Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Презентации / Таңдап алған спорт түрі пәніне презентация

Таңдап алған спорт түрі пәніне презентация

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫ...
Дәріс 1: Дене тәрбиесінің әдістері Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың...
Жарыс әдісі 		Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жары...
Қатаң шектелген жаттығу әдістері Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен...
Қимыл-әрекетке үйрету әдістері Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас т...
Дене қасиеттерін дамыту әдістері  Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң...
Ойын әдісі   Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың эле...
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері Сөзді қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісі...
Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немес...
1 из 9

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫ
Описание слайда:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Уразбаев М.Т., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы «Таңдап алған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

№ слайда 2 Дәріс 1: Дене тәрбиесінің әдістері Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың
Описание слайда:

Дәріс 1: Дене тәрбиесінің әдістері Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың әдістерін оқу, үйрену. Тақырып бойынша сұрақтар: Терминдер мен түсініктер, дене тәрбиесінің әдістерінің топтары Жарыс және ойын әдісі Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері.

№ слайда 3 Жарыс әдісі 		Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жары
Описание слайда:

Жарыс әдісі Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі – біріншілікте қарсыласыңды, команданы, топты жеңу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары қарай тез дамуына ықпал етеді. Бұл жарыс әдісінің міндетті түрде орындалуы үшін керекті шарт: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар өте жақсы дайындықпен келулері керек, ол болмаса берілетін үлкен қарқынды жүктемелер олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

№ слайда 4 Қатаң шектелген жаттығу әдістері Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен
Описание слайда:

Қатаң шектелген жаттығу әдістері Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетте қатаң шектелген жаттығу әдістерін пайдалану көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізеді: 1. Жүктеме көлемін қатаң мөлшерлеуге. Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемені ең төменгі шамаға дейін жоғарылатып, басқаруға болады. 2 Әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығу арқылы жеке дене мүшелеріне әсер ету. 3. Дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуді пайдалану. 4. Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету. 5. Дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру кездерінде пайдалану мүмкіншілігі. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды жас балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейін қолдана аламыз. Қатаң шектелген жаттығу әдістері екі топқа бөлінеді: а) қимыл-әрекетке үйрету; ә) дене қасиеттерін жетілдіру.

№ слайда 5 Қимыл-әрекетке үйрету әдістері Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас т
Описание слайда:

Қимыл-әрекетке үйрету әдістері Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады. - қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде; - дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жүргізілетін жаттығу сабақтарында; - қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда; - бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде. Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.). Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.

№ слайда 6 Дене қасиеттерін дамыту әдістері  Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң
Описание слайда:

Дене қасиеттерін дамыту әдістері  Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығулар әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Жүктеме дегеніміз – дене тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету. Жүктеменің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты. Жүктеменің көлемі – орындалған дене қуаты жұмысының саны (мысалы, 10 минөттық жүгіру, жаттығуды қайталау саны т.б.). Спортшының жаттығуларды орындау, жұмыс істеу қарқынына байланысты жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты жүктеме – ол спортшының белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы қарқындылығының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін). Жүктеме әрқашан да тынығумен кезектесіп отыру керек. Тынығу аралықтарының үш түрі бар. Олар: қарпайым, қатаң шектеулі және төтенше. Қарапайым немесе толық тынығу аралығы деп бір жаттығуды орындап болып келесі қайталанар жүктеменің алдында ағзаның жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалыпқа келуін айтамыз. Толық қалпына келуін тамыр соғысын есептеу арқылы анықтаймыз 2. Қатаң тынығу аралығы дегеніміз - бір жаттығуды орындап болып, келесі қайталанар жүктеме жаттығушының ағзасының жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталануы. 3. Төтенше тынығу аралығы дегеніміз – келесі жүктеме ағзаның жұмыс қабілетінің көтерілген кезіне, жаттығушының өзіндік дайындық ниетінің толық көрінген кезіне тап келуі. Белсенді тынығу – спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда қарқыны аз түріне көшуі (мысалы, жүгіруден соң ақырын жүру). Дене қасиеттерін дамыту үшін мынандай әдістер қолданылады: Бірқалыпты орындау (стандартты) әдісі. Өзгермелі орындау әдісі. Қайталап орындау әдісі. Аралық орындау әдісі. Айналмалы орындау әдісі.

№ слайда 7 Ойын әдісі   Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың эле
Описание слайда:

Ойын әдісі   Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар: 1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру. 2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі. 3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды). 4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы. 5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары. Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.        

№ слайда 8 Дене тәрбиесінің жалпы әдістері Сөзді қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісі
Описание слайда:

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері Сөзді қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісінде, дене қасиеттерін тәрбиелеуде сөзді қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөзді қолдану әдісі үш топқа бөлінеді: 1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады. 2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады. 3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған. Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. Баяндау теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайданылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға түсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін артыру үшін әңгімелеу әдісі қолданылады. Қысқа, бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық беру әдісі дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (сөреден жүгіру кезіндегі бұйрықтар, төрешілердің бұйрық сөздері) болып бөлінеді. Бұйрық көп адамдар қатысатын әрекеттерді ұйымдастыруда қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар, жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстарын басқаруға берілетін бұйрықтар т.б. Сабақ алдында немесе сабақ кезінде кейбір жеке міндеттер қою тапсырма әдісінің қызметіне жатады. Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындауды талап ететін сөз әсерін нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысты үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр», «тізені бүкпе», «шынтақты түсірме» т.с.с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты басқарып отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (сынаманы, ойын) талдау жасалады. Талдау әдісінің көмегімен қателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған «жақсы», «орташа», «жаман» деген ауызша баға беріледі. Сабақ аяғында оқушылардың жаттығулар техникасын, сынақ жаттығуларын орындағаны бағаланады, баға қойылады. Осы жұмыстар бағалау әдістері көмегімен орындалады. Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: 1. Көру көрнекілігі әдістері. 2. Есту көрнекілігі. 3. Қимыл көрнекілігі әдістері.

№ слайда 9 Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немес
Описание слайда:

Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсырмасымен оқушының көрсетуі. Көрсету кезінде мұғалім мынандай әдістемелік талаптарды басшылыққа алу керек: - көрсетудің мазмұны сөзді қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс; - көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет; а) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейде толық орындалуы керек; ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеру үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, ақырын өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі; б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға ұмтылдырады; - жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спорт залдың, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек; - қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде «айнадан көру тәсілін» қолданған жөн; - оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайда: а) денсаулығына байланысты; ә) көрсету кезінде дененің қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса (мысалы, баспен төмен қарап тұрса), б) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруға болады. Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар, суреттер, плакаттар, фото, кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады (дене қалпы, статикалық дене тұрысы, т.с.с). Суреттеме-тақтаға немесе қағазға жаттығудың орындалу схемасын оқушының түсіруі. Оқытушы сол суреттеме арқылы оқушының жаттығуды орындауды қалай түсінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бейне магнитофон таспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады, өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді. Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және көру (сөрелік тапаншамен ату, мәреден жүгіріп өткен спортшыларды фотоға түсіру т.с.с.), ырғақ, амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын метроном көмегімен өлшеу, суда жүзу жолдарын көрсететін түрлі-түсті жарық белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға көмектеседі. Қимыл-көрнекілігі әдісі екі түрде орындалады: 1) Қозғалыс туғызатын дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға сезіндіру (мысалы, конькимен жүгірушінің жартылай отыруын орындауды сезіну); 2) Қозғалысты еріксіз орындату (мысалы, допты немесе гранатты лақтыру кезіндегі қолдың атқаратын жұмысын оқытушы ұстап, орындатып көрсетеді), тренажерларды қолдану, олар арқылы керек қозғалысты орындатып сезіну, жаттығуды дұрыс орындау. Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде техникалық құрал-жабдықтар (бейне таспа, дыбыс лидері) және көмекші құралдар (мысалы, айна арқылы оқытушы мен оқушы қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тез мағлұмат алады және қателерін жылдам түзетіп отырады.  

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Презентации
Просмотров186
Номер материала ДВ-379231
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх