Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы: Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде мектепке дейінгі жастағы балалар бойына ұлттық мәдениетті қалыптастыру.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тақырыбы: Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде мектепке дейінгі жастағы балалар бойына ұлттық мәдениетті қалыптастыру.

библиотека
материалов

КМҚК « Балбөбек» бөбекжайы








Тақырыбы:



Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде

мектепке дейінгі жастағы балалар бойына

ұлттық мәдениетті қалыптастыру.










Дайындаған: ІІ кіші «Құлыншақ» тобының

тәрбиешісі Ережепова З.










Приозерск 2015 жыл



Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпақтың бойына -ұлттық мәдениетті тәрбие қалыптастыру. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар – ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Тәрбиешінің міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір баланың жүрегіне жол тауып, оларды ұлттық тәлім – тәрбиемен сусындату болып табылады.

Белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза ағамыз былай дейді: « Қазақ әйелдері бұрын баласын тербетіп отырып, бесік жырын неге айтқан?! Ал бала соны құлағына сіңірген. Әрине, түсінбеген. Бірақ ұлттық негіз, сана, тіл, әуен, әуес сол бесіктегі кезден қалыптасқан ».

Тәрбиелеу негізінде көне көз әжелер тәрбиесі, ақылшы өсиетті аталар тәрбиесі, яғни халықтық педагогика негіздері басшылыққа алынуға тиіс.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында.

Ал жалпы педагог мұраты мен мақсаты – жетілген , толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбиеші балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез- құлқының, тәртібінің, сана – сезімінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақтың халықтық педагогикасы- бұл ұлан – ғайыр , шалқып жатқан мұхит сияқты кең дүние. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты – балалардың бойына көргенділік , әдептілік, еңбек сүйгіштік, қарапайыдылық сияқты жақсы қасиеттерді дамыту.

Халықтық педагогика – ол халық поэзиясының бөлінбес бөлшегі іспеттес. Жас нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері ұлттық мәдениеттілікке баулитын басты нысандар болып табылады. Олай болса, ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу кілті — халық педагогикасында деуге болады.

Жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымыза қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы – сұлу әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім – тәрбиелік, қадір- қасиетін жоймаған салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптары, адалдыққа , тазалыққа баулитын ырым – тыйымдар.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп бекер айтпаса керек.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне ұлттық мәдениеттіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Халықтық педагогика – қанша уақыт өтсе де тот баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына. Халқымыздың өз ұрпағын ізгілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді ең басты мақсат санаған.

Халқымызда «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп айтуының да негізі бар.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Жалпы ұлттық мәдениетті тұлға қалыптастыруда мына бағыттарды ұстану керек деп ойлаймын.

  • патриоттық және азаматтық;

  • рухани адамгершілік мәдениеті;

  • салауатты өмір салты;

  • жанұялық өмір мәдениеті;

Балалардың бойында осындай игі қасиеттерді тұтандыруда тәрбиешінің рөлі зор. Бүгінгі кезде тәрбиеші– кәсіпкер педагог, ол бала мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс – шаралар барысында балалар арасында ынтымақтастық қарым – қатынасын қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы , тәрбие жүйесін жан – жақты ұйымдастырушы, балаға күнделікті өмірде кеңес берер көмекші, топта қолайлы ахуал тудыратын үйлестіруші.

Халқымыздың ғасырдан ғасырға қастерлап келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, « Халқын сүйген салтын да сүйеді » дегендей ата – салтын мақтаныш тұта ма деген сұрақтар төңірегінде ойланып отырғанымыз абзал.

Қай елде, қай заманда болсын бала тәрбиесіне ерекше мән берілген. Өйткені бала ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. « Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы » деп халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, ұрпақ – саналы өмірдің ең басты кепілі. Сол себепті балаларды барынша жан – жақты тәрбиелеу – ең өзекті мәселе екенін үнемі ойлап отыруымыз керек. Балаларды жан – жақты жетілген , ақыл – парасаты, өресі биік азамат етіп тәрбиелеу- қоғам алдындағы борыш.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу – ең маңызды міндет.

Қорыта келе, қазақ халқының халықтық педагогикалық құнарынан нәр алып, ата тәрбиесі мен бүгінгі таңдағы педагогикалық жаңашыл

іс – тәжірибелерді ұштастыра отырып, тәрбие жұмысын жүргізгенде ғана жас ұрпағымыз бойына ұлттық мәдениетті, ізгі салт – дәстүрлерді сіңіріп, рухани бай, парасаты биік, жігер – қайраты мол тәуелсіз Қазақстанның азаматы және 2030-дың нағыз барыстары болып шығарына сенім мол.

Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сеніммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — ұлттық тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- ұлттық мәдениетімізде болуы керек. « Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі».



.



















Конец формы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров247
Номер материала ДВ-322125
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх