Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Табиғи және жасанды маталар" ашық сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Табиғи және жасанды маталар" ашық сабақ жоспары

библиотека
материалов

Келісемін:


Уақыты: 29.10. 2016

Еңбек 4 «А» сынып

Мұғалім Муканбаева Л. Ж

Сабақтың атауы

Табиғи және жасанды маталар.

Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі.

Сабақтың жабдығы

Мата, түсті қағаз, желім, қайшы.

Мақсаты:


Оқушылар матаны пайдалану әдістерін меңгереді. Оқушылардың қол икемділігі, іскерлігі, шеберлігн қалыптасады, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға сай бұйымды жасауды үйренеді.

Оқыту  нәтижесі

Оқушылар матаны пайдалану тәсілінің ерекшеліктерімен және қауіпсіздік ережелерімен танысады, онымен белгілі бір заттар жасауды үйренеді. Оқушылардың ой-өрісі, білімі дамиды. Өнерге деген ынтасы артады, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа дағдыланады.

Топқа бөлу

-

Қызығушылықты ояту

 

Шаттық шеңбер
Ал, балалар күлейік, Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек, Қөңілді боп жүрейік.

Мағынаны тану


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Өткен сабақты пысықтау

Жаңа сабақ. Талшықтың түрлері. Табиғи талшық.
Өсімдіктен жасалған зығыр мақта
Жануарлардан жасалған – жүн, жібек
Мақта – бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның отаны – Индия, Оңтүстік Америка. Ал бізде Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі
Адам үшін мақта өсімдігі пайдалы:
• дәні (талшық үшін),
• бұтағы мен қалдығы (мақта, қағаз, картон)
Мақтаның құрылымы:
Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы 6 - 52мм - ге жетеді. Табиғи түсі – ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі.
Мақтаның гигроскопиялық қасиеті:
Өте жоғары.(гигроскопиялығы – қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті) мақта ылғалды тез өткізіп, тез кебеді.
Зығыр – зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы, жабайы, бұйра зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіріледі.
Адам үшін зығырдың бәрі пайдалы:
• Дәні (техникалық май),
• сабағы (мата үшін талшық),
• қалдығы (техникалық мақсатқа, кендір).
Зығырдың құрлымы:
Сабағы тік, биіктігі 1м - ге дейін жетеді. Талшық ұзындығы 15 - 20мм. Түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін болады.
Зығырдың гигроскопиялық қасиеті:
Ылғалды жақсы өткізеді, оңай жуылады. Мақтаға қарағанда ыстыққа төзімді, мықтығырақ келеді.
Сергіту сәті
Мақта
Мақта талшығын колға ұстағанда өте жұмсақ. Жағып тексергенде ашық - сары түсті болып жанып, күйген қағаздың иісі шығады. Мата, тоқыма бұйымдар, тігін жіптер дайындалады. Мақта мата оңай жуылып, тез кебеді, жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі. Мақта мата біркелкі иірілген жіптен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізгі жіп арқылы созылады, жуылған кезде сол арқылы отырады.
Зығыр
Зығыр мата мақта матаға қарағанда мықтығырақ келеді. Олар негізгі және арқау жіп арқылы созылады, салмақты әрі қалыңдау келеді. Ылғалды жақсы өткізеді, оңай жуылады. Мата беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр матасы тез сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі.
Мақтаны алғашқы өңдеу
Мақта – мақта талшығы - алдын ала тазалау – мақтаның тұқымынан талшықтарын айыру - нығыздау
Зығырды алғашқы өңдеу –
Зығыр – зығыр сабағын суда жібіту – кептіру және жұмсарту – зығырды сабау – зығыр талшықтарын алу
Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген.
Тоқылуына, сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігіне қарай матаның әр түрлі атауы бар. Әсем, жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес халқымыз көбінесе қыздарының есімдерін мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі, Ұштап, Мақпал, Қырмызы, Жібек, Дүрия т. б.
Сабақты бекіту:

Иә Жоқ
1. Мақтаның түсі ақ па? Иә
2. Зығыр мата бұйра зығырдан алынады ма? жоқ
3. Мата талшықтан тұрады ма? Иә
4. Табиғи талшықтарға лавсан, капрон жата ма? жоқ
5. Мақта мықты, жұмсақ, жеңіл ма? иә
6. Зығыр мата беті тегіс, жылтыр иә
7. Мақта біржылдық өсімдік иә
8. Зығыр жұмсақ мата жоқ

Үй тапсырмасы

Мата туралы жалпы түсінік” оқу

Бағалау

Жұмыстарын баға қою.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров218
Номер материала ДБ-291858
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх