Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Тақырыбы: Ауыр – жеңіл; сұйық, сусымалы заттар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тақырыбы: Ауыр – жеңіл; сұйық, сусымалы заттар

библиотека
материалов

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: Ауыр – жеңіл; сұйық, сусымалы заттар

Мақсаты:

Білімділік: Балаларда әртүрлі заттар мен материалдардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Олардың салмағын анықтау үшін заттарды өлшеу тәсілімен таныстыру және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: есеп дәптері, сұйық және сусымалы заттар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Алдымен балалардың заттың салмағы , көлемі туралы тұрмыстық түсініктерін анықтап алу керек.

-Не ауыр? Не жеңіл? (Мысалы үлкен қарбыз –кішкентай қауын, үлкен текше – кішкентай текше сияқты суреттер жұбын көрсету, т.б.)

-Заттардың салмағын ненің көмегімен анықтауға болады?

-Сендер таразының қандай болатынын білесіңдер ме?

Әр үстелде түсі, өлшемі бірдей 3 қапшықтан жатады.

-Сендердің алдарыңда 3 қапшық жатыр.

-Олар қай жағынан ұқсас? (түсі, өлшемі)

-Оларды қолдарыңа алыңдар. Енді олардың қай жағынан ұқсамайтынын біле алдыңдар ма?

-Қапшықтардың қайсысы ауыр?

-Қане ауыр қапшықты қарап көрейікші. Оның ішінде не бар?










Балалар педпгогтың көмегімен қолдарымен табақшалары бар таразыны бейнелеп көрсетеді. Содан соң үстелге отырады.







Басқа қапшықтарды да осылай қарап шығады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Әліппе дәптермен жұмыс.

1 тапсырма.

-Суретке қараңдар. Суреттен қандай ауыр, жеңіл заттарды көріп тұрсыңдар?

«Не жеңіл болады?» ойыны (қар ұлпасы, жапырақтар, жүгіру, т.б.)

«Не ауыр болады?» ойыны (жүк, тыныс алу, аяңдау, т.б.)

-Жақсылап қарап, топтағы заттарды атаңдар: не ауыр, не жеңіл? Айналаны қоршаған ортадан қандай ауыр немесе жеңіл заттарды білесің?

Балаларға серуенге шыққанда 4 ас қасық жарманы өлшеп алып, құстарға беруге рұқсат беру. «Бізде ас қасық жоқ, тек шәй қасық бар. 4 ас қасық жарманы қалай өлшейміз?»- деп сұрау. 1 ас қасықтың ішіне неше шәй қасық жарма сыятынын естеріңі түсіріңдер. Тақтаға шақырылған оқушыға жарманың қажетті мөлшерін өлшеу ұсынылады, ал қалғандары карточканың жоғарғы жолағына қанша қасық өлшенгенін шаршылармен белгілеп отырады. Бала алғашқы 2 шәй қасық жарманы өлшегеннен кейін, сұрақ қойылады: «Қанша шаршыны жолаққа қою керек? Неге?»

Тапсырманы орындап болғаннан кейін былай сұрақ қоюға болады. «Неше шаршыны шығарып қойдыңдар? 1 шаршы нені білдіреді? Неше қасық жарма өлшенді? Біз бүгін нені үйрендік?»


4 тапсырманы орындау кезінде балалардың назарын торкөздің санына сәйкес бөлшектерді бояу керектігіне аудару. Мысалы, бір торкөздің бөлшегі- 1 цифрымен қатар бейнеленген қарындаш, екі торкөздің бөлшегі – 2 цифрымен қатар бейнеленген қарындаш, т.б.



Суреттегі заттарды атайды.


Заттардың қайсысы ауыр немесе жеңіл екенін айтады.










Қойылған сұрақтарға жауап береді.











Айгүл 2 шәй қасық жарма өлшеді, ол 1 ас қасық болады, демек 1 шаршыны шығарып қоямыз.

3 тапсырманы балалар өз беттерінше орындайды.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не үйрендік?

Жарма қайсысында көп? Қайсысында аз?

Жарманы шәй қасықпен өлшеп, есепті ас қасықпен жүргіздік.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойындар ойнау, сұрақтарға жауап беру.

Игереді: жарманы өлшеу жолдарын.

Меңгереді: әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындауды.


















Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сурет

Тақырыбы: Аққала жасайық

Мақсаты:

Білімділік: Адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге және кейіпкерлерінің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу; ұжымдық композиция құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Аққала бейнеленген суреттер, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Жұмбақ

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

(Аққала)




Балалар жұмбақтың шешуін табады.






Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Дұрыс жауабын тапқаннан кейін аққаланың суретін көрсетіп, әңгімеге тарту. Аққаланың неден, қашан, қалай жасалатынын сұрап, сұрақтарға жауаптар алу.

Балаларға жұмыстың жасалу жолын көрсету.

Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалар жұмысын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.



Балалар Аққаланың неден және жылдың қай мезгілінде жасалатынын айтып береді.





Балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.


Балалар жұмысқа кіріседі.






Рефлексті – коррекция-лаушы

Оқу іс-әрекетінің соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері бағаланады.

Балалар достарының жұмыстарын қарап шығып, ең үздік жұмысты атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жұмбақ шешіп білуі.

Игереді: Аққаланың бейнесін ақ қағаз бетіне дұрыс түсіруді.

Меңгереді: Аққаланың өзіне тән ерекшелігін бере білуді.


































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Жапсыру

Тақырыбы: Кілем

Мақсаты:

Білімділік: Кілемді ұлттық ою-өрнекпен безендіру; ою-өрнек туралы білімдерін

бекіту; матадан аппликация жасау жұмысын орындауды үйрету.

Дамытушылық: Балаларға ою-өрнектерді дұрыс орналастыра білуге, кеңістікті, түстерді сезіне білуге үйрету.Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ою-өрнектермен безендірілген ұлттық бұйымдар, Фетр мата, қайшы, қарындаш, желім, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға ұлттық бұйымдардың суретін көрсетіп, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр-түсіне назарларын аудару. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары туралы алдыңғы сабақта алған білімдерін толықтыру.

Бүгінгі сабақта жапсыру жұмысына қолданылатын материалдың (фетр мата) ерекшелігімен таныстыру. Кілемге салынатын өрнекті текемет, сырмаққа салынатын өрнек түрлерімен салыстырып, ерекшелігін анықтау.

Жұмыстың орындалу барысын түсіндіре отырып, матамен орындалатын аппликациялық жұмысты жасалу жолы көрсетіледі.

Оюдың үлгісін қиып алу.

Оюдың үлгісін матаның үстіне қойып, жай қарындашпен бастырып сызып алу. Фетр матаның орнына түрлі түсті барқыт қағазды қолдануға болады.

Оюды сызық бойымен қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін әртүрлі орналастырып көріп, ішінен дұрысын таңдап алу.

Аппликация бөлшектерін ретімен ПВА желімімен жапсыру.


Балалар ұлттық бұйымдардың суретін қарастырады.







Фетр матасымен танысады.





Ою-өрнектерді салыстырып, ерекшеліктерін анықтайды.



Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.











Балалар жұмыс дәптеріндегі көрсетілген үлгімен танысады, оның орындалу ретін түсіне отырып, жұмысты орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Дайын жұмыстарға талдау жасау, сабақты қорытындылау.

Балалар достарының жұмысына талдау жасайды. Ең үздік, әдемі жұмыстарды атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапсырудың әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: ою-өрнекті үлгі бойынша қиюды.

Меңгереді: дайын ою – өрнекті ретімен жапсыруды.































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Тақырыбы: Алдаркөсе

Мақсаты:

Білімділік: Адам денесін мүсіндей алуға және ертегі кейіпкерінің бейнесін бере білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ой-қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Алдаркөсе мүсінінің үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.


Балаларға үнтаспадан Алдаркөсенің «Мен Алдармын, Алдармын» әнін тыңдату.

Алдаркөсенің жағымды немесе жағымсыз кейіпкер екенін, оны неге елдің бәрі жақсы көретінін сұрау.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.



Балалар Алдаркөсенің кім екенін, ол туралы қандай ертегі естігенін айтады.

Балалар өз ойларын айтады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға жұмыстың орындалу ретін түсіндіру.

Әртүрлі ермексазды жұмсартып аламыз.

Бір кесек ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, денесі үшін үлкен цилиндр, қолдары үшін екі кішілеу цилиндр дайындап аламыз.

Денесін саусағымыздың көмегімен ермексазды жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып, конус пішініне келтіреміз. Екі жанына қолдарын біріктіреміз.

Домалақ ермексазды конус пішініне келтіріп, илеп аламыз.

Жоғары жағын дөңгелектеп, бөріктің пішініне келтіреміз.

Шағын екі цилиндрден аяқтарын жасаймыз.

Шағын цилиндрлер жасап алып, бір жағын бүгіп, етіктерін мүсіндейміз.

Ақ және қызыл ермексазды әбден араластырып илеп, осы ермексаздан домалақтап басын мүсіндейміз. Шағын бөлігінен домалақтап мұрын жасаймыз.

Денесіне басын біріктіріп орналастырамыз.

Басына бөркін біріктіріп, қоңыр ермексаз жолақшасынан тері жасап, етегіне жапсырамыз.

Аяғы мен аяқ киімін бір-біріне біріктіреміз.

Бас, дене, аяқтарын бір-біріне біріктіреміз.

Тіс шұқығыз шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.

Қатырмақағаздан кішкентай домбыра қиып алып, Алдаркөсенің денесіне бекітеміз.




Балалар тәрбиешінің түсіндірме жұмысын мұқият зер салып тыңдайды.







































Балалар тәрбиешінің көрсеткен үлгісіне қарап, ретімен тапсырманы орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Жасалған жұмыстарға балаларды қатыстырып талдау жасалады. Ұқыпты әрі дұрыс орындалған жұмыс иелері мадақталады.

Балалар достарының жұмысын қарастырып талдайды. Ең үздік жұмыстарды атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: Алдаркөсенің денесінің бөліктерін үлгі бойынша мүсіндеуді.

Меңгереді: дайын болған дене бөліктерінен бір-біріне бекіту арқылы Алдаркөсені мүсіндеуді.


















Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қыс

Мақсаты:

Білімділік: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.

Дамытушылық: Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: қыс мезгілінің суреті.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Жасқанбаймын, шаттана.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыста қар неге жауады?

-Қардан не жасауға болады?



Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

-Сендерге аққала соққан ұнай ма?

-Аққаланы неден соғады?

-Ендеше аққала соғып көрелік.



Сергіту сәті:Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз.

Мінекей, аққаламыз да дайын болды.

Қимылды ойын: «Қар жинау»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.

Дәптермен жұмыс: жұмбақтың шешуін тап.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі)

Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр»

Ойын шарты: қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.

Балалар бүгінгі ауа-райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді.





Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.









Қимылмен көрсетеді.









Балалар екі топқа бөлініп қарды жинайды.







Жұмбақтың шешуі қыс мезгілі екенін табады.







Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Рефлексті – коррекция-лаушы

-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

-Қыс айында қандай мерекелер болады?

-Қыс мезгілі несімен ұнайды?

-Қардан тағы не жасауға болады?

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерінатап, қыс туралы тақпақтарайтып, жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: «Қыс» өлеңін жаттай білуі.

Меңгереді: Қимылды ойын мен дидактикалық ойындарды шартын дұрыс түсініп ойнау.






















Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ф» дыбысы

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды ф әрпімен таныстыру, ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Әдемі, сауатты жазуға баулу.

Керекті құралдар: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: фонтан, фотоаппарат, фото.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балалардың зейіндерін оқу іс-әрекетіне аудару.

-Балалар біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?

-Қане в дыбысын қарастырып, сөздер ойлап жіберейік.

Енді осы сөздерден сөйлем құрайық.

Балалар, біз бүгін жаңа «Ф» дыбысымен танысамыз.

Фонтан, фото, футбол сөздерін буынға бөлгізу. Осы сөздердегі ең бірінші дыбысты айтқызу.

Дәптермен жұмыс.

Кофе, телефон, фотоаппарат сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ф дыбысының орнын ажыратқызу.

Балалардың өздеріне ф дыбысының сөздің басында , ортасында келетін сөздер ойлату. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту.

Жазу жұмысы.

Балаларға ф дыбысын ауада жазып көрсету.

«Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша сөйлем құрату.

Мысалы:

Көшеде фонтан тұр. Әдемі фонтан атқылайды.

Кофе, фото, буфет сөздерін торкөздерге және осы сөздерді кеспе әріптермен жазу.

Жұмбақтар шешу.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (телефон)


Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр қағып. . (Футбол)


Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып , жерге құлайды. (Фонтан)

Телефон, футбол, фонтан сөздерін буынға бөлдіру, ф дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу арқылы ф дыбысының басқа тілдерден енген сөздерде кездесетінін айтып түсіндіру. Ф дыбысы сөздің басында, ортасында және фотограф сияқты сөздерде сөздің соңында кездесетінін айту.

«Жалғасын тап» ойыны, Шарты: балаларға сөздің алғашқы буындарын айту, соңғы буынын бала тауып, сөзді айту керек.

Мысалы: Фут....., фон....., теле...., т.б.





-В дыбысымен.

Вагон, велосипед.

Балалар осы сөздерге сөйлем құрайды.



















Барлығы хормен қайталап оқиды.



Содан соң балалар өздері жазады. Үлгі бойынша ф дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.







Балалар тапсырманы орындайды.







Жұмбақтарды шешеді.













Берілген сөздерді буынға бөледі және ф дыбысының қай жерде кездесіп тұрғанын табады.







Ойынды ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Фатима , финал, кофта, фонар сөздерінде неше әріп бар екенін цифрмен көрсету. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: Ф дыбысының айтылуы мен жазылуын.

Меңгереді: Ойын ойнау, сөйлем құрастыру арқылы өтілген дыбыс толық меңгере білуі.













































Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин (Бір уыс мақта» әңгімесі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнерін келтіре айта білуге үйрету.

Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дамыту, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Әңгімені тыныш, мұқият тыңдап отыруға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ы.Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сурет.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: педагог, немере қызы.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болар өзі де.


Балаларға таныс ертегі , әңгімелерден үзінді оқып беру.

-Тышқан: «Апырай қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жерін кірсем бе екен?» - деп ойлады.

-Бір күні жануарлар «Не дәмді?» - деп таласып қалыпты.

-Қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Құйрығымды берші»,- дейді.

-Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе?

Балалардан еңбек туралы қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау. Содан соң Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқитынын, оның еңбек туралы екенін хабарлау.



Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.



Балалар ертегі, әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады.



«Нан қайдан келеді?» ертегісі



«Не дәмді?» ертегісі.



«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

«Не сыйлау керек?» әңгімесі.



Балалар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мағлұмат беру.

-Ы.Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогі. Қазақ даласында тұңғыш орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазақ балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, өлеңдер жазды. Бүгін мен Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.

а) «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу. Шапан , мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмыс жүргізіледі.

Шапан- астарына жүн немесе мақта салып сырып тігілген сырт киім.

Қиқым – бір нәрсенің майда , ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.

Мамық- құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

-Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?

-Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?

-Мақтаны не іліп алып кетті?

-Торғайға мақта не үшін қажет болды?

Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.

б) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

















Балалар шапан, ұиқым, мамық сөздерінің мағынасын түсінеді.









Сұрақтарға жауап береді.















Ойынды ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

«Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын айтқызу.

Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе , сабақты қорытындылау.

Балалар әңгіменің мазмұнын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өткен сабақтардағы ертегі, әңгімелерді еске түсіріп, айтып беру.

Игереді: әңгіменің мазмұнын айтып білуі.

Меңгереді: Ойын ойнау, мақал-мәтел айту.








Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ё» дыбысы

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Әдемі, сауатты жазуға баулу.

Керекті құралдар: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Жұмбақ

Қысы – жазы бір түсте.

Ол не?

-Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?



Балалар шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Шырша

«Ёлка»

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру. Ё дыбысы дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған (и+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: монтер, шахтер,т.б.

-Ёлка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?

Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату



«Шахтер» сөзжұмбағын шешу.

Дәптермен жұмыс.

Шахтер, монтер сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Ондағы ёдыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өзіне ё дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер ойлату. Дәптердегі сөздерді, буындарды құратып оқыту.

Жазу жұмысы. Алдымен ё дыбысын ауада жазып үйренеді.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындату. Мысалы. Машинаны шофёр жүргізеді.

Актёр , монтёр сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Осы сөздерді торкөздерге жазу.

«Мен бастаймын, сен аяқта» дидактикалық ойыны.

Шарты: педагог шахтёр,- дейді. Балалар: Шахтёр көмір қазады, шахтёр темір қалпақ киеді, -деп жауап қайтарады.









Ёлка екі буыннан тұрады.











Барлығы хормен қайталап оқиды.



Балалар үлгі бойынша ё дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазып үйренеді.







Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, қандай дыбыспен танысқандарын сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: Ё дыбысының айтылуы мен жазылуын.

Меңгереді: Ойын ойнау, сөйлем құрастыру арқылы өтілген дыбысты толық меңгере білуі.
































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сурет

Тақырыбы: Тау

Мақсаты:

Білімділік: суретсалуды дәстүрден тыс жолдармен орындауды үйрету. Картон жолақшалармен таудың суретін салу.

Дамытушылық: Гуашьпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізуге баулу.

Керекті құралдар: таулардың әртүрлі суреттері. Су құйылған ыдыс, гуашь, қарындаштар, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Балаларға таулар туралы өлең –тақпақтар оқып беріп, таудың суреттерін көрсете отырып, олардың ерекшеліктерін, әдеміліктерін, биік, аласа болатындарын, таудың басында аппақ қар жататыны, етегінде жап-жасыл шөп, әртүрлі әсем гүлдер өсетінін әңгімелеп беру.



Өлеңді мұқият тыңдайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Бүгінгі салатын суретіміздің басқа сурет оқу іс-әрекетінен айырмашылығы дәстүрден тыс жолмен таудың суретін саламыз. Біз үнемі бояауларды қылқаламның көмегімен жағып келсек, бүгін гуашьты картон жолақшалармен жағып сурет саламыз.

Балаларға суретті салу жолдарын көрсету.

Жұмыс үстінде балаларды қадағалап, бақылау.


Дәстүрден тыс әдіспен танысады.









Тәрбиешінің көрсеткен суретті салу жолдарын қарастырады.



Балалар үлгі бойынша жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, жұмысты орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап мақтау

Балалар ең үздік жұмыс иелерін атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Таулар туралы әңгімелеп білуі.

Игереді: Таудың бейнесін ақ қағаз бетіне дұрыс түсіруді.

Меңгереді: Таудың өзіне тән ерекшелігін бере білуді.




































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Жапсыру

Тақырыбы: Үй

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық: бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны дұрыс қиып, шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді , дұрыс желімдеуді меңгерту.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: аппликациялық жұмыстың үлгісі, әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен үшбұрыштар, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп, түсіндіру. Қайшы мен желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Балаларға сәулет өнері, үйдің қалай тұрғызылатыны жөнінде әңгімелеп беру.

Балаларға аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып түсіндіріледі. Тіктөртбұрыштан шаршыны дұрыс қиюға, шаршыны екі үшбұрышқа бөліп алуға жаттықтыру.

Түрлі түсті қағаздан әртүрлі өлшемдегі шаршы қиып аламыз.

Үлкен шаршыны қиғаш сызық бойымен бүктейміз. Шаршыны жайып бүктеу сызығының бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке ретімен жапсырамыз.

Орташа шаршы үйдің қабырғасы.

Үлкен үшбұрын үйдің –үйдің шатыры.

Кішкентай шаршы терезесі.


Балалар қайшымен дұрыс жұмыс орындауды үйренеді.





Сәулет өнері туралы мағлұмат алады.













Балалар шаршыны қиып алады.

Сурет салуға арналған альбомға рет-ретімен жапсырады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Аяқталған жұмыстарды тексеріп, ұқыпты , таза орындалған жұмыс иелерін мадақтау.

Балалар достарының жұмыстарын талдайды, ең үздік жұмыс иелерін атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапсырудың әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: шаршыларды үлгі бойынша қиюды.

Меңгереді: дайын пішіндерді ретімен жапсыруды.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскерінің у.м.а. Т.Джумасейдова.





































Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Бағдаршам және көлік түрлері»

Мақсаты:

Білімділік: Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Дамытушылық: Көше жағындағы кеңістікті бағдарлай тбілу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: жолда жүру ережесін меңгерту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстыру. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіру.

Ә. Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу.

«Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны.

Жол түрлерімен ( машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытқа бөлінетін жол, екі көшенің түйіскен жерімен) таныстыру, суреттерін көрсету. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады.

Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс:

1.Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.

2. Суреттегі көлік түрлерін үш топқа

(ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау.

3. «суретте не артық?» дидактикалық ойынын жүргізу.

4.Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстырту.

Балалар тыңдайды.



Жауабын тыңдау.





Балалар жол ережелерін тыңдап, қайталап айтып береді.









Тапсырманы орындайды.









Суретке қарап, жолда жүру ережелерін құрастырады.







Жолда жүру ережелерін қайталайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Сұрақтар:

1.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүруі керек?

2.Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады?

3.Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді?


Сұрақтарға жауап береді, өздері қорытынды пікір жасайды. Мысалы: жолда жүру ережесін сақтау керек. Сонда көлік қозғалысына да , көлік жүргізушіге де кедергі жасамайчың . Өміріңді сақтайсың.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бағдаршамның үш көзінің түстерін дұрыс атап білуі.

Игереді: Жол белгілерін атау, олардың қызметі туралы айтып білуі.

Меңгереді: Дидактикалық ойындар ойнау, жұмбақтар шешіп білуі




















Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Экология негіздері

Тақырыбы: «Жасыл дәріхана»

Мақсаты:

Білімділік: Жасыл дәріхана және оның қажеттігі жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: итмұрын, жолжелкен, түймедағы, және т.б.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

М.Жаманбалиновтың «Итмұрын тергенде» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Балалармен жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру. Дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Неге «дәрілік» өсімдіктер деп аталатынын түсіндіру.

Балаларды дәрілік өсімдіктерден жасалған көрмеге шақырып, қай өсімдікті қандай ауыруға пайдаланатыны туралы түсіндіру.

Мысалы: Түймедағы гүлін тамақты шаюға пайдаланады.

Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келтірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керек екенін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сергіту сәті:

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Бишілерше бұралып,

Дөңгелене тұрайық.


Әліппе дәптермен жұмыс. Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дәрілік өсімдіктердің тағы басқа қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік өсімдіктің түрін атаңдар.

  3. Жолжелкеннің қандай пайдасы бар?

  4. Суреттегі өсімдіктерді бояту.

Дидактикалық ойын: «Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.

Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды.

Дәрілік өсімдіктерді зер сала қарап көреді, түсінеді.



Көрмедегі дәрілік өсімдіктерді көріп біледі.







Дәрілік өсімдіктердің жинау мерзімін біледі.







Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуларын жасайды.









Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін әрекет жасайды.









Ойынға барлық бала белсене қатысады.. Дәрілік өсімдіктер мен бөлме өсімдіктерін ажыратады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Оқу іс –әрекетін бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

Тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек?

Дәрілік өсімдіктерді қалай жинайды екен?

Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктердің пайдасы мен зиянын ажырата алу.

Біледі: Емдік қасиеттері бар өсімдіктердің пайдасын білу.

Түсінігі: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

















Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Тақырыбы: Сиырлар.

Мақсаты:

Білімділік: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу.

Дамытушылық: әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту.

Тәрбиелік: жеклеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.

Керекті құралдар: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш, таяқша, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.





Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог баларға төрт түліктің бірі сиыр жайында жұмбақ жасырады. Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, сиырдың суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр сипатына назарларын аудару. Педагог төрт түлік малдардың пайдасы, олардың адам өмірінде маңызды орын алатыны жайында әңгіме жүргізеді.бүгін осы сиырды мүсіндейтіндерін айтып, мүсіндеу тәсілін түсіндіреді.

Педагог ермексаздан сиырды мүсіндеу тәсілін ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды. Бір кесек ақ және жарты кесек қара ермексазды жұмсартып аламыз. Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөлеміз.

Ақ ермексаздан домалақ – басын, домалақ-тұмсығын, цилиндр-мойнын, цилиндр-дене бөлігін, шұжық-аяқтарын (4 дана), жіңішке шұжық-құйрығын, сопақша шелпек-құлақтарын дайындаймыз.

Қара ермексаздан шағын шелпектер жасаймыз. Бұл денесіндегі дақтар болады. Осы ермексаздың бір бөлігінен мүйізін жасаймыз.

Домалақтап жасалған басының бір жағынан аздап жалпақтап, тұмсығын орналастырамыз. Басына мүйізі мен құлақтарын бекітеміз.

Денесіне мойын және басын біріктіріп, біріктірілген жерлерін саусақтарымызбен сипап тегістейміз.

Аяқтарын денесіне біріктіреміз. Құйрығын бекітеміз. Денесіне дақтарын жапсырамыз. Қара ермексаздың шағын домалақтарынан мұрны мен көзін жасап, сиырдың тұмсығына орналастырамыз.






Сиыр және төрт түлік малдың пайдасы туралы түсінік алады.









Балалар бірге ілесе отырып жасайды.





























Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, сиырдың дене мүшелерін ермексаздан илеп, біріктіреді, толық мүсінді жасап шығады.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, нені мүсіндегендерін сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: сиырдың денесінің бөліктерін үлгі бойынша мүсіндеуді.

Меңгереді: дайын болған дене бөліктерінен бір-біріне бекіту арқылы сиырды мүсіндеуді.


















Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сурет

Тақырыбы: Қар жамылған үй

Мақсаты:

Білімділік: қыстыгүні қар жамылған үйдің сұлбасын бейнелеуді үйрету. Балалардың өз жұмыстарын жоспарлай білуге баулу.

Дамытушылық: Қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қар жамылған үй бейнеленген суреттер, гуашь бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Шаттық шеңберін құру.

Балаларға қыс туралы өлең оқып беру.


Шыңнан сырғып түсті де ,

Келді етекке қыс міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.


Балалар алақан жылуы арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Өлеңді мұқият тыңдайды.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Қарлы қыс, аязды күндер, су бетіне қатқан мұздар бейнеленген мазмұнды суреттерге шолу жасату.Суреттегі қар жамылған үйлерге баса назар аудартып, мұқият қарауларын ұсыну. Қар жамылған үйдің көрінісін қалай салуға болатынын, қардың түсінің қандай екенін айту.

Балаларға суреттің салу жолын көрсете отырып, мұқият қарап ұғып алуларын ескерту. Балалар жұмысын қарап, көмек қажет еткен балаларға көмек көрсетіледі.












Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысып, жұмысты орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Оқу іс-әрекетінің соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері бағаланады.

Балалар достарының жұмыстарын қарап шығып, ең үздік жұмысты атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс туралы өлеңнің мағынасына түсіне білуі.

Игереді: Қар жамылған үйдің бейнесін ақ қағаз бетіне дұрыс түсіруді.

Меңгереді: Қар жамылған үйдің өзіне тән ерекшелігін бере білуді.




































Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: Уақыт арасындағы қатынас

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың тәулік мезгілдері, апта күндерінің, жыл айларының реті туралы білімін бекіту.

Дамытушылық: Уақыт өлшемдері туралы ұғымдарын кеңейту және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: есеп дәптері, жай қарындаш, сағат.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


-Аптада неше күн бар? Ретімен атап шық.

-Енді атауын пайдаланбастан аптаның 5 күнін ата.


Жұмбақтарды шеш:

Терезеден қарасаң , қара мысық көресің (Түн).

Ағайынды жеті жігіт бар: жылы бір есімдері әртүрлі. (апта күндері.)

Кеше болды,

Бүгін бар, ертең болады (уақыт»

Ағасы мен қарындасы үнемі бірге жүреді.Ағасы бүкіл елді оятса, қарындасы керісінше, ұйқыға шақырады (күн мен түн)


Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

(кеше бүгін, ертең, бүрсігүні , алдыңғы күні)







Жұмбақтардың шешуін табады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

1-тапсырма «Алдымен – содан кейін ойыны»

-Сен алдымен ыдыс жуып, содан кейін түскі ас ішесің бе?



-Сен алдымен киініп, содан кейін тіс тазалайсың ба?

-Түнде балабақшаға барып, содан кейін күні бойы ұйықтайсың ба?

-сен алдымен баскиім киіп, содан кейін шаш тарайсың ба?

-Сен бұрын үлкен болып, қазір кішкентайсың ба?

-Сен алдымен бәтеңке киіп, содан кейін шалбар киесің бе?

2 тапсырма. Берілген суретке қараңдар. Алдымен не болды? Содан кейін ше?

3 және № 4 тапсырма алдыңғы сабақтарға ұқсас орындалады.



-жоқ, мен алдымен түскі ас ішемін, содан кейін ыдыс жуамын.


-жоқ, мен алдымен тіс жуамын, содан кейін киінемін.






Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не үйрендік?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау


Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойындар ойнау, сұрақтарға жауап беру.

Игереді: уақытты өлшеу жолдарын.

Меңгереді: әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындауды.

























Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сурет

Тақырыбы: Аққала жасайық

Мақсаты:

Білімділік: Адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге және кейіпкерлерінің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу; ұжымдық композиция құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Аққала бейнеленген суреттер, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Жұмбақ

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

(Аққала)




Балалар жұмбақтың шешуін табады.






Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Дұрыс жауабын тапқаннан кейін аққаланың суретін көрсетіп, әңгімеге тарту. Аққаланың неден, қашан, қалай жасалатынын сұрап, сұрақтарға жауаптар алу.

Балаларға жұмыстың жасалу жолын көрсету.

Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалар жұмысын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу.



Балалар Аққаланың неден және жылдың қай мезгілінде жасалатынын айтып береді.





Балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.


Балалар жұмысқа кіріседі.









































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Жапсыру

Тақырыбы: Менің машиналарым

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға геометриялық фигуралардың көмегімен аппликацияны орындауды үйрету.

Дамытушылық: Тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша фигураларды дұрыс қию дағдыларын

жетілдіру. Аппликациялық жұмысқа қажетті пішінді таңдай білу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.


Балаларға ойыншықтар туралы өлең оқып беру.

Біздерде бар ойыншық,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп, бұйырсақ.

Балалардан қандай ойыншықтарды жақсы көретінін сұрап, әңгімеге тарту.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.





Өлеңді мұқият тыңдайды.





Өз ойларын айтады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Ендеше бүгін біз сендермен бірге ойыншық машинаны жапсыру арқылы дайындаймыз. Машинаны, геометриялық фигураларды қиып алып, оларды құрастырып жапсыру арқылы орындаймыз. Бізге қандай фигуралар керек болады?

Машинаның құрлысын, түсін анықтап алғаннан кейін балаларды жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

Түрлі түсті қағаздан машинаның бөлшектерін контур сызығы бойымен қиып аламыз.

Қара түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша 4 дөңгелек қиып алу.

Көгілдір түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша машинаның терезесін қиып алу.

Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін дұрыс орналастыру.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.




Балалар тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдап отырады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Дайын жұмыстарға талдау жасау, сабақты қорытындылау.

Балалар достарының жұмысына талдау жасайды. Ең үздік, әдемі жұмыстарды атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапсырудың әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: машина бөліктерін үлгі бойынша қиюды.

Меңгереді: дайын бөлшектерді ретімен жапсыруды.











Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты:

Білімділік: балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру.

Дамытушылық: қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: аққаланың, аққала соғып жатқан балалардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрак – жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: ақша қар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.




Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыста қардан не жасауға болады?

Дәптермен жұмыс: Ғ. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау. Ауыл алды ақша қар, Ақша қарда балалар Соғып жатыр аққала. -Қыста жерде не жатады? -Қардан не жасауға болады? -Аққала соғып көрдің бе? Сергіту сәті: Аула сырты, баққа да Тұрғызамыз аққала. Аққаланы айналып, Би билейміз шаттана.

Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр». Ойын шарты: балалр екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

Тыныштық сәті: баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді. Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл-күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс: өздері соққан аққаланың суретін салады.

Жұмбақты шеш. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны. (Аққала)

-Қыс. -3 айдан тұрады: желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Аққала.







-Қар. -Аққала. -Иә!



Балалар қимылмен көрсетеді.











Балалар көздерін жұмып, көз алдарына топ алаңын елестетеді.





Балалар аққаланың суретін салады.





Балалар жұмбақтың шешімін табады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

-Аққаланы неден соғамыз?

-Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?

Ескерту: суық тиіп қалмас үшін қалың киіну керек.

-Қардан. -Қолғап.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерінатап, қыс туралы тақпақтарайтып, жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: «Аққала» өлеңін жаттай білуі.

Меңгереді: дидактикалық ойындарды шартын дұрыс түсініп ойнау.

































Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Валеология

Тақырыбы: Көшеде абай бол.

Мақсаты:

Білімділік: жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: балаларға жолда жүрудің тәртіп ережелерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру.

Керекті құралдар:

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытынды.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.




Балалар дөңгелене тұрып, қолдарына бір-бірден гүл ұстайды.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог балаларға «Қауіпсіздік мектебінде» не үйренгені жайлы естеріне түсіруді ұсынады.

-Мейірімді күш шуағы терезеден қарады, қане бәріміз көшеге шығайық.

Әңгімелесу. Педагог балалармен өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелеседі. Көшенің қалай аталатынын, онда не бар екенін және несімен ұнайтынын сұрайды.

Педагог денсаулықтың отбасындағы көңіл күй, үйіңнің тазалыдығы мен жайлылығына байланысты болып қана қоймай, сонымен қатар үйдегі, қоршаған ортадағы экологиялық жағдайға да байланысты екенін түсіндіреді. Үйдің жанында отырғызылған ағаштар, гүлдер ауадағы оттегін көбейтіп, адамның көңіл күйін көтереді.

Дәрігер салауаттың кеңесі:

  • Аула-бұл сенің үйіңнің жалғасы. Оның тазалығын сақтау керек.

  • Әркім өз көшесі әдемі болу үшін ағаш отырғыза алады. Үйдің жанына гүл егіп, оны суарып отыру керек.

Педагог балалармен ағашты сындырып, керексіз қалдық заттарды: балмұздақтың, кәмпиттің қағаздарынке келген жерге лақтыру көшенің сәнін кетіретіні жөнінде әңгімелеседі. Кез келген жерге лақтылылған қалдық заттарға шыбын-шіркей қонып, біздің ағзамызға зиянын тигізетін қатерлі ауру әкелуі мүмкін. Көшенің тазалығы адамдарға, яғни тазалықты сақтай білуіне байланысты. Тазалық-саулық негізі.

Әліппе-дәптермен жұмыс. Педагог балаларға денсаулығымыздың мықты болуы көшеде жүру тәртібін сақтауғада байланысты екенін айтады.

-Көшедегі жолда көліктер, адамдар жүреді. Жолда сәтсіздікке ұшырамау үшін, жолда жүру ережесін сақтау қажет.

Жұмбақ. Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. (бағдаршам) Педагог қалада қозғалыс өте көп болса да бір-біріне кедергі келтірмейтінін айтады. Бұл көлік жүргізушілеріне және жаяу адамға арналған қатаң ереженің сақталуынан екендігін түсіндіреді. Көшенің екінші бетіне өтудің өзі оңай емес, бұған бізге бағдаршамның үш көзі: жасыл, сара, қызыл түстері көмектеседі. Бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады. «Жолда жүру ережесін» көше немесе жол заңы деп айтады. Ол жаяу адамның қалай болса солай жүргенін кешірмейді, ол адамдарды қауіптен сақтайды.

Ойын-«Бағдаршам». Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде-алақан соғады, қызыл түсте тыныштық сақтайды. Педагог балаларға жол белгілері туралы түсінік береді. Балаларға алдын ала дайындалған дөңгелек шеңбер, үшбұрыш және басқа да әртүрлі кеіптегі белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойында, көшеде ілініп тұратынын айтады. Бұлар – жол белгілері. Бұл белгілердің тиімділігі-жол бойының нағыз хабаршысы екендігінде. Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді: -Ескерту белгілері, үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, яғни қауіпті жер бар дегенді білдіреді. -Тыйым белгілері, дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады. -Көрсеткіш белгілері, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді. Ереже: 1. Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жанғанда ғана, немесе реттеушінің белгісімен өт. 2. Жол қиылысында аса абай бол. 3. Көшеден тек жаяулар өтпесі – арнайы жолақ жолдан өт. 4. Көше мен жола шанамен сырғанап ойнама.

Әліппе-дәптермен жұмыс: педагог балалардың суреттер арқылы бөтен адамдармен сөйлесуге, машинасына мінуге болмайтынын, бөтен адам берген сыйлықты алмау керек екенін айтып түсіндіреді. Бұл өміріне өте қауіпті.

Ереже: 1. Таныс емес адамдармен сөйлеспе. 2. бөтен адамның сыйлығын алушы болма. 3. Бөтен адамның машинасына отырма.


Балалар кезек-кезек бір ереже айтып, гүлді педагогқа қайтарып береді.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, күлімдеп, амандасады және әрқайсысы өздерінің көшесіне жылы сөз қосып айтады.

































Балалар мұқият тыңдайды.













Балалар көше, жол, жаяулар жолы туралы айтады.









Балалар жұмбақтың шешімін табады.













Балалар бағдаршам туралы не білетіндерін айтып отырады.









Балалар ережелерді сақтай отырып ойнайды.



















Балалар жол белгілерімен танысады және жаттайды.











Балалар мұқият тыңдайды.













Балалар ережелермен мұқият танысып шығады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

  • Бағдаршамға қарауды ұмытпа.

  • Көшеде және жолда адамдармен сөйлеспе.

  • Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңа, содан соң оң жағыңа қарап, арнайы жаяулар өтпесінен өт.

  • Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілесіп кетпе.



Балалар бұл ережелерді естерінде сақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жол ережесі туралы тақпақтар айтып, жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: Жол белгілерін атап, олардың қандай белгі екенін ажыратып білуі.

Меңгереді: жолда жүрудің тәртіп ережелерін сақтап білуі.






























Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі санау

Мақсаты:

Білімділік: 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету (тура және кері тәртіппен)

Дамытушылық:Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: есеп дәптері, жай қарындаш, 1-ден 20-ға дейінгі сандар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту

Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар беру.

1.0-ден 10-ға дейін тура санау.

2.10-нан 0-ге дейін кері санау.

3.1-ден 10-ға дейін реттік санау.

4.10-нан 0-ге дейін кері санау.

5. Келесі санды атау....

6.Алдыңғы санды атау...

7.Сандардың көршілерін атау....







Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Жаңа материалдармен таныстыру.Тақтаға 20-ға дейінгі сандар қатары ілінген.

Бекіту № 1 тапсырма материалдары негізінде жүргізіледі.

2 тапсырманы орындамас бұрын балаларға «Санаңдар» ойынын ұсынуға болады. Тақтаға текшелер қойылады да, балалар тақтаға шығып санайды.

  • Сол жақтағы текшелерді сана, олар нешеу екенін жаз.

  • Сол жақта неше текше? (11)

  • Оң жақтағы текшелерді санап, олар нешеу екенін жаз.

  • Оң жақта неше текше? (11)

  • Сол жақ пен оң жақтағы текшелердің көлемі туралы не айтуға болады?

Сол жақ пен оң жақтағы текшелердің саны туралы не айтуға болады?

Тәрбиеші текшелер көлемі жағынан әр түрлі болғанымен, саны тең екенін нақтылайды.

Жұмыс дәптермен жұмыс.

2 тапсырма. Суретке мұқият көз жібер. Бір жіпте неше жалау бар? Екіншісінде нешеу? Нешеуі тартық? Жалау саны артық жіпті боя.

3 тапсырманы логикалық есептер орындаумен ұштастыруға болады.

3 тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындарында орындайды.


Балалар тәрбиешімен бірге тура және кері тәртіппен санайды



Алдымен балалар санайды, содан кейін сандар қатарына қалып қойған сандарды жапсырады.



















Сол жақтағы текшелер үлкен, оң жақтағы текшелер кіші.



Текшелер саны бірдей, олар теңдей.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, қандай тақырыппен танысқандары туралы сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 20-ға дейін тура және кері бағытта санап білуі.

Игереді: Тапсырмаларды орындап білуі.

Меңгереді: екі таңбалы сандардың жазылу таңбасын білуі.





















Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қойлар.

Мақсаты:

Білімділік: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу; әртүрлі

пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: жеклеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: жұмысты ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш, таяқша, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.





Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог баларға төрт түліктің бірі қой жайында жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)



Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, сиырдың суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр сипатына назарларын аудару. Педагог төрт түлік малдардың пайдасы, олардың адам өмірінде маңызды орын алатыны жайында әңгіме жүргізеді.бүгін осы қойды мүсіндейтіндерін айтып, мүсіндеу тәсілін түсіндіреді.

Педагог ермексаздан қойды мүсіндеу тәсілін ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды. Бір кесек ақ ермексазды жұмсартып аламыз. Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөлеміз.

Ақ ермексаздан цилиндр – басын, жұмарланған цилиндр-дене бөлігін, шұжық-аяқтарын (4 дана), жіңішке шұжық-құйрығын, сопақша шелпек-құлақтарын, цилиндр мүйізін дайындаймыз. Цилиндр пішінді басының бір жағын аздап жалпақтап, денесіне біріктіреміз.

Басына құлағын, кекілін, мүйізін біріктіреміз.

Дөңгелек немесе сопақша шелпек тәрізді пішіндерді жүннің түріне келтіріп, жапсырамыз.

Аяқтарын денесіне біріктіреміз.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын, мұрнын белгілейміз.


Қой және төрт түлік малдың пайдасы туралы түсінік алады.









Балалар бірге ілесе отырып жасайды.





























Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, қойдың дене мүшелерін ермексаздан илеп, біріктіреді, толық мүсінді жасап шығады.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, нені мүсіндегендерін сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: қойдың денесінің бөліктерін үлгі бойынша мүсіндеуді.

Меңгереді: дайын болған дене бөліктерінен бір-біріне бекіту арқылы сиырды мүсіндеуді.

















Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көктем

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау

қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген

сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

Тәрбиелік: Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу..

Керекті құралдар: құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақтың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрак – жауап, әңгімелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.




Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

а) педагог тақтаға көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іледі де, балалардан жыл мезгілі екенін анықтатады. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балаларға жауаптарын дәлелдету керек.

1.Көктемде неше ай бар?

2.Қай айдан басталады?

3.Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

4.Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді?

ә) Педагог балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.

Негізгі бөлім.

а) Педагог Т.Молдағалиевтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Шартылдайды-сартылдайды, тарсылдайды қып-қызыл отпен белгі- бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.

Өпкен жел бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі, өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойын. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шыгарып алып көктемгі гүлдердің ішінен бір гүлді алып, сол гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ т.б.

г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.

Суреттерді қарастырып, көктем мезгілін анықтап табады.



Сұраққтарға жауап береді.







Ұзақ, қараторғай, су құстары.









Өлеңді мұқият тыңдайды.



Балалар сөздерді қайталап, мағыналарын түсінеді.











Ойынды қызығушылықпен ойнайды.








Рефлексті – коррекция-лаушы

а) «Өрік ағашы» әңгімесін оқу.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.

ә) Балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдері пысықталады.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап, көктем туралы тақпақтар айтып, жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: дәптердегі тапсырмаларды орындау.

Меңгереді: дидактикалық ойындарды шартын дұрыс түсініп ойнау.



















Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі)

Мақсаты:

Білімділік: Ертегіні тыңдап отырып, қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру.

Дамытушылық: Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру.

Тәрбиелік: Табиғатты бақылауды бір-біріне көмектесуге , қиналған кезде жәрдем беруге

тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қарлығаш, дәуіт, көкжалынның суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрак – жауап, әңгімелеу, сахналау.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Ертегі әуеніне қосылып балалар ән айтады. Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жұмбақтар жасырады.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Тазшаның жұмбағы:

Қонып алып жарға...(қарға)

Өзі жасыл әрі батыр, ол не...(дәуіт)

Өзі қара, бауыры ақ, ол не...(қарлығаш)

Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.

-Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

-Жылан не үшін келді?

-Қарлығаш көмекке кімді шақырды?

-Көкек не деді?

-Қарға ше?

-Қарлығашқа кім көмектеседі?

Ертегіні рөлге бөліп ойнату.

Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.

Құстардың ұясын бұзба!

Құстың балапанына тиіспе!

Құсқа тас лақтырма!

Сергіту сәті:

Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.

Д/о: «Ұшты-ұшты»

Ойын шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын заттарды айтқанда, қолдарын көтермеу керек. Тазша баламен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.





Балалар жұмбақ шешеді.





















Балалар тыйым сөздерді жаттайды.











Балалар қимылмен көрсетеді.









Балалар ойын ойнайды.









Рефлексті – коррекция-лаушы

-Қарлығаш- адамға дос.

-Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.

-Қиындықта достарыңа көмектесу керек.


Балалар қарлығаш пен дәуіттің адал дос екенін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарлығаш пен дәуіттің дос екенін білуі.

Игереді: ертегінің мазмұнын түсінуі.

Меңгереді: ойын ойнау, жұмбақтар шешу, тыйым сөздерді жаттау.










Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қол еңбегі

Тақырыбы: Тігіс түрлері.

Мақсаты:

Білімділік:балаларды қол еңбегімен, ине-жіппен, тігу түрлерімен таныстыру;

Дамытушылық:ине-жіппен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру; инені сабақтау,

ұшын түюді үйрету; «көктеу» және «шеттік» тігіс түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік: ине-жіпті пайдалану ережелерін сақтауға үйрету.

Көрнекі құрал-жабдықтар: ине-жіп, қайшы, мата, тігіс түрлері көрсетілген үлгі

суреттер, тігістің орындалу тәсіліне арналған тесіктері бар қатырма қағаз.

Әдіс-тәсілдер: дайын тігілген қыздар көйлегін қарап, ұқұыпты тігілген тігіс

түрлеріне талдау жасау, « шеттік» тігіспен орындалған бұйымдарды қарау, тігіс

түрлерінің орындалу тәсілін түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақты жұмбақ жасырудан бастау.

Өзі жүріп отырады, Ізі тігіп отырады. (Ине) Балалар жауабынан кейін бүгін инені сабақтаумен, тігу тәсілдерімен танысатынын айту. Тігіп үйренбес бұрын ине-жіппен жұмыс істеу ережесімен танысады: 1. Инені кез келген жерге тастама, ине салғышқа салып қой.

2. Инені ешқашан аузыңа салма.

3. Инеге жіпті сабақтағанда, оны аузыңа салма.

4. Жіпті тісіңмен тістеме.

5. Тот басқан инені тігуге пайдаланба.

Ережені тәрбиеші түсіндіріп, балалардан қайталап сұрайды. Ине туралы өлең оқылады.

Ине

Бой дегенің тым қысқа- бар болғаны үш елі. Кіріскеше жұмысқа, ауыры оған тиеді.

Ажырасып кеткенге төрешілік етеді.

Ине алдынан өткендер құшақтасып кетеді.

Ине-жіпті пайдалану тәсілдері айтылады. Балаларға өздерінің инелеріне жіп сабақтауды үйретеді. Жіпті ине көзінен өткізіп алған соң, жіптің ұшын түюді көрсете отырып түсіндіреді. Әр баланың іс-әрекетіне көңіл бөледі. Ине-жіпті сабақтауды үйренгеннен кейін әліппе дәптердегі сурет бойынша тігіс түрлерін көрсетеді. Қатырма қағаз жолағында «көктеу» тігісі көрсетілген. Көктеу тігісі көбінесе уақытша тігіс ретінде пайдаланылады. Ол жеке шаншымдардан тұрады. Шаншым- бұл жіптің матадағы ізі (жеке шаншымдарды көрсету). Көп шаншымдардан тігісті құрайды. Педагог көктеп тігу тәсілін қатырмақағазда орындап көрсетеді. Инені матаның теріс жағынан шаншу керек екенін ескертеді. Балалардың барлығына алдын ала ине шаншатын орындарды көрсетілген қатырмақағаз беріледі. Қатырмақағаздың шетінен ұстап, инені теріс жағынан бетіне қарай өткізіп, одан соң бет жағынан теріс бетіне өткізіп жаттығады. Қатырмақағазға қалауы бойынша бір немесе екі қатар тігістүсіруге болады. Содан соң балалар тігіс түрін матаға орындап үйренеді.

«Шеттік» тігіс жеке бөлшектерді (матаны) біріктіру үшін, кейде безендіру үшін де қолданылады. Педагог тігу тәсілін қатармақағазда барлық балаларға көрсете отырып орындайды. Сабақтаулы инені бірінші теріс жағынан енгізіп, оң бетіне шығарады. Келесі тесіктен де теріс жағынан өткізіп, оң бетіне шығарады. Содан соң, тігіс түрін матаға орындайды. Мата жұмсақ болғандықтан, тігісті матаға тігу қйындау болады. Сондықтан әр баланың қауіпсіздік ережесін сақтап, ұқыпты орындауына көңіл аудару керек.

Балалардың тігу жұмысын қалай орындағандары талданады, жекелей кеңестер беріледі. Сабақ соңында «Ине мен жіп» қимылды ойыны ойналады. Бір бала ине болады, қалған балалар жіп болады. Жіптің қызметін атқаратын балалар иненің соңынан қалмауға тырысулары керек.





Блалар жұмбақтың шешімін табады.









Балалар ережені жаттап алады.









Балалар «Ине» туралы өлеңді жаттайды.













Балалар жіп сабақтауды және түюді үйренеді.





























Балалар тігу тәсілімен танысқаннан кейін, қолдарындағы қатырмақағазға орындап жаттығады.















Балалар ойын ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Балалардың тігіс түрлерін қатырмақағазға көктеп тігіп білуі.

Түсінеді: Инемен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды.




















Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Жапсыру

Тақырыбы: Көктем

Мақсаты:

Білімділік: матамен аппликация жасау дағдыларын жетілдіру; әртүрлі матадан сәндік коллаж жасауды үйрету;

Дамытушылық: қағаз бетіне аппликация бөлшектерін үйлесімді орналастыра білуге үйрену.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: мата қиындылары, қатырмақағаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаш, желім, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог балаларға көктем мезгілі туралы өлеңдер. Содан соң балалар көктем бейнеленген суретті көріп, табиғаттың сұлу келбетін тамашалайды. Педагог көктемгі табиғат ерекшеліктері, күннің жылынуы, ағаштардың бүршік жарғаны, алғашқы гүлдердің жайқалып өсіп тұрғаны туралы айтып, балалардың білімін тиянақтайды.

Педагог бүгін көктем көрінісін мата қиындыларынан қиып жапсыратындықтарын айтады. Балаларға аппликациялық жұмысқа көктем мезгілін суреттейтіндіктен, гүлді жұқалау маталарды таңдаған дұрыс болатындығын айта кетеді. Матаны қиып алу тәсілдерін көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіреді. Желімді дұрыс пайдалануды ескертеді.

Мата қиындыларын таңдап алу.

Аппликация бөлшектерін қарындашпен сызу.

Матадан сызық бойымен аппликация бөлшектерін қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін ең дұрысын таңдай отырып, орналастыру.

Барлық аппликация бөлшектерін ПВА желімімен жапсыру.

Балалар педагогтың түсіндірмесінен кейін жұмысты орындауға кіріседі. Жұмыс барысында әр балаға қажетінше көмек көрсетіледі.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.









Жаңа тақырыппен танысады.



Тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдайды.

























Балалар жұмысқа кіріседі.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардың орындаған жұмыстарын қарап, талдау жасау.

Балалар достарының жұмысына талдау жасайды. Ең үздік, әдемі жұмыстарды атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапсырудың әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: аппликация бөлшектерін үлгі бойынша қиюды.

Меңгереді: дайын бөлшектерді ретімен жапсыруды.





























Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Ана – біздің гүліміз.

Мақсаты:

Білімділік: Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: Ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, аналары туралы жылы сөздер айтқызады.


Әр бала анасы туралы қысқаша айтады.

Мысалы: Менің анам Күн сияқты жып-жылы.

Менің анам – ең әдемі адам.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

1.Ана туралы ән тыңдату. Әннің кімге арналғаны туралы сұралады.

2. Педагогтың түсіндіруі:

- Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып, бар күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ананы барынша құрметтеп, сыйлау – әрбір баланың парызы.

3. Ана туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу.

4.Дәптердегі ана туралы өлең оқылады. Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал.



Өлең мәтініндегі кейбір сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді.

5.Дәптерге аналарына арнатып құттықтау хат дайындатады.

Құттықтау хатқа не салу керектігіне кеңес береді.

Әннің мазмұны туралы әңгімелейді.



Мұқият тыңдайды.



















Мақалдың мағынасын қалай түсінгенін айтады.



Сөздердің мағынасын қалай түсінгендерін айтады, тыңдайды. Аналарына арнап сурет салады. Бір бала гүлдің суретін, бір бала анасының суретін салуы мүмкін. Оқып-жаза алатын балалар тілектерін жазады

Рефлексті – коррекция-лаушы

1.Анашым, жүрегім, гүлім, бақытым сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

2.Пікір алмастыру

1.Сөйлемдер құрастырады: Анашым – ақ гүлім. Анам менің кеудемдегі жүрегім. Анашым – бақытым.

2.Ана туралы пікірлерін ортаға салады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отбасы мүшелерін дұрыс атап білуі.

Игереді: Аналары жайлы әңгімелеп, олардың қызметі туралы айтып білуі.

Меңгереді: Мақал-мәтел, тақпақтар айтып білуі































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнекпен безендіріліген тәрелке.

Мақсаты:

Білімділік: Қағаз немесе пластикалық ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйрету.

Дамытушылық: Безендіру дағдыларын бекіту, ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Тиянақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ыдыс түрлерінің суреті, ою түрлері, ермексаз, тақтайша, кескіш, таяқша, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.





Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға алдын ала қағаздан немесе пластиктен жасалған табақ түрлерін көрсету. Олардың құрылысы қандай, тамақ ішкенде қолдану керектігін, түстерін сұрау. Осы табақтарға не жетіспейді, не істеуге болады? Деген сұрақтар қою арқылы балаларға ой тастау. Балалар ою-өрнектермен безендірілген ыдыстардың әдемі көрінетінін айту керек.

Ою-өрнек элементтерін еске түсіру: Құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқармүйіз, т.б. Оларды ширату тәсілі арқылы жасауды , иіп өрнекке келтіру жолдарын және ыдысты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігін айтып, бағыт-бағдар беру.

Балаларға тәрелкені ою-өрнекпен безендіру әдіс-тәсілдерін көрсету.

Тәрелкенің бет жағына қарындашпен ою-өрнек салып аламыз.

Түрлі-түсті ермексаздан ширатпалар жасап аламыз.

Жіңішке ширатпаларды ою-өрнек салынған суреттің бет жағына орналастырып, аздап саусағымызбен жапсыра басамыз.

Бедерлі ою-өрнекті кереғар түсті жалпақталған ермексазбен толтырамыз.

Ою- өрнекті сәндік элементтермен толықтырамыз.

Ою-өрнектердің берік әрі әдемі орналасуын қадағалау.



























Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, ою-өрнекті мүсіндеуді өз беттерінше орындайды.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, нені мүсіндегендерін сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: тәрелкені безендіруге арналған ою-өрнектерді үлгі бойынша дайындауды.

Меңгереді: дайын болған ширатпаларды тәрелгеге орналастырып білуі.























11.03.2016ж.

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ұлттық ыдыстар.

Мақсаты:

Білімділік: Ұжымдық жұмысқа баулу,бір-бірімен келісімге келу дағдыларын

қалыптастыру.

Дамытушылық: Өздерінің қалыптасқан іскерлік дағдыларын жаңа затты

мүсіндеуде пайдалану,қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың

түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұлттық өрнектерді тұрмыстық заттар ауқымында дұрыс орналастыра

білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар:Қазақтың ұлттық ыдыс түрлерінің суреті, дайын жұмыстың

үлгісі, ермексаз,тақтайша,кескіш, таяқша, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Балалармен бірге «Дастархан» әнін тыңдау арқылы әннің мағынасын түсіндіру, қазақтың дастарханы туралы балалардың білімдерін толықтыру.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Суреттерді көрсете отырып, дөңгелек үстел үстіндегі ұлттық ыдыстарды көрсетіп, аттарын атап таныстыру.Ыдыс-аяқтардың адам денсаулығына зиян келтірмес үшін, пайдалы материалдардан жасалатынын түсіндіріп, айтып кету. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне қолдануға ыңғайлы, сәнді етіп жасалған ыдыс түрлерімен таныстыру. Ыдыстар ағаштан, темірден, қыштан жасалатыны туралы мәлімет беріледі. Оны шеберлер жасайтынын атап өтіп, сол шеберлер тәрізді бүгін ыдыстарды мүсіндейтіндерін айту.

Кесе жасау үшгін:

Бір кесек ақ және басқа түсті жарты кесек ермексазды жұмсартып аламыз.

Ақ ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, алақанымызға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің түбін жасап аламыз.

Ақ ермексаздан орташа қалыңдықтағы ширатпалар, ал түсті ермексаздан жіңішке ширатпалар дайындаймыз.

Ыдыстың түбінен бастап, ақ ермексаздан жасалған ширатпаны кесенің пішініне келтіре айналдыра орап, біріктіреміз.

Саусағымызбен пияланың сыртқы тегіс емес жерлерін тегістейміз.

Осындай тәсілмен қымыз құятын табақ әзірлеуге болады.

Торсық жасау үшін:

Бір кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, екі бөлікке бөлеміз. Үлкендеу бөлігі – негізгі бөлігі, кіші бөлігі – мойны.

Үлкен бөлікті домалақтап, алақанымызға салып жалпақтаймыз, ал кіші бөлігінен ширатып, шұжық дайындаймыз.

Торсықтың негізгі бөлігін тақтайдың үстіне орнатып, мойнын біріктіріп, сыртын тегістейміз.

Кескіш таяқшаның көмегімен торсықтың негізгі бөлігінің жоғары жағынан мойнын біріктірген жерден аздап кесіп, ұшын иіп, торсықтың пішініне келтіреміз.

Торсықтың сыртын ермексаздан жасалған ою-өрнекпен сәндейміз.

Балалар суреттерді қарастырады.











Ыдыстардың қандай материалдардан дайындалатынымен танысады.





Тәрбиешінің түсіндірме жұмысын мұқият тыңдайды.







Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, өздері білетін торсық, кесе, ожау, т.б. ыдыстарды мүсіндеуді өз беттерінше орындайды.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, нені мүсіндегендерін сұрау. Балалардың жасаған әртүрлі ыдыстарынан мазмұнды композиция құрастырып, көрме ұйымдастыру. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: Ыдыстарды үлгі бойынша дайындауды.

Меңгереді: дайын болған ыдыстардан композиция құрып білуі.







18.03.2016ж.

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ұлттық киімдегі арулар.

Мақсаты:

Білімділік: Ұлттық киім үлгісімен балаларды таныстыруды жалғастыру, ұлттық киім киген қыз баланың дене бітімін мүсіндеу тәсілін үйрету.

Дамытушылық: Мүсіндеуде адамның сырт келбетін, сымбатын бере білуге дағдыландыру,

шығармашылығы мен ой-қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Тиянақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ұлттық киімдердің суреттері, қыздың үлгі суреті,

ермексаз,тақтайша,кескіш, таяқша, қолорамал.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балалардан ұлттық киімдерге нелер жататынын, «ұлттық киім» дегенді қалай түсінетіндерін сұрау.

Ұлттық киімдердің аттарын сұрау, толықтырып айтып беру. Шапан, сәукеле, бешпет, тақия, мәсі.

Қыз балалар, аналарымыз, апаларымыз қандай киімдерді көбірек киіп жүреді?

Балаларға ермексаздан ұлттық киімдегі қыздың жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп, көрсете отырып мүсіндеу жұмысын орындау.

Түрлі түсті ермексаздың кесектерін жұмсартып аламыз.

Негізгі түске таңдалған ермексазды бірнеше бөлікке бөліп аламыз. Үлкен цилиндр –денесі, екі кішілеу цилиндр – қолдары.

Денесін саусағымыздың көмегімен жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып конус пішініне келтіреміз, екі жағына қолдарын біріктіреміз.

Шағын домалақ жасап алып, аздап жалпайтыңқырап бөркін жасаймыз. Шағын домалақтан бөріктің жоғарғы бөлігін конус формасына келтіріп жасап аламыз., жоғарғы жағын дөңестеу етіп тегістеп бөріктің орта бөлігіне орналастырамыз.

Ермексаздың бір кесегін жалпайтып илеп, сопақшалаймыз, көйлегіне біріктіреміз.(камзол)

Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасаймыз.

Мүсінді құрастырамыз. Денесіне басын біріктіріп орналастырамыз, басына мұрнын біріктіреміз, қара түсті ермексазды жалпақтап жұмсартып алып, шашын мүсіндеп басына жапсырамыз, содан кейін бөрігін орнықтырып, оған қоңыр ермексаз жолақшаларынан тері жасап біріктіріп, бөрікті сәндейміз, үкісін де осы ермексаздан жасап біріктіреміз.

Балалар өз ойларын айтады.



Өздері білетін ұлттық киімдерді атайды.

Камзол, бешпет, бөрік.



Тәрбиешінің түсіндірме жұмысын мұқият тыңдап отырады.





































Балалар тәрбиешінің үйреткен мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, қызды және киімін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, нені мүсіндегендерін сұрау. Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдайды, пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: Ұлттық киімдегі қыздың дене бөліктерін үлгі бойынша дайындауды.

Меңгереді: Дайын болған бөлшектерден ұлттық киімдегі қызды құрастырып, мүсіндеп білуі.



Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова














10.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Көктем сәні.

Мақсаты:

Білімділік: Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін

сезіне білуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Жабайы аңдардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрак – жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де тәртіпті боп,

Жақсылығын қорғайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қосылып айтады.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балалар, табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғағанымыз.

Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.

Дәптермен жұмыс: «Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.

-Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?

-Қандай аңдар жиналды?

-Ақбөкен не деп жауап берді?

-Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?

-Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?

Дидактикалық ойын: «Кім тез құрайды?»

Ойын шарты: Бірнеше жабайы жануарлардың қиылған денесін құрастыру.

Тыныштық сәті: Баяау музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.

Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап-жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.








Ертегіні мұқият тыңдайды.





Сұрақтарға жауап береді.









Балалар ойын ойнайды.







Балалар көзерін жұмып отырады.






Рефлексті – коррекция-лаушы

Көктем сәні – ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.

Балалар көктем сәні не екенін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем туралы өлең, тақпақтар айтып білуі.

Игереді: ертегінің мазмұнын түсінуі.

Меңгереді: ойын ойнау, тақпақ жаттау.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскерінің С.Э. Бопылова
















17.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Наурыз тойы.

Мақсаты:

Білімділік: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту.

Дамытушылық: Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа

жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру

Тәрбиелік: . Салт дәсттүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа,

мейірімділікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: наурыз тойының суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрак – жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: Наурыз көже, наурыз.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.


Көктем, көктем,көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қосылып айтады.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?

Дәптермен жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрастыру. Ә.Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттату.

Күн менен түн теңелді,

Күн шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы – салтымыз,

«Көгерсін», -деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.



Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.

Тыныштық сәті: баяау музыка әуенімен Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп тұр. Балалар алтыбақан ойнап, аналар наурызкөже пісіріп жатыр.Наурыз тойы басталды. Көзімізді ашайық. Көңіл-күйлерің қалай болды? Наурыз тойы несімен ұнады?

Дидактикалық ойын: «Бұл қай салт-дәстүр?» Ойын шарты:Қазақ халқының бірнеше салт –дәстүрінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол туралы толық айта білуі керек.

Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Дәптермен жұмыс. Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызықпен қос.

Ұлттық ойын. «Қамшы алу»

Ойын шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт бала ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе сол баланың епті болғаны.

Сұрақтарға жауап береді.









Өлеңді жаттайды.











Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.



Балалар көздерін жұмады.





Өз ойларын айтады.



Ойынды ойнайды.





Қимылмен көрсетеді.

Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызықпен қосады.



Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

-Наурыз мерекесі қандай мереке?

-Наурызкөжені кімдер пісіреді?

-Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем туралы өлең, тақпақтар, көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып білуі.

Игереді: Наурыз тойы туралы түсінуі.

Меңгереді: Ұлттық ойын ойнау, тақпақ жаттау.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскерінің С.Э. Бопылова
























15.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: 41-42 сабақтар. Екінші ондық сандардың әрқайсысынң құрылуы.

Мақсаты:

Білімділік:Екінші ондық сандардың құрылуымен таныстыру.

Дамытушылық: 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.

Тәрбиелік: достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: 1-ден 20-ға дейінгі сандардың таңбалары.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Ауызша жұмыс: Тірек білімді жетілдіру.

-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері сана.

Сан баспалдағын құрастыр.


Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

10 санының құрамы, «алдыңғы және келесі сан» түсініктері міндеттері түрде қайталанады.

Жаңа материалдармен таныстыруды практикалық жұмыстан бастау керек. Әр балаға жолақ (шот( (10 шеңбері бар жолақ) пен жеке-жеке басқа түсті 10 шеңбер дайындалады.

-Жолақта неше шеңбер бар?

-Жоғарғы жағынан тағы бір шеңбер қойыңдар.Барлығы неше шеңбер болды?

Содан кейін № 1 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.(41-сабақ)



41-сабақтың №3-тапсырмасы жіктеуге арналған. Заттарды жиынға біріктіру жаттығуларын орындаумен ұштастыру қажет.

Мысалы: балаларға үстел, орындық, шкаф..... суреттері көрсетіледі.

-Бұл бұйымдар бір сөзбен қалай аталады?

2-3 заттар тобын ұсынуға болады. Егер әр топта «артық» зат болса, тапсырманы күрделендіруге болады.

Осындай дайындық жұмысынан кейін № 3 тапсырма орындалады.

42 сабақтың № 3 тапсырмасын орындауды «баған-жол» кесте элементтерін қайталаудан бастаған дұрыс. Бірінші жолда . А(Ә,Б,В т.б.) бағанда не орналасқан?














10

11,12 және т.б.



41-сабақтың № 2-тапсырмасы мен № 1 тапсырмасын балалар орындарында түсіндіре отырып орындайды.









Жиһаз.





Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, қандай тапсырмалар орындағандарын сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері санап білуі.

Игереді: Берілген тапсырмаларды дұрыс орындау.

Меңгереді: әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындауды.


Тексерілді: ________________Б/б әдіскері С.Э.Бопылова.




















________, ________, __________

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: 43 сабақ. 1,2,5,10,20 монеталар.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ұлттық валюта – теңге туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: балаларды түрлі монеталармен таныстыру арқылы есте сақтау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қағаз ақша және монеталар бейнеленген суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Ауызша жұмыс: Тірек білімді жетілдіру.

Жаңа материалды талқылаудан бұрын ақша неге пайдаланылатыны туралы әңгіме жүргізіледі.

-Сендер ата-аналарыңмен бірге дүкенге, базарға барып көрдіңдер ме?

-Сауда жасауға ма?

-Тауар сатып алу үшін не қажет?

-Ақша қандай болады?

-Қандай монеталар бейнеленген?

«Дүкен» ойыны

Біз сендермен дүкенге келдік. Әрқасыңда сауда жасауға мүмкіндік бар. (Бұл ертегі дүкен)


Балалар сұрақтарға жауап береді.







Ақша

Қағаз және металл монеталар.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Суреттерге қараңдар № 1-тапсырма.

-Әр әмиянда неше монета бар?

-Әр әмиянда неше теңге бар?

-Қай әмиянда ақша теңдей?

-Қай әмияндағы ақша көп?

Тақтаға бағасы көрсетілген тауарлар қойылады, балалар оларды сатып алады.

2-тапсырма 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын бекітуге арналған ауызша жұмыспен ұштастырылады.

1.0-ден 20-ға дейін тура санау.

2.20-дан 0-ге дейін кері санау.

3.1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып тура санау.

4.1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып кері санау

5. Келесі санды атау....

6.Алдыңғы санды атау...

7.Сандардың көршілерін атау....

3 тапсырма. Тиісті кілтті тап. Тәрбиеші балаларды кілттің негізі ретінде қандай геометриялық фигуралар алынғанын талдауға жұмылдырады. Бұл кілттер кестеде қалай орналасқан? (баған және жол). Дайындық жұмысынан кейін балалар тиісті кілтті тауып, жапсырады.


Берілген тапсырманың сұрақтарына жауап береді.









Ауызша тапсырмаларды орындайды.





Сұрақтарға жауап береді.









Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, қандай тапсырмалар орындағандарын сұрау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері санап білуі.

Игереді: Ұлттық монеталардың түрлерін атап білу.

Меңгереді: әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындап білуі.


Тексерілді: ________________Б/б әдіскері С.Э.Бопылова.




























11.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Экология негіздері

Тақырыбы: «Көрікті көктем»

Мақсаты:

Білімділік: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық

өзгерістер, адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай

Білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Балаларды дөңгелендіре тұрғызып,

Төмендегі өлең жолдарын оқиды:


Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар, жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді. Түсіндіру барысында көрнкіліктерді пайдаланады.

-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.

-Көктемнің алғашқы айы – наурыз.

Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай –сала суға толады.

Суір айында жер беті көгеріп, ағаштар бүршік атып, анала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Мамыр айында дала жасыл желек жамылады.

Мамыр айын «Ән айы» деп атайды. Өйткені құстар балапан басады, тоғай , гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайраған дауыстарынестисің.

Сондықтан көктем жылдың ең тамаша мезгілі.

Жер жыртады, егін, бау, бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау, ағаштардың түптерін қопсыту, құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы, ұзақ, шұбар шымшық, қараторғай сияқты құстар. Ал жәндіктермен қоректенетін құстар-қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.

Сергіту сәтін өткізу.

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

Әліппе дәптермен жұмыс жүргізу.

Б.Қозыкеевтің « Көктем» өлеңін дауыстап оқып беру.

«Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: жыл мезгілдері бейнеленген суреттер көрсетіледі. Сол бойынша әңгіме жүргізіледі.

Балалар тыңдайды.





Сұрақтарға жауап береді.





Өздері білетін тақпақтарын қайталайды.

























Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.







Ойынды ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.

Көктем айларын ата.

Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Балалар белсенділікпен жауап береді.

Күтілетін нәтиже: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы.

Біледі: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.

Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін білу.

Көрсете білуі: суретті ретімен орналастыру.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова
















10.03 - 17.03. 2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Валеология

Тақырыбы: Сыпайы бол.

Мақсаты:

Білімділік: Қоғамдық орындарда балалардың өзін ұстай білуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың көлікте жүріп-тұру ережесін сақай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Әліппе дәптер.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытынды.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Балалар дөңгелене тұрып, қолдарына бір-бірден гүл ұстайды

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

  • Үйдегі қауіпсіздік ережелерін ата.

  • Көшедегі қауіпсіздік туралы айт.

  • Қалай ойлайсыңдар, қоғамдық орында қандай тәртіп ережелері бар?

Жағдаят талдау.

  • Қарт ата автобусқа кірсе, бос орын жоқ.

  • Әже ауыр сөмке көтеріп автобусқа кірді.

  • Қыздың екі қолында сөмке бар.

Ол артқы есіктен кірмекші болды, бірақ есік жабық тұр. Есікті ашайын десе қолы бос емес.

Әңгімелесу.

-Әжеге, қарияға, қызға көмектескенде сен нені сездің?Адамдар біреуге жақсы іс істегенде қуанып, рахаттанса, кішіпейіл болса, ерекше қуаныш сезімге бөленеді., содан адамның денсаулығы мықты болады.

Балаларға түрлі көңіл-күйдегі адамдардың бет әлпетін: қуаныш, реніш, таңғалу, т.с.с. көрсетулерін ұсыну.

-Қандай көңіл-күй жағымды?

Дәрігер Салауат балаларға мыналарды ұмытпауын ескертеді.

  • Қоғамдық көліктерде тұтқаның барлығы кір, сондықтан үйге келгенде міндетті түрде қолды жу.

  • Емханада, дүкенде, театрларда-микробтар ұшып жүреді, сондықтан әр затты ұстап көрген қолыңмен тамақтану өте қауіпті.

Қоғамдық орында адамдар сенің тәртіпті екеніңді байқап, ата-анаң мен отбасың саған жақсы тәрбие бергеніне алғыс айтады.

Дәрігер Салауат адамдарға үнемі:

  • Күлімдеп жүруді;

  • Автобуста адамдарға орын беруді;

  • Ауыр затты көтерісуге көмектесуді;

  • Кіреберісте есікті ашуды;

  • Барлық ұлдар, қыздарды сыйлауды;

  • Ал барлық қыздар сыпайы және мейірімді болуды ұсынады.
















































Рефлексті – коррекция-лаушы

Сыпайы және тәртіпті болу қандай жақсы, тіпті денсаулыққа да пайдалы.

Балалар үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүру, сыпайы болу денсаулыққа пайдалы екенін түсінеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үйдегі, көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы білуі.

Игереді: Қоғамдық орындарда ережелерді сақтап білуді.

Меңгереді: Үлкендерге, құрбыларына көмектесе білуі.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова














11.03.2016ж.

12 «Гүлдер» МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Құрастыру

Тақырыбы: Жиһаз

Мақсаты:

Білімділік:Қағазбен, өндіріске қажетсіз заттармен жұмыс жасауды жалғастыру,

балаларға ойыншықтарға арналған жиһаздар жасауды үйрету.

Дамытушылық: Жұмысты өздерінің ой-қиялымен толықтыру.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекі құрал-жабдықтар: киндер- сюрприздің

қауашақтары,сусын,шырындардың бөтелкелерінің қақпақтары, сіріңке қораптары,

түрлі түсті қағаздар және қатырмақағаздар, желім, қылқалам,, қайшы, жай

қарындаш, сүлгі.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жиһаз жасаудың ретін түсіндіру және талдау

жасау,иллюстрациялық суреттер мен үлгілерді көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға үстел үстіне дайындап қойған материалдарды: киндер- сюрприздің қауашақтары,сусын,шырындардың бөтелкелерінің қақпақтары, сіріңке қораптары т.б. қарауды ұсыну және бұлардың ешкімге керексіз қалдық екенін, осы қажетсіз заттарды пайдаға асыруға болатынын айту.

Дидактикалық материалдардағы жиһаз үлгілері талданады.

Балаларға қысқаша әңгімелей отырып, жиһаздардың түрлері және оның бөліктерін көрсетіп, оны жасайтын шеберлер еңбегі жайында баяндау, бүгін осындай шеберлер сияқты жиһазды өздері жасайтынын айту.

Үстел:Төрт тігінен тұрған киндер-сюрприздің қауашағының жартысы – бұл аяқтары, кез келген түрлі тіктөртбұрышты қатырмақағаз беті – үстелдің қақпағы болады.

Орындық: Тігінен тұрған киндер-сюрприздің қауашағының үстіне ортасынан тең бүктелген түрлі түсті қатырмақағаз жолағын жапсырамыз., содан кейін жолақты ашамыз., сонда арқалығы бар орындық болады.

Осы жиһаздардың жасалу жолдарын көрсеткеннен кейін, балалар алдарындағы қалдық заттардан өз беттерінше түрлі бұйымдар құрастыра алады.

Шкаф: сіріңке қорабының ішкі бөлігін»3-4дана) көлденеңінен орналастырып, бір-біріне желімдейміз.

Барлық жасалған жиһаздарды әдемі гүлдермен немесе геометриялық ою-өрнектермен әшекейлейміз.

Балалар керексіз материялдарды қарап шығады.







Жиһаз үлгілеріне талдау жасайды.

























Балалар олардан қуыршаққа арналған әдемі жиһаздар жасайды.














Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырылып, талдау жұмыстары жүргізіледі. Сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталады.

Балалар достарының жұмысына талдау жасайды. Ең үздік жұмыс иелерін атайды.

Күтілетін нәтиже:балалар керексіз заттардан ойыншықтар әзірлеуге болатынын

түсінеді.

Орындайды: Қуыршаққа арналған жиһаздар жасап білуі.

Түсінеді: Жиһаздардың адам өміріндегі пайдасы туралы білуі.




Тексерілді_________________балабақша әдіскері С.Э.Бопылова















18.03.2016ж.

12 «Гүлдер» МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қол еңбегі

Тақырыбы: Сулықты шашақтау.

Мақсаты:

Білімділік: матаның түрлері, сапасы жайында білімдерін тиянақтау, сулықты шашақтау тәсілін

үйрету.

Дамытушылық: инені сабақтау, дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережесін сақтау дағдыларын

қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ерінбей еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:әр балаға 20х20см өлшемдегі мата, ине,жіп, қайшы, шашақталған дайын

сулықтың суреттері, дайын жұмыстың үлгісі.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,көрсету, түсіндіру және талдау

жасау, суреттер мен үлгілерді көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға сиқырлы қобдишаны көрсетіп, оның ішінде не бар екеніне балалардың назарын аударады. Ішіндегі түрлі түсті әдемі сулықтарды алып, шашақталған сүлгі мен шашақсыз сулықты салыстырып көрсету. Шашақталған сүлгінің әдемілігіне тоқталып, осындай әдемі сулықты өздері жасайтындарын айту. Ол үшін үлгі суреттегі сулықты қарап талдау жасайды. Сулық жасау үшін шыт мата таңдап алынады. Өйткені оның жіптері көлденеңінен және тігінен тоқылған. Сулықтың шетінен иненің ұшымен бір жіптің ұшын шығарып, үзбей суырып көрсету.Инені ұқыпты ұстап, бір-біріне кедергі келтірмеу керектігі ескертіледі. Балалардың іс-әрекетіне бағыт беріліп, кейбір балаларға көмек көрсетіледі. Уақыт жетсе, сулықтың шетін»көктеу» тігісімен көркемдеуге немесе түрлі түсті қағаздардан өрнектер қиып алып, жапсырып, әшекейлеуге болады. Дайын болған сулықтарға баға беріліп, келесі сабақта кесте тігетіндері ескертіледі.

Балалар әдемі қобдишаның ішінде не бар екенін өз ойлары бойынша жобалап айтады.



Шашақты сулықтың шашақсыз сулықтан қандай айырмашылығы бар екенін аңғарады.







Сулықты қалай шашақтау жолымен танысады.











Балалар жұмысқа кіріседі.

Өз беттерінше сулықты шашақтайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырылып, талдау жұмыстары жүргізіледі. Сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталады.

Балалар достарының жұмысына талдау жасайды. Ең үздік жұмыс иелерін атайды.

Күтілетін нәтиже:балалар шыт матадан сшашақты сулық әзірлеуге болатынын түсінеді.

Орындайды:Сулықтың шашағын иненің көмегімен шашақтап білуі.

Түсінеді: Сулықтың не үшін қолданылатыны туралы білуі.




Тексерілді_________________балабақша әдіскері С.Э.Бопылова

















14.03.2016 жыл.

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: Наурызға шашу.

Мақсаты:

Білімділік:Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары,

ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Грамматикалық тұлғада жүйелі сойлеуге баулу.

Тәрбиелік: Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: наурыз мерекесіне арналған суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

1.Шаттық шеңберін құру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.




Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Музыка ойнап тұрады.

Педагог;

-Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. Бәрі бір-біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.

2.Кіріспе бөлім.

А) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Ә) «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту. Мысалы, татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.

3.Негізгі бөлім.

А) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.

-Тал егіп жатқан балалар.

-Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.

-Гүл егіп жатқан қыздар.

-Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

Ә)Сөздік жұмысын жүргізу.

Көшет – көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, щыбықтар, көкөніс екпелері.

Раушангүл – әдемі ашық түсті алқызыл гүл.

Б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

В) Салт-дәстүр туралы мәлімет беріледі.

Қазақ – қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішпейіл, дос пен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. «Ата-салттың – халықтық қалпың» дегендей біз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан салт-дәстүрлер бар. Олар: шілдехана, тұсау кесу, ашамай, т.б.

Г) «Сен білесің бе?» дмдактикалық ойыны. Шарты: Қоржын ішінен керегк, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Педагог кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қояды. Осыдан кейін балалардың жауаптары тыңдалады. Педагог толықтырып отырады.

Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.

Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.

Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төртбұрышты шағын киіз.








Тәрбиешіні мүқият тыңдайды.





















Дәптердегі сурет бойынша әңгімелеседі.













Көшет, раушангүл сөздерінің мағынасын түсінеді.





Өлеңді жаттайды.





Қазақтың салт дәстүрі туралы мәлімет алады.



















Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

4.Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

А) Дәптердегі мақалдардың мағынасын түсіндіру.

Ә) Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өткен сабақтардағы ертегі, әңгімелерді еске түсіріп, айтып беру.

Игереді: әңгіменің мазмұнын айтып білуі.

Меңгереді: Ойын ойнау, мақал-мәтел айту.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова



























14 .03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ъ» айыру белгісі.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды айру белгісімен (ъ) таныстыру.Ъ белгісі бар сөздерді жазуға үйрету.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерідамыту. Әдемі, сауатты жазуға баулу, әдемі жазуға,

дұрыс оқуға машықтандыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: кеспе әріптер, кеспе буындар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Подъезд, разъезд.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Дауысты дыбыстар нешеу?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Р-дауыссыз

о-дауысты , жуан

я-дауысты, жіңішке

л-дауыссыз

ь-жіңішкелік белгісі

5-әріп, 5-дыбыс.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Айыру белгісі (Ъ) дыбыс емес. Өйткені оны дауыстап айта алмаймыз. Айыру белгісі дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд, съезд.

Дәптермен жұмыс.

Подъезд, разъезд, съезд сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы (ъ) айыру белгісінің орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне (ъ) айыру белгісінің сөздің ортасында келетін сөздер ойлату. Дәптердегі сөздерді, буындарды құратып оқыту.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша айыру белгісінің (ъ) баспа түрін көрсету, таныстыру. Айыру белгісінің таңбасын бастырып жазады.

Айыру белгісі кездесетін сөздерге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

Төртбұрыштардың ішіндегі әріптерден подъезд, разъезд сөздерін құрастырып оқу.

Сурет бойынша жұмыс. «разъезд тақырыбына әңгіме құрастырады. Разъезд сөзіне дыбыстық талдау жасау.

«Кім жылдам» дидактикалық ойыны. Шарты. Айыру белгісі кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.



Сұрақтарға жауап береді.

Рояль сөзіне дыбыстық талдау жасайды.





Жаңа тақырыппен танысады.









Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

.





Барлығы хормен қайталап оқиды.











Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды.









Ойынды ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Айыру белгісі (ъ) қандай сөздерде кездеседі?

Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтароға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Айыру белгісінің қандай сөздерде кездесетінін білуі.

Игереді: айыру белгісінің (ъ) таңбасын үлгі бойынша жазып білуі.

Меңгереді: Ойын ойнау, сөйлем құрастыру арқылы сөздерге дыбыстық талдау жасап білуі.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова














5 .03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сауат ашу

Тақырыбы: Буындардан сөз құра. (қайталау)

Мақсаты:

Білімділік: Буындардан сөз құрап оқуға жаттықтыру. Сурет бойынша сөйлемдер құрау арқылы

байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге баулу.

Балалардың сөзді ести білу және еске сақтай алу қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін, логикалық

ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, жазуға қолдарын жаттықтыру.

Керекті құралдар: кеспе әріптер, кеспе буындар, суреттер, аққу, торғай, құстар, әріптер жазылған

гүлдің суреті

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Дәптермен жұмыс.

«Жоғалған буын» ойыны.Шарты.торкөздерге жоқ буындарды тауып жазады. Мысалы: көгер-шін, тор-ғай, ақ-қу, тыр-на, шаға-ла, қарлы-ғаш, то-қыл-дақ, қар-ға, ү-кі.

Сөйлем құрастыр тапсырмасы: 1.Аспанда шағала ұшып жүр. 2.Ұяда екі жұмыртқа жатыр. 3.Балапан аулада жүгіріп жүр. Орманда тоқылдақтың дауысын естідік.

Қараторғайдың ұясының суретін салу.

«Жоғалған сөздер ойыны» (28 бет). Шарты.тақтаға кейбір сөздері түсіп қалған сөйлемдер жазылған плакат ілінеді. Мысалы:Көктем..... . ......жылынды. Жер .... .Құстар ...... . Балалар құстарға ... .... .





«Сөз ойла, көп ойла» тапсырмасы бойынша жарыс ұйымдастырылады.

Үзік сызықтарды қосу арқылы аққудың суретін салу.

Сөзжұмбақ шешкізу. Шешулері Қарбыз, қарға, қармақ

Сергіту сәтін өткізу.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алсам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

«Сөз құрастыр» ойынымен жалғасады. (29-бет) шарты: гүл күлтелеріндегі әріптерден сөз құрастыру.




.

Тапсырманы орындайды.







Сөйлем құрастырады.











Жоғалған сөздерді тауып, сөйлем құрайды. Көктем мезгілі және құстар туралы білетіндерін айтады.

Көктем, жылы, құстар, ұя, балапан, наурыз сөздеріне дыбыстық талдау жасайды,









Қимылмен көрсетеді.





Қол жаттықтыру тапсырмасы ретінде берілген үзік сызықтарды қосып, жолдың аяғына дейін тапсырманы орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдері бекітіледі.

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтароға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Берілген тапсырмаларды орындап білуі.

Игереді: Ойындар ойнау, сөзжұмбақтар шешіп білуі.

Меңгереді: үзік сызықтарды қосып, тапсырмаларды орындау, сөйлем құрастыру арқылы сөздерге

дыбыстық талдау жасап білуі.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова
















15.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сурет

Тақырыбы: Ойыншық түйе.

Мақсаты:

Білімділік: Натураға қарап ойыншық жануардың бейнесін салуға үйрету.

Дамытушылық: Ойыншықтарды әдемілеу үшін өрнектер құрастыру дағдыларын

нығайту, түстер үйлесімділігінқалыптастыру.

Тәрбиелік: Бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізуге баулу.

Керекті құралдар: ойыншықтар және ботаның бейнеленген суреті, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы


Балаларға бота туралы өлең оқып беру.


Ақ ботам.

Жібек ноқта тақты апам,

Жабырқама ақ ботам.

Бәлкім жүдеп қаларсың,

Өзім бағып –қақпасам.

Әлде, ашығып қалдың ба,

Жүздірейн шалғынға.








Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балалардан түйе жануары Қазақстанның қай аймақтарында көптен кездесетінін сұрап, түсініктерін тиянақтау.

Балаларға жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету.



Балалар жұмысын қадағалап қиналған балаларға көмектесу.








Балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындалу ретін түсінеді.

Жұмысты орындауға кіріседі.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап мақтау

Балалар ең үздік жұмыс иелерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Түйе туралы әңгімелеп білуі.

Игереді: Ойыншық түйенің бейнесін ақ қағаз бетіне дұрыс түсіруді.

Меңгереді: ойыншық түйенің өзіне тән ерекшелігін бере білуді.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова











































16.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Жапсыру

Тақырыбы: Шаттық шеңбері

Мақсаты:

Білімділік: Қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше бала денесін бірден қию тәсілін үйрету.

Дамытушылық: Сюжетті аппликацияны құрастыруда балалардың көңіл-күйін бере білу

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: аппликациялық жұмыстың үлгісі, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы,

қарындаш.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балаларға қағазды бірнеше қабаттап қалай дұрыс бүктеуге болатыны көрсетіледі. Бұл тәсілмен бірнеше бірдей пішін алуға болатыны айтылады. Осындай тәсілмен қиылған бірнеше баланың денесі қағазды жазған кезде қол ұстасып, шеңбер құрып тұрған балалардың пішіні шығады.

Балаларға қабаттап бүктеу, қию тәсілдерін көрсете отырып түсіндіру.

Түрлі түсті қағаздан жолақтар қиып алу.

Адам денесі түстес қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп, адамның тұлғасының суретін салып, сызық бойымен қиып алу..

Ұлдар мен қыздардың киімін қиып алып, балалар денесіне жапсыру.

Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін ең дұрысын таңдай отырып, орналастыру.

Барлық аппликация бөлшектерін ретімен ПВА желімімен жапсыру.

Жұмыс барысында әр балаға қажетінше көмек көрсетіледі.


Тәрбиешіні мұқият тыңдап, зер салып отырады.











Түрлі түсті қағаздан жолақтарды қиып алады.

















Балалар үлгіге сүйене отырып, жұмысты орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Аяқталған жұмыстарды тексеріп, ұқыпты , таза орындалған жұмыс иелерін мадақтау.

Балалар достарының жұмыстарын талдайды, ең үздік жұмыс иелерін атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапсырудың әдіс-тәсілдерін білуі.

Игереді: Адамның бейнесін дұрыс қиып білуі.

Меңгереді: дайын пішіндерді ретімен жапсыруды.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова
































16.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Наурыз- жыл басы

Мақсаты:

Білімділік: Наурыз жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені

жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Көктем мезгілінде табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

Тәрбиелік: балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмысы. Салт –дәстүр, рым, т.б.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу



Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.





Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады. Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқу.

Күн мен түн теңелді:

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлап ел енді.

Наурыз тойы салтымыз:

«Көгерсін!»-деп халқымыз

Көшеге, аулаға тал егеді.

Балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, бұл кезде күн мен түннің теңелетінін, наурыз көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп беру.

Сергіту сәті.

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достасуға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай -*ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр.

Әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындату.

а) берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып көр.

ә) әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес келетін кілем түрін көрсет.


Балалар өлеңді зейін қоя тыңдайды, түсінеді, көктем мерекесін сезінеді, қуанады.





Наурыз мерекесінің мағынасын ұғынады.











Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.



Табиғатқа қамқор болу үшін ағаш егу керектігін түсінеді. Көшеде қоқыс тастамау керектігін ұғады.







Әліппе дәптермен жұмыс жасайды. Түсінбеген тұстарын сұрап біледі, ұғынады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Оқу іс-әрекеті барысында балаларды осы дәстүрлі істерді жалғастыруға, еңбек етуге, табиғатқа қамқор болуға жетелеу.

Табиғатқа, туған өлкеге қамқор болуға, келіседі. Қуанады.


Күтілетін нәтиже: Наурыздың көктем мерекесі екенін, нурызда бүкіл табиғат оянып, тазалық жұмыстары жүргізілетінін ұғынады.

Біледі: Наурыз жыл басы екенін білу.

Түсінігі: Күн мен түннің теңелуін түсіну.

Көрсете білуі: Наурызда ағаштар, көшеттер егіп, ауланы көгалдандыруға үлес қосады.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова



















25.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Экология негіздері

Тақырыбы: «Жанды және жансыз табиғат»

Мақсаты:

Білімділік: жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, құм, жаңбыр, жел.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Балаларбір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагогтің әңгімесі:

-Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз; олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегенсіз өздері пайда болған. Оларға: жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар-тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз табиғат. Ал енді бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады.

Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арасындағы байланыс түсіндіріледі.

Сергіту сәтін өткізу.

Көлдің беті кілегей,

Жер сап-сары бірегей.

Тырау-тырау тырналар

Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту. Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.

Балалар жансыз және жанды табиғатты сурреттен атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.




Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.
















Өлең жолдарын пайдаланып, сергіту жаттығуын орындайды.









Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сабақты пысықтауға арналған тапсырмалар:

1.Жансыз табиғатқа нелер жатады?

2.Жанды табиғатқа нелер жатады?

3.Олардың айырмашылығы неде?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.

Біледі: жансыз және жанды табиғатқа не жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бі-бірінен ажыратып көрсету.

Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова
























04 .04.2016 жыл


12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Бір уыс мақта» әңгімесі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнерін келтіре айта білуге үйрету.

Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дамыту, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Әңгімені тыныш, мұқият тыңдап отыруға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ы.Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сурет.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: педагог, немере қызы.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болар өзі де.


Балаларға таныс ертегі , әңгімелерден үзінді оқып беру.

-Тышқан: «Апырай қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жерін кірсем бе екен?» - деп ойлады.

-Бір күні жануарлар «Не дәмді?» - деп таласып қалыпты.

-Қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Құйрығымды берші»,- дейді.

-Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе?

Балалардан еңбек туралы қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау. Содан соң Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқитынын, оның еңбек туралы екенін хабарлау.



Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.



Балалар ертегі, әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады.



«Нан қайдан келеді?» ертегісі



«Не дәмді?» ертегісі.



«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

«Не сыйлау керек?» әңгімесі.



Балалар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мағлұмат беру.

-Ы.Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогі. Қазақ даласында тұңғыш орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазақ балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, өлеңдер жазды. Бүгін мен Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.

а) «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу. Шапан , мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмыс жүргізіледі.

Шапан- астарына жүн немесе мақта салып сырып тігілген сырт киім.

Қиқым – бір нәрсенің майда , ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.

Мамық- құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

-Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?

-Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?

-Мақтаны не іліп алып кетті?

-Торғайға мақта не үшін қажет болды?

Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.

б) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

















Балалар шапан, ұиқым, мамық сөздерінің мағынасын түсінеді.









Сұрақтарға жауап береді.















Ойынды ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

«Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын айтқызу.

Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе , сабақты қорытындылау.

Балалар әңгіменің мазмұнын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өткен сабақтардағы ертегі, әңгімелерді еске түсіріп, айтып беру.

Игереді: әңгіменің мазмұнын айтып білуі.

Меңгереді: Ойын ойнау, мақал-мәтел айту.



Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова


7.03. 2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Тоқтар батыр»

Мақсаты:

Білімділік: ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға түсіндіру.

Дамытушылық: тақпақ, өлең айтуға тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ғарышкерлер суреті, зымыран, Байқоңыр суреті.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңынан ерем

Ер ғарышкер ағаның.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

«Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз». (Зымыран)

Педагог аспан әлеміне ұшқан тұңғыш Тоқтар Әубәкіровпен таныстырады.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуені ойналады.

-Біз ұшақта отырмыз, жаймен аспанға көтерілеміз, аспанға көтерілдік.Біз қалықтап ұшып жүрміз, ұшып жүрміз, жерге жаймен қонамыз, жерге қондық. Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс: Педагог Т.Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен таныстырады.

Айналады бір сенен, Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың

Тұңғышына бір сәлем!

Қабанбайдың ұланы,

Бөгенбайдың қыраны,

Айтылатын мәңгілік

Қазағымның жыр-әні.

Сергіту сәті: Біз ұшамыз, ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

Әрбір ел мен қалаға

Қуаныш, бақыт сыйлаймыз. (қимылмен көрсетеді)

Дидактикалық ойын: «Ұшақ».

Ойынның шарты: балалар ұшаққа отырады,ұшақ оталады, қанатымызды жаямыз, баяу қозғаламыз, аспан әлеміне ұшамыз. Міне, көкте ұшып жүрміз.

Ойын осылайша жалғасады.

Балалар жұмбақтың шешімін табады.





Балалар көздерін жұмып, терең тыныстайды. Денелерін еркін ұстайды. Көз алдарына аспан әлемін елестетеді.











Балалар өлеңді жаттап алады.















Балалар қимылмен көрсетеді.









Балалар ойын ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

  • Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқанғарышкердің аты кім?

  • Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?

  • Өскенде ғарышкер болғың келе ме?


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерінатап, қыс туралы тақпақтарайтып, жұмбақтар шешіп білуі.

Игереді: «Қыс» өлеңін жаттай білуі.

Меңгереді: Қимылды ойын мен дидактикалық ойындарды шартын дұрыс түсініп ойнау.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова


























07.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Валеология

Тақырыбы: Күн, ауа және су - біздің достарымыз.

Мақсаты:

Білімділік: денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына

тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Денсаулықты сақтай білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытынды.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы







Жылулық шеңберін құру.




Балалар Күнге қарай қолдарын созып, төмендегі сөздерді айтады:

-Құдіретті Күн, мен сені жақсы көремін!

-Құдіретті Күн, мен сенен өтінемін.

-Құдіретті Күн, маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр!

-Құдіретті Күн, маған денсаулық пен жылылық бере көр!

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Әңгімелесу.

Педагог жұмбақ жасырады:

Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Педагог балалармен жұмбақтың мазмұны жайлы әңгімелеседі. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады. Көрінбейтін шуағына ультракүлгін шуағы жатады. Шуақтың әсерінен біздің терімізде өте маңызды «Д» дәрумені бар. Ал осы дәрумен жетіспесе, балаларда мешел ауруы пайда болады. Күннің шуағы теріні нығайтып, ағзаны суық тиюден сақтауға көмектеседі.Педагог балалардың назарын күннің астында көп жүрудің өзі қауіпті екеніне аударып, теріні күйдіріп, әлсіздік пайда болуы мүмкіндігін естеріне салады. Күн-табиғи дәрі. Ал кез келген дәрі сақтықты талап етеді. Күн шуағын қатаң түрде ережемен қабылдау керек.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

  • Күннің астында көп қыздырынуға болмайды, денең күйіп қалуы мүмкін.

  • Баскиімсіз күннің астында көп жүруге болмайды.

  • Күнде шынығуды судың жағасында, ертеңгілік уақытты қабылдау керек, күніне бір реттен көп болмауы керек.

Релакцияға арналған жаттығулар. Балаларға кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатуға нұсқау беріледі. Өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді. Педагог балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны жылы желдің лебізі еркелеткендей елестетеді. Педагог балалардан жел туралы не білетінін сұрайды. Балаларға ауаны көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтыны, оның түсі, дәмі, иісі болмайтыны туралы түсіндіреді.

Тәжірибе: әр балаға бір-бір шар беріледі. Олар оны үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.

Әңгімелесу. Педагог балаларға адамның оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын шығаратынын айтады. Сондықтан бөлменің ауасын жиі тазартып отыру керек. Оттегіне бай таза ауа балаларды аурудан сақтайтынын, ал көмірқышқыл газы адам ағзасына зиян екенін түсндіреді. Өсімдіктер-ауаның табиғи тазартқышы. Сондықтан демалыс, сақтандыру үйлерін негізінен ағаш көп өсетін орманда салатыны, ал бөлмелерге осы қызметті атқаратын бөлме гүлдерін қоятыны туралы түсінік береді.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

  • Таза ауа-табиғат байлығы, оны қорғауың керек. Көбірек гүлдер мен ағаштар отырғызыңдар.

Педагог балаларға глобусты көрсете отырып, оның планетамыздың кішкентай үлгісі екенін естеріне салып өтеді. Балаларға осы глобусты қаратып, қандай түстің көп екенін сұрайды. –Көгілдір түспен не бейнеленген? -Су қайда болады? Педагог жер бетінде шынында да судың көп екенін, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге жарамайтынын түсіндіреді.

Тәжірибе: іші суға толтырылған екі стақан дайындайды: біреуінде тұзды су, екіншісінде тұзсыз су. Балаларға осы екі судың дәмін татқызып көрсетіп, тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.

Педагог балаларға көл, өзен, арықта тұзсыз судың ағатынын, онымен бау-бақша суаруға болады, бірақ ішуге болмайтынын түсіндіреді. Неліктен?

Педагог балалардың жауаптарынан соң біздің планетамызда судың көп екенін айтып, бірақ тек таза, тазарған, тұзсыз суды ғана ішуге болады деп қорытады.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

  • Өзенде, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды, оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар бар.

  • Суды үнемдеп, таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Ауасыз, сусыз адамдар тіршілік ете алмайды.

  • Күн, ауа және су-адам ағзасының шынығуына тамашакөмекшілер.

Шынығу дегеніміз не? Шынығудың ең жеңіл түрі-суға түсу. Бұл жерде мынадай құнды ережелерді есте сақтау керек:

  • Ешкіммен кімнің суы суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа! Ол денсаулық үшін зиян.

  • Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулер суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін.

  • Шынығу жұмыстарын күнделікті жүргізу қажет, әйтпесе адам ағзасы үйренбеуі немесе күткен нәтиже көрінбеуі мүмкін.

Салауаттың ең қарапайым кеңесі: Жалаңаяқ ұзақ жүру керек, ең болмаса үйде. Бұлай жүру әсіресе тегіс емес жермен; тастардың үстімен, ыстық құмда, жерде, қардың үстінде жүргенде жалпақтабандылықтың алдын алып, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады.

Жалаңаяқ жүру-бүкіл денеңе күш-қуат беріп, денсаулықты нығайтады. Ең ыңғайлы және қауіпсізшынығудың түрі-ауа ваннасы болып табылады. Беті-қолыңды, құлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу. Суыққа шынығу-барлық ауруларды емдейтін дәрі.



Балалар жұмбақтың шешімін табады.











Балалар мұқият тыңдайды.

















Балалар дәрігер Салауаттың кеңесін жаттап алады.











Балалар кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатады. Балалар өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл күйге енеді.

Балалар тәжірибені нұсқау бойынша жасайды



Қозғалыстағы ауаны-желді, балалардың өздері-ақ қолдарымен бетін желпу арқылы жасай алатынын айтады.







Балалар мұқият тыңдайды.







Балалар кеңесті жаттайды.









Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді және педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.







Балалар екі судың дәмін салыстырады.









































Балалар шынығу туралы өзара талқылап, шынығу дегеніміз сауығудың ең ыңғайлы тәсілі деген шешімге келеді. Оған арнайы уақыт бөліп, белгілі бір жағдай жасаудың қажеті жоқ, тәулік бойы жүргізуге болады.


Рефлексті – коррекция-лаушы

  • Күн және ауа-табиғат сыйы. Оларсыз тіршілік болуы мүмкін емес.

  • Күн және ауа-табиғи дәрі.

  • Өсімдіктерді күтіп-баптау керек. Олар ауаны тазартады.

  • Таза су-тіршілік атаулы өмірінің нәрі, табиғи құнды байлық.

  • Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет, себебі суды тазалау үрдісі өте қиын да қымбат.

  • Күн, ауа және су-біздің тамаша достарымыз.

  • Табиғат сыйлары арқылы шынығу – түрлі ауруларды болдырмаудың ыңғайлы тәсілі.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жұмбақ шешіп білуі.

Игереді: Күн, су, ауаның адамдар мен жануарларға және өсімдіктерге қаншалықты қажеттілігін

білуі

Меңгереді: Дәрігер Салауаттың кеңестерін есте сақтай білуі.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова

















08.04.2016ж.

12 «Гүлдер» МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Құрастыру

Тақырыбы: Сым темірден қуыршақ жасау.

Мақсаты: Білімділік: балаларды сым темірдің сапасымен, түрлерімен салыстыру; сымтемірді

таяқшаға орап, шиыршық дайындауды, бөлшектерді біріктіруді, ойыншық жасауды үйрету.

Дамытушылық: ; балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар: ұзындығы әртүрлі сырты қапталған сым темірлер, темірден жасалған ойыншық үлгілері, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, әлліппе-дәптер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.


Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақтың барысы:

«Балалар, бүгінгі сабақта бұрын өздерің қолданып көрмеген заттармен жұмыс жасаймыз. Міне, мынадай сымтемірлер»деп, педагог сырты қапталған темірді көрсетеді. Балалардың қолдарына бермес бұрын оның сапасы жайында айтып береді. Жұмсақ, иілгіш, сырты қапталған, ішінде жұмсақ темір, тегіс, жылтыр, т.б. Бұл сым темірді орауға, бүктеуге, қайшымен қиюға болады. Әліппе-дәптердегі үлгінің жасалу реті талданады.

Бұдан кейін педагог сымтемірден жасалған ойыншықтар суретін пайдаланып, балалардың қызығушылығын арттырады (аңдар, құстар, қуыршақтар бейнесі). Үлгі ойыншықтарды көрсетіп, талдау жасайды. Бұлардың бәрінің дене бөліктері шиыршықталған сым темірлерден жасалған, ал басы түрлі түсті қатырмақағаздан қиып алынған.

Сым темірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін түсіндіру:

-Сым темірді ауызға салуға болмайды;

-Сым темірді қолыңды жарақаттап алмай, ұқыпты пайдалан;

-Жұмыс аяқталған соң, сым темірді орнына қой.

Педагог:

-Бүгін сым темірден қуыршақ жасаймыз. Ол үшін алдымен сым темірді шиыршықтап бұрауды үйренеміз. Қолымызға қарындашты алып, сым темірді қарындашқа айналдырып ораймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сым темірдің бір ұшын сұқ саусақпен басып ұстап тұрамыз, оң қолмен сым темірді қарындашқа айналдыра ораймыз.

Педагог сым темірді шиыршықтау тәсілін көрсетеді. Балалардың сым темірді дұрыс ұстауын қадағалау керек. Сымды қарындашқа біркелкі, тегіс ораған дұрыс. Содан соң сымды қарындаштан жайлап шығарып алып, шиыршықты созады. Шиыршықтан қолы мен аяғын ұзындау, ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады. Қайшымен ұқыпты жұмыс істеу ескертіледі.

Кейбір балаларға сым темірді бұрау, біріктіріп бекітуде көмек көрсетіледі. Іс-әрекеттің шығармашылық сипат алуына бағыт беріледі.

Қуыршақтың денесі дайын болғаннан кейін, оны толықтыру жұмысы жүргізіледі. Басы екі дөңгелек қатырмақағаздан жасалады. Дайындалған қуыршақтарға құрастыру материалдарынан үй құрастырып, сабақ ойын іс-әрекетіне жалғасыды.




























Балалар ережені жаттап алады.







Балалар мұқият тыңдай отырып, педагогқа бірге ілесіп жасайды











Қиылған дене бөліктерін бір-біріне бұрап біріктіруді педагогтың көрсетуімен орындайды.

Аяқ-қолдарын жоғары көтеріп немесе төмен түсіріп тұрғанын балалар қалауы бойынша бейнелейді.

Бет-әлпетінің суретін фломастермен салып, желім жағып, сым темірдің ұшын желім жағылған екі дөңгелектің ортасына қойып, бөлшектерді жақсылап қысып жапсырады.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, не жасағандарын сұрау, сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Сымтемірдің түрлерін атап білуі.

Игереді: Сымтемірден қуыршақ жасаудың әдіс-тәсілдерін

Қолданады: Сымтемірден қуыршақ дайындап білуі.




Тексерілді_________________балабақша әдіскері С.Э.Бопылова







08.04.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Байқоңыр ғарыш айлағы»

Мақсаты:

Білімділік: Байқоңыр жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы күн жүйесіндегі ғаламшар туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату.

Шарты: ортада бір бала күн болып тұрады. Қалған балалар Күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы: Жер, Сатурн,, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді әуен жетегімен балалар күнді айналып жүреді.




Балалар ойын барысында ғаламшар туралы білетіндерін айтады.

Мысалы: Мен Жермін. Жерде тіршілік бар. Өйткекні біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық аламыз.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Байқоңыр – ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылады.

1991ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж.) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Сөздік жұмыстарын жүргізу.

Айлақ- ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.

Ғарыш –аспан әлемі.

Ғаламшар – Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.

Күн-әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.

Пікірталас өткізуге арналған сұрақтар

-Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

Дәптерлеріне зымыранның суретін салғызу.

Педагогты тыңдайды. Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

























Тыңдайды.

Берілген сөздердің мағынасын қайталап айтады.









Пікірлерін ортаға салады.



Зымыранның суретін салады.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдістері арқылы пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ғарыш айлағы және оның келтіретін пайдасы жөнінде ұғым қалыптастыру.

Білуі тиіс: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатынын білу.

Түсінігі: Білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу.

Көрсете білуіғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу.:


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова


























01 .04.2016 жыл


4 «Күншуақ» ересек тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» (ертегі)

Мақсаты:

Білімділік: ертегі мазмұнын рольге бөліп ойнату арқылы байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

Дамытушылық: ертегі кейіпкерлеріне байланысты білетін жұмбақ, өлеңдерін айтқызу.

Тәрбиелік: жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ертегі мазмұнына сай суреттер.

Әдіс-тәсілдер: тыңдау әдісі,дұрыс сөйлеу, сөйлем құрау әдісі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақтың барысы: -Балалар, бүгін «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегі туралы әңгімелейміз. Ертегінің бұлай аталуы жылдардың аттары хайуанның атына ұқсас. Мысалы: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

- Кіп-кішкентай болып жыл басы тышқан қалай болды екен?

-Осы хайуанаттардың ішінде үй жануарлары бар ма?

-Біз төрт түлік малмен жақсы таныспыз. «Күн-түн» ойыны арқылы әңгіме құрастырайық. Шарты: балаларға бір жануардың атын атап, «Түн» деген белгі береміз, балалар ұйқыға кетіп, сол жануар туралы әңгіме ойлайды. Біраз уақыт өткен соң, «Күн» деген белгі беріледі. Балалар оянып, кезекпен әркім ойлаған әңгімесін әңгімелейді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Осы аталған төрт түлік малдар түрлері шөп жиді екен. Бұлардың жеген шөбінің өзінің емдік қасиеті бар. Түйенің жейтін жантағы іш ауруына, жусанды жүйке ауруына, мия шөбінің шырынын аяқ қол сырқырағанда тартып қояды. Сөйтіп барлық хайуанаттар әрқайсысы өз пайдасын айтып тұрғанда тышқан қулық ойлап табады. «Бұл таласқанмен ешнәрсе өнбес, күнді қарап тұралық та, күнді кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын»,-дейді.

Осы сөйлемді балаларға 2-3 рет қайталату.

-Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің биіктігіне сеніп, менен бұрын кім көреді дейсің деп ойланып тұрғанда тышқан түйенің үстіне жорғалап шығып, өркешінің басына отырып, күнді бәрінен бұрын көреді. Содан бері тышқан жыл басы болған екен. «Түйе бойына сеніп құр қалды» деген осыдан қалған екен.

Балалар педагогты мұқият тыңдайды.







Балалар тышқанның қалай жыл басы болғандығын айтып береді.

-Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі.







Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.







Балалар педагогты мұқият тыңдайды.







Балалар осы сөйлемді 2-3 рет қайталап айтады.



Түйе бойына сеніп жыл басынан құр қалғанын, тышқанның айлакерлікпен жыл басы болғанын түсінеді.

Рефлексті – коррекция-лаушы

-Ертегі қалай аталады?

-Тышқан не деп ақыл айтты?

-Тышқан қалай жыл басы болды?


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі мазмұнын әңгімелеп білу.

Игереді: жыл басына таласқан хайуанаттардың аттарын дұрыс атауды.

Меңгереді: ойын ойнау, тапсырмаларды орындауды.



Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.К.Аймағанбетова.

25.03.2016ж.
























4.03.2016 жыл

12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сауат ашу

Тақырыбы: «Сөздерге дыбыстық талдау жасау»

Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауды тиянақтау.

Білімділік: дауысты, дауыссыз дыбыс туралы түсініктерін бекіту, қызыл, көк, текшелерді сөздегі дыбыстардың орнына қоя білу.

Дамытушылық: сүттен жасалатын тағамдардың аттарын айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: қол жаттықтыру жұмысын жүргізу.

Керекті құралдар: үй жануарларының төлдері, сүттен жасалған тағамдар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақтың барысы:

1.Ынталандыру ұйымдастыру кезеңі:

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Бұл жануарларды төрт түлік деп атайды.


-Енді осы жануарлардың төлдерін атаңдар.

Дыбыстық талдау жасаймыз.

Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Мына тор көздерге сөйлем құрайық.


2.Іс-әрекет кезеңі:

Дәптердегі тапсырмалар орындалады.

-Мына суреттерге зер салайық. Аттарын атап, дыбыстық талдау жасаймыз.

-Осы сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем құрайық.

Сергіту: Әжем жиі сауады,

Боз биені баяғы.

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.

Тіл ұстарту тапсырмалары.



-Қой, жылқы, түйе, ешкі, сиыр.

-Түйенің төлі-бота, сиырдың төлі-бұзау, жылқының төлі-құлын, қойдың төлі-қозы, ешкінің төлі-лақ.

-Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз.

-Дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.

- Бала атты суарды. Үсен шөп берді.



- Қаймақ, шұбат, айран, қымыз.

-Айран іштім. Шұбат-түйенің сүті. Қымыздың дәмі қышқыл болады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Рефлексті – коррекция-лаушы

«Төрт түлік» әнін айтып, сабақ аяқталады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дауысты және дауыссыз әріптері салыстырып білуі.

Игереді: Сөзерге дыбыстық талдау жасап білуі.

Меңгереді: көк және қыз текшелерді сөздегі дыбыстың орнына қоя білуі.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова










































































Автор
Дата добавления 12.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1282
Номер материала ДБ-026004
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх