Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тақырыбы: "Бәрін білгім келеді"

Тақырыбы: "Бәрін білгім келеді"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары/план урока/plane of the lesson

Күні/дата/date: 11.10.2016. Сынып/класс/ form: 1 Такырыбы/тема/theme: Бәрін білгім келеді

Сабақтың типі: қайталау сабағы Сабақтың мақсаты: Балалардың << білім>>, << еңбек>> құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, және << сыйластық >> ұғымын қалыптастыру.

Міндеттері:

- оқушы, оқу, білім, туралы түсінік беру.

- білімге, оқуға, еңбек етуге қүштарлықтарын және ұстазбен сыйластық, қарым-қатынастарыншағын көрініс арқылы дамыту.

-жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: презентация және тілектер жазылған стиккер.

1.Шаттық шеңбері; Балалар шаттық шеңберін құрып бір-бірімен амандасады. Мұалім айтып тұрады оқушылар қайталайды: GOOD MORNING

GOOD MORNING

GOOD MORNING TO YOU

GOOD MORNING GOOD MORNING

I LIKE TO SEE YOU !!!

Жарайсыңдар, енді қазақша нұсқасын айтып көрейікші. Менімен бірге қайтала:

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ. ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ ДОСЫМ

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ

МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН !!!

Өте керемет, ал енді орысша қалай болатынын айтып көрейікші:

ДОБРОЕ УТРО, ДОБРОЕ УТРО

ДОБРОЕ УТРО МОЙ ДРУГ!!!

ДОБРОЕ УТРО, ДОБРОЕ УТРО

Я ТЕБЯ ЛЮБЛЮ!!!

Жарайсыңдар балалар. Бір-бірлеріңды жақсы көретіндеріңді айттыңдар. Ал сендер бір-бірлеріңе кім боласыңдар? Бір сыныпта оқыған соң сыныптастар боласыңдар. Ал сендер бір-бірлеріңді қайда келгенде көресіңдер? Мектепке. Мектепке не үшін келесіңдер? Оқу үшін білім алу үшін. Мектепте оқу біз үшін пайдалы ма? Сондықтан да сендер мектепті жақсы көресіңдер ме? Ендеше мектепке арнап келесі тақпағымызды айтайық. Менімен бірге қайталаңдар. МЕКТЕП-КЕМЕ

БІЛІМ-ТЕҢІЗ.

БАРАР ЖЕРГЕ

ТЕЗ ЖЕТЕМІЗ!!!

Рахмет, енді ақырын ғана орындарыңа отырыңдар.

Тапсырма. Суретпен жұмыс. мектепке білім алуға келген үлгілі, жақсы оқушылар енді тыныш отырып, мына суреттерге назар аударыңдар. (презентациядан баланынң күн тәртібіндегі іс-қимылдары шығады) не көріп тұрсыңдар? Енді көріп тұрғандарыңды әңгімелеп беріңдер. Жарайсыңдар балалар. Осылай күн тәртібін міндетті түрде сақтау керек. Сонда ғана сендер ең жақсы оқушы боласыңдар.

Тыныштық сәті. Ақырын ғана жайлы музыка қосылады. Енді балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылып, бақытқа, махабат пен тынштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді жайлап қана көздеріңді агшыңдар.

Шығармашылық жұмыс: Біраз демалып қалдыңдар ма? Енді сабағымызды одан әрі жалғастырамыз. Балалар сендер күнделікті мектепке келесіңдер, ең алдымен не істейсіңдер? Мұғалімді көргенде?ия дұрыс айтасыңдар сендерді күтіп алатын мұғаліммен амандасасыңдар. Енді былай болсын. Бір оқушы шықсын, елестетіңдер мен сендерді күтіп алатын Шолпан апаймын, ал сен келген оқушысын апайыңмен қалай аманлдасатыныңды көрсет. Жақсы. Балалар сендер үзіліске шыққанда басқа апайларды көресіңдер ғой. Олармен де не істеу керек? Амандасу керек. Ал енді маған екі оқушы шықсын. Мысалы Алима мен Санжар. Алима мұғалім басқа сыныпьтың мұғалімі, ал Санжар үзілісте жүрген оқушы. Санжар осы апаймен қалай амандасатыныңды көрсет. Балалар, кейде біздің сыныпқа басқа мұғалімдер кіріп келеді. Сонда не істеу керек? Енді мен қазір сыныптан шығыамын да қайта кіремін, мен мұғаліммін. Сонда сендер ізгі ретінде орындарыңнан тұрыңдар.Балалар, біздің мектепте осы кабинет. Дәлізден басқа не бар? Кәне кім біледі? Кітапхана бар, Ал сендер кітапханаға кіргенде кітапханашымен қалай сөйлесу керек екендігін білесіңдер ме? Естеріңде болсын кітапханаға кіргенде ең алдымен кітапханашымен амандасу керек. Себебі балалар амандасу деген үлкен тәрбиелікті, сыпайылықты көрсетеді. Содан соң кітапханашыдан қандай кітап керек екенін сұрайсыңдар. Кітапты алып болғасын не деу керек? Рахмет деу керек. Содан кейін «Сау болыңыз» деуді де ұмытпаңдар. Екі оқушы шығып көрсетеді қазір бізге. Жарайсыңдар әрқашан осылайша бір-бірлеріңе, ұстаздарға сыйластықпен қарап жүріңдер, әрқашан да амандасуды ұмытпаңдар. Сендер себебі: ең тәртіпті ең әдепті және ең жақсы оқушысыңдар.

Балалар, сендер осы мектеп кітапханасынан басқа осы қаламызда қандай кітапхана бар екенін білесіңдер ме? Ендеше мына суретке назар аударыңдар. (презентациядан Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының суреті шығады таныс па? Балалр бұл біздің қаламыздың орталығындаа орналасқан Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы. Бұл кітапхана Қостанай облысы бойынша ең үлкен кітпахана және кітап қоры көп кітапханалардың бірі болып табылады (презентациядан кітапхананың ішкі көрінісі шығады) міне мынау кітапхананың іші. Өте үлкен үлкен және өте әсем.

Сергіту сәті: Балалар, енді тұрып сергіп алайықшы.

Мектебім мынау-класың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың!

Ойын.Жарайсыңдар. Балалар сендер бір сыныпта оқисыңдар. Ал бір-бірлеріңді жақсы білесіңдер ме? Дауыстарыңды жақсы танисыңдар ма? Енді «Дауыста дауысыңнан танимын» деген ойын, ойнаймыз. Қазір ортаға бір оқушы шықсын, оның көзін мына орамалмен таңамыз. Кез-келген оқушы тұрып ортаға шыққан балаға жылы сөз айту керек. Ал ортадағы бала оның кім екенін танып айту керек айта алмаған жағдайда өлең немесе тақпақ айтады. Айта алмаған жағадайды жылы сөздер айтады кез-келген оқушыға .

Дәптермен жұмыс.Жарайсыңдар. ойнап бір сергіп алдық. Енді Дәптерлеріңді ашып Алпамыс пен Махаббатың мектепке баратын жолын тауып бояңдар.

Жүректен жүрекке. Жарайсыңдар балалар. Енді бәріміз бірге бала тілегі әнін айтамыз. Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі сабақта өте белсенді болдыңдар сол себепті қазір мен сендердің аттарыңды айтамын , сол оқушы келеді де тілектерді алады.

-Абайдай дана бол!!!

-Гүлдей жайнап жүр!!!

-Күндей күлімсіреп жүр!!!

-Ең үлгілі оқушы бол!!!

-Ең тәртіпті оқушы бол!!!

-Сыныптың мақтанышы бол!!!

-Достарыңа сыйлы бол!!!

-Сабағың үздік болсын!!!

-Көңілді бол!!!

-Ең әдемі бол!!!

-Ең көркем бол!!!

-Ең көрікті бол!!!

-Әрқашан да жадырап жүр!!!

-Батыр бол!!!

-Батыл бол!!!

-Жетістіктерге жет!!!

-Сыныптың мақтанышы бол!!!\

-Алғыр бол!!!

-Ақылды бол!!!

-Зерек бол!!!

-Үлгілі бол!!!

-Өнерлі бол!!!

-Өнерің өрлей берсін!!!

-Еліңнің елеулісі бол!!!

Бүгін сабақта не істедік? Не үйрендік? Басқа апайларды көргенде нен істеу керек? Жарайсыңдар, осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров21
Номер материала ДБ-350589
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх