Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Статьи / Тақырыбы: АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ САПАЛЫ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Тақырыбы: АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ САПАЛЫ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ

библиотека
материалов

Ақпараттық технологияны енгізу арқылы білім беруді сапалы деңгейге көтеру


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты

әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.»

(Н. Ә. Назарбаев)

Оқытудың жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті азамат даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогрестің тез даму қарқынымен сипатталады. Қазіргі егемен елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты. Ал білімді ақпараттандыру жүйесінің негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) қазіргі заманға сай жетістіктерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында білімнің сапасын арттыратын, болашақ кәсіби шеберлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын, мәдениаралық және тілдік коммуникацияның негізін жасауға бағытталған, бірыңғай танымдық орта жасау.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу болса, ал ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды. [2]

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» аты Жолдауының негізгі тірегі – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлді. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері- жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында түрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал, оларды дайындау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және ақпараттық технологияларын пайдалана білгеніміз абзал. Жалпы, мектеп тәжірибесінде ақпараттық технологияны енгізу – оларды қолдануға қажеттіліктен туындайды. Қысқаша айтқанда, ақпараттық технологияны енгізу – жетістікке жетудің бірден-бір жолы.

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады. Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. [3]

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіру тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

  • Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап, өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

  • Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

  • Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Күнделікті сабаққа шығармашылық тұрғыдан дайындалу, оқытудың озық технологияларын меңгеру, сабақ барысында ақпараттық- коммуникативтік құралдарды пайдалану, оқушының жас ерекшеліктеріне , даму деңгейіне қарай тапсырмалар дайындау мұғалімнен үлкен күш -жігер талап етері сөзсіз. Мұндайда мұғалімнің педагогикалық-психологиялық сауаттылығы бірінші орында тұрады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мишра мен Келер (2006) айтқандай егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін қайта құрушы болса, онда оқу сабақтарын жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен әдістемелерін және оқыту технологияларының өзара ықпалын көздеуге тиіспіз. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс – тәсіл деп қарауға болады. Ақпараттық бағдарлама ақпаратты әр түрлі формада ұсынады, сондықтан оқыту үрдісін ізгілендіре түседі. Сабақта ақпараттық технологияны қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда мотивациялау кезеңі арта түседі және танымдық жүктеме береді. Бұл оқушылардың шығармашылық іс әрекетін, білімінің кем тұсын толықтыруға қызығушылықтарын арттыратын оқытудың қажетті жағдайы.
Сондықтан қазіргі ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану
оқушылардың бойында ғылыми көзқарасты қалыптастыруды талап етеді. Әр сабақ оқушы үшін тың деректерге бай болса, пән қызықты, мұғалім құрметті болмақ. [4]

Ақпараттық технологияны пайдаланған сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы білімге деген, оның ішінде пәнге деген ынтасын арттыру;

  • оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;

  • Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.

  Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық -  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. [1]

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырады, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырады, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай, ақпараттық технологияларды енгізе отырып, ұлттық модельді қалыптастыру арқылы оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға арналған түрлі сыныптан тыс жұмыстар, танымдық ойындар өткізу өте қолайлы. Өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтереді, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытуға болады.  Осындай тәжірибе арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге қол жеткізуге болады. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор.

Жалпы   ақпараттық технология енгізу арқылы:

1. Оқушының білімге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. [2]

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.

АКТ-ның дамуы білімді пайдалану жүйесінде уақытылы өзгеріп, тиімді және баланың қызығушылығын арттырады, метакогнитивті дамуына ықпал етеді. Кез-келген сабақта АКТ-ны пайдалану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Мен өз тәжірибемде осы аталған технологияны пайдаланудамын. Келешекте оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болатынына сенімім мол. Болашақта оқушыларға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге көмектесіп,осы әдіс-тәсілдерді ары қарай пайдалануға атсалысамын деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, АКТ оқушыларға ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді,және алған білімдерін іс жүзіне қалай қолдану керектігін тереңірек түсінеді, белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс жасау сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады. [4]

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды енгізу келесідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:

  • Оқушының жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

  • Тіл байлығын дамытады, өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

  • Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

  • Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімі сапалы деңгейге көтерілген жеке тұлғаны қалыптастырады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.


Әдебиеттер:


  1. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»  (4-5 бет)

  2. Информатика негіздері №2-2008 жыл Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» - 2 бет

  3. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет

  4. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет





Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров63
Номер материала ДБ-374308
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх