Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Шеберлік сынып. Тақырыбы: Дарынды және талантты балаларды оқыту

Шеберлік сынып. Тақырыбы: Дарынды және талантты балаларды оқыту


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

D:\Мои рабочие фотографии\PHOT0014.JPG





Т.А.Ә.А:Кыздарбекова Айгуль Батырбаевна

Жұмыс өтілі: 19 жыл

Жұмыс орны: КММ «№23 орта мектебі Осакаров ауданының әкімшілігі»

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: жоғары деңгейдегі жоғары санатта



ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Мақсаты:

Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту ойымен және оларды жоғары деңгейде дайындау мақсатымен, оқушының дарындылығын анықтау жолдарын тауып, қолдау көрсетуге үйренеді.

Міндеттері:

Дарынды және талантты оқушылардың сипаттамасын береді. «Дарынды оқушылар» туралы қосымша мәліметпен танысады. Мұғалімнің өзінің дарынды оқушымен жұмыс жасау үшін ерекше болу керектігін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер дарынды баланың моделін жасайды, презентацияны қорғайды. Дарынды және талантты оқушылардың сипаттамасын береді. Постер жасап, презентацияны қорғайды. Дарынды оқушыларды анықтай алады. Дарынды оқушылармен ұтымды жұмыс істеуге дағдыланады.

Мақсатты аудитория:

Осакаров ауданының мұғалімдері

Әдістер мен тәсілдер:

АҚТ, постер, кластер

Ресурстар:

Презентация «Дарынды оқушыларды оқыту», флипчарт, маркер, А4 қағаз.

Қосымша әдебиет:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Сил С. (2006).

«Оқушыларды біріккен топтық жұмыста диалогқа қалай итермелеу керек?» Мұғалімдердің Ұлттық зерттеу кеңесінің есебі. Эйр Д. және МакКлар Л. (обр). (2001).

«Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту». Дэвид Фултон.



ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТЫҢ БАРЫСЫ



Жұмыстың кезеңдері

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың қызметі

Кездесу

Міндеті: шеберлік сыныбына қатысушылармен танысу

Сөйлемді бір сөзбен жалғастыру:

-Мектеп мен үшін ...

Әр қатысушы өзінің ойын айтады. Және әрі осылай тізбектеліп кете береді.


Топқа бөліну

Қатысушыларды топқа бөлу мақсатымен жемістердің суреттері беріледі. Қалаған жемісін таңдап алады. Сол жемісті таңдап алған адамның мінезінің сипаттамасымен таныстыру.

Қатысушылар сүйіп жейтін жемісін таңдап алып, топқа бөлінеді. Сол жемістерді сүйсініп жейтін адамдар туралы психологиялық мінездемесін тыңдайды.

Тақырыпқа кіріспе

«Дарынды балалар» видеоролігін көрсету.

Видеороликті көріп тыңдайды

Тақырып бойынша қатысушылармен диалог

Тақырып бойынша сұрақтар қою: - Дарынды баланы қалай анықтауға болады? –Сыныпта дарынды балаларыңыз бар ма? – Оны қалай байқадыңдар?

Видеоролікте көргендерін талқылайды. Өз ойларын ортаға салады.

Анкетирование өткізу. Дарынды мұғалімді анықтау.

Келген мұғалімдерінің ішінен дарынды мұғалімді анықтау және практикада дарындылықты анықтау тәсілімен таныстыру. Оқушылардың қасиеттері тізбектеліп айтылады. Оқушылардың ұнаған қасиеттеріне мұғалімдер «қосу» таңбасын белгілеп қояды, ұнамаған қасиеттерін «азайту» таңбасымен белгілеп қояды. Егер де қойылған таңбаларының ішінде жұп «қосу» таңбасы артық болса мұғалім өзінің ерекше мұғалім екенін біледі. Сонымен қоса керісінше болса, мұғалім өзінің білімін арттыру қажет екенін түсінеді.

Оқушының ұнаған қасиеттеріне қосу таңбасын қояды, ал ұнамаған қасиеттеріне алу таңбасын қояды. Содан соң қосу таңбасын санап, өзілерінің қандай топқа жататынын анықтайды.

Топтық жұмыс

Постер құру:

1-топ. «Дарынды оқушының моделін құру»

2-топ «Дарынды оқушыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету жолдары»

Постер құрады. Қатысушылар ақылдасып бірігіп жұмыс жасайды.

Презентацияны қорғау


Әр топтың мүшелері постерді қорғайды, яғни презентация жасайды.

«Дарынды оқушылар» презентацияны көрсету

Дарынды оқушылар туралы қосымша мәліметпен таныстыру

Презентацияны тамашалайды, өз білімдерін арттырады.

Рефлексия "Синквейн»

Кері байланыс. Тақырып бойынша қатысушыларға «Синквейн» құрастыруға ұсынылады.

1-зат есім- тақырыптың атауы

2-сын есім;

3-етістік;

1 сөйлем - ойдың түйіні

Тақырыпқа синоним


Бес жолды өлең құрастырады.

Шеберлік сынып жүргізушінің рефлексиясы

Менің шеберлік сыныбыма аудан бойынша 22 мұғалім қатысты. Көздеген мақсатыма жартылай жеттім деп ойлаймын. Себебі шеберлік сынып өзіміздің бірінші деңгейден өтіп келген мұғалімдердің шарты бойынша қазақ тілінде дайындалған және қазақ мектебінде оқытатын мұғалімдерге арналған. Бірақ келген мұғалімдер арасында ұлты орыс мұғалімдер болды. Сондықтан шеберлік сыныпты екі тілде өткізуге мәжбүр болдым. Әрине екі тіл білген адамға ол қиындық туғызбайды деп кейбір пікірлерге тап болдым, бірақ та екі тіл білсем де, практикаға келгенде озімнің ойымды толық жеткізе алмадым, көздеген мақсатыма толық жете алмадым. Аудиторияның екі жағымен жұмыс істеу барысында ойым қақ бөлініп, аяқталмай, үзіліп қала берді. Екіншіден, екі тілде өткізілген диалог барысында уақыт көп кетеді және презентацияны да аудару оңай емес деп ойлаймын, ал уақыт болса шектелу болды. Мен үшін осы шеберлік сыныпты өткізу қиын болды. Сонымен қоса осындай үлкен аудиторияға шеберлік сынып өткізіп көрген емеспін. Сондықтан тәжіребем аздау болды деп ойлаймын. Бірақ соған қарамастан мұғалімдер дарынды оқушылар туралы көптеген мәліметпен танысты, дарынды оқушының моделін көрсетіп және оған қажет әлеуметтік және психологиялық жоларын тізбектеп айтып берді. Әр мұғалім өзінің дарынды оқушымен қаншалықты жұмыс жасай алатынын жабық тест арқылы анықтады. Бұл шеберлік сыныптың мен үшін басты мақсаты және негізі: Мұғалім дарынды оқушымен жұмыс істеу барысында, дарындылықты анықтай, тани білу керек және әр оқушының дарындылығын аша білу керек. Ал ол үшін әр мұғалімнің өзі ерекше, дарынды мұғалім болу керек. Ең басты осы ойды жеткізе алдым деп ойлаймын. Егер де осы тақырып бойынша шеберлік сынып қайталап өткізсем нақты сұрақтар бойынша диалог құруға дайын боламын және ойымды бір тілде ғана жеткізуге тырысамын.

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20150206_125525.jpg

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20150206_125520.jpg

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20150206_125541.jpg

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20150206_125530.jpg
































































Краткое описание документа:

Тақырыбы:

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Мақсаты:

Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту ойымен және оларды жоғары деңгейде дайындау мақсатымен, оқушының дарындылығын анықтау жолдарын тауып, қолдау көрсетуге үйренеді.

Міндеттері:

Дарынды және талантты оқушылардың сипаттамасын береді. «Дарынды оқушылар» туралы қосымша мәліметпен танысады. Мұғалімнің өзінің дарынды оқушымен жұмыс жасау үшін ерекше болу керектігін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер дарынды баланың моделін жасайды, презентацияны қорғайды. Дарынды және талантты оқушылардың сипаттамасын береді. Постер жасап, презентацияны қорғайды. Дарынды оқушыларды анықтай алады. Дарынды оқушылармен ұтымды жұмыс істеуге дағдыланады.

Автор
Дата добавления 22.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров271
Номер материала ДВ-004062
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх