды өлең

1

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы:

1) Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттаңдар.

2) Оқулықтың 208 бетіндегі тапсырманы орындау.

3) «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына өздеріңнің ойларыңды

эссе ретінде жазып келіңдер.

 

-Бүгін сабақтан қандай әсер алдыңдар? (Стикерлерге жазып қалдыру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Табиғатты қорғау" сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 384 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 30189
    • DOCX 21.3 кбайт
    • 227 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магзумова Гульнара Калиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магзумова Гульнара Калиевна
    Магзумова Гульнара Калиевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38844
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой