Тақырыбы: Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ

Предпросмотр материала:

№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ

 

 

Өткізген 1 «В» сынып жетекшісі

Абдраманова Дәмеш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

 

 

         1.09.2014

Тақырыбы: Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ

Мақсаты:

1.      алғашқы Президент,Қазақстанның дамуы, болашағы туралы баяндау;

2.      ұлт көшбасшысының жасампаз істерін мақтан ету

3.      отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі: Астана, Президент, Қазақстан туралы слайдтар.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа оқу жылының басталуы, білім күнімен құттықтау.

  1. Негізгі бөлім

а) Кіріспе

- Балалар, сабақты бастамас бұрын мына сұраққа жауап берейікші. «Қазақстан» деген сөзді естігенде ойымызға не оралды?

 ОТАН. ТУҒАН ЖЕР. Н.НАЗАРБАЕВ.АСТАНА т.б.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз «Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» деп аталады. Байырғы халқы қазақтар болғандықтан біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады... 

 -Алдымен елбасымыз туралы айтып берейін.

 

 

 

Н.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматының түбіндегі Шамалған  атты елді мекенде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Сендер сияқты орта мектепте білім алған. Мектепті бітірген соң металлургтер даярлайтын оқу орнында оқыған. Қарағандының Теміртау қаласында кен байыту комбинатында жұмыс істеген. Қарапайым металлургтен Президент сатысына дейін қаншама жұмыстар атқарған. Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан дамыған елдер қатарынан орын алды.Мұның бәрі елбасымыздың көреген саясаты мен жасампаз істердің ұйытқысы болуының арқасында мүмкін болды. Атап айтсақ, елордамыздың Алматыдан Астанаға  көшірілуі тікелей елбасымыздың  басшылығымен жүзеге асты.Бүгінде Астананы күллі әлем таниды.Сарыарқаның төріндегі ару қала Астана күннен-күнге қанат жайып, көркейіп келеді. Биылғы жылы ару қала Астанаға 15 жыл толды

 

 

21

 

   Қазір 74жасқа келген Президентіміз әлі де тың. Оның арманы –Қазақстан әлемдегі ең бай, ең қуатты мемлекеттер қатарынан орын алса дейді. Сол үшін де қажырлы еңбек етіп келеді. Елін өрге сүйреген елбасымыздың ерен еңбегі мен жасампаз істері ел тарихында алтын әріптермен жазылары даусыз.Біз елбасымызды мақтан етеміз...

  1. «Сөз теру» дидактикалық ойыны

АСТАНА, БӘЙТЕРЕК, ҚАЗАҚСТАН сөздеріндегі әріптерден сөз құрап жарысайық. Кімде-кім көп сөз құраса, сол жеңімпаз болады.

  1. Сергіту сәті.  «Алфавит»  ойыны

а) Қобдишадан қалаған әріпті таңдай отырып, дереу алфавит реті бойынша сапқа тұру керек. Егер кімде-кім өз орнын таба алмаса, өнерін ортаға салады. Ойынды балалардың өз есімдерінің бірінші әрпі бойынша сапқа тұрғызып ойнатуға да болады.

  1. Қорытындылау

  Отанымыз, Астанамызға,Президентімізге арнап қандай ән немесе өлең шумақтарын айта аласыңдар?

Отан-тарих,Отан –тіл,

Жасаған елің, өр халқың,

Отан-өлең,Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Ардақтайтын Астанам

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай бас қадам!

Қиялдарға жетелейді

Балғын жүрек, бала арман.

Президент те, министр де

Біз сияқты бала болған.

Өнер-білім үйреніп,

Болашаққа барамыз.

Бәсекеде әлемдік

Қазақ атын жазамыз.

 

-Жарайсыңдар, балалар! Болашақта еліміздің көк байрағын көкке көтерер азамат болатындарыңа кәміл сенемін.

  1. Үйге тапсырма    Отан, туған жер туралы мақал-мәтел жаттап келу

Краткое описание материала

Тақырыбы: Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Танатарова Даригуль Кабылбаевна

учительница начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 6430
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 6430
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Танатарова Даригуль Кабылбаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: