1725770
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
V ЮБИЛЕЙНЫЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНКУРС
ИнфоурокНачальные классыКонспектыТақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№ 18 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ходжа-Ахмедова Светлана Рахимовна


Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»

Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.



Тәрбие сағатының жүрісі: Құрметті ұстаздар және оқушылар қауымы! Бүгінгі 4 ә - сыныбының «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға арналады.

Алдымен көрініс тамашалап алайық.

Автор: Осы тұста сыныпқа ұқыпсыз, салақ, үсті-басы кір бала кірді.

Салақ бала: Ха-ха-ха! Мынау келген кімдер? Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар? Мен сендерге суға түспей кір болып жүруге, парта сызуға, құстарды атуға үйретемін. Қайсысың менімен дос боласыңдар?

Оқушылар сөзі. - Жарайды, күштеріңді сынайын,кім менімен күш сынасып көреді.

Оқушы:

Ой, оңбаған, кір-кір неме

Көрінбе, әрі, көзіме,

Тап қазанның күйесі,

Қарашы өзің-өзіңе:

Мойның мынау, толған батпақ,

Бұл не деген масқара!

Мұрның асты сатпақ-сатпақ,

Қолың көсеу, қап-қара!

Жүргізуші: : - Бұл бала туралы не айтамыз?

- Салақ, сатпақ, кір-қожалақ т.б.

1.Анау бала, бетін қара, кір-қожалақ, қап-қара.

2.Тырнағы өскен,шашы көптен алынбапты – ау масқара!

3.Оның аты – Сабалақ,

Әдеті бар жаман – ақ,

Киімі кір-қожалақ,

Көрген емес тазалап.





Автор:

Осы сәтте оқушыларға қашып,жалба-жұлбасы шыққан екі оқулық кездеседі.

Оқушы: Оқулықтар, неге осыншама түрлерің жаман. Өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?

Оқулық: (жыламсырап) Иә, ауырып тұрмыз, жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең қашып құтылдық.

Оқушы: Иә, жағдайларың белгілі боп тұр. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар-ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.

Оқулық: Иә, сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.

Оқушы: Жүріңдер, мен сендерді «Кітап емханасына апарайын. «Кітап дәрігеріне келеді). Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Кел, «Ана тілі», тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың: су тиген, содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозын: кір қолмен ұстаған, кір майдың іздері түскен, беттеріңді бүктеген.

«Математика» оқулығы кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозын: сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың түбі түсіп, беттері шашылып қалған. Екінші диагноз: беттерді шимайлаған, белгі соққан. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін, емханада жатып емделесіңдер.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Жүргізуші: Бұл оқулықтарды қандай оқушылар ұстаған? Оқушылар жауабы.

Салақ бала: (ұялып, төмен қарап)

- Жусам бәрін түк қалдырмай,

Салақтарын бетімнің,

Ұқыпты әрі таза болып,

Шықсам деймін көңілден (шығып кетеді)

Жүргізуші:

Ал енді кезек ойынымызға қатысатын топтарға да келген сияқты

Топтарды таныстыру:

1 - топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың».



Шапшаңдығыңа қайран қалам,

Жете бер мақсатыңа армандаған

Майысып, өнерімен тәнті еткен

Бекзаттай баланы қайдан табам.

Көңіліңнің қошын – ай, көпшіліктің досындай.

Ақ ниетті кең пейіл, біздің Жанерке осындай.

Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді,

Деген оймен Асель, жарысуға келіп тұр.

2 - топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда»



Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,

Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.

Ән айтып, би билеу, бір Елдостың бойынан табылады.

Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі.

Жарыста озып шығам деп, сайысқа Мөлдір келеді.

Біздермен ойнап күледі, cырымызды біледі.

Қасымызда Марина, қақтығысып жүреді.

Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді жарыстыратын, қазылар алқасымен таныстырып қояйық. 1.Базарбаева Майра

2.Тлеумбетова Арухан

3.Эдильханова Ақжарқын

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,

Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.

Бәйге сайысы.

Шымыр тобына 1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.

Сымбат тобына 2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.

Шымыр тобына 3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.

Сымбат тобына 4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/

Шымыр тобына 5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/

Сымбат тобына 6. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.

Жүргізуші: Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».

«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.

«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.

«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.

«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.

«Сымбат» тобы -

Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.

Ойын «Білек күрес».

Білек күшін сынаймыз.

Кім епті екенің сыныпта,

Күштілер бар біздерде

Төтеп берер тығырықта деп, оқушылар білек сынысады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар.

«Тапқырлық» сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау.

1. Денсаулық -........................ (зор байлық)

2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)

3. Емнің алды -................................ (еңбек)

4. Ауру қалсада.................... (әдет қалмайды)

5. Ұяда не көрсең...................(ұшқанда соңы ілерсің)

6. Күлме досыңа.....................(келер басыңа).



Жүргізуші:«Шопан» сайысы. Мына жатқан обручтарға шарларды апарып салу керек. Қай жақтың шарлары көп болса, сол жақ жеңімпаз.

Жүргізуші: «Жұмбақ сайысы».

1. Ертемен күнде сен,

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір - ласың

Тап – таза боласың

Бұл не?(сабын)

2. Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар

Бұл не?( тарақ)

3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.

4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.

Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/

5. Иілсең иіліп,

Түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіне

Бұл не?(Айна)

6. Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сипайды қолын да

Сипайды жонын да

Бұл не? (Сүлгі)

7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген. /велосипед/

8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.

Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.

Жүргізуші:

Шаршап қалған болсақ сынып қыздарының қазіргі заманауи биін тамашалауға кеңес беремін.

Би: «Флешмоб»

Жүргізуші:

Қалта ойынын ойнауға қалай қарайсыңдар оқушылар.

Ендеше ойынды бастайық.

Жүргізуші:

Ендігі кезекте қазылар алқасына біздің қабырғамызда ілініп тұрған туындыларға зер салуларын сұраймыз. Ең үздік деген суретті таңдап жүлделі орындарды табыс етулеріңізді өтінеміз.

Қорытынды.

Көңіл бөліп бұл сыныпқа.

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге.

Мың рахмет, мың рахмет.







Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттау дипломдарын табыстайды.













Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Лабиринт
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.