Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы: «Еріншектер елінде – Алтын күз мерекесін қарсы алу»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тақырыбы: «Еріншектер елінде – Алтын күз мерекесін қарсы алу»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Еріншектер елінде – Алтын күз мерекесін қарсы алу»

Өткізілетін орны: № 21 «Тоғжан» ясли – бақшасы

Өткізілетін күні: 28.102014жыл

Тобы: «Балбөбек» ересектер тобы

Мақсаты: Балаларға алтын күз мерекесін жақсы көңіл –күймен қарсы алуға талпындыру. Жемістерді , көкөністердің молшылық мезгілінің кереметтілігіне қызықтыру. Әндерді , билерді сол тақырыпта алу.Балаларға балабақша өмірінде ең қызықты кезеңдерінің бірі ретінде естерінде қалдыруға жағдай жасау.

Стефани, Спорт Укс, Ұрыншақ, Ойынбек, Тәттібек, Қараубек залға келіп ойын ойнайды. Ұрыншақ ұйықтағысы келіп жатқанын айтады.

Стефани: бұларың жарамайды , біздің алтын күзге дайындалуымыз керек емес пе? Оған : жемістер керек, ән , би , тақпақтар керек көп уақытымызды алмай дайындалайық .

    • Кесірбек Робби осы балалардың алтын күзге дайындалып жатқанын дүрбі арқылы көріп тұрып , балалардың іс – әрекетіне жыны келеді.

Кесірбек Робби: Қайран менің дәуірім, ештеңе істемеңдер десем- шөптің басын сындырмаушы еді,секеңдеп ойнамаңдар десем – ұйқыдан көздерін ашпаушы еді. Анау қызылбас Стефани келіп , онан қалды Спорт Укс келіп бәрін де құртты, енді міне қай – қайдағы «Алтын күз» мерекесін өткізбек.Мен бір нәрсе ойлап табуым керек, олардың арасында жүріп құрығанда жемістерді жегізбеуім керек. Жаттығулар жасауына,билеп ән – айтуларына да кедергі келтіруім керек.\ 3 түрлі киімдер тұрады, сол киімдердің ішінен бірін таңдап алып ,залдан шығып кетеді\

Пысықкүл ханым келіп : Балалар еріншектер еліне өздеріңе көмекші бола білетін, алтын күз мерекесін өткізуге қол ұшын беретін тәрбиеші келді керемет болды емес пе ,балалар ?!

Балалар: Иә.

Пысықкүл ханым: Дуанбасы , Ау Дуанбасы қайдасың мерекеге дайындық жұмыстарын өткізейік. «Жарқын балалық шақ» \стефани биі\

Кесірбек Робби:\ киімін ауыстырып, балаларға көрінбей\ Құрғыр тағы би ма, құдайым ай. Қалай болғанда да бұларға тоқтату жасауым керек.\

Қолына кітапша алып келіп:

Саламатсыңдар ма , балалар.

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді

Ай жапырақ – сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Құрметті қонақтар, сіздерді «Алтын күз» мерексімен құттықтаймыз!

-Балалар мен осы еріншектер еліне тәрбиеші болып келіп жатқан жайым бар.

-Кәне балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: « жемістерді тап»

Кесірбек Робби: Құрығыр ай неге осы балалар ойынды жақсы көреді екен –деп арасында айтып қояды.

Кесірбек Робби:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз дегендей – балалардың күз мерекесіне арналған жыр жолдарын тыңдайық.\ әдеби – монтаж\

Кесірбек Робби: Бәріне де кінәлі анау Спорт Укс, сол болу керек балаларға жыр жолдарын үйретіп жүрген.

Кесірбек Робби: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер

Келіңіздер , күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Ән: «Жеміс бағыннда» - хор

Кесірбек Робби:Балалар мен сендерге Пысықкүл , Дуанбасы жоқ кезде шамалы тәрбие жұмыстарын жүргізгім келіп тұр. Мені мұқият тыңдап алыңдар:

  1. Тәттібек- көбірек кәмпиттерді жей бер. Сағыздарды шайнағанда жағың шаршамасын .

Стефани: Ол қалай болғаны.

Кесірбек Робби : Сенің шаруаң болмасын қызылбас.

  1. Ау Ұрыншақ –жаным саған не жаттығу керек онанда ерте тұрып жаттығу жасағанша жатып ұйықта.

  2. Қараубек - алтын күзге не сыйлық дайындап жүрсіңдер осы, олардың бәрі өзіңдікі болсын, басқаны қайтпексің.

  3. Ойынбек - сенің компютеріңнен басқа жақсы нәрсені көріп тұрғам жоқ.Көңіл көтеріп би – билегенді қой.

Пысықкүл ханым: Балалар, сендерге жаңадан келген тәрбиеші апайларың жақсы сияқты .Солай ма?

Стефани: Өзі қызық –қызық екен.

Кесірбек: Сен стефани мені дұрыс түсінбей қалуың әбден мүмкін. Құрсын не деп кеттім өзі.

Сау – сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді Қоңыр тартып атырап,

Көкте құстар тізілді

Ақтарады мырза күз уылжыған жемісін

Күзге бізде ризамыз.

Аянбаған ел үшін –биге кезекті берейік. «Тосап» биін – билеп көңілімізді көтеріп отырайық.

Кесірбек Робби: Түй, мына балалардың жарқын – жарқын ән айтып, ырғағына келтіріп би – билеулерін қарашы.Бұларға қалай мен тыйым жасамақпын \деп айтып тұрғанда Жанымнан аяқ астынан Пысықкүл ханымның келіп қалғанын байқамай қаламын\

Пысықкүл ханым : \ көзімде тұрған көзілдірікті алып\ Құдайым – ау мынау кәдімгі Кесірбек Робби екен гой неге Тәттібек кәмпиттерге тойып тісі ауырып қалған десем ,бәрін бүлдіріп жүрген осы бүлдіргі екен ғой. Дуанбасы , Ау Дуанбасы жылдам бері кел.

Кесірбек Робби: Кешіріңдері , Жападан – жалғызз қалдым достарымда жоқ бұл жалғанда, өмірді жалпағынан басып жүргенде сіздерден де айырылып қалдым, соңғы мүмкіндік беріңдерші «Алтын күз» мерекесін мен де бірге өткізейінші.

Дуанбасы: Жарайды, жарайды Пысықкүл ханым кешірім сұрап тұрғанда қалай кешірім бермейміз, мейрамды қалай өткізбекбіз .

Пысықкүл : Жарайды ендеше.

Күлкілі , әрі қызық – ай!

Алма , шие жейміз біз.

Күлкілі , әрі қызық ай!

Би билейміз бір тоймай –деп «Тосап»биін тамашалаңыздар.

\Кесірбек Робби өзінің киімін ауыстырып келіп әрі қарай жүргізеді.\

Кесірбек Робби: Күздік көрініс.

Кесірбек Робби:

Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы,

Ондай алма қайда бар

Алматы оның Отаны – деп «Апорт деген тәтті алма» әнін тамашалаңыздар!

Кесірбек Робби: Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырсам ба деймін.

Өрік , жиде, алма, алша

Жидек , жүзім піседі.

Қауын , қарбыз, қияр , сәбіз,

Қоймаларға түседі. Айтыңдаршы балаларғ бұл қай кезде болады? \ күз\

Жарадыңдар, ал осы күз мезгілінің ай аттарын атап бере аласыңдар ма? \қыркүйек,қазан,қараша\

\Осы кезде жаңбырдың дыбысы шығады\

Кесірбек Робби: Құдайым – ай жаңбырдан, найзағайдан қорқушы едім.

Пысықкүл ханым: Кесірбек робби сен олай деме, жаңбырдың біздің әсем қаламызға көп пайдасы бар. Біздің балалар: «жау – жау , жаңбыр» әнін орындайды, сенде қосылып орындасаң жаңбырдан қорқуды мүлдем ұмытасың.

Кесірбек Робби: Би – билеуді ұнататын,

Шығыс биін билемекші,

Қайтем енді билей берсін,

Мен де қосылсам қайтеді?- «Шығыс биі» қыздар тобы

Кесірбек Робби : Міне алтын мерекесін де бет пердесіз –ақ өткізіп тастадық. Алтын күз саған салем!

Балалар сені әнге қоспақшы «Күзге сәлем» - әні.

Кесірбек Робби : Балалар маған ренжімейтін шығарсыңдар сөзімде тұрып «Алтын күз» мерекесін де

өткіздік. Сендерге кедергі жасамаған сияқтымын . Құрметті қонақтар, ата – аналар , бүлдіршіндер мінекей кішігірім «Еріншектер елінде «Алтын күз» мерекесін қарсы алдық» бәрімізге бұл алтын күз тек – молшылық алып келсін! Қош сау болыңыздар! Балалармен бірге би билейік!
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров164
Номер материала ДВ-337248
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх