Инфоурок Другое Другие методич. материалыТабиғаттың тарылтпайық тынысын (ашық тәрбие сағаты)

Табиғаттың тарылтпайық тынысын (ашық тәрбие сағаты)

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы  әкімдігінің  Білім басқармасы

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж»ҚКМК

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғаттың тарылтпайық тынысын!»

Топ жетекшісі: Елеусизкызы Меруерт

Мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Топ: 35ә

Мақсаты: студенттердің қазіргі кездегі табиғаттың экологиялық  мәселелері жөнінде білімдерін кеңейтіп, азаматтық жауапкершілігін жоғарылатуға жағдай жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосу.

Дұрыс әрекет-жалпыадамзаттық құндылығын студенттер бойына сіңіре отырып, экологиялық сана мен мінез-құлықты дамыту.

Көрнекілігі: Бейнеролик, презентация материалдары, ұя, кітаптар

Формасы: Ашық микрофон

Акт залына қонақтар жайғасады. Бірден жарық сөніп, бейнеролик қосылады. Бейнеролик: «Табиғат үні»

бейнеролик әуенінің дауысы ақырын басқа әуенге ауысады. (табиғаттың атынан екі студент өлең оқиды)

Фондық музыка №1

1 – студент (Жансая):
Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың!
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың
2 – студент (Балжан):
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах, ұрады дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар, кім ие?

1 - студент:
Пәк ауаға кешегі кім налады?
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады аққулардың қанатын,
Соны ойласаң, көңілді кір шалады.
2 - студент:
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба, өзі тұрған өңір налып?
Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға,
Енді жауса жауады қоңырланып.
1 - студент:
Бар дейсің бе, өмірде азап ондай,
Дүние озса, ол енді азады оңбай.
Адам таза болмайды ешқашанда,
Айналайын табиғат таза болмай.

 Сахнадан табиғат шығып кетеді.  Екі жүргізуші шығады.

1                   Жүргізуші(Нурия):

Расымен де, біз табиғатта болып жатқан жәйттерге көп назар  аудармаймыз. Ал, барлығы кеш болғанда, неге табиғат бізге наразылығын білдірді екен, не жаздым деген ойлар келеді.

2 Жүргізуші (Жансая):

Дұрыс айтасың, біз көп жағдайда өз кінәміз біле бермейміз. Бірақ та, қазір біз осы мәселені жұртшылыққа жариялап, ой қозғау жасасақ қалай болады.

1 Жүргізуші:

Олай болса, табиғаттың үнін естуге және оның жағдайын білуге арналған «Табиғаттың тарылтпайық тынысын» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Слайд 1Фондық музыка 2

1 – студент (Айым):
О табиғат, тағдырымсың сен менің,

Сенің барлық өзен, тау мен көлдерің.

Ауауң, суың, өсімдігің болмаса,

Дүниеде қалай өмір сүремін.

Құдіретті мол табиғат мен саған

Әрқашанда алғыспенен бас иемін
2 – студент (Гүлім)
Экология – өмірдің,
Соғып тұрған жүрегі.
Ей, табиғат, балаңмын,
Ертеңіңе алаңмын.
Денсаулығы ғаламның,
Денсаулығы адамның!

3- Студент (Ақбота)

Земля!

Люди моей планеты!                                                

Люди моей планеты!

Планета в опасности!

Кромсая лед, меняя рек теченье,

Твердите Вы, что дел невпроворот,

Что вы еще попросите прощенья

У этих рек, барханов и болот,

У самого гигантского восхода,

У самого мельчайшего малька,

Но вам об этом думать неохота,

Сейчас вам не до этого пока.

Аэродромы, террасы , и перроны,

Леса без рек и реки без воды.

Все меньше – окружающей природы,

Все больше – окружающей среды.

4 Студент  (Аида)

Что делать, как беду предотвратить,

Быть может, способ есть болезнь предупредить,

Давайте, мы попробуем природу излечить!

Рецепт лекарства прост-

Беречь среду, вопрос о ней не ставить в хвост,

И вот тогда разгонишь ты беду,

И в небе ты увидишь радугу-дугу.

5 Студент  Салтанат

Look out side, see the trees

Watch the flowers in the breeze

Seize the night, seize the day

Things wont always be this way.

 Thousand of people are dying,

In the night you hear children’s crying.

Lets stop the war,

Our people are sore

Show the world what you can do more!

6 Студент  Анель

Mother nature

Butterflies and bees,

Oceans and seas.

Green-green grass,

And big strong trees.

A huge round sun,

In the sky so blue,

But their beauty is what,

Mother Nature is all about.
1 Жүргізуші:

Топ білім алушылары әлеуметтік желілерде «Экологиялық сауаттылық» аясында сауалнама жүргізген болатын, соның қорытындысымен таныссақ. Слайд 2

2 Жүргізуші

Біздің тобымыздың зерттеушілері архивпен жұмыс жасап, құжаттарға зерттеу жүргізген болатын, соның нәтижесінде бірнеше құнды деректерді кездестірді.

Слайд 3Фондық музыка 3

Кітаптар көрмесі

2 Жүргізуші

1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.

1 Жүргізуші:

Иә, бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Сол мәселелердің бірінде, Жер планетасының, табиғаттың жағдайы жайында 12 жастағы кішкентай кыз бала Северн Сузуки сөз қозғаған болатын.

2 жүргізуші

 Северн Сузуки қазіргі уақытта 40 жаста телеарна жүргізушісі болып жұмыс істейді. Оның өзі келе алмағандықтан, БҰҰ АҚШ-тағы өкілі Никки Хейли шақырылған болатын.Олай болса қонағымызды ортаға шақырайық.

Фондық музыка (Ортаға Никки Хейли тұрақты өкілі өзінің аудармашысымен келеді)

1 жүргізуші

Добро пожаловать в Казахстан. Как долетели?

Никки Хейли

Thank you, you are very hospitable. I liked  your country.

Спасибо, вы очень гостепримный. Мне понравилась ваша страна.

2 жүргізуші

У нас сегодня проходит открытый классный час, на тему которая касается нашей Планеты, нашего Дома.

Никки Хейли

So, you spoke about a global theme. Indeed, our planet needs our help, all mankind. Therefore, we need also to become eco-warriors for the sake of our future. We must demand for this from our society. In this occasion, I brought you same  information , from 1992nd years, which at this time it was called " The Girl, who makes the world keep silent for 5 minutes."

Да, вы затронули тему глобального масштаба. Действительно, наша Планета нуждается в нашей помощи, помощи всего человечества. Поэтому мы с вами должны стать эко-воинами ради нашего будущего. Мы должны требовать этого от нашего общества. По этому поводу я принес вам данные с 1992 года, которое в данное время называется  «Девочка, заставившая мир замолчать на 5 минут».

1 жүргізуші

Жақсы, экранға назар аударсақ.

2 жүргізуші

Расымен де, бейнеролик өте әсерлі екен. Ешкімді бей-жай қалдырмаған шығар. Осы бейнеорликке қатысты, залдағы отырған көрермендеріміз өздерінің алған әсерлерімен бөліссе.

Залдағы көрермендермен диалогтық қарым-қатынас.

Никки Хейли

We are an educated people. We have modern technics, and we have phones, computers, TV, we live in a democratic country, we can communicate with elected leaders. We live in a society where woman has the same rights as man. Everyone has the opportunity to be a leader. So, let's will be leaders for the benefit of our Earth, will protect and preserve it.

Мы образованные, люди. У нас есть телефоны, компьютеры, телевизоры, библиотеки, мы живем в демократической стране, мы можем общаться с избранными лидерами. Мы живем в обществе, где женщина имеет равные права с мужчинами. Каждый имеет возможность быть лидером. Так давайте же, мы станем лидерами во благо нашей Земли, будем защищать и оберегать ее.

1 жүргізуші

Өте құнды дерекпен бізге ой салдыңыз. Рахмет сізге! Жолыңыз болсын!

Никки Хейли

Thank you for your invitation! Good bye!

2 жүргізуші

Расыменде, таза табиғат үшін күрес — өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес,әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат, адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана, бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені.

1 жүргізуші

Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.

Табиғаттың үні естіледі.

2 жүргізуші

Бұл не дыбыс өзі, қайдан шығып тұр?

Алыстан дауыс естіледі:

-         ООО адамзааааат!!! Бұл табиғаттың өзі!!! Сәл болса да, құлақ түріңіздер! Сіздермен сырласуға келді.

Би «Табиғатпен сырласу» Бейнеролик 2

1 жүргізуші

Жансая, мен осында келе жатып табиғат туралы ой жүгірттім, жолдан «Нұрдәулет» балабақшасының балаларын кездестірдім. Балалармен әңгімелескеннен кейін, олардың айтқандары мені әсерлендірмей қоймады.

2 жүргізуші

Да, Нурия, дети вынуждают нас к правильным действиям. Это сильнее любого доклада. Так что давайте, послушаем детей! Не будем заставлять их ждать!

Балалармен диалогтық қарым-қатынас (Ақмарал, Индира)

1 жүргізуші

Устами детей глаголит правда!

2                   жүргізуші

Осы балаларды үйрете отырып, үйрену мақсатында ортамызға «Нұрдәулет» балабақшасының  әдіскерін Жұмаханова Жанар Алипхановна және Умирбекова Эльмира Токеновнаны ортаға шақырамыз!(акция «5 пожатия рук»)

1 жүргізуші

Қалай ойлайсыздар, барлығымыз «Экологиялық акцияны» ұйымдастыруға қатыссақ!  Жылы жақтан ұшып келген құстарға, ұя жасау арқылы, табиғатқа деген ықыласымызды білдірейік! Себебі, барлығымыз бір ұйдің баласымыз!

2 жүргізуші

Ендеше, табиғат-анамызға өзіміздің антымызды берейік!

Ант

Мен ҚР азаматы бұлақтың көзі жабық тұрса, оны ашуға, адамға жолдан өтуге бөгет болатын зат болса, одан тазалауға, жан-жануарларға мейірімділікпен қарауға, еліміздің, отанымыздың табиғатын аялауға ант етемін!

Осындай позитивті нотада, сіздермен бірге Тенебекова Жұпардың орындауындағы  «Земля моя» әнін айтуға шақырамыз!

Ән: Тенебекова Жұпар

1 жүргізуші

Осымен біздің «Табиғаттың тарылтпайық тынысын» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

2        жүргізуші

Ашық микрофонға келіп қатысқандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Табиғаттың тарылтпайық тынысын (ашық тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2017 2429
    • DOCX 32.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеусизкызы Меруерт -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеусизкызы Меруерт -
    Елеусизкызы Меруерт -
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3758
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой