Инфоурок Химия Другие методич. материалыТаңдау курсы авторлық бағдарлама "Қызықты химия" 8-сынып

Таңдау курсы авторлық бағдарлама "Қызықты химия" 8-сынып

Скачать материал

С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

«ҚЫЗЫҚТЫ ХИМИЯ»

таңдау курсының бағдарламасы

 

 

       Құрастырған:                            Мұңайтбасова К.Х.

                                              химия-биология

                                                                пәндерінің мұғалімі

 

 

 

                                                              

 

 

 

ТАҢДАУ КУРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚЫЗЫҚТЫ ХИ МИЯ

VIII СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

 

К.Х.Мұңайтбасова

Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі

 

Аннотация

        Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебінің химия - биология пәндерінің мұғалімі К.Х.Мұңайтбасованың химиядан «Қызықты химия» таңдау курсы бағдарламасының мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде алғашқы химия пәнінің әліппесіне аяқ басқан 8 – сынып оқушыларына химияның алғашқы баспалдағын өту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы жаратылыстану ғылымының ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының қыр-сырын зерттеуге баулу. Оқушыларға табиғаттағы, тірі организмдердегі өзгерістерді, құбылыстарды биология, физика, география ғылымдары толық дәлелді түсіндіре алмайтынын, ол өзгерістерді тек химия ғылымы ғана дәлелдеп көз жеткізетіндігін ескерту. Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Осы ретте бұл ағымды іске асыру дидактикалық принциптердің бірі - саралап оқыту принципі арқылы жүзеге асырылатындығы мәлім. Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы саралау. Бұл саралау селективті және элективті жүйелер болып екіге бөлінеді. Элективті жүйені пәндер бойынша таңдау курстарын өткізу арқылы жүзеге асырамыз. Осыған орай «Қызықты химия» таңдау курсы енгізіліп отыр.

      Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тудыру үшін балаға пәнді түсіндіру барысында теориялық білімді практикамен, өмірмен байланыстыра отырып, лабораториялық тәжірибелерді біріге отырып өз беттерімен эксперимент жасауға үйрету, химия лабораториясындағы құрал –жабдықтармен таныстырып, сол құралдарды өз қолдарымен ұстап, тәжірибе жасау біліктілігін арттыру. Қызықты тәжірибе сырын ашу. Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың білімін тереңдету, өз бетімен ізденуіне бағыт беру. Болашақта мектепте жоғары сыныпқа келгенде оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдауына ықпал ету. Таңдау курсын өткізуде біліммен қатар рухани – адамгершілік тәрбиеге аса назар аудару. Аталған курс бағдарламаларға қойылатын талаптар мен критерийлерге сай құрастырылды. Атап айтсақ, ғылымилық, жүйелілік, практикалық бағыттылық, уақыт қорына лайықтылық, химиялық тілдің түсініктілігі т.б. принциптерге сай жасалды. Соңғы екі-үш жыл осы бағдарлама жобасын апробациядан өткізіп келемін. Бағдарлама өз нәтижесін беруде. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын, жобалардың тақырыптарын таңдау, оларды қорғау, ғылыми әдебиеттермен, ақпараттық құралдармен, мәліметтер қорын жинақтау әдістерін үйрету технологиясы да осы курс барысында іске асырылады. Таңдау курсына өз еркімен қатынасуында оқушылардың саны артып келеді. Олардың ішінде пәндік олимпиада, ғылыми жоба сайыстарының қалалық, облыстық, Республикалық деңгейге жеткен оқушылар баршылық. Бұл курс 68 сағатқа негізделген. Түсінік хатта курстың мақсаты, міндеттері, мазмұндық, нормативтік, ақпараттық-әдістемелік және қолданылған әдебиеттер тізімі талапқа сай көрсетілген.                                 Автор: Мұңайтбасова К.Х.

 

 

І. Түсінік хат

(8 сынып, аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)

    Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін таңдау курсының ықпалы да мол. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы боладтыны сөзсіз.

   Таңдау курстарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) региональдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан таңдау курсына қатынасқысы келетіндігіне көп жұмыстанып, оқушының пәнге құштарлығын оятып, болашақ пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс.    

     Бағдарлама 8 сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы химия пәніне қалай қызығып кеткенін өзі байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, химия – эксперименттік ғылым болғандықтан лабораториялық тәжірибелерді орындау арқылы іске асыру қажет.

      Бағдарлама 68 сағатқа есептелген. 8 сыныпта аптасына 2 сағаттан. Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы толық аяқталған курс мағлұматын меңгеруі тиіс, яғни табиғаттың біртұтастығы туралы мәлімет беріледі. Аталған курс бір-бірімен байланысты 5 тараудан тұрады: бастапқы химиялық ұғымдар; сутек, қышқылдар, тұздар; ерітінділер; сапалық, эксперименттік  есептер; шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденіс.

       Курсты өткізуде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да лабораториялық, практикалық жұмыстарды дерлік орындаумен қатар,  практикалық біліктіліктерін таңдау курсында дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың эксперименттік жұмысқа икемін арттыру. Курсты өткізуде практикалық бағытқа мүмкіндігінше дәріханаларға, жоғары оқу орындарындағы химия лабораторияларына экскурсия ұйымдастыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен, виртуальды тәжірибелер, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын оқушылар санын арттыру.

 

Бұл курс 68 сағатқа негізделген.  

Курстың мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.

Курстың міндеттері:

1.     Алғашқы химиялық ұғымдардың глоссарийін әрбір оқушы еске сақтауын қалыптастыру.

2.     Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;

3.     Лабораториялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, таңдау курсына қатынасқан оқушы бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;

4.     Химиялық заңдар мен химиялық элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;

5.     Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен  байланыстыра білу;

6.     Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт – бағдар беру;

7.     Химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы  ролін дәлелдеп көз жеткізу;

8.     Оқушыларға кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;

9.     Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет;

10.  Химияда таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке  

      тәрбиелеу;

   «Қызықты химия» таңдау курсының мазмұнында негізгі мектепке арналған химия курсының мазмұнынан тереңірек, яғни базалық деңгейді меңгергеннен кейін жылжымалы деңгейді іске асыру көзделеді.

     Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыра білу. Химиядан білім фундаменті атом-молекулалық ілімді меңгеруден басталатынын, химия –эксперименттік ғылым, сондықтан экспериментті орындау арқылы оқушылардың заттармен, құралдармен жұмыс істей білу білігі қалыптасады.

    Оқушыларға эксперименттік есептің сандық есептен айырмашылығын түсіндіріп, эксперимент тәжірибе арқылы дәлелденетінін, сынақ оң және теріс болу мүмкіндігін ескерту.

   Оқушыларға 8 сыныпта эксперимент есептерінде не сапа есептерінде сандық мәлімет болмайтындығын ескертеміз.Эксперимент есептерінің тәсілдері:

-         есте қалғаны бойынша шығару;

-         сынау – қателесу тәсілі;

-         талдау – жинақтау;

-         жорамал жасау.

Эксперимент есеп типтері:

-         заттардың сапалық құрамын анықтау;

-         заттарды ажырату;

-         заттарды алу;

-         заттарға тән сапалық реакция жасау;

-         қоспа құрамын анықтау;

-         қоспа құрамын бөлу;

-         химиялық құбылысты бақылау;

-         химиялық құбылысты түсіндіру.

ІІ. Мазмұндық бөлім

Курстың мазмұны

Сағаттың жалпы саны – 68

Кіріспе (4 сағ)

Химия пәні. Химия терминінің этимологиясы. «Қызықты химия» таңдау курсының мақсатымен танысу. Химия кабинетінде, лабораторияда жұмыс істеуде сақталатын қауіпсіздік техникасы ережелері. Химиялық құрал-жабдықтар, олармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

1.     Атом – молекулалық ілім (8 сағ)

Заттың құрамы, сипаттау, қасиеттері. Атом. Молекула. Су молекуласы. Физикалық және химиялық құбылыстар.  Химиялық құбылыстар ережелері. Химиялық реакциялар, олардың белгілері. Табиғаттағы химиялық реакциялар. Тұрмыстағы химиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың табиғаттағы, тірі организмдер мен адам өміріндегі маңызы.

2.     Газдардың ерекшелігі  (8 сағ)

Ауа. Ауа кұрамы. Ауаның ластану себептері, атмосфераны ластанудан сақтау. Атырау өңірінің экологиялық жағдайы. Ауаны және оның құрамына кіретін газдарды пайдалану.Қазақстан Республикасы Конституциясы: ауаны ластанудан сақтау туралы баптары.

Жалпы газдар туралы түсінік. Газдарды жинау, алу тәсілдері. Газдарды жинауға арналған қондырғыларды құрастыру. Авогадро заңы, газдардың молярлық көлемі, салыстырмалы тығыздығы және көлемдік қатынастарына экологиялық бағытта есептер шығару.

3.     Ерітінділер туралы ілімнің тарихы  (10 сағ)

Ерітінділердің маңызы және алғашқы зерттелуі. Еріткіш ретінде су құрамының зерттелуі. Су мен ерітінділердің өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, ауыл шаруашылығындағы, адам өміріндегі маңызы. Судың ластануы. Су қоймаларын ластанудан сақтау. Суды тазарту тәсілдері. Минералды сулар. Судың емдік мақсатта қолданылуы. Жергілікті Мұздыбұлақ минералды суының ерекшелігі, құрамы. Судың құпия сырлары. Ерітінділер дайындау. Ерітіндіге есептеулер. Проценттік концентрация. Молярлық концентрация. Молялдық концентрация. 

4.     Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы мағлұматты тереңдету (12 сағ)

 

Қышқылдар. Қышқылдармен жұмыс істеу ерекшелігі. Қышқылдардың қасиеттері. Қышқылдарды анықтау.Тұздар. Тұздарды анықтау тәсілдері.

Тұздардың адам организміне пайдасы мен зияны.Негіздер. Негіздердің қасиеттері. Индикаторлар. Бейорганикалық заттарды анықтау. Сапалық есептар шығару. Эксперименттік есептер шығару.

5.     Кристаллогидраттар (4 сағ)

Кристалогидраттар. Кристалогидраттарды алу және өсіру әдістері. Кристалогидраттың құрамындағы судың массалық үлесін табу. Кристалогидрат формуласын табу. Тәжірибелер презентациясы. 

6.     Қоспалар. Эксперименттік есептер (12 сағ)

Қоспаның құрамын анықтау. Қоспаларды бөлу, тазарту әдістері. Храмотография, храмотограмма, люминисценсия.  Бинарлы қоспалар. Бинарлы емес күрделірек қоспалар құрамын анықтау. Сапалық анализ. Қоспаның сандық құрамын анықтау. Газ қоспасының ерекшеліктері. Металдар қоспасы, құймалар.

Химиялық приборлармен жұмыс. Приборлар құрастыру. Эксперименттік тәжірибелер. Қызықты тәжірибелер негізі. Генетикалық байланыс, тізбекті іске асыру.

7.     Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер (10 сағ)

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Интернетпен, электронды каталогпен жұмыс.Зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Тақырып таңдау. Болжам. Эксперимент. Зерттеу обьектісі. Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар. Зерттеу жұмыстарының түрлері. Зерттеуші күнделігі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеу.

 

ІІІ. Нормативті бөлім

«Қызықты химия» таңдау курсы бағдарламасының

мазмұны мен құрылымы

 

р/р

Тараулар

Сағат саны

Оның           

теор. саб.

                        

                       

прак.сабақ

 

Кіріспе

4

2

2

І.

Атом – молекулалық ілім

8

5

3

ІІ.

Газдардың ерекшелігі

8

5

3

ІІІ.

Ерітінділер туралы ілімнің тарихы

10

6

4

ІV.

Бейорганикалық қосылыстар дың негізгі кластары туралы мағлұматты тереңдету

12

7

5

V.

Кристалогидраттар

4

2

2

VI.

Қоспалар. Эксперименттік есептер

12

6

6

VII.

Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер

10

6

4

 

Тақырыптық жоспар

Сабақ №

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

 

Кіріспе

4

1.

 

 

2.

 

3.

4.

Химия пәні, химия терминінің этимологиясы. «Қызықты химия» таңдау курсының мақматымен танысу.

Химия кабинетінде, лабораторияда жұмыс істеуде сақталатын қауіпсіздік техникасы ережелері.

Химиялық құрал жабдықтар.

Химиялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу ерекшеліктері

1

 

 

1

 

1

 

1

 

І.

5.

6.

7,8

 

9.

10.

11.

12.

Атом молекулалық ілім

Заттың құрамы, затты сипаттау, қасиеттері.

Атом. Молекула. Су молекуласы.

Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық құбылыстар ережелері. Лабораториялық жұмыс.

Химиялық реакциялар, олардың белгілері.

Табиғаттағы химиялық реакциялар.

Тұрмыстағы химиялық реакциялар.

Химиялық реакциялардың маңызы

8

1

1

2

 

1

1

1

1

ІІ.

13.

 

 

14.

 

 

15.

16.

 

17.

18.

19,20

Газдардың ерекшелігі

Ауа. Ауа құрамы. Ауаның ластану себептері, атмосфераны ластанудан сақтау. Атырау аймағының экологиялық жағдайы.

Ауаны және оның құрамына кіретін газдарды пайдалану. ҚР Конституциясы: ауаны ластанудан сақтау туралы баптар.

Газдарды жинау, алу әдістері.

Газдарды жинауға арналған қондырғыларды құрастыру.

Авогадро заңы, газдардың молярлық көлемі.

Газдардың көлемдік қатынастары.

Экологиялық бағытта есептер шығару

8

 

1

 

 

1

 

1

 

1

1

1

2

ІІІ.

21.

22.

23.

 

24.

 

25.

 

26,27

 

 

 

28.

29.

30.

Ерітінділер туралы ілімнің тарихы

Ерітінділердің маңызы және алғашқы зерттеулері.

Еріткіш ретінде су құрамының зерттелуі.

Су мен ерітінділердің өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, ауыл шаруашылығындағы, адам өміріндегі маңызы.

Судың ластануы.Су қоймаларын ластанудан сақтау.

Жергілікті Жайық өзенінің экологиялық жағдайы.

Суды тазарту тәсілдері. Үй жағдайында суды тазарту әдістері.

Минералды сулар. Судың емдік мақсатта қолданылуы. Жергілікті аймақтағы Мұздыбұлақ суының құрамы мен ерекшелігі. Судың құпия сырлары.

Ерітінділер дайындау.

Проценттік, молярлық, моляллық концентрациялар.

Ерітінділерге есептер шығару.

10

1

1

1

 

1

 

 

1

 

 

2

 

1

1

1

ІV.

 

31.

 

32,33

 

34.

35.

36.

37,38

39,40

41,42

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластар туралы мағлұматты тереңдету

Қышқылдар. Қышқылдармен жұмыс істеу ерекшелігі. Индикаторлар.

Тұрмыстағы табиғи қышқылдар. Қышқылдардың қасиеттері және оларды анықтау.

Тұздар.Тұздарды анықтау тәсілдері.

Тұздардың адам организміне пайдасы мен зияны.

Негіздер. Негіздердің қасиеттері.

Бейорганикалық заттарды анықтау.

Сапалық есептер шығару

Эксперименттік есептер

12

 

1

 

2

 

1

1

1

2

2

2

V.

43.

 

44.

 

45.

46.

Кристалогидраттар

Кристалогидраттар. Кристалогидраттарды алу және өсіру әдістері.

Кристалогидраттың құрамындағы судың массалық үлесін табу.

Кристалогидрат формуласын табу.

Тәжірибелер презентациясы.

4

1

 

1

 

1

1

VI.

47.

48.

49.

50,51

 

52.

53.

54.

55.

 

56.

57,58.

 

VII.

59.

 

60.

61.

62,63.

64.

65,66

 

 

67,68.

Қоспалар. Эксперименттік есептер

Қоспаның құрамын анықтау.

Қоспаларды бөлу, тазарту әдістері.

Храмотография, храмотограмма, люминисценсия.

Бинарлы қоспалар. Бинарлы емес күрделірек қоспалар құрамын анықтау. Сапалық анализ.

Қоспаның сандық құрамын анықтау.

Газ қоспасының ерекшеліктері.

Металдар құймалары.

Химиялық приборлармен жұмыс. Приборлар құрастыру.

Қызықты тәжірибелер негізі.

Генетикалық байланыс, тізбектерді іске асыру.

 

Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Интернетпен, электрондық каталогпен жұмыс.

Зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Тақырып таңдау.

Болжам. Эксперимент. Зерттеу обьектісі.

Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар.

Зерттеу жұмыстарының түрлері.

Зерттеу күнделігі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеу.

Қорытындылау. Зачет.

12

1

1

1

2

 

1

1

1

1

 

1

2

 

10

1

 

1

1

2

1

2

 

 

2

 

ІV. Ақпараттық - әдістемелік бөлім

Таңдау курсын оқытуды ұйымдастырудың формалары мен білімдік қазынасы:

1.Лабораториялық жұмыстар

2.Практикалық жұмыстар

3.Өз бетімен іздену

4.Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану

5.Қалалық дәріханалар мен ЖОО химия лабораториясына экскурсия

6.Ғылыми жобаларды қорғау.

7.Ойын элементтері, рольдік ойындар

8.Интерактивті әдістер

Оқушылардың дайындық деңгейіне білім мен біліктеріне қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі және анықтауы  тиіс:

-         химиялық формулалар бойынша заттарды;

-         химиялық реакциялардың негізгі белгілерін;

-         физикалық, химиялық құбылыстарды;

-         заттардың сандық, сапалық құрамын;

-         бинарлы және одан да күрделі заттардың құрамын;

-          ерітінділер, олардың табиғаттағы ролі;

-         таза ауа мен таза судың экологиялық аспектісін;

-         тұрмыста қолданылатын заттардың адам организміне пайдасы мен зиянын;

-         зат массасының, құрам тұрақтылық, Авогадро және Д.И.Менделеестің периодтық заңдарының мәнін.

Оқушылар есептей және қолдана білуі тиіс:

-         химиялық формула бойынша есептеулер (салыстырмалы атомдық масса, элементтің массалық үлесін, зат массасын, қоспаларға т.б.)

-         лабораторияда, химия кабинетінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып тәжірибелер жасауды;

-         лабораториядағы кеңінен қолданылатын (тереңірек) құралдарды;

-         газдарды алуға, жинауға арналған құралдарды;

-         жылыту құралдарын;

-         дайын құрастырылған құралдарды.

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1. Бекішев Қ.Б. Химия есептері.- Алматы: Білім, 2007,-235б

2. Бердібек Г., Бекішев Қ. Жұмбақталған химиялық олимпиада есептері. –

                         Алматы: АОМКДИ, 2009. - 103б.

3. Бекішев Қ.Б. Бейорганикалық реакциялар тізбектері. – Алматы,  

                          АОМКДИ, 2009, 99б.

4. Бекішев Қ.Б. Шығарылған химия есептері. – Алматы: Рауан, 1997. -186б.

5. Жадрина М.Ж.,Мұңайтбасова К.Х. Химиядан өткізілетін практикалық

                           жұмыстар. – Алматы: Рауан, 1993ж, 68б.

6. Жадрина М.Ж., Мұңайтбасова К.Х. Жалпы білім беретін мектепте

                            химиядан шығарылатын есеп түрлері. – Алматы:   

                             Республикалық баспа кабинеті, 1997, 55б.

7. Мұңайтбасова К.Х. Химия сабақтарында жұмыс істеуде сақталатын

                            техника қауіпсіздігінің ережелері. Электрондық диск,   

                            Атырау: 2006ж.

8 Сарманова К.А, Мұңайтбасова К.Х. Бейорганикалық химия сабақтары.-

                              Алматы: Рауан,1995,-290б.

9.Темірболатова Ә.Е. Есептер мен жаттығулар жинағы, Химия. 8 сынып, -

                              Алматы: Мектеп, 2005, - 145б.

 7.Интернеттен іздеу: www.chem.msu.su портал фундаментального 

                           химического образования.

                           www.chembridqe.ru  «Chembridqt corporation» – синтез

                           химических соединений.

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Врублевский А.И. Задачи по химии. – Самоучитель по решению основных

                              типов задач. – Минск: Юнипресс, 2008. – 688с.

2.Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии. М.:

                        «Просвещение».1984. – 318с. 

3.Семенов И.Н. Химия и научно-технический прогресс. Москва.

                         «Просвещение», 1988. 172с.

4.Сағындықов А.Т.,Төремұратова Г. Химия есептерін шығарып үйренейік.

                              Ротопринт, Ақтөбе, 1993.-92б.

5.Оқушы анықтамасы. «Талапкер топтамасы». Химия: 8-11 сыныптар. –

                         «Арман-ПВ». 2005. -304б.

6 .Интернеттен іздеу: www.chemistry.bsu.by/abc - Азбука web - поиска для

                            химиков. www.chemistry. nm.ru – интернет репетитор по

                            химии.

       www.tacis-synergy.leontief.netзагрязнение природной   среды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Таңдау курсы авторлық бағдарлама "Қызықты химия" 8-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін таңдау курсының ықпалы да мол. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы боладтыны сөзсіз.

   Таңдау курстарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) региональдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан таңдау курсына қатынасқысы келетіндігіне көп жұмыстанып, оқушының пәнге құштарлығын оятып, болашақ пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс.    

     Бағдарлама 8 сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы химия пәніне қалай қызығып кеткенін өзі байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, химия – эксперименттік ғылым болғандықтан лабораториялық тәжірибелерді орындау арқылы іске асыру қажет.

      Бағдарлама 68 сағатқа есептелген. 8 сыныпта аптасына 2 сағаттан. Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы толық аяқталған курс мағлұматын меңгеруі тиіс, яғни табиғаттың біртұтастығы туралы мәлімет беріледі. Аталған курс бір-бірімен байланысты 5 тараудан тұрады: бастапқы химиялық ұғымдар; сутек, қышқылдар, тұздар; ерітінділер; сапалық, эксперименттік  есептер; шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденіс.

       Курсты өткізуде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да лабораториялық, практикалық жұмыстарды дерлік орындаумен қатар,  практикалық біліктіліктерін таңдау курсында дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың эксперименттік жұмысқа икемін арттыру. Курсты өткізуде практикалық бағытқа мүмкіндігінше дәріханаларға, жоғары оқу орындарындағы химия лабораторияларына экскурсия ұйымдастыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен, виртуальды тәжірибелер, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын оқушылар санын арттыру.

 

Бұл курс 68 сағатқа негізделген.  

Курстың мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.

Курстың міндеттері:

1.     Алғашқы химиялық ұғымдардың глоссарийін әрбір оқушы еске сақтауын қалыптастыру.

2.     Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;

3.     Лабораториялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, таңдау курсына қатынасқан оқушы бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;

4.     Химиялық заңдар мен химиялық элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;

5.     Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен  байланыстыра білу;

6.     Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт – бағдар беру;

7.     Химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы  ролін дәлелдеп көз жеткізу;

8.     Оқушыларға кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;

9.     Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет;

10.                                                                                             Химияда таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке  

      тәрбиелеу;

   «Қызықты химия» таңдау курсының мазмұнында негізгі мектепке арналған химия курсының мазмұнынан тереңірек, яғни базалық деңгейді меңгергеннен кейін жылжымалы деңгейді іске асыру көзделеді.

     Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыра білу. Химиядан білім фундаменті атом-молекулалық ілімді меңгеруден басталатынын, химия –эксперименттік ғылым, сондықтан экспериментті орындау арқылы оқушылардың заттармен, құралдармен жұмыс істей білу білігі қалыптасады.

    Оқушыларға эксперименттік есептің сандық есептен айырмашылығын түсіндіріп, эксперимент тәжірибе арқылы дәлелденетінін, сынақ оң және теріс болу мүмкіндігін ескерту.

   Оқушыларға 8 сыныпта эксперимент есептерінде не сапа есептерінде сандық мәлімет болмайтындығын ескертеміз.Эксперимент есептерінің тәсілдері:

-         есте қалғаны бойынша шығару;

-         сынау – қателесу тәсілі;

-         талдау – жинақтау;

-         жорамал жасау.

Эксперимент есеп типтері:

-         заттардың сапалық құрамын анықтау;

-         заттарды ажырату;

-         заттарды алу;

-         заттарға тән сапалық реакция жасау;

-         қоспа құрамын анықтау;

-         қоспа құрамын бөлу;

-         химиялық құбылысты бақылау;

 

-         химиялық құбылысты түсіндіру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 827 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2015 7093
    • DOCX 2.8 мбайт
    • 75 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
    МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 106009
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе