Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымджар. ҚМЖ

Тақырыбы: Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымджар. ҚМЖ

Скачать материал

Күні: 15.01.2019

Бөлім : «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.»

Тақырыбы: Биоалуантүрлілікті  сақтауға байланысты  құрылған ұйымдар.

Оқу мақсаты      

·         8.2.4.1    Тақырыбы              ұқсас       ғылыми  және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

·         Ж.8.3.2.1-жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне  сай  тілдік  құралдарды  орынды қолданып, мақала құрастырып жазу.               

Бағалау критерийі             Білім алушы                                        

•              Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдайды

                   Мәтіннің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтайды

                   Тілдік  құралдарды  орынды  қолданып,  мақала жазады.

Тапсырма

Мәтіндерді сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс бойынша оқып шығыңыз.

1-мәтін

.2-мәтін

Жануарларға қайырымды болыңыз

        «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның бірінші бөлімі омыртқалы жануарларға, ал екінші бөлімі өсімдіктерге арналып шығарылды. Әлемдік деңгейдегі жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығының ұйымдастырылуына аталған кітаптың да үлесі жоқ емес.

          Тамыз айының үшінші сенбісінде Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні атап өтіледі (International Homeless Animals Day). Атаулы күннің белгіленуіне себеп болған – Халықаралық жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығы. Ұйым бұл ұсынысты 1992 жылы білдірген болатын. Бастапқыда халықаралық дәреже берілмегенімен, көптеген елдердегі жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады.

Бүгін мереке емес, бүгін әлем жұртшылығының үйсіз-күйсіз жануарларға назарын аударуға, адамдарға олардың трагедиялық тағдырларын таныстыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Еріктілер арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан, конкурстардан, аукциондардан түскен қаржыны үйсіз қалған жануарларға жұмсайды. Сондай-ақ бұл күні қарапайым мысықтар мен иттерге қожайын табуға жақсы мүмкіндік туады.

         Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күнінің басты мақсаты – жануарлардың қожайындарына жауапкершілікті сезінуді тағы да бір рет естеріне салу және мүмкіндігінше үйдегі жануарлардың санын көбейтуге үгіт-насихат жүргізу. Осы мақсатта мал дәрігерлері бір күн бойы тегін қызмет көрсетеді.

Биологиялық алуантүрлілік.

           Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.

 

Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

 

1-мәтін

 

2-мәтін

 

Мәтіннің стилі

 

 

 

 

Тақырыбы

 

 

 

 

                                                 Түрі

 

 

 

 

Құрылымы

 

 

 

 

Екі мәтіннің ұқсастығы

 

 

 

Екі мәтіннің айырмашылығы

 

 

 

Дескриптор  Білім алушы

 

-сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірістерді қолданады;

 

-мәтіндерді салыстырады;

-ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

 

-түрі мен стилін анықтайды;

-тақырыбы мен құрылымын ажыратады.


2-тапсырма:   Құрылымын , мазмұнын ескере отырып, мақала  жазыңыз.  

Тақырыбы: Қоршаған  ортаны қорғау және алдын-алу жолдары»

 

Дескриптор   Білім алушы

мәтіннің жанрлық ерекшелігін сақтайды;

мәтіннің стильдік ерекшелігін сақтайды;

тілдік құралдарды орынды қолданады;

-                      мақаланы  талапқа сай жазады


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 109 974 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2019 2100
    • DOCX 23.9 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 697385
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой