Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы: "Дидиактикалық ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту" Баяндама

Тақырыбы: "Дидиактикалық ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту" Баяндама


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_d7e7ca.gifhello_html_m1277ed51.gifДидактикалық ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту.


Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шы-ғармашылық қасиеттері, мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді. Бұл сана-сезім, ойлау процесімен тығыз байланысты болады.

А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.
Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.
Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.
Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
- ойынның
балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;
- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы.
Ойын барысында
бала өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы-зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары-сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді.
Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді,
тәрбиешінің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы бала өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі.
Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы:
Қабат-қабат киінген,
Жұмырланып түйінген.
Доп-домалақ көк допты,
Күнде көрем үйімнен.
Ол қандай зат, балалар,
Сорпасы тіл үйірген? 
(қырыққабат)
Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтасты-рылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны.
Басқатырғылар - адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын. 
Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы.
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын.
І. Математика
1. Санды сызып таста (кесте)
2. Суреттегі геометриялық пішінді ата.
3. Рет-ретімен сандарды қос. Не шықты? 
4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема)
5. Теңгемен жұмыс
6. «Сипат тап» ойыны


«Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту-бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі балабакшада басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуындадидактикалық ойынның алатыны өте ерекше.Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын-оқу, еңбек, іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.

 Балабақша бүлдіршіндерінің негізгі әркеті- ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу-әрекетін оқуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барасында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыралады.

Дидактикалық ойындар – арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Дидактикалық ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Дидактикалық ойынның міндеті – балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:

-         танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;

-         тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен

қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:

  1. Балабақша бүлдіршіндерінің іс-әрекетінде ойын түрлерімен

оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.

  1. Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі

  1. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой

белсенділігінің күшеюі.

  1. Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі.

Заттық дидактикалық

Сөздік дидактикалық

Дидактикалық ойынның маңызы:

  1. Дидактикалық ойын балалбақша бүлдіршіндерінің қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.

  2. Әрбір дидактикалық ойын балабақша бүлдіршіндерін ойнай білуге баулып, сөдік қорын молайтады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады.

  3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.

Сөзімді қорытындылай келе дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндерін өз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнында, танымдық іс-әрекет сипатына ойын құрылымына сәйкес жүктемелер бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б)























Бекітемін ________________

«Жітіқара ауданы әкімдігінің

білім бөлімі »ММ

МКҚК«Қарлығаш» балабақшасы

Директоры: Ж.Жанысбаева













Тәрбиеші: Кульбаева А.С






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров490
Номер материала ДВ-425936
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх