Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Тақырыбы: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНА – 21 ЖЫЛ"

Тақырыбы: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНА – 21 ЖЫЛ"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНА – 21 ЖЫЛ» АТТЫ ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Сейдахметова Гүлжан Айтжанқызы –

Арнайы пәндердің оқытушысы


«Қаржы – әлемді басқарады»

Сабақ жоспары:

  • Дайындық: Барлық оқытушылар іс-шара басталардан 1 күн бұрын хабарландыру ілу арқылы шақырылады.

  • Бағалау үшін купон (теңге түрінде).

  • Мадақтама қағаздар.



Іс- шараны өткізу кезеңдері:

I.Сабақтың барысы:

«Қаржы» (салалары бойынша) мамандығының 2 курс студенттері тақырып бойынша әдебиеттерді жинақтап, тақырыптық көрмелерді дайындап, сайыс пен викторина сұрақтарын дайындайды.

ІІ. Іс-шараның жүргізу барысы

2.1 Оқытушының кіріспе сөзі:

«Құрметті студенттер, ұстаздар! Қазақстан Республикасының төл теңгесіне 21 жыл» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Елбасының жарлығымен 1997 жылдан бастап 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Түрлі елдердің ұлттық валютасы мемлекет тәуелсіздігінің айрықша белгісі болып табылады. Мемлекеттің тарихы оның ұлттық валюта тарихымен тығыз байланысты, ұлттық валюта айналымға ең алғаш және бір рет қана енгізіледі.

«Құрметті студенттер, ұстаздар, сіздерді «Қаржыгерлер күні және ұлттық теңгеміздің төл мерекесімен» құттықтаймын. Бүгінгі іс-шара тақырыбы осы төл мерекеге арналып отыр.

2.2 Іріктеу сайысы (бұл кезеңде текшелерге жауап беру арқылы әрбір студент ұлттық теңгемен қаражат жинақтайды: 1 дұрыс жауап 500 теңгемен бағаланады):

Викторина сұрақтары:

  1. Қазақстанның ұлттық валютасы қай кезде енгізілді?

  2. Қандай валюта халықаралық болып есептеледі?

  3. Қазіргі кезде Қазақстан аумығында қандай ақша белгілері айналымда жүр?

  4. Бекітілген ережені бұзғаны үшін жазаның түрі?

  5. Ресей мемелекетінің ресми ақша бірлігі?

  6. Экономиканың негізгі үш тұрғысы?

  7. Ақшаның атқаратын қызметтері?

  8. Инвестиция түсінігі және олардың обьектілері?

  9. Ақшаның қасиеттері?

  10. Инвестиция түрлеріне тоқталыңыз?

  11. Ұлттық экономикаға қызмет ету түрлері?

  12. Нарықтың негізгі элементтері?

2.3 Ұлттық валюта тарихы туралы

Ежелгі сақ елінде теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VІІІ-ІХ ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. Қазақтың «теңге» деген ақша атауының орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Түні нұрлы, ақ таңды,

Жері гүлдей бақтағы.

Ел ырысы-тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге-ел тірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.

Ежелгі кезеңдегі монеталардың шығу тарихы туралы бізге ФИН 2-2 тобының студеті Жүніс Балнұр баяндайды.

Бүгінгі ұлттық валюта «теңге» –Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың белгілері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англиға аттанды.

1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.

Біздің ұлттық валютамыз «Теңге» Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.

Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

1993 жылдың қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таң ертеңгі сағат 8-де басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені, төл еңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот-Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкноттық фабрикасында, ал монета – Өскемен қаласындағы Монета сарайында шығарылады.

ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтарын айту үшін студенттерді ортаға шақырайық.

100-теңге

Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі белгіленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен белгіленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы белгіленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

200 теңге

Негізгі бейнесі: Қазастан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта және төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследуются по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.

500 теңге

Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласының әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.

1000 теңге

Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласының әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.


2000 теңге

Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және оң жақ жоғарғы бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.

5000 теңге

Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазу және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескеретін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

10000 теңге ФИН 2-1 тобының студеті

2.4 Қазақстан және әлемдік экономика

Бұл кезеңде 6 мемлекет өз стратегиялық жолын таңдайды және бұл кезең«Монкап VS. Империалист» ойыны түрінде өтеді.

Бұл ойынға өткен кезеңнен ақша қаражаттарын жинақтаған үздік студенттер қатысады.

Бұл ойынды өткізу үшін қатысушылардан 6 елдің Президенттерін анықтау қажет. Ол үшін жеребе тасталады.

Қатысу үшін үздік студенттер жинақтаған қаражаттарын бағамдық айырма бойынша ұлттық валюта теңгені айырбас пунктерінде халықаралық валютаға айырбастап әрқайсысы 5 доллардан сатып алады.

Оқытушы ойын ережесімен қатысушыларды таныстырады, оларға бақылаушы ретінде жүргізушілер бақылап тұрады.

«Монкап VS. Империалист» ойыны – әртүрлі мемлекеттің шынайы экономикалық қызметінің моделі. Бұл модельде түрлі экономикалық заңдардың отандық өнеркәсіп пен ұлттық жалпы әл-ауқатына қалай әсер ететіні көрсетіледі. Қатысушылар, Қазақстанның мысалында, ұлттық валютаның девальвациясы немесе ревальвациясы отандық өнеркәсіптің өсуіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар инфляция және оның ішкі өнеркәсіпке қалай әсер ететіндігімен таныса алады. Қатысушылар, қаржы жүйесінің құралдарын қолдана отырып, қалайша кез келген мемлекеттің экономикасын ашып, оның өнеркәсібін жойып жіберуге болатынын көре алады. Бұл модельде халықтың тым жоғары тұтынуы мен тұтынушылық несиелер ел дамуын қалай және не себепті тежейтіні туралы түсінікті болады. Бұдан бөлек, ойынның қатысушылары қалайша АҚШ, Қытайға және Ресей секілді мұнайға тәуелді мемлекеттерге экономикалық әсер ете алатындығын көре алады.

Монкап ойындағы мақсат - өндірісі дамыған ел құру.

Монкап үшін оңтайлы Ойыншы – елде тауар өндіретін 6 зауыт бар болған кезде немесе барлық Империалисттер ойыннан шығып кетсе жеңіске жетеді. Монкап жеңіске жеткен кезде ойын тоқтатылады, Қазақстан Империалистерге тәуелді болмай, өзіне қажетті зауыттар мен тербелмелерді өндіре алатын, экономикалық жағынан Швейцарияға ұқсас, дамыған капиталистік елге айналады.

Монкап үшін ойнайтын Ойыншы – Қазақстанның жалауында орналасқан ешбір кен орны қалмаса, жеңіліске ұшырайды.

Империалист- басқа елдердегі экономикалық, саяси немесе әскери жаулап алатын немесе өзінің ұлттық қызығушылықтарына бағындыратын мемлекет.

Империалисттік ойындағы мақсат- Қазақстандағы жаулап алу және бағындыру.

Қытай, АҚШ немесе Ресей, яғни Империалисттер үшін ойнайтын Ойыншы – Қазақстанның барлық кен орындарында Империалисттердің жалаулары орналасып, елде өнім шығаратын 6 зауыт болмаса , жеңіске жетеді. Жеңіс Қазақстанның алаңында жалаулар саны көп Империалистке беріледі. Қазақстан жеңген Империалист елінің отар еліне айналады. Осы ойын жүру барысын сіздерге Жасар Мадина баяндап отырады.

Сөз кезегін Әлеуметтік – экономикалық бөлімінің меңгерушісі: Абилдаева Ғалия Абдықұлқызына, Алматы экономикалық колледжінің арнайы пәндер циклінің төрайымы: Қайырбаева Раушан Елтайқызына береміз.

Жүргізуші: Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 140-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!-дей келе «Қазақстан Республикасының валютасына – 21 жыл» атты сабағымызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!

Жеңімпаз елді марапаттау.

III. Бағалау және қорытындылау

Оқытушының қорытынды сөзі:

Бүгінгі іс-шараға атсалысқан өз білімдерімен көзге түскен төмендегі студентті ортаға шақырамыз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров95
Номер материала ДВ-475862
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх