Тақырыбы
: « АЛТЫН КҮЗ » Сабақтың
мақсаты:Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін
арттыру,ой-өрістерін дамыту. Көрнекіліктері:жапырақтар,шарлар,суреттер,слайд.
Тәрбиеші:Құрметті бүгінгі кешке жиналған
ұстаздар,ата-аналар және қонақтар!Бүгінгі 0 «А»мектепалды даярлық сыныбының
оқушылары дайындаған шағын ғана «Алтын күз»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ән: «Саусақ жаттығуы» Тәрбиеші:Балалар
қараңдаршы бүгін бізге күз бен бақ қонаққа келген.Балалар қараңдаршы бүгін
біздің бақшамыз өте ашулы екен.Неге ашулы екенін сұрап білгіміз келеді
ме?Ия,балалар ендеше сұрап білейік.
Балалар:Бақша-бақша неге ашулысыз?
Бақша:Мен күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын.Күз мезгілінің де
бітуі таяп қалды.Менің жемістерім мен көкөністерімді адамдар бақшадан
теріп-теріп алды.Менде енді түкте қалмады.Маған көмектесесіңдер ме
балалар?Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада қайтадан жайқалып өскенін
қалаймын. Тәрбиеші:Балалар
бақшаға көмектесеміз бе? Балалар:Ия
көмектесеміз. Тәрбиеші:Ендеше
балалар бақшаға көмектесу үшін жемістер мен көкөністерді қайта жинай
алмаймыз,сондықтан да бақшаға олар туралы тақпақтарымызды айтып,өз өнерімізді
көрсетейік.Келістік пе балалар?
Балалар:Ия Тәрбиеші:
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз. Күз
мезгілі:Мен күзбін.Өте еркемін.Сәл нәрсеге ренжіп,бұртиып,қабағымды
түйіп,көз жасымды аямай төгіп-төгіп аламын.Менің ақ көңілдігімді бәрі
ұнатады.Олай болса балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын. Жұмбақ:
1.Сары қозы,көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы, Қыстыгүні
жоқ көзі. (Қауын,қарбыз)
2.Ағайынды бәрі, Шықса
көк,
Түссе сары. (Жапырақ) Тәрбиеші:
Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз,картоп,қызылша.
Қып-қызыл піскен қызанақ Қырыққабатқа
қарашы. Тәрбиеші:Балалар
бізге «Жемістер»тобы қонаққа келіп қалыпты,қане қошеметпен қарсы алайық. Алма:Пісіп
тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін.
Жерге сілкіп түсір ме,
Ісіп кетер маңдайым. Шие:Мен
шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін. Өрік:Дөп-дөңгелек
сары,
Ішінде бар дәні. Қызығасың
көріп
Оның аты өрік. Шабдалы:Пісетін
кезі дәл
күзде,
Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан
кетпес бал
дәмі,
Оның аты
шабдалы.
Жаңғақ:Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты-жаңғақ.
Алмұрт:Мен алмұртпын,алмұртпын, Аузындамын
бар жұрттың.
Құлпынай:Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша-бақ,
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты құлпынай.
Жүзім:Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Жеміс:Өрік,алма,шие,алша, Жидек
жүзім піседі.
Қауын,қарбыз ,қияр,сәбіз Бақшаларда
өседі.
Тәрбиеші:Дұрыс балалар,ал күз айлары қандай айлар? Балалар:Қыркүйек,Қазан,Қараша.
Тәрбиеші:Олай болса ортаға «Хаттуба»биін қарсы алайық. Тәрбиеші:Балалар,жемістерден
қалмай көкөністер де келіпті,соларды бір тыңдап көрелік. Қызылша:Ақ
түсім бар қант алар,
Қызыл түсіп қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой.
Қызылшамын пайдам бар.
Қырыққабат:Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым. Қызанақ:Тал
шыбығым бұралып, Бақшаларда
қызарып.
Тұрған ол
мен-қызанақ, Күнге
қарап ұялып. Асқабақ:Асқабақтың
дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәні,
Таптырмайтын дәрі.
Қияр:Қызықтың ба қиярға, Алда
жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін, Қапшығыңа
сияр ма?
Картоп:Картоп біздің атамыз Жер
астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз
бәріміз. Пияз:Асханадан
шықпаймын, Атым
пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып, Тұмаудан
бірақ сақтаймын. Сәбіз:Өсіретін
бойыңды, Дамытатын
ойыңды.
Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз
жазықсыз.
Көкөніс:Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа
пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер, Оларды
жақсы көріңдер! Би:
«Қара жорға» Тәрбиеші:Балалар
енді бақшамыздан сұрайықшы,көңілі көтерілді ме екен.Бақша-бақша көңіліңді
көтере алдық па? Бақша:Ия
балалар мен енді көңілді жүремін.Сендер мені қуанттыңдар.Бірақ менің тағы бір
шартым бар.Маған енді бір күздің сән үлгісін көрсетіп берсеңдер, мен оданда
көңілді жүретін болармын. Тәрбиеші:Балалар,бақшаға
олай болса күзгі сән үлгісін көрсетейік пе? Балалар:Ия Тәрбиеші:Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға Шақырады
біздерді. Құрметті
бүгінгі жиналған ұстаздар мен ата-аналар және қонақтар,алтын уақыттарыңызды
бөліп біздің ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп-көп алғысымызды
айтамыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.