Инфоурок Директору, завучу СтатьиТабысты мектептің бақытты баласы

Табысты мектептің бақытты баласы

Скачать материал

Табысты мектептің бақытты баласы

 

Досболова Жулдуз Абуовна

орыс тілі және әдебиеті пәнінің

І санатты, ІІІ деңгейлі мұғалімі

Қармақшы аудандық білім бөлімінің

№273 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Елбасының «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолындағы атап көрсеткен алғашқы межелерінің бірі-Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына енуі. Ал, ол асуды бағындыру, әрине, білім арқылы келетіні белгілі. ХХІ ғасыр–білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру–қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай игі істердің бірі-Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің басшыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын зерделеп, оның мектепті дамытуда тиімділігін түсініп, қолдана білу.      Бұл бағдарлама мектеп басшысына, мұғалімдерге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалай арттыруға, оқуға қабілетін қалай жақсартуға болады деген сұрақтарға нақты жауап бере алады. Білім беру негізін түсінуге, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыруға, сыни ойлау қабілетінің артуына, ақпараттық–коммуникациялық технологияны тиімді меңгеруге дұрыс әрі төте жол сілтей алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама бізге әлемдік білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерін жинақтап, саралап қолдануды ұсынып отыр. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби әлеуеті мен дамуының қатар қалыптасуын қадағалауымыз қажет деп санаймын.
        Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы-жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі- ата–ана болса, тағы бірі–біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Мектептің дамуына оқушының жетістіктері негіз болса, сол оқушыны жетістікке жеткізетін негізгі тұлға – ұстаз. Ал сол ұстаздан заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді.
         Бағдарламаның түйінді идеясы әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің тарихын, дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Сонымен қатар осы жеті модульді негізге ала отырып, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді оқыту мен оқу үдерісінде қолдану арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыру, сыни ойлауды үйрету арқылы сыни қөзқарас қалыптастыру, оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді.                                   

   Бағдарламаның маңызды ұстанымдарының бірі-жалпы адамдар арасындағы, олардың қарым-қатынасы кезіндегі көшбасшылық қасиетін негіздеу, дамыту, қалыптастыру болып саналады. Жалпы адамның барлығы көшбасшы болуға лайықты да және оған құзыретті де, тек бала кезінен қалыптаспаған дағды, теріс тәрбие, әркімнің өзінің ортасы кедергі болуы мүмкін.

Көбіне көшбасшылық тек басшы адамдарда, ұйымдастырушылық сала қызметіндегі мамандарда ғана болатын қасиет деп ойлаушы едік. Бағдарлама аясында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өткізілген тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей баланың көшбасшылық қасиетін ашу арқылы оның жан-жақты дамуына үлкен әсер ететінімізге көз жеткіздік. Бала тұрмақ мұғалімнің бойындағы кейбір бұрын-соңды білінбеген жақсы қасиеттердің байқалғандығының куәсі болдық десем артық айтпаймын. Көшбасшылық-бұл баланың өз-өзіне деген сенімділігінен туатын жақсы қасиет. Нағыз көшбасшы болу үшін өз ойын бүкпесіз ашық айту, өзгенің де пікірімен санасу және өз ара сыйласымдылық пен түсіністік керек. Бөлінген көшбасшылықтың да тигізер пайдасы мол. Ол адамның бойында тең құқылық, үлкен жауапкершілік, сенімділік, өзгенің өзіңе деген сенімін ақтау керектігін түсіну сияқты қадір-қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер ұжымда әрбір ұстаз өзін нағыз көшбасшы ретінде сезініп, соған лайықты болса және сыныпты да солай басқара білсе, ол қасиет бала бойында да қалыптасатыны белгілі. Өйткені оқушы үшін ұстазы үлгі, айна іспеттес.

Қазіргі балалардың мінез-құлқы, болмысы, тәрбиесі кеңес дәуірі кезіндегі балалардан ерекше. XXI ғасыр балалары ойын ашық айта алатын еркін, алғыр, тез қабылдағыш, тез икемделгіш, бір сөзбен айтқанда қазіргі дамыған заманына лайық. Сондықтан біздің, ұстаздардың дәстүрге айналған, ескі сарынды оқыту үрдісіміз оларды қызықтырмайтыны белгілі. Ал бізге ұсынылған бағдарлама осы бір уақыт пен әрекеттің үйлесімділігін сәйкестендіретін бірден бір құрал десе болады.  Осы әдістемелік құрал мектебіміздің өзгеруіне мол әсерін тигізуде. Өйткені біз мектептің даму

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жоспарын мүлдем басқаша, яғни сыни тұрғыдан қарастыруға бағыт алдық. Сабақты зерттеу, іс-әрекетімізді зерттеуді қолға ала бастадық. Әрине қай істі болмасын бастау қиын. Мысалы Жапония елінен бастау алған Lesson study тәсілін бастау, оны зерттеу оңай шаруа емес екені белгілі, бірақ оның баланың біліміне, дамуына, жетілуіне қаншалықты пайдасы бар екенін біле тұра оны қолданбау ұстаз үшін үлкен кемшілік дер едім.                       

Осындай игі бастамалардың басы-қасында жүрген ынталы топ мүшелері нағыз көшбасшы ретінде өздеріне тапсырылған жұмыстарды мүмкіндіктерінің келгенінше атқаруда. Нәтиже жоқ емес, әрине бар, дегенмен бірден бәрі өзгеріп кетеді деу артық болар. Оған біршама уақыт керек екені белгілі.

Кедергілер жоқ емес, бар. Олар біріншіден, ұстаздардың кәсіби әлеуетінің, кәсіби құзіретінің талапқа сай болмауы, ішкі уәждің жетіспеушілігі, сол баяғы дәстүрлі сабақтан арылмауы. Екіншіден, кәсіби қоғамдастықтың өз мәнінде қалыптаса алмауы, желілік қоғамдастықтың жұмысына араласа алмауы. Санамызда қалыптасқан ескі сарыннан арылудың бірден бір жолы кәсіби дамуды қамтамасыз ететін кәсіби қоғамдастықтың жұмысын бір сәтке тоқтатпай дамыта түсу болып табылады.

Қазіргі заманғы білім беру саласында талап өте күшейіп, оған сәйкес оқыту мен оқу үдерісіндегі болып жатқан өзгерістер де күннен күнге даму үстінде. Бізге ұсынылып отырған Бағдарлама аясындағы әдіс-тәсілдерді ұстаздар тек қолданып қана қоймай, оның одан әрі дамуына, кеңеюіне өздігінен ықпал жасауға мүмкіндік алады. Бұл бағдарламаның ерекшелегі осында деп ойлаймын. Өйткені мұғалім оқыту үдерісі кезінде сабақты зерттеу арқылы оқушының іс - әрекетін зерттеуіне тура келеді. Зерттеу деген сөз ол белгілі бір нәрсеге немесе іс-әрекетке тереңірек үңілу болып табылады. Ал оқушыны тереңінен ойлануға, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, үйрету үшін мұғалім де соған бейімделуі тиіс.                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдерден TALIS сауалнамасын алу кеңінде анықталған басты проблемаларды атап айтсақ, олар біріншіден, ұстаздардың ескі көзқарастан әлі де болса арыла алмауы, қалыптасқан дәстүрлі сабақтан алшақтай алмай, жаңалыққа тосын қарауы, қиындықтан шығар жолды көре алмауы және оған қоса енжарлық танытуы. Сабақты жоспарлауда оқушы үні ескерілмеуі, дәстүрлі сабақ беру тәсілінен арылмауы.

Екіншіден, көпшілік ұстаздардың кәсіби біліктілігінің төмендігі, мектептегі қағазбастылықтың әсері, уақыттың тапшылығы, яғни уақытты сабақты жоспарлау кезінде және өткізу кезеңінде тиімді пайдалана алмауы.

Үшіншіден, мектептегі ұстаздарымыздың кәсіби қоғамдастыққа әлі де болса белсенді қатыспауы, желілік қоғамдастықтың дұрыс жолға қойылмағандығының әсері.

Ата-аналардан алынған сауалнама негізінде анықталған проблемалардың бірі – мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз әрі шынайы байланыстың әлі де болса сөз жүзінде, қағаз бетінде қалып қоюы.                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарымыздың оқыту мен оқу үдерісіне етене араласа алмауы да басты себеп болып отыр деп айтуға болады. Оған қоса кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне жұмысты сылтау қылып, уақыттың жоқтығын алға тартып, атүсті қарайтыны тағы бар.

Қоғамдағы, кейбір отбасындағы бала тәрбиесіне кері әсер тигізетін, болашағына балта шабатын әр түрлі өзекті мәселелер де өзінің ықпалын тигізбей қоймайды деп ойлаймын.

Міне, осы аталған проблемалар, мектептің дамуына кері әсер ететін негізгі факторлар болып табылады.

Мектепті өзгерістерді зерттей келе мынадай қорытындыға келдім. Әрине, бірнеше жылдар бойына қалыптасқан, дәстүрге айналған ескі жүйені бірден өзгертіп жіберу мүмкін емес. Алайда ұстаз деген халық жаңалыққа жаны құмар болып келетіні белгілі. Мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізілген жұмыстар мектептің дамуы жолындағы, өзгеру жолындағы теңізге тамған тамшыдай ғана әрекет деп есептеймін. Сондықтан бізді әлі алдымызда жаңа ақпарат пен білімге негізделген қарқынды өзгеріс, жаңаша оқыту мен оқу үдерісі, зерттеулер, ізденістер, шығармашылық көп жұмыстар күтіп тұр.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары біздердің білімдеріміз бен біліктерімізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздардың үлесі орасан мол.            

Бірте – бірте талапқа сәйкестендіріп, үйретуден жалықпай, жаңалықтан қалыспай, көштен қалмай ілесіп, ұжымды жұмылдырып, бағыттап отырсақ, табысты мектептің бақытты баласына сапалы білім беретін, жетістікке жеткізетін нағыз көшбасшы мектеп болатынымызға сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

Түйін

Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы-жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі- ата–ана болса, тағы бірі–біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Мектептің дамуына оқушының жетістіктері негіз болса, сол оқушыны жетістікке жеткізетін негізгі тұлға – ұстаз. Ал сол ұстаздан заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді.

Будущее нашего Независимого Государства в руках молодых. Но дать им правильное направление в руках родителей и пегагогов. Школа помогает молодым выбрать правильный путь в жизни и главная роль в этом избрании- роль учителя. Развитие школы зависит от достижений учащихся, а достижению отличных результатов  помогает учитель. Современное образование требует  от учителя быть всесторонне подкованным, идти в ногу со временем и быть всегда в профессиональном поиске.


The Independent country’s future  is the future of youth. Nevertheless,  one of the giving right orientation is pupils’ parents and other is we, teachers. The beginning of the civilization is schools, and the heart of the schools is a teacher. If the basis for school development is pupils’ achievements , then the main  person to achieve the success of the student is a teacher. Every teacher is required  always to be skilled and to improve their knowledge to correspond to the modern requirements.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Табысты мектептің бақытты баласы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 627 369 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2016 703
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакиева Зинеш Мусаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бакиева Зинеш Мусаевна
    Бакиева Зинеш Мусаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13054
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Кондитерское производство: технологии изготовления бисквита

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Машинист: управление экскаватором 4 разряда

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические основы клинической психологии

36/72 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1225 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек