Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тақырыбы: "Дарынды және талантты балаларды анықтау жолдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тақырыбы: "Дарынды және талантты балаларды анықтау жолдары"

библиотека
материалов



































Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

«Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Дарынды және талантты балаларды анықтау жолдары







Шұбарсу – 2016жыл



Пікір жазған:

Мұхаметқұл Исламқұлов жалпы орта мектебінің директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары О.Нұрбекова.



Оқу құралында дарынды және талантты балаларды анықтау жолдары қарастырылған.

Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері мен жұмыс жүргізу жолдары, мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай көмектесуге болатындығы туралы жазылған.




















































































Жоспар


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

2.2 Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары

2.3 Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай көмектесуге болады?

2.4 Дарынды балаларды оқыту туралы менің ойларым

ІІ. Қорытынды











Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр. Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді, талап өзгерді. Бүгінгі бала –ертеңгі ел болашағы. Олай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз қажет.

   Елімізде соңғы уақытта білім саласында жүріп жатқан реформалардың басты мақсаты-өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Осыған орай, соңғы уақытта Н.Ә.Назарбаев мұғалімдерге үлкен үміт артып отыр. Мұндай бәсекеге қабілетті ұрпақ, әрине, мектеп табалдырығынан шығады. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім  жұмысының нәтижесі оқушы білімі. Олай болса оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне тікелей байланысты. 

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп, оны жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет-дарындылықтың




































































ерекшеліктерін айқындау мен анықтау.  Неғұрлым баланың таланты мен қабілетін дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюы мүмкін. Сондықтан дарынды оқушыларды анықтағанда мұғалімнің шеберлігі және мектеп психологының көмегіне жүгіну қажет. Дарынды баламен жұмыс жасағанда оның нәтижелі болуы мұғалімнің біліміне тікелей байланысты. Дарынды ұстаз болған жерде дарынды бала шығады. Осыған орай мұғалім жан-жақты, кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы шарт. Ол тек білімді жеткізуші ғана емес, керісінше, оқушының білімін, өмірге көзқарасын жүйелі түрде қалыптастыра алатын, ізденгіштікке баулып, танымдық қабілетін дамыта түсетін болуы керек. 

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабіллетттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. 

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаздар қауымы осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. 

 Балаға білім мен тәрбиені жас шамасына, жаратылысына қарай беру керек. «Жас бала - жас  бір шыбық. Жас күніңде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан»деген сөздің мәнісі осы», - дейді Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты ғылыми публицистикалық оқулығында. Баланың білімге деген құмарлығын оятып, дарын-қабілетін дамыту үшін, ең алдымен, сабақ мазмұнды да мағыналы болып өтуі тиіс. Сабақ-мектепте оқушыларға білім мен тәрбие берудегі негізгі процесс. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен икемділігі де осы сабақ үстіндегі жүйелі бақылауда анықталады. Дарынды баламен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Бала бойындағы дарындылықты көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет.

Ренцулли (1976) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

  • қабілеттері ортадан жоғары;

  • тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;

  • жоғары деңгейлі шығармашылық.

Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген пікір білдіреді. Олар осы санаттағы оқушылар әдетте кәдімгі мектепте ұсыныла бермейтін көптеген білім беру мүмкіндіктері мен қызметтерін қажет етеді деп санайды.

Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алса,





































































кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер.

Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында ақсауы мүмкін.

Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:

  • Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.

  • Заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды.

  • Ақпаратты шұғыл өңдейді.

  • Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.

  • Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.

  • Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.

  • Оқудың жекелеген кезеңдерін атап өтеді.

  • Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.

  • Проблемаларды анықтайды және шешеді.

  • Барлығына талдау жасайды.

  • Идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.

  • Кең ауқымды білімді пайдалана алады.

  • Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға ұмтылады.

Креативті ойлаудың сипаттамасы:

  • Ерекеше идеяларды табады.

  • Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.

  • Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.

  • Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.

  • Болашақты ойлағанды жақсы көреді.

  • Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.

  • Көптеген идеяларды ойлап шығарады.

  • Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.

  • Ерекше нәрселерді іздейді.

Ынталандыру сипаттамасы:

  • Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.

  • Дербес.

  • Мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды.

  • Міндеттерді шешуде дәйекті.

  • Табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады.

  • Өзін өзі сынауға және бағалауға бейім.

  • Сенімді.

  • Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.

Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:

  • Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.

  • Құрбы-құрдастары құрметтейді.

  • Басқалармен жылдам тіл табысады.

  • Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.

  • Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.

  • Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.

  • Өзіне сенімді.

  • Жаңа жағдайларға тез төселеді.

  • Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.

  • Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.

  • Өзіне жауапкершілік алуға дайын.




































































  • Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.

Табандылық сипаттамасы:

  • Өктем өтініштерге сенбей қарайды.

  • Өткінші шешімдерге күмән келтіреді.

  • Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.

  • «Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.

  • Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.

  • Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.

  • Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі болуға тырысады.

  • Тиянақты, қойған сұрақтары нақты.

Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды.

Фриман (1998) төменде көрсетілген, ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болады деп санайды:

  • олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

  • олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;

  • олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;

  • олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

  • олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

  • басқаларға қарағанда олардың тәртібі жақсы;

  • қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады;

  • ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;

  • олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

Мұғалімдер өз сыныптарындағы дарынды және талантты балаларды анықтау үшін оқу барысында оқушыларды мұқият бақылау қажет болады.

АҚШ-тың Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі (1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:

  • талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;

  • мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік ұсыну;

  • оқушылардың тек кқөрсетіп жүрген ғана емес, соныменбірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау;

  • ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;

  • уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.

Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.









































































Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.

Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңаша әдіс тәсілдерге сүйеніп, сабақ өткізуде өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастырады. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесінде әдіс-тәсілдер де жаңарып, түрленіп отыруы тиіс. Міне осыдан кейін оқушының дарындылығын ашуға мүмкіндік туады. 

Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:

- шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерлеуі;

- әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;

- кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы;

- интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы, білімге, жаңалыққа құмарлығы);

- жан дүниесінің тереңдігі;

- шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.

 Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Ата-ана, психолог, мұғалім бала қабілетін дұрыс дамыту  үшін қандай дәрежеде қалыптасқанына зер салғаны дұрыс. Оқушы қабілетін жақсы жолға түсіру үшін неғұрлым еңбексүйгіш, ойлаған ісін ешбір ерінбей, жалықпай орындау, күшті ерік жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, өзіне қатты талап қоя білу сияқты сапалар қажет.  Ресей психологтары дарындылық туралы мынадай анықтама

берген: «Дарындылық – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды». Атомның құрылысын жай көзбен ажырату қалай қиын болса, қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау да сондай, аса жауаптылықты қажет етеді, бұл өз жолын әлі де қарастыруда. Дарындылық белгілі бір әрекет негізінде ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.

«Баланы оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету», — дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды. Өзгермелі қоғамдағы білім  жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай  өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру екеніне көз жеткізудеміз.

Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.



 









































































Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:

  1. Даралап оқыту;

  2. Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;

  3. Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;

  4. Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;

  5. Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің

шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу  кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның  қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды









































































болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. (Нұсқаулық 72-бет)

Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктеріне қарай үшке бөлуге болады:

  • Шығармашылық дарындық;

  •  Интеллектуалды, табиғи дарындылық;

  • Лидерлік дарындылық.

Демек, педагог  баланың қай жағынан дарынды екенін анықтауды ерте жасынан қолға алуымыз керек. Кейбір балалар өздерінің дарынды екендігін көрсетуге қабілетті болса, кейбіреулері өз талантын көрсетуге асықпайды немесе өздері де байқамайды. Осындай кезде біз ата-ана, психологтармен, керек кезде сол оқушылардың құрбыларымен,  сыныптастарымен бірігіп жұмыс атқаруымыз  қажет. Арнайы зерттеулер жүргізуіміздің нәтижесінде дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлаймыз.

В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің

жиынтығының бірлігі деуге болады», — деп тұжырымдайды.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да жарысы қолданылады. Шығармашылық — өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің ұштасуы.

Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған.  Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.

Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.  Оның ішінде қабілеттің туа біту мен жүре дамуына байланысты да көптеген пікірлердің қалыптасқанын да білдім. Дарынды балаларды оқытуда











































































Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп
ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001).























Қорытынды

Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған.  Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.

Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.  Оның ішінде қабілеттің туа біту мен жүре дамуына байланысты да көптеген пікірлердің қалыптасқанын да білдім. Әрине математиканы оқып үйренуде қабілеттің алар ролі зор дер едім. Сондықтан егер де математиканы қабылауға қабілеті болмаған жағдайда, «гуманитарлық» білімдерге бейім оқушының математикалық біліктілігін арттыру үлкен ізденістер мен күрделі жұмысты қажет етеді деп есептеймін.

Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

Автор
Дата добавления 25.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров819
Номер материала ДБ-098616
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх