Инфоурок Научные работыТағдыр тәлкегін басынан кешірген отбасылар

Тағдыр тәлкегін басынан кешірген отбасылар

Скачать материал

Кіріспе

1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, өз алдына мемлекет болып шаңырақ көтерген еліміз Тәуелсіздігін паш ете отырып, Елбасымыз дүниенің әр бұрышында шашырап жүрген қандастарымызды өз Отанына оралуына, ұлтының санын көбейтуге мұрындық болды. 1992 жылы Дүниежүзілік қазақтардың алғашқы құрылтайы Алматыда өткізілді.  Бұл құрылтай басқа Туркия, Моңғолия, Қытай, Алмания т.б. елдерде де жалғасын тапты.

Ар жетім болар егерде арыңды біреу лайласа,

Бақ жетім болар егерде  бағыңды біреу байласа.

Көз жетім болар егерде көз қырын ешкім салмаса,

Сөз жетім болар егерде сөзіңе ешкім нанбаса.

Адам жетім болар егерде өз отаны болмаса,

Қазақ жетім болар егерде өз перзенті болмаса – дегендей, Әкім Әбдіқайым –

ұлы.  Бірінші шақырылған ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты тұңғыш қазақ тілінде жазылған  «Туыңды тік Отанға» ұранымен «Халықтың көші – қон заңының» авторы. Осы заңның арқасында елімізге 1 миллионға жуық қандасымыз, 300 мыңнан астам отбасы көшіп келді.

1992 жылы Дүниежүзілік қазақтардың алғашқы құрылтайы Алматыда өткізілді. 

Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден,соның ішінде Туркия, Ал-

мания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдер -  ден 800 – ден астам өкіл қатысты.

2002 жылы келесі, екінші құрылтай Түркістанда өтті.

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.

2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың үшінші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден,Қытайдан, Чехиядан, Италиядан, Сингапудан, Мысырдан 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады.

Бұл құрылтайдың негізгі мақсаты: Бір ел боламыз десек ең әуелі әулеттің тәрбиесі, әулеттегі салт – дәстүрді сақтап, жастарымызға беру. Соның нәти-жесінде елімізді көркейту, соның нәтижесінде елімізді өсіру. Яғни баба дәстүрі бұл аманат етілген жол. Ендеше аманатымызды арқалап келген сол үлкендердің ақыл – кеңесін алу үшін бұл құрылтай ұйымдастырылды – дейді Елбасы.

    Біздің  қандастарымыз дүние жүзінің 44 мемлекетінде өмір сүріп жатыр екен. Қытай, Өзбекстан – 1,5 млн.

 Ресей – 900 мың

Түрікменстанда  - 100 мың

Моңғолия  - 80 мың

Қырғызстан – 45 мың

Туркия, Иран, Ауғанстан – 10 мыңнан астам қазақтар бар.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері, яғни 1991 жылдан бастап  қазақтар өз Отанына оралуды бастады. 1992 жылғы құрылтайдан  кейін 910 мыңнан қазақтар өз Отанына оралды. Оларға мемлекет тарапынан көптеген көмектер көрсетілді. Квота немесе үй берілді. Қазақстан азаматтығын алды.  Енді бұл қандастарымыздың өз туған жерлерін тастап, басқа елдерге көшуіне себеп  болған қандай  жағдайлар? – деген сұрақ біздің осы ғылыми жұмысты жазуға түрткі болды.Сол қандастарымыздың елден кетуіне кімдер, қандай жағдайлар туралы жазған жанашыр азаматтарымыздың еңбектері туралы баяндамақпыз.

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Қазақстан 200 жылдың үстінде Ресейдің қол астында өмір сүрдік. Жоңғар -

дың қысымының кесірінен Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр болдық. Сол кезеңде билік басында патшайым Анна Ионновна болды.Одан кейінде билік басына көптеген азаматтар келді. Соның бірі Сталин ел басқарып отырған кез болатын. Жаңа экономикалық саясат деген саясат қабылдайды.

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды,қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруа -  лары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 ар -  тельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.

Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылық -тары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.

Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күре -сін шиеленістіру бағытын таңдап алды.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауыр- лата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.

Индустрияландыру( қайта құру)  бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылы- ғын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағыты- на көшіру көзделді.

1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.

1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ау -ылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай  жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары

– 877 колхозға, 24 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді.

Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:  
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 

2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.

3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (колхоз құру) бағы- ты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

 Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу.

 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашы- лығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын

ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды.Қазақстан отырықшыландыруға әлі дайын емес еді. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы  машина – трактор станциялары  (МТС – тер) құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы - қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады.

Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді. Бұл зор ауқымды шараларды қауырт түрде іске асыру идеясы, авторларының көздеген басты мақсаттарының бірі — қоныс аударушыларға молырақ қазақ жерлерін босатып беру болды. 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылай- ша Кеңес үкіметі қазақ жерін отарлау ісіне жаңа қарқын берді. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады.

1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы

 коммисия құрылды. Ал келесі 1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашы- лығын тәркілеу туралы» және 13 қыркүйекте «Тәркілеуге қарсылық көрсет -кені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы» деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылыктың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер  де тәркілеу-ге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұжымдастырудың зардаптары

Компартияның 1927 жылғы желтоқсанда өткен 15 сьезінде ауыл шаруашы-лығын ұжымдастыру бағытын жариялау көптеген қазақ еліне зардаптар әкелді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан – ақ мейлін- ше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру  алдын ала даярлықсыз , жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік – күштеу әдістермен жеделдету жүргізілді.Көшпелі ауыл дарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты.

Бұл орайда шаруашылық базасын  жасау,тұрғын үйлер мен мәдени – тұрмыс- тық объектілер салу жай ғана жарияланған күйінде қалды. Ұжымдастыру және сонымен бірге отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды. Қатаң әкімшілдік жағдайында, әскери коммунизм кезеңіндегі белсенділердің мерейі үстем болды. Кей жерде кедей- лер мен шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу, меншік құқығын айыру,тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмеген кедейлері мен орташалары Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе «кулактар» қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.

Ұжымдастырудың ең сорақы қасіреті ол – аштыққа әкеліп соқты.1930 – 1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40% қы- рылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр болды. Аштық тарихқа «Ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Ұжымдастыру көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей , күштеу әдісімен жүзеге асырылғандықтан, ауыр қантөгіс, дүрбе- лең жағдайларға әкеліп соқты.

Сыбызғы сыңсып жылайды,

Тегінің қамыс екенін айтып.

Түбірі қалған қамысты көлде,

Түйіні қалған мекенін айтып.

Ер меннен әйел жылайды,

Еліме қайтып оралмаймын – ау деп.

Сыбызғы сыңсып жылайды,

Қайтадан қамыс бола алмаймын – ау деп, зар еңіреп Қазақтар жер – жерге жер аударылып, көшіп кете бастады. Осы зардаптардан Маңғыстау қазақтары – Иран, Ауғаныстан, Түркменстанға жер аударылып немесе зорлық – зомбылықтан бас сауғалап көшіп кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуғын-сүргін кезеңінің құрбанына айналған отбасылар

1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.

Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% — Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% — Қытайдан, 9,2% — Моңғолиядан, 6,8% — Түрікменстаннан, 4,6% — Ресейден және 3,6% — өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Олардың 21,2% — Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% — Алматы облысы- на, 13% — Маңғыстау облысына, 9,4% — Жамбыл облысына, 40,1% — елі- міздің өзге өңірлеріне қоныстанды.

Елге оралған қандастарымыздың 55,6% — еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері — 39,9%, зейнеткерлер — 4,5% құрайды.

Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6%-ында орта арнаулы білім бар, 60,8% — жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8%-нің білімі жоқ.

24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылды.

Мұнда оралман мәртебесіне ие болған жандар «Халық көші-қоны туралы» ҚР Заңында қарастырылған барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады.

Соның ішінде Маңғыстау өңіріне көшіп келген қандастарымыз аз емес. Форт – Шевченко қаласына да Ираннан көшіп келген қандастарымыз бар. Олар жаңа үймен, жұмыспен қамтамасыз етілді. Мысалы: Жаңа Кетік көшесіне Ираннан келген 10 жанұяға жаңа үй берілді. Біз солармен тілдесе отырып, мынандай мағлұматтар жинадық.

Джелдашов Дүрбек ата (Бәйімбет)  Маңғыстау ауданы Шетпе кенті қасындағы  Шат деген ауылдан кезінде жер аударылған. Форт – Шевченкоға көшіп келген Дүрбек атаның немересі (баласы Балғабай Армендтің (1947ж)  соның баласы)  Ферендум Арменд, бірақ өзі мен тумаластары оны Алмас деп атаған (иранда ешқандай қазақтың атын қойдырмаған, адамның есімі жазылған кітап ұсынған, соның ішіндегі бір есімді қоюға міндетті болған) туған жерге көшіп келген . Кезінде жер аударып жібергенде Дүрбек атаның 14 баласы болған. Ұжымдастыру кезінде көрмеген қиындықтары жоқ. Бала –шағасын  алып Иранға қашқан. Иранға барған соң  ауа – райы жақпағандықтан, ашаршылықтын кесірінен көптеген қазақтар қырылған. Дүрбек атадан 14 баласының 13 баласынан айырылып қалған. Содан тек 1 ер баласы ғана тірі қалған. Жолда түрікмендер шабуыл жасаған, қазақтардың қыздарын күң қылып алып кетіп отырған. Сонда қазақтар қыздарын шашын қиып, кеудесін байлап, ер баланың киімін кигізіп баққан екен. Аштықтың кезінде 1 қап ұн үшін 1 баласын айырбастауды сұраған. Сонда ашаршылыққа шыдамай балдарында берген. 1 сүйекті 3 күн қайнатып ішкен күніміз де болған деп айтқан екен Дүрбек ата немерелеріне. Сонда осы отбасымен бірге көзі ашық,оқыған Оразмолда деген кісі бірге қашыпты. Маңғыстауда мұнай бар екенін алғаш айтқан адамдардың бірі болған екен. Соны орыстар артынан қуып жетіп, қайта алып келіп өлтірген екен. Иранның Бурман деген жерінде тұрған отбасы.

Байрақұлы Жарылқап  ата (қырықмылтық) Маңғыстаудан кеткен (Бейнеудің маңайында). Бай кісі болған. 1 ұл мен 5 қызы, 1 інісі  болған екен. Содан інісін ұрып-соғып орыстар алып кеткен, содан інісін көрмеген. Қыздарына күн бермеген. Аштықтан қыздарын 1 қап ұнға сатқан.  Күн бермегендері соншалық қыздарын киізге орап, кішкене тамақ салатын тесік тесіп, киізге орап баққан. Аш болғандары соншалық мысық жедік, мысық деген тек шандыр екен деп айтты атамыз – деп күрсінді немересі.

Жарылқап атаның Сатыбай атты баласы болған. Оның  2 ұл,2 қыз болған.  Ұлдары Фузул ( 1977ж) және Абдузазиз ( 1978 ж).  Соның Абдузазиз Шаткам баласы 2011жылы көшіп келген. 2қыз бен 1 ұлы бар.

         Қазақтар ашаршылық кезінде боз – боз болып көшіп кетті. Балдары қайда қалғанын білмей қалған адамдарда болды дейді. Соның мысалы ретінде бір оқиға айтты: Ескелді деген бала адасып түрікмендердің арасына түсіпті. Тү- рік мендер оны Құдайберді деп ат қойып асырап алыпты. Сол жігіт ержетіп, үйленеді. Күндердің күнінде қазақ екенін біліп, қазақтарына арасына оралып, қайта қазақ қызына үйленді дейді. Міне қазақтардың басынан осындай оқиғаларда өтті  дейді. «Ескелді қазақ екенін біліп арамызға қайтып келді, қайтып келмеген қаншама қазақ балдары бар» – деп аяқтады сөзін.

Ираннан келген Қарбайұлы Нияз ағамыз сөзін былай бастады .Жасы тоқсанға елген әкем Қыстаубай күнде бірде күле, бірде мұңая еске алып отыратын еді – дейді Нияз ағамыз. Кәзіргі кезде Ақтауда 26 шағын ауданында тұрады. Бір күні атам жайсыз түс көргенін, осы отырған ел тоғыз тоқты сойып садақа беріп, содан кейін түстікке қарай көшетінімізді айтты. Содан мал сойыпбастап кеттік, қазанға етті салып, көп ұзамай бүлкілдеп қайнай бастады. Шайға енді отыра бергенде атын көбікке шалған үкіметтің әскерлері жетіп келіп, малдарды айдап, өзімізді тұтқындап, қарсы шыққанды атып, ойран – ботқамызды шығарды. Содан у- шу. Қолымызға түскен көлікке жармасып бостықта кеттік. Иран жеріне аяқ бастық. Содан атам өлерінде әкеме «Мен өмірден озып барамын. Өзге елде өлгеннен орыстың оғынан өлгенім артық еді.Құдай күле қараса елге қайтың.Орыс әскерлері бірінші дінімізден, сосын тілімізден, үшінші салт-дәстүрімізден айырғысы келді. Ешқашан дініміз,тілімізден,салт-дәстүрімізді ұмытпаң» - деген екен.  Атамның аманаты мен ең алғаш «Қыз Жібек» пластикасын ауыл болып көргенім менің  туған жерге деген сағынышым оятты.     

1988 жылы Иран елі тәуелсіздігінің он жылдығын тойлады.Әр түрлі шаралар белгіленді. Осы кезде маған бір ой келді. Саны көп әзірбайжан,түрікмендердің көлеңкесінде қала береміз бе? Не де болса өз өнерімізді көрсетейік деп ойладым. Қолымызда ұлттық киімдер тігіп, домбыра жасадық. Өнерімізді қалада, Сари қаласында, Тегеранда көрсеттік. Концертіміз «Елім- ай» әнімен ашылатын еді.

1978 жылы Иранда мұсылманшылықтың азаюына байланысты имам Хомейни төңкеріс жасады. 1991 жылы Хомейни қайтыс болғанда жерлеуге, көңіл айтуға қазақ елінен Қалтай Мұхаметжанов, Әбдісаттар Дербісалиев ағаларымыз, Фариза Оңғарсынова апамыз бастаған бір топ адам келді. Солардың қасында бір аптадай тілмаш болып жүрдім.

Ата мекенге 1995 жылы  алғашқы көшпен келдім. Осы көште 42 отбасы көшіп келдік Маңғыстауға. Мектепте мұғалім, артынан Есенов университетінде мұғалім болып жасадым.  Ол жақта жағдайым жақсы болғанмен, туған еліме деген сағынышым басымырақ болды. Форт- Шевченконың 150 жылдық мерекесінде бұрын бірге оқыған досым Сүлеймен Шадкам Мюнхен келген еді. Кетерде қоштасып, жағаға соққан толқынға қарап  тұрып айтқан бір сөзі есімнен кетпейді. «Менің қазіргі жағдайым жақсы,Нияз. Бірақ  солай бола тұрса да меннен сен бақыттысың. Ата мекендесің. Еш жер бұған жетпейді. Ал мен болсам алдамшы күй кешіп жүрген жандаймын» - деген еді.

Мен аталар аманатымен тәрбиеленіп, аналардың сағыныш жасын сіңіріп өскен адаммын. Тәубам да көп, шүкіршілігім де жетерлік. Елімнің керуен көші жолында титтей де болса септігім тисе одан артық байлық та, бақ та сұрамас едім –деп аяқтады сөзін Нияз ағамыз.       

Келесі жанұя Ауғанстаннан көшіп келген Жүсіп Опа ағамызбен сұхбаттастық. Жүсіп Опа ағамыз кәзіргі таңда қаламыздағы мешіттің бас имамы болып қызмет атқарып келеді. Опа ағамыз бізге көптеген мәліметтер берді. Әкесі Өтеген өте бай кісі болған, 1928 жылғы «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет шыққан жылдары  кәнпескелеуге ұшыраған екен. Оның үстіне Өтеген ағамыз жылқы бағып, оның ауруын емдеп білген, сонымен қатар қара мылтықты жақсы жөндеген екен. Міне, осыны білген басшылық «сен большевиктердің мылтық жөндеп, жылқысын емдеп бізге қарсы шабуыл жасамақсың» деген жала жауып, абақтыға жабады. Өтеген ағамен бірге емші Таубай деген кісініде бірге қамаған. Содан 2 – 3 сағаттан кейін босап шыққанымен, келесі күні таңда екеуіде қайтыс болады.  Өтеген ағамыз үйіне келгеннен « бізді өте иісі жаман бөлмеге қамады, сонымен қоймай у берді, ертеңнен қалмай өлетін шығармыз» - деген екен.  Келесі күні таңда қайтыс болады. Сонымен қатар балдарыңызды орыс мектепке бересіздер, біздің дінімізді қабылдайсыздар деп Өтеген ағаның жанұясына қолқа салған. «Діни сауаттылығымызды жоғалтқымыз келмейді» - деп Тәжікстанға, әрі қарай Ауғанстанға көшіп кеткен. Опа ағамыздың әкесі Жүсіп Ауғанстанда көп қиыншылық көрген. Қолында ештеңесі жоқ, тек жанұясын алып кеткен Жүсіп ағамыз тоғайдан ағаш кесіп, оны көмір ретінде сатып күн көрген. Сол ақшаға ұн алып, суға былғап быламық қылып жеген күндері де болған. Жүсіп ағамыз 72 жасында қайтыс болады.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң 1996 жылы Жүсіп Опа ағамыз жанұясымен бірге Оңтүстік Қазақстанға көшіп келген.  2007 жылы Форт – Шевченко қаласына көшіп келді. 6 баланың әкесі, бәріде біздің мектепте білім алуда.

Келесі жанұя Басбаевтар жанұясы. Біздің мектебімізде еден жуушы болып жұмыс жасайтын Басбаева Теңгеш апайымызбен сұхбаттастық. Теңгеш апаның ата - әжесі Селбаев Жұмат пен Күшелекова Ақан Шетпе кентінде өмір сүрген. Өте бай адамдар болған 2 ұл мен 1 қызы болған екен. 1928 жылғы «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет шыққан жылдары  кәнпескелеуге ұшырап, жер аударылған. «Қуғын – сүргін кезінде түйемен көшіп, әр жерге түнеп, екі тасты бір – біріне қашап от жаққан екен» - деп күрсінді Теңгеш апа. Түркменстанға көшіп барып, Измукчир деген ауылда қоныс теуіп, мал бағып, бидай егіп күн көрген екен. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң Жұматов Аяш деген  кенже баласы жанұясымен Маңғыстауға көшіп келген. Аяш ағамыз 5 қыз, 2 ұл тәрбиелеп, Теңгеш апамыз соның 2 қызы екен. Теңгеш апамыз кәзір 5 баланың анасы.

Міне, біз осындай жанұялармен кездесіп, сұхбаттасып тағдыр тәлкегін басынан кешірген отбасылардың қандай қиыншылықтар көргендігін зерттеп білдік.

 

Қорытынды

1929 – 1933  жылдары қуғын-сүргін кезеңінің құрбанына айналған сол бір зобалаң кезеңдерде туған жерлерінен жыраққа кетуге мәжбүр болған қандастармыздың басынан кешкен қиын жағдайлары бізді қатты қызықтырды. Тарыдай болып  шашырап жүрген қандастарымыздың тағдырын Маңғыстауда өмір сүріп келе жатқан қазақ бауырларымыздың өмірімен салыстыра отырып бүгінгі оқушы қауымға белгісіз болып келген тарих ақтаңдақтарын құпия  сырларын ашуға тырыстық.

Біз келдік қайта оралып туған жерге,

Шалқыған көл – дария айдын көлге.

Қыдырып ағайынды жүрміз шарлап,

Көрісіп сәлемдесіп барша елге.

Қуанып біздер келдік туған жерге,

Күн жауса су жатады ойтаң жерде.

Үкімет өзі рұқсат бергеннен соң ,

Ит болып жүре алмадық тойған жерде - Жаймағамбет Ырысбай қандасымыз жырлағандай тарихи  материалдарда  бауырластарымыз туралы , олар туралы жазған ағаларымыздың кітаптарынан мәлімет алып, сол материалдарды басшалыққа ала  отырып  көп мағлұматтар алдық. 5 – 10 жыл бұрын ата – бабаларының мекені Маңғыстауға қайта оралған қандастарымыздың 5 жанұяның мүшелерімен тікелей сұқпаттасып, әңгімелесу негізінде туған жерінен кету себептері мен туған жерге деген сағыныштары, ата мекеніне оралғандарына қуанышты екендері туралы мәліметтер жинақтадық.

 

 

 

 

Ұсыныстар

 

-         Жергілікті баспасөз беттерінде қандасатарымыз туралы «Тағдыр тәлкегін басынан кешірген отбасылар» атты айдар бетшесін ашу;

 

-         Туған жерінен амалсыз жыраққа кеткен қаракөз қандастарымыздың басынан кешкен өмірлері туралы Маңғыстау  тарихы  таңдау курсы бағдарламасына енгізу;

 

-         Маңғыстауға оралған қандастармыз туралы  оқушы қауымға жинақ кітапшаларын шығарып, мектеп кітапханаларына тарату;

 

-         Ғаламторда сайт ашылып,бейнеролик, реферат, ғылыми жұмыстар жариялау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Отыншы Көшбайұлы «Сыбызғы сыңсып жылайды» Алматы 2008жыл «Ел шежіре» баспасы

2.     Маңғыстау энциклопедиясы 2007 жыл

3.     Ислам Жеменей «Иран қазақтары» Алматы 2007жыл «Зерде» баспасы

4.     Ислам Жеменей «Иран және Иран қазақтары» Алматы 2012 жыл «Атажұрт» баспасы

5.     jezbuyda.kz  сайты

6.     Жанұя мүшелерімен сұхбат

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тағдыр тәлкегін басынан кешірген отбасылар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.06.2016 1383
    • DOCX 48.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кодарова Назгул Асановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кодарова Назгул Асановна
    Кодарова Назгул Асановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5474
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов