Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыТақырыбы: "Ата-аналарға психологиялық кеңес" - (5 класс)

Тақырыбы: "Ата-аналарға психологиялық кеңес" - (5 класс)

Скачать материал

                      Ата-аналарға психологиялық кеңес
Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ.. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологиялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақы лыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанда білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөкерде дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын-кітаптардан, кинофильмдерден-тереңдей талдап көрсету арқылы. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине, бұл жағдай ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек: бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, бұдан былай оған сөйлеудің де, ойнаудың да қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне терісте зілді баға беру мен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың жан дүниесін әбден жаралауға болады. Сондықтан да, баланың іс-әрекетін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қаблетін тұтылдыру мен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да каяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігіненде жиреніп кетуі мүмкін. Ол алдындағы армандарын да сенімдерін де жоғалта бастайды.Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жағдайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.
 Психологиялық түзету.
Адам баласы өзінің тіршілік ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрі бір, оның биологиялық және психикалық қуат күшінің аса мол қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол қуат бала болмысында, еркін де жасқанбай жігерлі өскенде ғана жетілмек. Ата-ананың қайырымы да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса оның интелектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика калыптасатыны белгілі. Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай балалардың психикасын орнына келтірудің өзі өте үлкен қиындықтарға соқтырады. Тіпті ондай балалардың көпшілігі неврологиялық клиникаларда жатып емделеді. Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың жолы, қанша ауыр болғанмен де, әр түрлі әдістерді қолданып көмекке келмеуге болмайды.Сонда, ең әуелі мұндай жағдайда не істеу керек?Бәрінен бұрын баланы жайына қалдырған жөн.Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңілін алақұйын етіп, не істерін түсінбей абдыратары да тіпті көңілдері қалғандай өкпе-наздарын да айтқызбақ. Бірақ, басқа шара жоқ. Егер, тән құрлысы жарақаттанса, оны тыныштандырып жатқызуды ата-ананың өзі де біледі. Осы тәрізді жан дүниесі жарақаттанған балаға да керегі тек белгілі уақытқа дейін тыныштық екенін түсінуіміз керек. Үлкендер жағы өзінің қателіктерін дереу мойындаумен қоса, мұндай сәттегі тәрбие берудің әдістерін үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі-психологиялық өзгертудің пәрменді бір тетігі болып табылады. Әрине, мұндай бет бұрыс ата-анамен тәрбиеге қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ баланың келешегі үшін ешқандай мәймөнкесіз, дереу ұстамдылық пен мейрімділікке ауысу қажет. Ендігі жерде, бала мен ата-анасының түсініскен достық қатынастары ғана істің жайын анғарта алады. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудің екінші жағын басып қалған тәрізді, тағы да маңдайыңа аяусыз соққы тиюы ғажап емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған ата-аналар кәдімгідей ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қаблетіңе қарай емес, таныстауына қажет ауадай міндетті түрде иеленуің керек.Психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың кейбір жолдары:
1.Баланың міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал, жаңа көз қараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеруі қажет. Баланың келешегіне қажетті ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді.
2.Егер үлкендер жағы, өзін-өзі баланың ыңғайына қарай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярымен бас тартқаны жөн.
3.Ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл баланың келешегін сындыру мен құрту деген сөз.
4.Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндемеймін деу, барып тұрған надандық.
5.Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік, екі жақтыда адамдық сипатқа жеткізетінін ұққан жөн.
6.Психологиялық түзету жүргізетін кезеңнің бәрін де басынан бастап, тек қана төзімділік керек! Тәрбиелік іс-әрекет үстінде-сабырды ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет.
7.Баланың саналы түсінігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де мазмұнды болғаны дұрыс. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғаны мен, тым асыра мадақтаудың да орнын алмауын қадағалау керек есте болсын. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашанда жақсылық әпермейді.
Бұдан да басқа көптеген тәсілдердің болуы мүмкін. Біз жас ұрпақ тәрбиесінде белең алып отырған психикалық зардапты түзетудің кейбір жолдарын ғана айттық.
 Психогигиена өмір талабы.
Қазіргі тұрмыс тіршілігімізде, әсіресе тұрмыстық жағдай да, эмоциялық дауылдар мен әлеуметтік және педагогикалық кереғарлықтар тым көбейіп кетті. Осыдан келіп, баланың психикалық зардап шегушілігіне ұшыраудамыз.
Мұндай жұлын-жүйкенің тозуы мен жан дүниенің жарақаттануын ескермесе болмайды. Ол үшін ең әуелі үлкендердің де, кішілердіңде өзара қарым-қатынастарындағы үндестікке ұмтылып, оны сауықтыру мен тәрбиелеу жолдарының пәрменді тәсілдерін қарастыру ауадай қажет. Бұл әлеументтік те, мемлекеттік те, аса үлен жұмыс?! Ескі тәртіппен көз жұмбаққа салуға келмейді. Қоғамдағы осындай жан-дүниенің зардабынан көмекке келер ілім-жалпы гигиенаның бір бұтағы болып жетілген-психогигиена. Психогигиенаның күнделікті өмірде кең тараған түрі-адамдардың қарым-қатынасындағы психогигиенаны ерекше атап айтқан жөн. Қарым-қатынастағы психогигиена-үлкен мен кішінің, еркек пен әйелдің, ата-анамен баланың, туыс пен туғанның, көрші мен ауылдастың, т.с.с айта берсе толып жатыр, осы айтылған қарым-қатынастардың өмірдегі көрністері сан алуан сапада кездесе береді. Көптеген жағымсыз жағдайларда да, осы қарым-қатынастардың адамшылық қасиеттерді сақтамауынан туып жатады. Ендеше, адамдардың қарым-қатынастарындағы психогигиенаны сақтау ережелері де-психологиялық көмектің бір түрі болып есептелінеді. Оның ең негізгі бабы- - «Бүлдірмеу!» болып табылады.
Бірінші ережесі-бүкіл өзінің болмысын мен құндылығыңды-осы «бүлдірмеуге!» бағындыру.
Екінші ережесі-бірінші ережесінің жалғасы тәрізді, осы «бүлдірмеу» бабын тарата отырып адамдардың санасындағы өзін-өзі тежеу қабілеттерін жетілдіру.
Үшінші ережесі-егер «бүлдірмеу» бабы бұзыла қалған күнде, одан тараған жайсыздықтарды жоюға әсер ету.
Міне бала тәрбиесінде имандылық тәрбиелерімен қоса, міндетті түрде психогигиенаның осы үш түрлі ережелерінің баптары да, саналы түрде баланың психологиясында орнығуы мен жетілуін қамтамасыз ету керек. Бұлар сәби мінездеріне не ерте қалыптасса, соғұрлым оның санасындағы адамгершілік деңгейі биік болмақ. Сонда ғана ол өз уақытының елеулі азаматына айналуы хақ.Әйтсе де, мұндай тәрбиелер балаға тек уағыз арқылы сіңбейтіндігін ескере отырып, қоғамдағы естияр адамдардың, соның ішінде, ата-аналар мен тәрбиешілердің, бүкіл ел жұртқа белгілі зиялы қауымның күнделікті тіршіліктегі адамдық парасаттары ерекше байқалуы керек. Алдыңғы буыннан үлгі алған ұрпағымыз мадақтауға тұрарлық адами қасиеттерге ие болатынына сенеміз.
Іштей қарама-қайшылық.
Аланның жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Мұндай сәтте ол мақсатты ой, елеулі қайырымдылық жасау қаперіне кірмейді. Қайта қолындағысын лақтырып айналасындағысын сындырып,шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады. Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне тіл тигізуден таянбайды.Ал, адамның көңіл-күйі екінші бір жайсыз жағдайда болғанда да, мәселен қызғану мен көре алмаушылықтың күйіне ауысқанда да, жанындағылардың бәріне сенімсіздікпен қарап, өзінен-өзі секемденіп сергелдені мол іштей қарама-қайшылыққа ұрынады. Бұндай жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық афектілік күйге де түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп не қойғанын байқамай қалады. Сондықтан адам атаулы ол үлкен бе, жоқ әлде кіші ме бәрі бір, өзара қарым-қатынастарда ұстамды да, мейірімді болуға ұмтылу қажет. Адамды ашуландырып көңіл-күйін бұзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадырата қайта жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екен естен шығармаған жөн. Әр адам осындай әділетсіздіктің бар екенін іштей түсініп, оған саналы түрде қарсы шаралар жасауды ұмытпаса, түптің-түбінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің адамдық күш қуатын сезіне бастайды. Бірте-бірте ол жаман көңіл-күйдің құлы болудан да құтыла алады. Өзінің барлық іс-әрекеттерін ашудан бұрын ақылға жеңдіретіндей жағдайға ауысады. Міне, дер кезінде жүргізілген психогигиенаның құдыреті мол, шарапаты да осы болса керек. Бүкіл ел болып мәдениетті тіршіліктің негіздеріне ұмтылса ғана өміріміз өркенді де көңілді болмақ. Керек десеңіз қоғамға қажет бақыт жолы да осы.

 

 

 

 

 Ата-аналарға психологиялық кеңес
Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ.. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологиялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақы лыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанда білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөкерде дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын-кітаптардан, кинофильмдерден-тереңдей талдап көрсету арқылы. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине, бұл жағдай ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек: бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, бұдан былай оған сөйлеудің де, ойнаудың да қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне терісте зілді баға беру мен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың жан дүниесін әбден жаралауға болады. Сондықтан да, баланың іс-әрекетін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қаблетін тұтылдыру мен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да каяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігіненде жиреніп кетуі мүмкін. Ол алдындағы армандарын да сенімдерін де жоғалта бастайды.Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жағдайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.
 Психологиялық түзету.
Адам баласы өзінің тіршілік ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрі бір, оның биологиялық және психикалық қуат күшінің аса мол қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол қуат бала болмысында, еркін де жасқанбай жігерлі өскенде ғана жетілмек. Ата-ананың қайырымы да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса оның интелектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика калыптасатыны белгілі. Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай балалардың психикасын орнына келтірудің өзі өте үлкен қиындықтарға соқтырады. Тіпті ондай балалардың көпшілігі неврологиялық клиникаларда жатып емделеді. Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың жолы, қанша ауыр болғанмен де, әр түрлі әдістерді қолданып көмекке келмеуге болмайды.Сонда, ең әуелі мұндай жағдайда не істеу керек?Бәрінен бұрын баланы жайына қалдырған жөн.Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңілін алақұйын етіп, не істерін түсінбей абдыратары да тіпті көңілдері қалғандай өкпе-наздарын да айтқызбақ. Бірақ, басқа шара жоқ. Егер, тән құрлысы жарақаттанса, оны тыныштандырып жатқызуды ата-ананың өзі де біледі. Осы тәрізді жан дүниесі жарақаттанған балаға да керегі тек белгілі уақытқа дейін тыныштық екенін түсінуіміз керек. Үлкендер жағы өзінің қателіктерін дереу мойындаумен қоса, мұндай сәттегі тәрбие берудің әдістерін үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі-психологиялық өзгертудің пәрменді бір тетігі болып табылады. Әрине, мұндай бет бұрыс ата-анамен тәрбиеге қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ баланың келешегі үшін ешқандай мәймөнкесіз, дереу ұстамдылық пен мейрімділікке ауысу қажет. Ендігі жерде, бала мен ата-анасының түсініскен достық қатынастары ғана істің жайын анғарта алады. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудің екінші жағын басып қалған тәрізді, тағы да маңдайыңа аяусыз соққы тиюы ғажап емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған ата-аналар кәдімгідей ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қаблетіңе қарай емес, таныстауына қажет ауадай міндетті түрде иеленуің керек.Психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың кейбір жолдары:
1.Баланың міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал, жаңа көз қараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеруі қажет. Баланың келешегіне қажетті ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді.
2.Егер үлкендер жағы, өзін-өзі баланың ыңғайына қарай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярымен бас тартқаны жөн.
3.Ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл баланың келешегін сындыру мен құрту деген сөз.
4.Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндемеймін деу, барып тұрған надандық.
5.Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік, екі жақтыда адамдық сипатқа жеткізетінін ұққан жөн.
6.Психологиялық түзету жүргізетін кезеңнің бәрін де басынан бастап, тек қана төзімділік керек! Тәрбиелік іс-әрекет үстінде-сабырды ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет.
7.Баланың саналы түсінігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де мазмұнды болғаны дұрыс. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғаны мен, тым асыра мадақтаудың да орнын алмауын қадағалау керек есте болсын. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашанда жақсылық әпермейді.
Бұдан да басқа көптеген тәсілдердің болуы мүмкін. Біз жас ұрпақ тәрбиесінде белең алып отырған психикалық зардапты түзетудің кейбір жолдарын ғана айттық.
 Психогигиена өмір талабы.
Қазіргі тұрмыс тіршілігімізде, әсіресе тұрмыстық жағдай да, эмоциялық дауылдар мен әлеуметтік және педагогикалық кереғарлықтар тым көбейіп кетті. Осыдан келіп, баланың психикалық зардап шегушілігіне ұшыраудамыз.
Мұндай жұлын-жүйкенің тозуы мен жан дүниенің жарақаттануын ескермесе болмайды. Ол үшін ең әуелі үлкендердің де, кішілердіңде өзара қарым-қатынастарындағы үндестікке ұмтылып, оны сауықтыру мен тәрбиелеу жолдарының пәрменді тәсілдерін қарастыру ауадай қажет. Бұл әлеументтік те, мемлекеттік те, аса үлен жұмыс?! Ескі тәртіппен көз жұмбаққа салуға келмейді. Қоғамдағы осындай жан-дүниенің зардабынан көмекке келер ілім-жалпы гигиенаның бір бұтағы болып жетілген-психогигиена. Психогигиенаның күнделікті өмірде кең тараған түрі-адамдардың қарым-қатынасындағы психогигиенаны ерекше атап айтқан жөн. Қарым-қатынастағы психогигиена-үлкен мен кішінің, еркек пен әйелдің, ата-анамен баланың, туыс пен туғанның, көрші мен ауылдастың, т.с.с айта берсе толып жатыр, осы айтылған қарым-қатынастардың өмірдегі көрністері сан алуан сапада кездесе береді.

 

-қатынастардың адамшылық қасиеттерді сақтамауынан туып жатады. Ендеше, адамдардың қарым-қатынастарындағы психогигиенаны сақтау ережелері де-психологиялық көмектің бір түрі болып есептелінеді. Оның ең негізгі бабы- - «Бүлдірмеу!» болып табылады.
Бірінші ережесі-бүкіл өзінің болмысын мен құндылығыңды-осы «бүлдірмеуге!» бағындыру.
Екінші ережесі-бірінші ережесінің жалғасы тәрізді, осы «бүлдірмеу» бабын тарата отырып адамдардың санасындағы өзін-өзі тежеу қабілеттерін жетілдіру.
Үшінші ережесі-егер «бүлдірмеу» бабы бұзыла қалған күнде, одан тараған жайсыздықтарды жоюға әсер ету.
Міне бала тәрбиесінде имандылық тәрбиелерімен қоса, міндетті түрде психогигиенаның осы үш түрлі ережелерінің баптары да, саналы түрде баланың психологиясында орнығуы мен жетілуін қамтамасыз ету керек. Бұлар сәби мінездеріне не ерте қалыптасса, соғұрлым оның санасындағы адамгершілік деңгейі биік болмақ. Сонда ғана ол өз уақытының елеулі азаматына айналуы хақ.Әйтсе де, мұндай тәрбиелер балаға тек уағыз арқылы сіңбейтіндігін ескере отырып, қоғамдағы естияр адамдардың, соның ішінде, ата-аналар мен тәрбиешілердің, бүкіл ел жұртқа белгілі зиялы қауымның күнделікті тіршіліктегі адамдық парасаттары ерекше байқалуы керек. Алдыңғы буыннан үлгі алған ұрпағымыз мадақтауға тұрарлық адами қасиеттерге ие болатынына сенеміз.
Іштей қарама-қайшылық.
Аланның жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Мұндай сәтте ол мақсатты ой, елеулі қайырымдылық жасау қаперіне кірмейді. Қайта қолындағысын лақтырып айналасындағысын сындырып,шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады. Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне тіл тигізуден таянбайды.Ал, адамның көңіл-күйі екінші бір жайсыз жағдайда болғанда да, мәселен қызғану мен көре алмаушылықтың күйіне ауысқанда да, жанындағылардың бәріне сенімсіздікпен қарап, өзінен-өзі секемденіп сергелдені мол іштей қарама-қайшылыққа ұрынады. Бұндай жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық афектілік күйге де түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп не қойғанын байқамай қалады. Сондықтан адам атаулы ол үлкен бе, жоқ әлде кіші ме бәрі бір, өзара қарым-қатынастарда ұстамды да, мейірімді болуға ұмтылу қажет. Адамды ашуландырып көңіл-күйін бұзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадырата қайта жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екен естен шығармаған жөн. Әр адам осындай әділетсіздіктің бар екенін іштей түсініп, оған саналы түрде қарсы шаралар жасауды ұмытпаса, түптің-түбінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің адамдық күш қуатын сезіне бастайды. Бірте-бірте ол жаман көңіл-күйдің құлы болудан да құтыла алады. Өзінің барлық іс-әрекеттерін ашудан бұрын ақылға жеңдіретіндей жағдайға ауысады. Міне, дер кезінде жүргізілген психогигиенаның құдыреті мол, шарапаты да осы болса керек. Бүкіл ел болып мәдениетті тіршіліктің негіздеріне ұмтылса ғана өміріміз өркенді де көңілді болмақ. Керек десеңіз қоғамға қажет бақыт жолы да осы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Психологиялық кеңес беру – әңгімелесу, әр түрлі «релаксация» тәсілдері және өзіндік анализ әдістері арқылы адамға демеу алуға, негативті эмоциялық кернеуді жеңілдетуге және эмоциялық тепе-теңдікті орнына келтіруге мүмкіндік беретін, психологиялық көмектің қысқа мерзімді түрі.Психологиялық кеңес берудің міндеттері:
1) адамға өз ойы бойынша таңдау жасауға және әрекет етуге көмектесу; 
2) пайда болған мәселелерді өзбетінше шешу үшін, тұлғаның жасырын ресурстарын табуға көмектесу; 
3) жаңа мінез-құлықты үйренуге көмектесу;
4) тұлғаның дамуына себепші болу.

Өз жұмысында психолог келесі ережелерді ұстанады:

1) әрбір тұлға өздігінен құнды болып келеді және сыйға лайықты; 
2) әрбір тұлға өз өзі үшін жауапты бола алады; 
3) әрбір тұлға өзіне құндылықтар мен мақсаттарды таңдауға, өзбетінше шешім қабылдауға құқылы болып табылады. 
Психологиялық кеңес берудің негізінде екі гипотеза жатады:Бірінші гипотеза бойынша, адамның әр қашан да ішкі ресурстары болады, бірақ ол әр қашан қол жетімді бола бермейді. Психологтың міндеті – адамға сол ресурспен кездесуге көмектесу. Сонда адам оны қолдана алады.Ал екіншісі, адамда қарым-қатынасқа деген қажеттілік болады, және арнайы түрде құрастырылған қарым-қатынас көмекші құрал бола алатындығында. Ал, психолог көмекші қарым-қатынастарды құрау саласының маманы болып табылады.

2. Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялықкөмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.

6. Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:

- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық жауапкершілікте болуы керек.

- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңгерлік негіздерге сүйенілуіі керек. - Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға және клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.

- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиенттің жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады. Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарды сыйлауы керек.

- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет.

Кеңес беру психологиясы практикалық психологияның түрі ретінде алдына мынадай мақсаттар қояды:

1. Клиентте пайда болған проблемаларды оперативтік тұрғыда шешу. Адамдар көмекті қажет ететін,тығырықтан шыға алмайтын жағдайға көп түсіп жатады. Сол жағдайда клиент психолог-консультанттың алдында көп күш жұмсап, уақытын көп алуға болмайды. Жалпы ауыр проблемаларды шұғыл деп атайды. Осындай кезек күттірмес, шұғыл проблемаларға тез арада психологиялық көмек көрсету, яғни ауызша кеңес білу немесе проблемасын шешу ауыстырылмайды. Мысалы, бала мен ата-ана арасында маңызды проблеманың болуы мүмкін, сол кезде олар өзара қарым – қатынас ұйымдастыра алмайды. Бұл балаға физикалық және психологиялық жағынан да зиян болады.

2. Психолог-консультант өзінің жоғары психологиялық біліміне сүйене отырып клиенте туындаған сұрақтарғаа толықтай жауап іздеуі және өзінің проблемасына басқа адамдардың араласуына жол бермей, өзінің шығуын қамтамасыз етуі керек. Психолог тек кеңес, бағыт қана береді.

3. Клиентке көмек беру кезінде психолог-консультант клиентке ішіндегі жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға көмектесуі керек және ол тек психолог пен психотерапевт алдында ғана емес, жеке өзара іс-әрекетте де шығара білуі қажеттігін ескертеді.

4. Клиентте өзінің проблемасына деген дұрыс түсінік қалыптасқан кезде, бірақ толықтай дұрыстығына көзі жетпесе, онда психолог-консультант клиентке кәсіби және моральді көмек беріп, өзіне толықтай сенім қалыптастыру керек. 5. Клиентпен жұмыс кезінде психолог тек кеңес берудің ғана қажеттілігімен шектелмей, психокоррекциялық және психотерапиялық көмектің де жеткілікті түрде проблемесын шешуде оңтайлы көмек болатынын түсіндіруі керек.

 

Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:

1. Туындаған проблемада клиентке шұғыл көмек көрсету. Шұғыл көмек көрсетуде психолог тарапынан берілген кеңес оңтайлы шешімдерді үлестіру мақсатында болуы керек. Мысалы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы.

2. Белгілі бір жағдайда ғана берілетін психолог- консультанттың кеңесі.

3. Уақытша көмек көрсету ( яғни депрессиялық жағдайға түскен клиентпен жұмыс).

4. Егер, тіпті психологтың беретін нақты кеңесі болмайтын жағдайда, минимальды болса да (аз мөлшерде) көмектесу, кеңес беру.

 

Психолог-кеңес берушінің міндеті:

1. Клиенттің проблемасын анықтау, яғни клиентте туындаған мәселе қандай жағдайда екенінен құлағдар болу.

2. Клиентті өзіндегі пайда болған проблемаларымен құлақтандыру яғни, түсіндіру.

3. Психолог-кеңес беруші клиенттің өз проблемасын шеше алатынын немесе шеше алмайтынын анықтау.

4. Клиент проблемасының шешу жолдарын қарастыру.

5. Психолог-кеңес беруші элементарлы, өмірлік қажет кеңестерін беру. Психологиялық кеңес беру - адамға, яғни клиентке өзінің өмірлік қиындығына сырт көзбен қарауға, өзінің жағымсыз қылығы мен іс-әрекетін сырт көзбен көруге жағдай туғызады. Ол клиенттің жеке өмірін дұрыстауға, өзінше шешім қабылдауға, өз тағдырына жауап беретіндей сенімділік туғызады.

 

Психолог-кеңес беруші психоаналитакалық теорияға сүйене отырып, клиенттің ішкі жан дүниесін үш жағдайда қарастырады. Олар: - динамикалық ( әр түрлі психологиялық даулы қарым-қатынастың нәтижесі ретінде) - экономикалық (оның энергетикалық мінездемесі ретінде) - топикалық (психологиялық құрылымы бойынша қарайды).

 

Кеңес беру психологиясының әдісі мен түрлері.

1. Теориялық қабылдау қабілеті бойынша (психоаналитикалық, тәртіптік, гуманистік, гештальт кеңес беру аясында).

2. Клиенттің жасы бойынша (бала, жеткіншек, ересек).

3. Ұйымдастыру түрі бойынша (іштей бетпе-бет сөйлеу, хат арқылы, интернет, телефон арқылы).

4. Клиенттердің саны бойынша (жеке, топтық).

5. Психологиялық проблема бойынша (тіл табысу проблемалары, жеке проблемалар, көңіл-күй проблемалары).

6. Қосымша жүйе (мектептік, жұмыстық, жанұялық, ерлі-зайыптылық, бизнестік). Психологиялық кеңес беру түрлеріне тоқталатын болсақ, ол әр түрлі адамдар мұқтаж болып және түрлі жағдайлармен келетіндіктен психологиялық кеңес беруді клиенттердің жеке ерекшеліктеріне байланысты және олардың проблемалық мүшелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады.

Ең бірінші, жеке тұлғалық психологиялық кеңес беру. Бұл түрге адамдардың жеке проблемаларына байланысты кеңес алу жатады. Мысалы, адамның арылғысы келетін психологиялық және мінез-құлықтық кемшіліктері немесе адамдармен қарым-қатынас арасындағы жеке басына қатысты проблемалар, әр түрлі қарым-қатынастар, жолы болмаушылық, психогенді аурулар жатады. Бұл жерге соныымен қатар, адамның өз-өзіне көңілі толмауын, интимді проблемаларды да жатқызуға болады. Екінші түріне, психологиялық кеңес беруде көп кездесетін және өте маңызды мәселе отбасының кеңеске жүгінуі. Бұл жерге отбасындағы немесе отбасы мәселесінде туындайтын әр түрлі жағдайдағы кеңес беруді жатқызамыз. Сонымен қатар, болашақ жарды таңдауда да психологиялық кеңес өте маңызды. Үшінші түрі педагогикалық- психологиялық кеңес беру. Бұл жерде кеңес берушінің клиентпен тәрбие, оқу мәселесі жөніндегі әңгімелерін ересек адамдардың педагогикалық біліктілігін жоғарлату педагогикалық басшылық, балалар және ересек адамдардың топтарымен басшылық жасау секілді мәселелер бойынша туындайтын проблемалардың шешімін табуға бағытталады. Арнайы практикалық психологиялық білім деп психолог-кеңес берушінің практикалық қызметіне, оның адамдармен жұмыс жасау барысындағы психологиялық әдістерді меңгеруіне байланысты білімді айтамыз. Бұл жерде арнайы практикалық психологтарды жоғарғы оқу орындарында дайындау барысында берілетін, меңгерілетін білім жайында айтуы керек.

Практикалық жұмыста психолог-кеңес берушіге өте мол тәжірибе қажет. Себебі, ғылым мен психологияны үйретумен емес, адамдардың шынайы өміріндегі қиын және күрделі проблемаларымен жұмыс жасауы қажет. Жоғарғы оқу орындарында алынған білім практикасыз, тәжірибесіз еш нәтиже бермейді. Психолог консультанттың ұшырасуы мүмкін жағдайларының ешқайсысының алдын-ала қаралынбайды, анықталмайды. Сондықтан кез-келген жағдайда психолог-кеңес берушіге тәжірибе ауадай қажет. Осы айтылғандардың барлығы психолог-кеңес берушінің жақсы-жаман болуы үшін де маңызды. Біліммен қатар психолог-кеңес берушінің жеке басының да жақсы, сапалы қасиеттерінің болуы керек. Мысалы, ол адамдарды жақсы көруі қажет, олардың жағдайын, күйін сөзсіз түсінуі, ұғына білуі да маңызды рол атқарады. Сонымен қатар, психолог-консультант шыдамды, жомарт жан болуы да оңтайлы болып табылады. Ең бастысы, нағыз психолог-кеңес берушінің қасиеті «клиентті түсінуге ұмтылу» оған өзін жақсы жағынан көрсете білуіне, жақсы қасиеттерін игере білуіне, өзін тұлға ретінде қабылдауға көмектесу. Психологиялық кеңес беру психолог пен клиенттің жеке кездесуімен, сұхбаттасуымен басталады.Сұхбат кезінде, яғни алғашқы сұхбатта танысу, одан соң кеңес қандай жағдайда берілу туралы нақтылық айқындалады. Консультант психолог клиентімен ауызша ғана танысуы керек, алғашқы кездесуде клиент туралы карточка толтырылмайды. Клиент өзін таныстырған соң консультант клиентке өз проблемаларын ұқыпты, шыдамды түрде баяндап беруін сұрайды. Уақыт өте келе психолог-консультант клиентке сұрақ қоя бастайды, яғни өзіне жағдайларды нақтылау үшін. Психолог-консультанттың сұрағы клиенттің баяндап отырған тақырыбынан ауытқымайтын, әңгімесін тоқтатып қоймайтын және клиентке ауыр тимейтін жағдайда болуы шарт. Консультант-психолог тыңдау кезінде адам есімдерін, уақыттарын, нақты фактілерді өзіне оңай болуы үшін есте сақтауы керек. Бұл, әрине, оның дұрыс түсінуіне және дұрыс кеңес беруіне байланысты болады. Кейбір клиентпен жұмыс кезінде психолог-консультантқа клиентті түсіну, кеңес беру қиынырақ келеді. Ол үшін психолог-консультант клиентпен арнайы бетпе-бет кездесулер ұйымдастырады. Ал кей жағдайларда клиентті нақты және оның проблемаларын жүйелі шешу үшін психологиялық тесттерді қолданады. Тест жалпы психолог үшін маңызды нәтижелерге әкеледі.

 

7.Кеңес беру психологиясы мынадай кезеңдерде жүргізіледі:

1. Дайындық кезең – бұл кезеңде психолог-консультанттын клиентпен танысуын, клиенті жайлы тіркеу журналына тіркелуі керек. Оның 20-30 минутқа созылуы шарт.

2. Қалыптастыру кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант жеке кездесіп, өзін клиентпен жұмыс істеуге қалыптастыруы керек және ол клиентке де қатысты. Бұл барлығы дайын болған жағдайда 5-7 минутті қажет етеді.

3. Диагностикалық кезең – бұл кезеңде психолог-консультант клиентті ұқыпты тыңдап, талдауын анықтап, проблемасын нақтылағаны жөн. Бұл кезеңнің жалпы мазмұны клиенттің өз проблемасын баяндауымен шектеледі және осыған байланысты кедергі келтіретін жайттар болмау керек, яғни бөлмеде психолог пен клиенттен өзге адамдардың болмауы, клиентке уақыт та жеткілікті болуы керек. Кейде кеңес беру психологиясының бұл кезеңі 4 сағаттан 6-8 сағатқа дейін созылуы қажет.

4. Кепілдемелік кезең – психолог консультант бұл кезеңде алдыңғы болған кезеңдердегі ақпаратты жүйелеп, тығырықтан шығу жолдарын клиентпен бірлесе отырып жасауы керек. Осы кезеңде ұсыныстар нақтыланады. Бұл кезең 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

5. Бақылау кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант клиентпен бірлесе отырып болған жағдайларды талқылайды. Психолог-консультанттың кеңесі мен ұсыныстары қаншалықты жағдайда бағалы болғанын анықтайды. Осы кезден бастап психолог-консультанттың алдағы еңбектері сараланады, яғни қосымша сұрақтарға жауап бере алатынын көрсете алады.

Жалпы орта жағдайдағы психологиялық көмек 20-30 минутқа ғана созылмақ. Ал егер клиент жағдайы ауыр болатын болса, психологиялық тесттен бөлек 2-3 сағаттан 10-12 сағатқа созылады. Яғни, бұл барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша. Психологиялық кеңес беру процедуралары. Кеңес берудің жалпы процедураларының көмегімен психологиялық кеңес берудің тапсырмалары, мәселелері шешіледі. Осының бәрі кеңес беру психологиясы процедураларының нәтижесіне байланысты. Процедура негізгі нақты психологиялық кезеңдермен сабақтас. Осы кезеңдер арқылы оны бөліп қарастыруға болады. Кеңес беру псхологиясының бірінші кезеңінде қарастырғандай процедурада да нақты процедуралар қабылданбайды, жиі кезеңде процедура қабылданады. Кеңес беру жүреді, клиенттің эмоционалды қолайлылығы қалыптасады. Клиентпен кездесу процедурасы клиенттің психологпен кездесу алдындағы нақты бір іс-әрекет өзіне қосады. Бұл кезеңде психолог-консультанттың жағдай сұрауы және алғашқы кеңес беруі клиент үшін өте маңызды. Көптеген клиенттерде психолог-консультантқа келгенде психологиялық кедергі мен комплекс пайда болады. Ол психолог-консультантқа және басқа да адамдарға байланысты. Әсіресе, психологиялық кедергі мен комплекс танымайтын адамдарға байланысты пайда болады. Оған мысал ретінде психолог-консультантпен алғашқы кездесуін алуымызға болады. Осы бейтарап мүмкіндікке жағымсыз іс-әрекет комплексі және психологиялық кедергіні алу үшін арнайы процедура «Психологиялық кедергіні алу» қолданылады. Бұл процедураны қолдану барысында психолог-консультант клиентімен нақты бір іс-әрекеттерді қолдану арқылы клиентті тыныштандырып, қауіпсіз психологиялық күйге, өзінің сеніміне кіргізеді. Кеңес беру психологиясының үшінші кезеңінде эмпатикалық тыңдау процедурасы белсенді жұмыс жасайды. Эмпатикалық тыңдау тапсырмасы тереңірек.

 

Психолог-консультант клиентті эмоционалды жағынан түсініп әңгімелерін басынан-аяғына дейін қабылдауы тиіс. Клиенттің сөздеріне яғни жағдайына ойланып, қобалжып кетуге болмайды. Клиентті тыңдай отырып, психолог-консультант клиенттің бейнесіне, роліне еніп, ойланып, өзін психологиялық қалыпқа келтіреді, яғни психологиялық жағынан көмек беруге дайындалады. Кеңес беру психологиясының төртінші кезеңінде мынадай процедуралар қолданылады: анықтау, көзін жеткізу, детальдарды айқындау, нақтылау. Осы прцедураның барлығы практикалық ұсыныстар мен кеңестердің клиентке саналы әсер етуімен байланысты. Бұл процедуралардың мақсаты клиентке терең және толық түрде шешімдерін түсіну, яғни бұл жерде психолог-консультанттың тікелей қатысуымен байланысты. Ал кеңес беру психологиясының бесінші кезеңінде төртінші кезеңдегі процедуралар қолданылады. Бұл жерде нақты қолданылатын жағдай клиентке өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесу. Кеңес беру психологиясына жалпы мысал ретінде студенттер арасындағы кеңес беру мәселесіне тоқтала кетейік. Бұл, әрине, студенттер үшін маңызды рол атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Ата-аналарға психологиялық кеңес" - (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 073 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 2750
    • DOCX 43.6 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайпова Альбина Адилбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кайпова Альбина Адилбаевна
    Кайпова Альбина Адилбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13523
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Эмоциональный интеллект в детско-родительских отношениях

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Курс повышения квалификации

Психологические особенности обучающихся с сахарным диабетом

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс повышения квалификации

Утрата во взрослом и детском возрасте. Организация работы на разных этапах горевания

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек