Инфоурок Классному руководителю КонспектыТақырыбы: "Егемен елдің елбасы"

Тақырыбы: "Егемен елдің елбасы"

Скачать материал

                            Тақырыбы: «Егемен елдің Елбасы»
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұрұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер , әнұран, т.б.
1.Әнұран ( тұрып айту)

1- Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2- Жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған
«Егемен елдің Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші:
Думан сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Махаббат сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне  24 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- Жүргізуші: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2- Жүргізуші: Иә дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды.  

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі.

Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент.

Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында

Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
1-жүргізуші: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-жүргізуші: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
                       Астанамен айшықталған ортасы.
                       Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
                       Бұның бәрі Елбасының арқасы.
1- жүргізуші: Шықты тарап ой-данадан,
                         Бері қарап жұлдыз беті.
                        Өзі қалап сайлап алған,
                         Елімнің бар Президенті
2-жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,
                        Бақыт желі ескендей жайлап алған.
                        Президентім бар менің елі түгел,
                        Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
1-
оқушы:Қанатқызы Мадина.

Бірінші желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн.

Осы күні, яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар.

Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді.

2-оқушы:Құдайбергенов Қабиден:

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

 

3-оқушы: Қайрбекова Аружан.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді.

 Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

1-жүргізуші Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ.
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

4- оқушы: Асқаров Ануар.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-жүргізуші: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.

Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,

ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

5-оқушы: Егінбаева Динара 

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

 

 6-оқушы: Амангельдин Саяхат.

1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы.
1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы.

7- оқушы: Жанұзақ Ануар.

1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.
8-оқушы: Әкімжан Думан.

Өткен жылы тәуелсіздіктің 23 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылғанды. Осы бастаманы үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен

«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.
1-жүргізуші:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
2- жүргізуші: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.

Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
1-жүргізуші: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
2- жүргізуші:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1-жүргізуші: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы.

 Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

2-жүргізуші: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Мадина:Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін. 

Махаббат:«Елбасына» Мөлдір
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

А.Ануар:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Динара: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ж.Ануар: Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.

Саяхат:Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Ернар:Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Қабиден:Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Аружан:Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

1-жүргізуші:Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай ағамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу.Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
2-жүргізуші:Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады.
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,-дей келе «Егемен елдің Елбасы»

атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



 

  
  
  
  
   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Егемен елдің елбасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2016 1552
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халабаева Зульфия Рохатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халабаева Зульфия Рохатовна
    Халабаева Зульфия Рохатовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33700
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции