Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тақырыбы: "Алтын күз" сынып сағаты.(1сынып)

Тақырыбы: "Алтын күз" сынып сағаты.(1сынып)

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

2 «А» сыныбына арналған « Алтын күз» атты ертеңгілік .

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Көрнекілік : слайдтар, суреттер , шарлар.

Жүргізу барысы:

  1. Сахна сыртында өлең оқу. (сазды музыка)

  2. Сахналық қойылым( жүргізушілер)

  3. Күз шығады (музыка)

  4. Ән «Алтын күз»

  5. Сахналық қойылым «Кірпі» (аңдар орманда. Құстардың дауысы)

  6. Би қолшатырмен

  7. Шу-айғай

  8. Ән «бау-бақша белдер»

  9. Ойын «Бұл не?» ырғақ музыка

  10. Сахна сыртында өлең оқу. (сазды музыка)

  11. Би барлық сынып билейді

Музыка :(сахна сыртында « күз» туралы өлең оқылады.)

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға ,

Шақырамыз сіздерді.

Сахналақ қойылым.

Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды.Кітап оқып, әрі , бері бері жүріп үстелге отырады.

1-оқушы:

-Достым, мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген.-Көмектесші.

2-оқушы:

- Достым, оған қиналатын несі бар? Күз айы –өте бір тамаша мезгіл. Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (ол ойланып жаза бастайды.)

Дауыстап оқып, отырып жазады.

1-оқушы:

Күз келді, күн суыта бастады. Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-ыыыы. –(деп ұйқыға кетеді, дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)

Би : «Көбелек »

(Инсар мен Амина сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )

hello_html_5795df0b.pnghello_html_79d32b78.png

1-оқушы:

-Біз қайда келдік.

(Күз киімін киген қыз бала келеді.)

Күз:

-Мен күзбін . Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп , көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

-Менің ойларым -еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы , берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.

Ән: « »

2-оқушы:

  • Инсар, күздің ең керемет байлығын көрдің бе?

(Инсар таңырқай .) -Ол не, Амина?

3-оқушы: -Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !

Сахнада әр түрлі жануарлар киіммен киінген аңдар алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген Инсар:

-Оу кірпі , сен не істеп жүрсің?

Кірпі: Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп , жерге түсіп жатыр, соны жинап , қысқа дайындалып жатырмыз.

1-оқушы:

- Араларыңда аю жоқ қой?

Кірпі - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Біз қазір күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырамыз. (барлық аңдар келеді) Ал шешейік:

1. Бір шар бар кіріп шығар есігі  жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен.
/Қарбыз/. (тиін)

2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
/Сәбіз/. (қоян)

3. Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып  қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ .
/Анар/. (Қасқыр)

4. Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың.
/Пияз/. (борсық)

Кірпі: - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!

Қолшатырмен би

hello_html_m4b5a0f83.pnghello_html_m243c890.png

2-оқушы:

  • Инсар, естіп тұрсың ба? Бұл не? (құлақтарын тосады)

Ортаға көкөністер мен жемістер шығады да, дауласады)

Мұғалім:

Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз, 
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға 
Тиеді көп пайдамыз? 

Бұршақ:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен 
Сый жасаймын бәріңе!

Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.

Орамжапырақ:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

Қияр:
Дәмім тілді үйірген 
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде 
Жейді бәрі сүйсіне!

Шалқан:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.

Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын 
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де! 

Асқабақ:
Өсем бақша-бауында 
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.

Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?

Қауын:

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған - 
Балдай тәтті қауынмын.

Пияз:
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!

Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Мұғалім:
Көкөністер бәріде 
Денсаулыққа пайдалы 
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер

Ән: «Бау-бақша белдер» 

hello_html_2ef2c0e2.pnghello_html_m3e3d9aa6.png

Күн шығады :

1-оқушы:

- Біз, тағы қандай таңғажайып жерге тап болдық. (Осы кезде жаңбыр мен жел, күн сәулесін қуып жүреді )

2-оқушы: – Күн сәулесі саған не болды? Сен неге жабырқаусың ?

Күн:- Күз мезгілінде тек жеміс жидектер ғана пісіп қоймайды , табиғатта да өзгерістер болады. Жел мен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып, жаңбырлатамыз -деп менің соңымнан қуып болмайды.

1-оқушы: Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік.

2-оқушы: Ал қандай мереке ойынсыз өтеді. Қазір бәріміз ойын ойнаймыз.

Балалар, сендер жеміс не көкөністің суретін аласыңдар. Оны ешкімге көрсетпеңдер. Ата-аналарға үнсіз көкөніс не жемісті көрсету керексіңдер. Дайынсыңдар ма?

Инсар, сен не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?

1-оқушы:

-Амина, мен күздің кереметін енді түсіндім.

-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер ,егін пісіп , мал семіреді.

Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады.

-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады , мерекелейді.

-Енді мен шығармадан «5» алатын болдым.

( Сахна сыртынан оқылады.) Музыка

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Бhello_html_38e39129.pngереке бірлікпенен ортақтассын. Би : «Балдәурен».

hello_html_70dc9c8b.png

Береке бірлікпенен ортақтассын. Би : «Балдәурен».

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров339
Номер материала ДВ-292367
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх