Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: Ұ дыбысы мен әріпін қайталау

Тақырыбы: Ұ дыбысы мен әріпін қайталау


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Сауат ашу. 1 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әріпін қайталау

Мақсаты : Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі: сауаттылыққа, үйрету, сөйлем құрау, сурет бойынша әңгіме құрау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар, ребустар, жұмбақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың назарын сабаққа

аудару.

ә) Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

ІІ. Өтілген әріпті пысықтау

1/ Жұмбақ шешу

Құстай ұшар, қанатты тұлпар. /ұшақ/

2/Сұрақ жауабы

- Ұшақ сөзінде неше дыбыс бар?

-Неше әріп, неше буын бар?

- Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? /дауысты, дауыссыз/

-Ұ дыбысы қандай дыбыс? /дауысты/

3) .<<Сөз ойла,тез ойла>>  ойыны.  Ұ дыбысына сөз ойлату

4) Ұ дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.

Ұзақ, үшқыш, ұя, ұзартқыш, ұлу, ұн, ұлтарақ, жұлдыздар, тікұшақ


-Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді? /Басында, ортасында/.


5/Оқулықпен жұмыс. Сөздерді буындап оқыту. Хормен оқу, жеке оқу.


6) Дыбыстар әлеміне саяхат. Өткен әріптерді дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажырату.


А, С, Р; О; Т; Ш; Л; Ы; Й; Ұ; Б; Д; У; Ж; Қ; Ғ; П; Н; М






hello_html_m2c464472.gifhello_html_1114e43.gifhello_html_m337a8589.gifhello_html_m49627528.gif




А

У Ы

О Ұ

С Р Т Ш Л Й Б Д Ж Қ Ғ П Н М






7/. Суреттермен жұмыс.

hello_html_42b320cf.jpghello_html_m338c94df.jpghello_html_m338c94df.jpg


Ұр-шық тікұшақ ұшақ

Дыбыстық талдау жасау

ІІІ Сергіту кезең

8/Оқулық бойынша жұмыс. Оқулықтағы «Ұшқыш болу - арман» мәтінін оқу.

Сұлтан - жақсы оқушы. Ол ұшқыш болуды армандайды. Сұлтан ұқыпты да батыл бала. Ол ағаштан ұшақ жасайды. Жасаған ойыншық ұшағы шын ұшаққа ұқсайды. Талаптыға нұр жауар. Сұлтан ұшқыш болады.

Сұрақ – жауап

-Сұлтан қандай оқушы, нені армандады?

-Ол не жасады?

-Оның ұшағы неге ұқсады?

-Сұлтан кім болады деді?

Сергіту кезең

9/.Дәптермен жұмыс. а/ Сөздерге дыбыстық талдыу жасату./

Ұлан, ұшақ, жұмбақ, құрақ.


10/. Сурет бойынша сөз құра.


11/.Сематикалық картамен жұмыс сөздердің дыбыс,әріп сандарын анықтап кестеге қосу белгісін қояды. ( слайдта көрсетілген)


12/.Сандық ребустарды шешу.


  • Қорытынды: дауысты дыбыс?

-Сөздің басында, ортасында кездеседі.




Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров175
Номер материала ДВ-212024
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх