Инфоурок / Технология / Конспекты / Тақырыбы: «Қақтап пісірілген көкөністерден әзірленген тағамдар мен гарнирлер»

Тақырыбы: «Қақтап пісірілген көкөністерден әзірленген тағамдар мен гарнирлер»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

2 кәсіптік лицей ММ


Бекітемін:

Директордың ӨО жөніндегі орынбасары

____________________ ­

Д.С. Жиналеева

« » 2012ж.



ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДАН

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Қақтап пісірілген көкөністерден әзірленген тағамдар мен гарнирлер»






Дайындаған: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері:

Курмангалиева Р.М.













Орал қ.- 2012 ж.

Сабақ жоспары

Топ № 13 «б»

Мамандық: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Ө/о шебері: Курмангалиева Р.М.

Тақырып: «Қақтап пісірілген көкөністерден дайындалған тағамдар мен

гарнирлер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Көкөністерден әзірленген тағамдарды дайындау кезінде өндірістік дағдыларын дамыту.

  • Оқушыларға көкөністен тағам дайындау кезінде оның құрамына кіретін азық- түліктерді дұрыс өлшеп алуын және рецептілер жинағын қолдануды жетілдіру.

Дамытушылық:

  • Өз еңбегіндегі уақытын жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрету;

  • Технологиялық ойлауды және мамандандырылған интуицияны дамыту;

  • Өндірісте теориялық білімдерін қолдана білу;

  • Жаңа пайда болған өндірістік жағдайларға тез және нақты шешім қабылдай білу;

Тәрбиелік:

  • Оқушының еңбекке қабілеттілігін және басқа да жеке қасиеттерін анықтау;

  • Кәсіби қабілеттіліктері мен шеберліктерін арттыру;

  • Өнімді дайындау технологиясындағы кездесетін кемшіліктерді анықтауға талпынуын тәрбиелеу.


Материалдық және дидактикалық қамту:

  • Ақпараттық қамту: интерактивті тақта.

  • Технологиялық карталар: «Қақтап пісірілген көкөністерден дайындалған тағамдар»

Сабақтың материалдық жабдықталуы:

  • шикізат: ұн, жұмыртқа, тұз, сары май, өсімдік майы, жас орамжапырақ, сәбіз, басты пияз, күріш жармасы, ақжелкек, қызанақ, асқабақ, ірімшік, қаймақ.

  • Құрал-жабдықтар: электрондық таразы, электрлік пеш, қуыру шкафы.

Сабақтың түрі: Еңбек үдерістері мен операция кешендерін оқып үйрену

сабағы.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин).

  • Оқушылармен амандасу.

  • Өндірістік оқыту сабағына оқушылардың қатысын тексеру.

  • Арнайы киімдерінің санитарлық жағдайын тексеру.

  • Күнделік, құралдарын тексеру.

  1. Кіріспе нұсқау (35-40 мин).

    1. Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау.

    1. Шеберханадағы қауіпсіздік ережесін еске түсіру;

    2. Санитария- гигиена ережелерін қайталау;

    3. Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

А) Тамақтануда көкөніс тағамдарының маңызы қандай?

Ә) Көкөністерді механикалық- аспаздық өңдеу, турау түрлері.

Б) Жылумен өңдеу түрлері.

В) Көкөністерді қалай бөктіреді?

С) Картоп массасынан қандай тағамдар дайындалады?

Д) Тоғытпа майда қуыру дегеніміз не?

2. Жаңа сабақты хабарлау, баяндау. (баяндау кезінде оқушылар шағын конспект жазады)

2.1. «Асқабақтан әзірленген пісірме»

Құрамы: асқабақ 199 139

сары май 10 10

сөк 40 40

сүт 100 100

шалафабрикат - 230

пісірме салмағы - 200

тұздық №№794,798 - 50

қаймақ 15 15

Шығымы: тұздықпен - 250

қаймақпен - 215

Дайындау технологиясы:

Қабығынан аршылған асқабақты үгеді. Қайнаған ыстық сүтке тұз, май, асқабақты салады. Содан соң ыстық сүтте жуылған сөк салады да қоюланғанша пісіреді. Суыған массаға жұмыртқа қосады, май жағылған табаға салады, бетіне қаймақ жағады, қасықпен сурет саладыда қуыру шкафында қақтайды. Дастарханға қаймақ немесе сүт тұздығымен ұсынады.


2.2. «Көкөніс голубцылары»

Құрамы: жас орамжапырақ 215 190

саңырауқұлақ 75 53

сәбіз 50 28

басты пияз 45 36

күріш жармасы 11 30

ақжелкек көгі 3 3

маргарин 15 15

тұздық - 100

Шығымы: - 250

Дайындау технологиясы:

Әзірленген голубцы шала фабрикатын майы бар қыздырылған табаға салады, қуырады. Қаймақ немесе томат қосылған қаймақ тұздығын құяды, қуыру шкафында қақтайды.

Тартым үшін: сәбіз бен пиязды ұсақтап турайды, шала қуырады, піскен күріш, саңырауқұлақпен қосады. Тұз, бұрыш, ақжелкек көгін қосады, араластырады.

Ұсынар кезде голубцыны тәрелкеге немесе сыбаға табаққа 2 данадан салады, тұздық құяды. Голубцыны ыстықта қақтап пісіреді.




2.3. «Тартымдалған қызанақ»

Құрамы: қызанақ 176 150

Күріш 11 30

Басты пияз 36 15

сәбіз 55 30

өсімдік майы 10 10

бұрыш 0,05 0,05

тартым - 75

ірімшік 3,3 3

кепкен нан ұнтағы 2 2

шала фабрикат салмағы 225

дайын қызанақ - 200
тұздық 75

қаймақ 20

Шы ғымы: тұздықпен 275

қаймақпен 220


Дайындау технологиясы:

Тартылған орташа мөлшердегі тығыз қызанақты тартыммен толтырылуы. Майланған суырма табаға салып, үстіне кепкен нан мен ірімшік қоспасы ұнтағын себеді де май бүркіп, 15-20 минут қақтайды.

Тартым үшін:

Әзірленген саңырауқұлақты ұсақтап турайды. Ұсақ туралған қызанақты өзегімен қосып қуырады. Басты пиязды ұсақтап турап, шала қуырады. Күріш жармасын пісіреді. Сосын барлығын қосады, тұз, бұрыш ұнтағын, ақжелкек көгін қосады. Ұсынар кезде тәрелкеге не сыбаға табаға салып, қаймақ, сүт, томат қосылған қаймақ тұздығын құяды.

3 . Сапасына қойылатын талаптар.

Ыстықта қақталған көкөністер – олардың сыртқы түрі мен дәмі, қоректілік бағалылығы нашарлап кететіндіктен ыстық күйде ұзақ сақтауға болмайды. Ұзақ уақыт сақтау үшін оларды салқындатады және піспе суынсыз тоңазытқышта сақтайды. Қажетіне қарай піспе суында пісіріп береді. Тұздықтағы не майдағы көкөністерді қақпағы жабылған ыдыста 2 сағаттан артық емес уақыт сақтайды.

4. Жаңа тақырыпты игертуге байланысты еңбек тәсілдерін көрсету.

4.1. Көкөністерді аспаздық өңдеуден өткізу, дайындау технологиясына қарай турау.

4.2. дайындалуына байланысты тартым, тұздық дайындау.

4.3. Тағамдарды дайындауда жылумен өңдеу тәсілдерін қолдану.

4.4. Дастарханға беру мөлшері, безендіру.

5. Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануға, қауіпсіздік және гигиеналық ережелерін қатаң сақтауға, тағамның дайындалу технологиясының сақталуына, мөлшеріне аударамын.

6. Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау.

6. 1. Асқабақ пісірмесін қалай дайындайды?

6.2. Қақтап пісірілген тағамдарға қандай тұздықтар беріледі?

6.3. Тартым дайындау үшін қандай көкөністер қолданылады?

6.4. Голубцыны бір үлеске неше данадан береді?

6.5. Дайындалған тағамдардың сапасына қойылатын талаптар.

7. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмысы:

7.1. Оқушыларды жұмыс орындарына бөліп, жеке-жеке тапсырмалар беру.

7.2. Берілген тапсырманы дайындауда оқушының азық-түліктерді дұрыс есептеп алуын қадағалау.

7.3. Оқушылардың жұмыс орнын аралау мақсаты:

А) оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру.

Б) өндірістік дағдыларын тексеру.

В) жұмыс орнының санитарлық жағдайын тексеру.

Г) оқушылардың өндірістік дағдыларын тексере жүріп, қажет жағдайда оларға өндірістік көмек беру.

8. Тағамдарды дайындау кезінде кездесетін қателіктер мен ақауларды атап және оларды болдырмаудың жолдарын түсіндіру.


3. Қорытынды бөлімі.

1. Бір күнгі жұмысын қорытындылау:

а) Тағамдарды дайындауға ат салысқан оқушылардың бағаларын хабарлау

б) Жұмыс кезінде жіберілген қателіктерді талқылау

в) Жұмыста еңбекқорлығымен көзге түскен оқушыларды атап көрсету

г) Оқушыларға келесі сабақтың тақырыбын айту

д) үйге тапсырма беру

е) жұмыс орнын жинақтау.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-095429
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>