Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы: "Ерте жаста ойын арқылы тіл дамыту жобасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тақырыбы: "Ерте жаста ойын арқылы тіл дамыту жобасы"

библиотека
материалов








ЖОБА



«Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі»
































Мазмұны:



I.Кіріспе.................................................................................................

1. Ерте жастағы балалардың тілін дамыту жәнде ондағы ойынның рөлі.................................................................................................................

1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері…………........…………….


II. Жобаның негізгі мазмұны............................................................

2.1. Ерте жастағы балалардың (1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі және 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін) тіл дамуының ерекшеліктері...........................................................................................

2.3. Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктері:.........................................................

2.4. «Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі»

жобасынан күтілетін нәтиже ……………………............................

2.5. «Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі» атты жобаны жүзеге асыруда алдымызға қойған жұмыс жоспары:.......

2.6. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысына әсер етіп, мәселені шешуге септігін тигізетін белгілер..........

2.7. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысында кездесетін кедергілер:..............................................................

2.8. Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамыту мақсатында имитациялық (еліктеу) ойындарын пайдаланудың тиімділігін бағалау критерийлері............................................................


III. Қорытынды..........................................................................................


Қосымшалар.............................................................................................


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................



2

3





3


4


17


17


17


17



18


18


20


65













«Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» 

 Ыбырай Алтынсарин

I.Кіріспе

  1. Ерте жастағы балалардың тілін дамыту және ондағы ойынның рөлі.

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым - қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.

Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде, ойын, еңбек үрдістерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады.

Ал ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруда негізгі жұмыс  түрі - ойын әрекеті.
Ойын үстінде баланың  түрлі қасиеттері, қабілеті  мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко - ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады деген екен. Сондықтан келешекке адамды  тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңайындағылармен қарым-қатынас  жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты  тілді  біртіндеп  меңгереді.
1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте балалық шақ бала өмірінің ерекше кезеңі. Бұл уақытта бала ағзасы тез қарқынмен өсіп, үлкендердің балаға әсер етуі неғұрлым тікелей және ұзақ мерзімде болады. Бір жастағы бала сенсорлық, сөйлеу,
манипуляциялық қимыл дағдыларын меңгеруден сензитивті кезеңге өтеді. Сөйлеу белсенділігі қалыптасады. Бала жеке сөздерді анық айта бастайды. Үлкендердің көңілін аудару үшін кейбір жеке сөздерді айта алады. Тапсырмаларды орындайды, өзінің әрекетін сөздер мен тіркестер арқылы толықтырады. Бөлмедегі заттар, жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың белгілерін білдіретін сөздерді түсінеді. Ана тілінде қарым-қатынаста шамамен 200-300 сөз қолданады. Сөзді қимылмен, ыммен, көздің қиығымен түсіндіреді. Екі-үш ауыз сөзбен көргендерін айтып береді. Балаларға арналған өлеңдерді дауыс екпінін келтіріп жатқа айтады. Суретті кітаптарға қызығушылықпен қарайды. Осы жас аралығындағы баланың тіл дамуының критерийлері: үлкендердің талаптарын түсінеді, тыңдау, басқа балалардың қызығушылығымен есептесу іскерлігі пайда болады. Эстетикалық қабылдауын, әдемі, ашық заттар мен киімдерін байқайды. Үлкендердің сөздерін, жеке фразаларын, ұйқасын, сөйлеу қарқыны мен дауыс күшін өзгертіп қайталайды. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындап, заттардың қасиеттерін атай алады. Ерте жаста бала ойын іс-әрекетіне деген ықыласын таныта бастайды. Осыған орай, пәндік-дамытушы ойын ортасын жасау керек. Ойын барысында мәселелі жағдайларды пайдалана отырып, балалардың ересектің көмегінсіз тығырық жағдайлардан шығу жолдарын таба білуге түрткі болу. Балаларды ойын барысында бір-біріне бөгет жасамай ойнауға үйрету, ойындық байланысқа түсуге жетелеу. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский өз сөзінде ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды деп түйін қорытқан. Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше.

Ендеше біздің алдымызда ерте жастағы балалардың (2-ден 3 жасқа дейінгі кезең) тілін дамытуға септігін тигізетін ойындарды анықтау мәселесі туындап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында біз аталмыш тақырыпта жоба жасауды жоспарға алдық.



1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: Ерте жастағы балалардың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін сөздер қорын ойын арқылы молайту.

Міндеттері:

-ерте жастағы балалардың (1 жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі және 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалар үшін) тіл дамуының ерекшеліктерін анықтау.

-ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктерін анықтау

-практика жүзінде ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамытуда қолданылатын ойындардың картотекасын құру.


II. Жобаның негізгі мазмұны:

2.1 Ерте жастағы балалардың (1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі және 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін) тіл дамуының ерекшеліктері


Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

Бізді қызықтыратың 1 жастан 2 жасқа және 2-3 жасқа дейінгі кезеңдер болғандықтан, олардың сипатталуына тоқталайық.

Осымен, І кезеңдайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.

Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы болады.

Балада туғаннан бастап дауыс реакциялары пайда болады: айқай және жылау. Олар адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу аппаратының үш бөліміндегі жіңішке және түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.

2 жұмадан кейін балаланың сөйлеп тұрған адамның дауысына назар аудара бастауын байқауға болады. Ол жылауын қояды, оған қарап сөйлегенде тыңдап жатады. Бірінші айдың аяғында баланы әуенді әнмен (бесік жырымен) тыныштандыруға болады. Әрі қарай ол сөйлеп тұрған адамның жағына қарай қарауға немесе сол адамды көзбен бақылай бастайды. Жақында сәби интонацияға назар аудара бастайды: нәзік дауысқа мәз болады, ал қатты дауысқа жылайды.

2 айға қарай гуілдеу және 3 айдың басына қарай былдырлау пайда болады. Былдырлау – бұл белгілі бір артикуляциясы бар дыбыстардың бірігуі.

Бала 5 айдан бастап дыбыстарды естиді, қоршаған адамдардағы еріннің артикуляциялық қозғалыстарын көріп, еліктеуге тырысады. Белгілі бір қимылдардың көп рет қайталануы қозғалыс дағдысының бекітілуіне әкеледі.

6 айдан бастап бала жеке буындарды еліктеу арқылы айтады (ма-ма-ма, па-па-па және т.б.).

Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.

Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция).

7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.

10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес).

Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т.б.).

1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.

ІІ кезең – сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

Балада алғашқы сөздердің пайда болуынан дайындық кезеңі аяқталады да, белсенді сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңі басталады. Осы уақытта балада қоршағандардың артикуляциясына ерекше зейіні пайда болады. Ол сөйлеушінің артынан өте көп және ынтамен қайталайды, өзі де сөздерді айтады. Осы кезде бала дыбыстарды шатастырады, оларды орындарымен алмастырады, бұрмалайды, түсіріп тастайды.

Баланың алғашқы сөздері жалпылама-мағыналық сипатын иеленеді. Бір сөзбен немесе дыбыстық тіркеспен ол затты да, өтінішті де, сезімді де белгілеуі мүмкін. Баланы тек белгілі бір жағдайда ғана түсінуге болады. Сондықтан осындай сөйлеу тілі жағдайлық деп аталады. Жағдайлық сөйлеу тілін ым-ишарамен, мимикамен жетелейді.

1,5 жастан бастап сөз жалпылама сипатына иеленеді. Ересекпен сөз арқылы түсіндіруін ұғу, білімдерді меңгеру, жаңа сөздерді есте сақтау мүмкіндігі пайда болады.

Енді біз дыбыстардың пайда болу заңдылықтарына үңілейік. Ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тілалды (т, т', д, д')) және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тілалды (н, н', л, л')) дыбыстар пайда болады. Еріндік дыбыстардың алдымен пайда болу себебі 1-ден 2 жасқа дейін балаларда еріндер ең белсенді және қозғалмалы болып келеді. 2 жасында [п], [п'], [б], [б'], [т], [т'], [д], [д'], 2,5 жасында [м], [м'], [н], [н'], [ң] дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. Осы артикуляцияның бірінші түрі болып саналады.

Артикуляцияның екінші түрі балада саңылаудың (артикуляция мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді. Саңылаулы (фрикативті) [ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тілалды) дыбыстары 2 жыл 2 айда шығады. 2,5 жасқа қарай  [j] (тілортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], [х'], [һ] (тіларты), 2 жастың аяғына қарай [к], [к'], [г], [г'], [қ], [ғ] дыбыстары пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дерлік дыбыстары қалыптасады. Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін.

Артикуляцияныңүшінші түрі  аффрикаттар. Ол 2-жастың аяғына қарай пайда болып, жабысыңқы мен саңылаудың тез ауысуынан шығады. Бірінші аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 және 2 жыл 6 айларында, 4 айдан кейін екінші аффрикат [ч] ([т] және [щ] дыбыстарының қосындысы), яғни 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында пайда болады.

Жұмсақ дыбыстарды айту қосымша тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің таңдайға көтерілуін талап етеді. Артикуляцияның бұндай түрі палладализация (Palladio-таңдай) деп аталады. 2 жасында баланың тілі физиология жағынан қарағанда ауыз қуысының түбінде жатады. Ал 3 жасқа қарай тіл көтеріле бастайды. Сондықтан да алдымен қатты, кейін жұмсақ дыбыстар пайда болады. 2,5 жаста тіл астына түседі, яғни тіл арқасының ортаңғы бөлігі автоматты түрде көтеріліп, басқарылуы мүмкін. Сондықтан бала дыбыстардың қатты да, жұмсақ та түрлерін айта алады. 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында балада жұмсақ және қатты дыбыстардың дифференциациясы қалыптасады. 

Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі..

2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.

Әр түрлі зерттеушілер ерте жастағы балалардың (1 жас 6 ай-3 жас аралығы) балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.

1 жас – 1 жас 6 ай - тілді түсінуді дамыту: Заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен балалардың сөздік қорын молайту. Балалар өзінің, жақын туыстарының аты-жөнін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің атауларын білуі тиіс. Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру. Балалардың күнделікті орындайтын (ұйықтауға жат, отыр - қазір киініп, серуенге шығамыз және т.б.), сонымен қатар сабақтар мен ойын процесстеріндегі (домалат, шеш, ки, аш, жап, т.б.) іс-әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту. Тәрбиеші өз қимыл-әрекеттерін, ойыншықтарды балаға көрсете отырып, қарапайым тіркестердің және фразалардың мағынасын түсінуге балаларды үйретеді. Баланы жай сөйлеммен білдірілген өтініштерді түсініп, орындауға үйрету («Айжанға қуыршақты берші. Шыныаяқ әкеліп берші»). Тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін, 1-3 көріністен тұратын ойыншықтармен, қуыршақтармен шағын қойылымдардың қарапайым сюжеттерін балаларға түсіндіре білу. Тұтас сөйлем мағынасын көрнекіліктермен, іс-әрекеттермен толықтыра отырып, түсінуге үйрету. Бейнеленіп отырған оқиға барысын қадағалай білуді дамыту. Сахналауда көлік түрлерін (машина, арба), тұрмыста жиі қолданылатын ыдыс-аяқ, жиһаз, киімдерді қолдану, 2-3 ойыншық заттарды көрсетіп, атын атау. Баланың (1 жас 6 айға қарай) тілдерді түсінуіне, көрсетіліммен бекітілмеген алғышарт жасау. Ересектердің өтінішімен заттарды таба білуге, тақырыптық суреттегі бейнелерді, 1 жас 3 айдан кейін заттың қимылын көрсететін суреттерді танып-білуге үйрету. Айтарлықтай белгілері бойынша заттарды іріктеуге, тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету (тілдерді түсінуін жалпылау). Белсенді сөйлеуді дамыту:

Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу. Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру. 1 жас 6 ай - 2 жас: тілді түсінуін дамыту Пассив сөздік қорларын төменде берілген сөздер есебінен кеңейту: - бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде);

- кейбір жануарлар (мысық, ит, әтеш, тауық, т.б.), олардың қимылдары;

- ойыншықтар (көжек, қонжық, балықтар, құстар);

- заттардың белгілері (үлкен, кіші, қызыл, көк, сары, жасыл), заттардың күйі (таза, кір), заттардың орны (мұнда, ана жерде);

- уақыт (қазір, содан кейін) және сандық (біреу, көп) қарым-қатынастар;

- ниет білдірумен байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс-әрекеттер;

- дене күйі (суық, ыстық, дымқыл және т.б.), көмек, жанашырлық сезімі («Көжек ауырып қалды, емдеу керек» және т.б.);

- жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдар (қыз, ұл, тәте, көке, ата, әже).

Тұрғын үй бөлмелерінің атауын (ауыз үй, ұйықтайтын бөлме, дәретхана және т.б.) және олардың неге арналғаны мен бұл бөлмелерде еркін бағдарлай білуге үйрету.

Балаларға таныс заттарды аты мен түстері бойынша топтастыру (тәрбиешінің көмегімен) іскерліктерін бекіту.

Күрделі таңдау жағдайында сөздік нұсқаулардың көмегімен ойыншық-заттарды іріктеу: пішіні ұқсас (мысалы, текше мен кірпіш, доп пен шар, машина мен арба және т.б.), сонымен қатар, айтылуы ұқсас (мысалы, шыныаяқ пен шәйнек, үстел мен орындық, бас киім мен мойын орамал және т.б.) таба білуге үйрету.

Балаларды ересектердің айтқанын мұқият тыңдауға, топта мінез-құлық мәдениетінің ережелерін сақтау (болады, болмайды, керек), басқа балалармен қарым-қатынастар (кедергі жасама, көмектес, әрі отыр, ойыншықты бер және т.б.) бойынша нұсқауларды орындауға үйрету. Екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындауға үйрету (мысалы, сөредегі қонжықты алып, маған кел). Қосымшалары бар сөйлемдерді түсінуге үйрету (Шыныаяқ үстелде тұр. Шыныаяқта сүт бар. Шарды шелекке сал, текшені сөреге қой).

Балаларды (1 жас 7 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін) таныс іс-әрекеттерді бейнелейтін қуыршақтармен және сюжетті ойыншықтармен жағдаяттар ұйымдастыру арқылы (мысық доппен ойнауда, әтеш су ішіп жатыр т.б.), кейіннен (1 жас 10 айдан бастап 2 жасқа дейін) баланың жеке тәжірибесінен (іс-әрекеттер мен суреттерді көрсетпей) (мерекелер, серуендерде бақылаған балапандар туралы) қарапайым мазмұнды әңгімені түсінуге үйрету.

Баламен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді күй құру, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың айтқандарын орындау, сөздері мен істеріне еліктеу үшін тақпақтар, шумақты өлеңдер қолдану.

Белсенді сөйлеуді дамыту

Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту.

Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету.

Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру.

Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.

Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді.

Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету.

Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету.

1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету.

Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.

Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» - «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»).

Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету.

Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.



2.3 Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктері:


Ұлы Абай атамыздың ойын ойнап ән салмай өсер бала болама деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Балабақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.

Ойындарды мектепке дейінгі ерте жастағы балаларының оку - іс-әрекеттерінде белгілі бір жүйемен пайдалану ерекшеліктері. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

-сюжетті-рольді;

-драматизациялық;

-дидактикалық;  

-құрылыс ойындары;

-қимылды ойындар;

-ұлттық ойындар;

-имитациялық (еліктеу) ойындары болып бөлінеді.

Педагогикалык үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Назила Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкттивті түрде күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

Сөйтіп біз ерте жастағы (2-3 жас аралығы) балалардың тілін дамытуға осы соңғы имитациялық (еліктеу) түрінің пайдасы көбірек екенін анықтадық.

Имитациялық (еліктеу) ойын-жаттығу түрлері:

  • Фольклорлық ойындар: саусақ ойындары, өлеңдер, өтірік өлеңдер;

  • Драматизациялық, сюжетті-рөлдік ойындар;

  • Диакикалық ойындар;

  • Қимыл-қозғалысты ойындар;

  • Әуен-сазды ойындар;

  • Артикуляциялық ойын-жаттығулар;

     Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі  және олардың іс – әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл – ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

 Фольклорлық ойындар: саусақ ойындары, өлеңдер, өтірік өлеңдер:

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын  ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы  заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын  қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада жуне үй жағдайына әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі.Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі».Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді».Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын қазаға айтады.

 Мысалы: «Моншақ».

                              Қызыл сары,көк моншақ,

                              Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-балалар үшін өте қызықты әрекет,қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын  болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды. Ұсақ моториканы  дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен тақпақпен ұйқастырылған  жаттығуларды пайдалану  ұсынылады.  Сонымен қтар өзімен – өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау т.б. ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Сондай ақ ерте жастағы балалардың тілін дамытуда фольклорлық ойындардың тағы бір түрі – «өлеңдердің» маңызы зор. Мысалы:



«Орманның емшiсi» ойыны

Орманның бiз емшiсiмiз, 
Тоқ, тоқ, тоқ (үстелді үш рет ұрады).
 
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
 
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
 
Тоқ, тоқ, тоқ,
 
Жоқ, жоқ, жоқ.
 


«Қошақан» өлеңі

Қошақаны қойдың, 
қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
 
қай өрісте тойдың.
 




«Торай» өлеңі

Томпаң, томпаң торай
дауысының зор-ай.
Дөкей бола қаласың,
толысымен он ай.
 

«Лақ» өлеңі

Секең, секең ей, лақ, 
жүрмін саған кейіп-ақ,
 
демалмасаң болмай ма,
 
секеңдемей бір уақ.
 


«Торғай» өлеңі

Торғай, торғай - тоқылдақ, 
жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
 
шиқ-щиқ етіп отырмақ.
 


Драматизациялық, сюжетті-рөлдік ойындар: сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлықты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді.Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады.Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады. Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Мысалы: «Аулада» ойыны

Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.

Ақ тауық ау ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт - қыттайды

Ауламыздан шықпайды.

Балпаң басқан үйрегім

Бұлтыңдайды бүйрегің

Жалпақ тұмсық жем іздеп

Қырқылдайсың,қоймайсың

Тамаққа бір тоймайсың.

Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Мяу – мяу, мяу – мяу.


«Ән – жыр» ойыны

Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.

Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.

Әнші төлдер

Жайылымнан кешкілік

Жамырады бес түлік.

Төңірекке тараған

Төлдер әнін естідік.

«Мә-мә» деген әні бар,

Секірер ор, жары бар.

Селтеңдеген лағым

Секіргіш бір жануар.

«Мәә-мәә» деген әні бар,

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.

«Бөө-бөө» деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.

«Мөө-мөө» деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Ойқастаған бұзауым,

Ойнақтағыш жануар.

«Күмбірлеген» әні бар,

Желкілдеген жалы бар,

Желдей өсіп құлыншақ,

Желмен шапқан жануар.

Әдібай Табылдиев

Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.

Дидактикалық ойындар: педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған. Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. Біз келесі дидактикалық ойындарды қолдануымызға болады:

«Қызықты төртбұрыштар» ойыны 
Дидактикалық тапсырма
: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру. 
Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі. 
Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар. 

«Шарлар» ойыны
Дидактикалық міндеті:
 
Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған.
 
Қажетті материалдар: 30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді. 
Ойынға басшылық : Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады. 
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді.
 

Қимыл-қозғалысты ойындар. Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.

Мысалы: Жолмен (жалғыз аяқ жолмен). 
Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
 
Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
 
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
 
Кішкене өзен арқылы. 
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
 
Поезд. 
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
 
Әуен-сазды ойындар. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Сөйлеу қабілетін дамыту үшінкелесідей ойындарды ойнауға болады:

Біздің саяхат

Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз

1.  Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;

2.  Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;

3.  Айгерім допты алып жерге соға бастады;

4.  Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.

«Сылдырмақтар» М.Раухвергер

 Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.

  «Көңілді жасырынбақ» В.Петрова

 Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.

Артикуляциялық ойын-жаттығулардың мақсаты - дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемдерде айжырата білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.

Мысалы: «Ақшақар» ойыны.

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың.


Жапырақтар

Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


2.4. «Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі»

жобасынан күтілетін нәтиже:


Ерте жастағы балалардың тілін дамыту мақсатында жоғарыда айтылғандай ойындармен жұмыс жасайтынын болсақ, онда біз баланың сөйлеу құзыреттілігін арттырып, жан-жақты білімді болуын дамыта отырып, мақсатқа жетер едік.


2.5. «Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі» атты жобаны жүзеге асыруда алдымызға қойған жұмыс жоспары:


Имитациялық (еліктеу) ойындары арқылы балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту, яғни:

  • Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б.

  • Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру.

  • Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру.

  • Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айтуға дағдыландыру.

  • Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.

  • 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету.

  • Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.

  • Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.


2.6. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысына әсер етіп, мәселені шешуге септігін тигізетін белгілер.

  • Ерте жастағы балалар ойын ойнағанды жақсы көреді;

  • Ересек адамның іс қимылын, сөздерін еліктеу арқылы қайталауға тырысады;

  • Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, біліп-тануға деген ынталары зор;

  • Баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім-білік, дағдыларымен сәйкес мүмкіндік алады, яғни танып-білуге деген құмарлығын арттырады.

2.7. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысында кездесетін кедергілер:

Қазіргі таңда ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамытудағы қиындықтар мен кедергілер:

  1. Кадр мәселесі

  2. Балалардың балабақша күн тәртібіне үйренуі

  3. Ойын орталығының болмауы

  4. Қаражаттың жеткіліксіздігі


2.8. Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы) тілін дамыту мақсатында имитациялық (еліктеу) ойындарын пайдаланудың тиімділігін бағалау критерийлері




Қорытынды

Балабақшадағы  тәрбиелеу – оқыту жұмысында ерте жастағы балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын  дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі ерте жастағы балалармен ойын ойнау тілін дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен ойын ойнай отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.

    Мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.

    Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі  ойын іс әрекетін жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,  өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген  талпынысы  мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде  қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші  өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. 

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
    материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы
    керек

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

  3. Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.

  4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ерте жастағы балалармен ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда олардың тілдік құзыреттіліктері артады.

Ендеше ерте жастағы балалардың тілінің дамуына қазір жағдай жасайық!.











Қосымша Ә

Фольклорлық ойындар: санамақтар, өлеңдер, өтірік өлеңдер:

«Қуырмаш» ойыны.

Қуыр, қуыр, қуырмаш, 
Тауықтарға тары шаш.
 
Балапанға бидай шаш,
 
Балаларға тәтті шаш .
 
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
 
Сен түйеңе бар,
 
Сен жылқыға бар.
 
Сен сиырға бар,
 
Сен қойыңа бар,
 
Сен үйде отырып
 
Шешеңе көмектес.
 


«Бала, бала, балақан» ойыны

Бала, бала, балапан, 
Қане, қайсы, алақан.
 
Саусақтарың әйбат,
 
Былай-былай ойнат.
 
Бала, бала, балапан,
 
Қане, қайсы, алақан?
 
Саусақтарың әйбат,
 
Былай-былай ойнат.
 


«Орманның емшiсi» ойыны

Орманның бiз емшiсiмiз, 
Тоқ, тоқ, тоқ (үстелді үш рет ұрады).
 
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
 
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
 
Тоқ, тоқ, тоқ,
 
Жоқ, жоқ, жоқ.
 


«Қошақан» өлеңі

Қошақаны қойдың, 
қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
 
қай өрісте тойдың.
 

«Торай» өлеңі

Томпаң, томпаң торай
дауысының зор-ай.
Дөкей бола қаласың,
толысымен он ай.
 

«Лақ» өлеңі

Секең, секең ей, лақ, 
жүрмін саған кейіп-ақ,
 
демалмасаң болмай ма,
 
секеңдемей бір уақ.
 


«Торғай» өлеңі

Торғай, торғай - тоқылдақ, 
жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
 
шиқ-щиқ етіп отырмақ.
 


"Буги - вуги" өлеңі

Буги-вуги
Қ
олды (рука) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги-вуги
Айналамыз буги-вуги
Шапалақтап қолымызбен
 
Осылай хлоп-хлоп.
 

Аяқты (нога) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги-вуги
Айналамыз буги-вуги
Шапалақтап қолымызбен
Осылай хлоп-хлоп.

Мұрынды (нос) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги-вуги
Айналамыз буги-вуги
Шапалақтап қолымызбен
 
Осылай хлоп-хлоп.
 

Құлақты (ухо) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги-вуги
Айналамыз буги-вуги
Шапалақтап қолымызбен
 
Осылай хлоп-хлоп


Е.Тиличеваның «Иә-иә-иә!» өлеңі

Иә-иә-иә! Да-да-да!
Қол соғамыз бәріміз –
Иә-иә-иә-иә.
Аяқты іске қосамыз –
Иә-иә-иә-иә.

Би биледік, ән салдық –
Иә-иә-иә-иә.
Аяқ бұлғаймыз бәріміз -
Иә-иә-иә-иә.

Е.Тиличеваның «Тихо – громко!» өлеңі

Балалар шапалақтаймыз,
Балалар шапалақтаймыз,
Ақырын-ақырын соғамыз,
Ақырын-ақырын соғамыз,
Енді қатты соғамыз,
Енді қатты соғамыз,

Аяқпен топ-топ босамыз,
Аяқпен топ-топ босамыз,
Ақырын-ақырын топ-топ-топ,
Ақырын-ақырын топ-топ-топ,
Енді қатты босамыз,
Нық-нық, нық-ыақ босамыз.
 


«Сұр қояным» өлеңі

Сұр қояным отыр,
Құлақтарын қозғалтып.
Былай, былай
Құлақтарын қозғалтып.
2. Қоян отырса суық,
Аяғын жылытайық.
Хлоп-хлоп-хлоп-хлоп,
Аяғын жылытайық.


«Қоян» өлеңі

Қоянға тұру суық,
Қоянға секіру керек.
Ытқып-ытқып,
Қоянға секіру керек.
 


Е.Тиличеваның «Үйықта ғой, аюым» өлеңі.

Біздің қонжық үйқтамайды

Кандай бұзық ол.
мен оны әлдилеймін
Әлди, әлди, әлди, әлди.

Қане бесікке жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Мен де ұйқтап барамын
Әлди, әлди, әлди, әлди.
 


Таңертең мен тұрам да,
Тауықтарға қараймын.
Бәрі түгел жүр ме деп,
Балапанды санаймын.
 


«Мысық» өлеңі

Пеш устинде мысык отыр,
Мысык козин кысып отыр
Тышкан кашан устаймын деп
Тагаты жетпей, тосып отыр
 


«Алдар көсе» өлеңі

Мен Алдармын, Алдармын
ағасымын балалардың
ақылы жоқ, сөзі көп
теңдесімін шалдардың

Мен Көсемін, Көсемін
бай мен бекке өш едім
кедейлердін жолына
көңілімді төседім

Мен Алдармын, Алдармын
қол жетпейтін заңғармын
сөзін сөйлеп досымнын
қарапайым жандардың

Мен Көсемін, Көсемін
елмен бірге өсемин
қайтарамын байларға
кедейлердің есебін
 


«Саусақтар» өлеңі

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
 


«Құмырсқа» өлеңі.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа,
Алды допты орнынан,
Солға бұрылды,
Оңға бұрылды,
Қойды допты орнына.
 


«Қорбаңдаған аю» өлеңі
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.


«Ұзын құлақ сұр қоян» өлеңі

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып секірді.

Қарап еді артына
Қиығын сап көзінін
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
 


«Анашым анам» өлеңі

Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
 


«Айгөлек» өлеңі

Ақ көйлегім үстімде
Би билесем "Айгөлек"
Қой демейді ешкім де
Шаршамаймын дөңгелеп.

Достарым бар қуанып,
Тамашалар кештерде.
Тал шыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
 


«Көзі, көзі» өлеңі

Көзі, көзі,
Мұрыны, аузы,
Қол, аяғы кіші.
Бәрінен үлкен іші.
Бұл кім бөтен?
Жоқ. Бұл менің бөпем!
 


«Бесік жырлары, жұбатулар».
Менің бөпем қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.
ТОйда не ғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.
***************************
Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма?
Жылама, бөпем, жылама,
Анашыңды қинама.

Анаң сүйер "алмам" деп,
Иісің тәтті балдан деп.
Қолыңа берем сылдырмақ,
Сылдырлат та алдан деп.

Әкең сүйер "алмам" деп,
 
Атаң сүйер "балжан" деп.
Сен тұрғанда балдай боп,
Балды аузыма салман деп.

Апаң сүйер "қарғам" деп,
Осы емес пе ед арман деп.
Етің қызыл алмадай,
Бетің аппақ қардан деп.
 


Менің бөпем қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.
ТОйда не ғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.


Менің қызым (сәбидің атын айтуға болады) қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.
Тойда болса, тойласын
Орамалын жоймасын (қолына білезік жинасын)
 


Біздің әже қайда екен?
Көршілерде тойда екен.
Тойда болса, отырсын
Қалтасын
 кәмпитке толтырсын!

Біздің Ильяс қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.
Тойда болса, отырсын
Қалтасын
 суперқарға толтырсын!

Біздің мама қайда екен?
Папаменен тойда екен.
Тойда болса, отырсын
Қалтасын
 киндерсюрпризге толтырсын!

Біздің папа қайда екен?
Мамаменен тойда екен.
Тойда болса, отырсын
Қалтасын
 айфонға толтырсын! 


«Жаңбыр» өлеңі

Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл жасылды,
Кемпірқосақ асылды.
 


«Ак коян» өлеңі

Ак коян туршы, 
козинды жушы,
айнага карашы,
шашынды тарашы. Билеп- билеп берши
  


«Аяз атаны мазақтау» өлеңі

Биздин Аяз атанын,
Узын екен сакалы,
хи-хи-хи, ха-ха-ха,
Узын екен сакалы!

Биздин Аяз атанын,
Улкен екен байпагы,
хи-хи-хи, ха-ха-ха,
Улкен екен байпагы!

Биздин Аяз атанын,
Улкен екен дорбасы,
хи-хи-хи, ха-ха-ха,
Улкен екен дорбасы!
 


«Мама» өлеңі

Тiс ауырса, бас ауырса
Мамам дэрi бередi
Барлык
 бала, барлык ана
Оны жаксы коредi
 


«Алма кеттi домалап» санамағы

Алма кеттi домалап
Коше бойын жагалап
Кiм алманы табады
Сол ойыннан шыгады
 


«Кел, балакан, балакан» өлеңі

Кел, балакан, балакан,
Шапалакта алакан,
Жяй-жяй-жяй,
Шапалакта алакан!

Такылдатпа таякты,
Акырын бас аякты,
Жяй-жяй-жяй,
Акырын бас аякты!
 

«Аяз ата кандайсын?» өлеңі

Аяз ата кандайсын?
Токсандагы шалдайсын
 hello_html_m5169836b.gif
Отирик сакал киип алып
Балаларды алдайсын


«Таңғы жаттығу»

Таңертең тұрып шынығамыз, (потягивается)
Еңбек етіп тынығамыз.
 (засучивает рукава)
Ешбір жалқау болмаймыз,
 (мотает головой)
Ауырмаймыз сонда біз.
 (отрицательный жест указательным пальчиком)
Қыста коньки тебеміз,
 (ножками скользит как на коньках)
Көктемде ағаш егеміз.
 (копает лопатой)
Жазда суға шомылып,
 (техника плавания кролем на груди)))
Күзде алма тереміз.
 (собирает яблоки с дерева)


«Айналайын баладан» өлеңі

"Айналайын баладан,

Тауып алған даладан,

Далада бала жата ма?

Түсіп қалыпты шанадан"


«Қуыршақ» өлеңі

Бізде де бар қуыршақ,

Аю, қоян, құлыншақ.

Қуыршақтар ойнайды,

Айтқаныңды тыңдайды.

Тыңдамаса егерде,

Ойнамайды бізбен де!











































Қосымша А

Дидактикалық ойындар 
«Көліктерді гараждарға орналастыр» ойыны
 
Дидактикалық тапсырма: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру. 
Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған түстердегі ойыншық машиналар; 
Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс? Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет? 
Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі түстен- көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып, оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір түсті атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды.
 
Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап,аталған түстегі гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді.
 

«Шырша және саңырауқұлақ» ойыны 
Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету. Сөйлесу қабілетін арттыру. 
Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас киімі. 
Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі. 
Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді?
 
Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады.
 
Аю ортада тұрып секіреді, балалар қол соғады.
 

«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны 
Дидактикалық тапсырма
: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру. 
Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар. 
Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады. 
Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді тапсырады.
 
Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады.Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті саңырауқұлақтарды таңдайды.
 
Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды ұсынады.
 
Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді.
 
Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық қуыршақтарды, әрқайсысының өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел үстіне қоюды тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша орналасқан кезде тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды, кейіннен таяқшаларды әкеліп беруді тапсырады.
 

«Қызықты төртбұрыштар» ойыны 
Дидактикалық тапсырма
: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру. 
Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі. 
Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар. 

«Ол не»? ойыны 
Мақсаты
. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету. 
Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар. 
Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру. 
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады:
 
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,
 
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
 
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,
 
Жиналғанда бір ойыншық сияқты.
 
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады.
 
Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз аталады.
 

«Шарлар» ойыны
Дидактикалық міндеті:
 
Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған.
 
Қажетті материалдар: 30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді. 
Ойынға басшылық : Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады. 
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді.
 



































Қосымша Б

Артикуляциялық ойын-жаттығулар:

Саққұлақ

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту

Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек.


Ақшақар

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың.


Жапырақтар

Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Ұш, көбелек!

Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.

Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер ( әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет.Бала басы айналмас үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.

Қанаттары әдемі,

Қызыл – жасыл көбелек.

Гүлге қонып қалыпты

Бір ғажайып керемет.

Бар даланы жайнатып,

Гүлден – гүлге қонады.

Көбелектің қанаты

Гүлдей әсем болады.

Не істеу керек, табамыз

Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.

Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.

Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.

Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.


Кім алғыр?

Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.

Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :

  • Аюды ал және мәшинеге отырғыз.

  • Аюды мәшиненің ішінен ал.

  • Мәшинеге қуыршақты отырғыз.

  • Қуыршақты мәшинемен қыдырт.

Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.


Сыңғыр - сыңғыр

Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.

Қажетті құралдар: Қоңырау.

Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.


Немен ойнап отырмын, тапшы?

Мақсаты: Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.

Қажетті құралдар: Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға кезекпен музыкалық аспаптарды көрсетіп, олардың атауларын нақтылайды және олардың дыбысталуымен таныстырады. Тәрбиеші балалардың аспаптар атауларын ұғып және дыбысталуын есте сақтағанына көз жеткізгеннен кейін, аспаптарды қалқаның артына жинайды. Онда тәрбиеші әртүрлі аспаптарда ойнауды жалғастырады, ал бала дыбысы бойынша анықтайды.


Қатты - ақырын

Мақсаты: Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.

Қажетті құралдар: Үлкен және кіші иттер немесе басқа ойыншықтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші екі итті көрсетіп айтады: «Үлкен ит қатты үреді «Аб-аб».Үлкен ит қалай үреді? (бала дауысын қатты шығарып қайталайды). «Ал кішкентай күшік ақырын үреді: «Аб-аб». Кішкентай күшік қалай үреді? (бала ақырын қайталайды)»


Кел, ойнайық!

Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.

Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады


Қуыршақты оятпа

Мақсаты: Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын жабдықтарымен кереует,майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б.) ойыншықтарға арналған қораб.

Ойын барысы: Тәрбиеші ұйықтап жатқан қуыршағы бар кереуетті көрсетіп: « Кәусар көп қыдырды, шаршады, түстенді және ұйықтап қалды. Ал бізге Кәусәрді оятып алмау үшін ойыншықтарды тыныш жинау керек. Маған ақырын айтшы, қандай ойыншықты қорапқа салу керек?». Мұнда баланың ақырын, бірақ сыбырламай айтқанын бақылау қажет.


Жел соғып тұр

Мақсаты: Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.

Қажетті құралдар: 2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға самал желдің суреттін көрсетіп, айтады: «Біз жазда орманға серуенге бардық. Самал жел соғып жапырақтар мен гүлдерді тербейді.Ол жай «у-у-у» осылай соғады(дыбыс жай және ұзақ айтылады)». Сонан соң өткір жел бейнеленген суретті көрсетіп, айтады «Кенеттен өткір жел тұрып, ол қатты гуілдеді «у-у-у»(дыбыс қатты және ұзақ айтылады). Бала тәрбиешіден кейін самал жел қалай соғады және өткір жел қалай гуілдейді соны қайталайды. Мұнда тәрбиешіден кейін қайталай отырып бала сол дауыс күшін сақтағаны маңызды.


Көпіршік

Мақсаты: Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.

Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.

«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,

Осылай қал, жарылма түрлен».

Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады). Ойын қайталанады.


Кімнің құсы алысқа ұшады?

Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.

Ойын барысы: Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты үстелдің шетіне орналастырады. Екі бала құстарға қарама-қарсы отырады. «Құстар ұшты!» дабылы бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар құстарға үрлегенде ұрттарын толтырмауын, қатты күш салмауын қадағалау керек.


Кеме

Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Қажетті құралдар: Су құйылған шара және қағаз кемелер.

Ойын барысы: Су құйылған шара балаға кемені үрлеуге ыңғайлы болып тұруы керек. Тәрбиеші кеме қозғалу үшін, оған бірқалыпты және ұзақ үрлеу қажеттігін түсіндіреді.


Сағат тықылдайды

Мақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.

Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл – сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды. Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). «Т» және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.


Құлыншақ

Мақсаты: «И» дыбысын анық айтуға үйрету.

Қажетті құралдар: Ойыншық ат.

Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншық атты көрсетіп, оның «и-и-и» деп дыбыс шығаратынын түсіндіреді және балаға 2-3 рет қайталап айтқызады.

Баптайын ылғи, бағайын,

Арқаңнан сипап қағайын,

Бәйгеге мініп шабайын,

Тұлпар боп өсші құлыным!


Мәшине

Мақсаты: «Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер.

Ойын барысы: Тәрбиеші мәшинені көрсетеді және оның қалай гүрілдейтінін сұрайды(«бң-ң, бң-ң). Сосын үлкен мәшинені көрсетіп, айтады: «Үлкен мәшине қатты гүрілдейді тыңда , былай «бң-ң, бң-ң»( дыбысқа еліктеуді әдеттегіден қатты айтады), ал кіші мәшине жай гүрілдейді (сыбырлап ақырын айтады) «бң-ң,бң-ң».Балаға дыбыс тіркестерін біресе қатты, біресе жай қайталау ұсынылады. Содан соң тәрбиеші балаларға өздері мәшинемен қыдыруды ұсынады. Балалар жүргізушілерді бейнелеп, қолдарында тұтқа топ ішінде «бң-ң, бң-ң» деп айтып бытырап жүгіреді.










































Қосымша В

Драматизациялық ойындар:

Аулада

Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.

Ақ тауық ау ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт - қыттайды

Ауламыздан шықпайды.

Балпаң басқан үйрегім

Бұлтыңдайды бүйрегің

Жалпақ тұмсық жем іздеп

Қырқылдайсың,қоймайсың

Тамаққа бір тоймайсың.

Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Мяу – мяу, мяу – мяу.


Ән – жыр

Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.

Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.

Әнші төлдер

Жайылымнан кешкілік

Жамырады бес түлік.

Төңірекке тараған

Төлдер әнін естідік.

«Мә-мә» деген әні бар,

Секірер ор, жары бар.

Селтеңдеген лағым

Секіргіш бір жануар.

«Мәә-мәә» деген әні бар,

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.

«Бөө-бөө» деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.

«Мөө-мөө» деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Ойқастаған бұзауым,

Ойнақтағыш жануар.

«Күмбірлеген» әні бар,

Желкілдеген жалы бар,

Желдей өсіп құлыншақ,

Желмен шапқан жануар.

Әдібай Табылдиев

Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.


Тауық пен балапандар

Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.

Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған баскиімдер (балалардың саны бойынша).

Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді. «Қораз балапандарымен көгалда қыдырып жемді шұқып жейді» (саусақтарымен еденді тықырлатады).


Қораз:

Мен қоразбын,қоразбын

Жалқаулармен аразбын

Таңды бұрын қарсы алып

Елді оятам жар салып.

Ку-ка-ре-ку!-деп нықтап

Айтты өзінше ақылды

Әке-шешең сендерге

Тамақ іздеп кетеді,

Менің күнім «таң атты»,

«күн батты»мен өтеді.

Қызмет етіп теп-тегін

Жүрмеймін босқа,жетеді,

Тым болмаса көңілімді

Көтерсеңдер не етеді?

Балапандар:

Қыт-қыт-қыт-қыт,иә-деп,

Сүйер бар балақан,

Мен-сары балапан.

Енеме еремін

Көгалды шоқып көп

Дән іздеп теремін.

Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку-ка-ре-ку, қыт-қыт-қыт-қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.


Шөре – шөре

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым қайдасың?

Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.

Қамбар ата өсірген,

Құла атым қайдасың?

Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс – көс деп түйені шақырады.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.


Бип, бип, пыш

Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.

Бип, бип, пыш.

Мен паравоз алам.

Саяхатқа бет алам,

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз.

Бип, бип, пыш.

Көп қаладан өтеміз.

Қызықтарға жетеміз,

Бип, бип, пыш.

Гук пыш,

Гук, пыш паравоз.

Мықты болсаң басып оз,

Қызық болды кеп қалдық,

Енді жайлап тоқтаймыз,

Бип, бух, пыш.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.





































Қосымша Г

Қимылды-қозғалыс ойындары:

Қуыршақтарға қонаққа. 
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
 
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
 

Қоңырау қайдан естіледі? 
Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
 

Жолмен (жалғыз аяқ жолмен). 
Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
 
Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
 
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
 

Кішкене өзен арқылы. 
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
 

Поезд. 
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
 

Жел көбік. 
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.
 
Көпіре гөр көбік-шар,
 
Көпіре гөр кеңіп шар.
 
Осы күйі қал тұрып,
 
Кете көрме жарылып.
 
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.
 

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту). 
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
 
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
 
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)
 
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.
 

Күн мен жаңбыр.
 
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
 

Допты қуып жет. 
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. 
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.
 
Ойын варианты.
 
Ойын үшін түрлі түсті шарлар (ағаштан немесе пластмассадан жасалған) таңдап алынады. Оларды кәрзеңкеге салып, тәрбиеші балаларды шақырады, шарлардың қандай әдемі, олардың түсі қандай екендігін де айтып береді. Одан кейін: «Қараңдар, шарлар қалай домалап кетті... қуып жетіңдер де қайтадан кәрзеңкеге салыңдар» - дейді. Балалар кішкене шарларды қуып жетеді де кәрзеңкеге апарып салады.
 
Ойын қайталанған кезде педагог кімнің қандай шар әкелгенін жариялайды: қызыл, сары, т.б.
 
Пластмассадан жасалған шармен ойынды учаскеде де, тоғай ішіндегі алаңда да өткізуге болады; ағаштан жасалып, сырты жылтыратылған шармен оның бүлінбесі үшін, үй ішінде, кілем үстінде ойнаған дұрыс.
 
Тәрбиеші балалардың бір жерге шоғырланбай, бүкіл алаңның бойымен жүгіруін (әр бала өз шапшаңдығымен жүгіреді) қадағалайды.
 
Алғашқыда ойын азғана балалармен жүргізіледі, одан соң бірте-бірте ойнаушылардың саны көбейе түседі.
 

Күн шұғыласы (сәулесі). 
Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де: 
Қабырғаға елбеңдеп,
 
Ойнайды сәуле құбылып.
 
Ымдасаң болды «кел» деп,
 
Жетеді демде жүгіріп.
 
Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.
 

Мені қуып жетіңдер. 
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді. Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан кейін ойын қайта басталады.
 
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.
 

Маған қарай жүгіріңдер. 
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарда немесе алаңды жағалай отырады. Тәрбиеші бөлменің қарсы бұрышына немесе алаңның ең алыс бұрышына барып: «Маған қарай жүгіріңдер», - дейді. Балалар оған қарсы жүгіреді. Тәрбиеші оларды қолын жайып, ишаратпен қарсы алады. Балалардың бәрі келіп, тәрбиешінің қасына жиналып болғаннан кейін, ол серуендеуді ұсынады. Балалар өздері жүргісі келген жерде емін-еркін тәрбиешімен бірге бөлме ішінде жүреді. Тәрбиеші бұдан кейін: «Үйге қарай жүгіріңдер» - дейді. Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады.
 
Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі (үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына болады).
 

Мысық пен тышқандар. 
Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада, жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі.
 
Қырынан қойылған гимнастикалық сатының, рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.
 
Тәрбиеші былай дейді:
 
Тышқанға сақшы санап өзін мысық,
 
Жатады ұйықтағансып көзін қысып.
 
Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.
 
Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:
 
Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.
 
Ұйқыға жатқан мысықты оятып алып жүрмеңдер, - дейді.
 
Бұл – мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады, керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан тышқандарды ұстай бастайды.
 
Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.
 
Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады.
 

Үркек төбет. 
Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған қолымен аяғына қояды. 
Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:
 
Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,
 
Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.
 
Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,
 
Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.
 
Ояталық жақындап барайық та,
 
Қайтер екен содан соң – қарайық та.
 
Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.
 
Ойын азғана балалар тобымен жүргізіледі.
 

Айдарлы-мекиен тауық. 
Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді. 
Тәрбиеші:
 
Ертіп сары балапандарын,
 
Айдарлы әсем шықты тауық.
 
«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,
 
Қыт-қыт», - дейді ауық ауық.
 
Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:
 
Тұрған жолдың бойында
 
Орындыққа бүк түсіп.
 
Не бар, қайдам, ойында
 
Жатыр ұйықтап бір мысық.
 
Мысық көзі ашады,
 
Балапандар қашады.
 
Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, - «үйіне», тауық-мамаға қашқан балапандарды қуа жөнеледі.
 
Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет, мысық, балапандарымды саған бермеймін!», - дейді.
 
Ойын қайталанғанда, мысықтың рөлі басқа балаға тапсырылады.
 

Негізгі қимыл – секіру. 
Доп. 
Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады:
 
Секең, секең секеңдеп,
 
Қайда зырлап кетпес доп.
 
Төмен, төмен, төмендеп,
 
Жерге жетер-жетпес боп.
 
Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады. Тәрбиеші әрқайсысымен кезекпен ойнайды.
 

Менің зымыраған көңілді добым. 
Ойнаушы балалар тобы (5-6 адам) жартылай дөңгелек құрып, тәрбиешінің жанында тұрады. Допты бейнелейтін бір бала орнында тұрып секіреді, ал тәрбиеші алақанын оның басына қойып, мынадай өлең айтады. 
Көңілді добым, о , менің,
 
Домалап қайда жөнелдің?
 
Қызыл, сары, көгілдір,
 
Жел аяқсың-ау өзің бір!
 
Бұдан кейін доп қашып кетеді, тәрбиеші балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады. Балалар ойынды әбден үйреніп игергенде, бәріне де доп сияқты секіруді ұсынуға болады.
 

Отырған мынау ақ қоян... 
Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленді. Әр бала өз орнына тұрады. Тәрбиешінің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.
 
Балалар тәрбиешімен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.
 

1. Отыр аппақ, бір қоян.
 
Неткен сап-сақ бұл қоян.
 
Құлақтары делеңдеп,
 
Әр дыбысқа елеңдеп.
 
Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп білезіктерінен бастап қимылдатады.
 
2. Қоян, жаурап суықта
 
Отырсың не күзетіп?
 
Аяқтарын сіресіп,
 
Табаныңнан сыз өтіп.
 
Оданда ырғып, ырғып ал,
 
Аяқтарын жылынар. Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.
 
3. Тұра, тұра суықта,
 
Қоян жаурап, торықты.
 
Алайын деп жылынып,
 
Әрлі-берлі жорытты. Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның аяғына дейін бір орында тұрып, екі аяқтап секіреді.
 
4. Секең-секең, секең-секең,
 
Секіріп жылынады қоян-екең.
 
Үркітті де бір ноян,
 
Зытып берді сұр қоян. Тәрбиеші алақанын шапалақтайды, балалар өз үйіне тарайды.
 
Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.
 
Ойын басталғанға дейін тәрбиеші балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызуға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.
 

Сұр қоян жуынып жатыр... 
Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады: 
Бармақ боп тойға сұр көжек,
 
Жуынып жатыр бүгжеңдеп:
 
Тұмсығын жуды,
 
Құйрығын жуды,
 
Құлағын жуды – түртінді,
 
Құп-құрғақ боп сүртінді.
 
Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.
 
5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.
 

Негізгі қимыл – лақтыру (лақтыру, ұстау). 
Шарларды домалату. 
Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.
 
Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады.
Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады. Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады. 

Допты ұста. 
Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді. Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады. 

Доп шеңберде. 
балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді. 
8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.
 

Допты қақпаға түсіру. 
Тәрбиеші балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, тәрбиеші оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.
 
Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға тәрбиеші енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.
 
Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.
 

Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде). 
Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.
 
Ойын қайтадан басталады.
 
Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады.
 

Негізгі қимыл – өрмелеу, еңбектеу. 
Бақшадағы тауықтар
 
Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады
 
Ол – бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.Күзетшінің ролін алғашқыда тәрбиеші орындайды, ал кейін тәрбиешінің белгілеуімен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.Күзетші тауықтарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды – алақанын шапалақтайды, «Қыш –қыш» деп дауыстайды.Тауықтар қашып кетеді .Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.Ойын қайта басталады.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады.
 

Сылдырауықты сылдырат 
(сылдырауыққа дейін еңбектеп жет). 
Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.
 
Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.
 

Маймылдар. 
Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал пайдаланады. 
Тәрбиеші бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін айтады да екі-үш балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше баспалдаққа көтерілуді ұсынады. Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде тәрбиеші: «Міне, көрдіңдер ме, маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті! Ал енді қайтадан төмен түсіңдер», - дейді.
 
Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.
 
Әр түрлі қимылды ойындар.
 
Дөңгелекті ұста. 
Тәрбиеші балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.
 
4-6 баладан топ жиналған кезде тәрбиеші дөңгелекті көтеріп, балалардың басынан жоғары айналдырып әкеледі де: «Ұста», «ұста», - дейді. Балалар дөңгелекке тырмысады. Дөңгелекке жетуге онша құмартпай тұрған балаларға тәрбиеші дөңгелекті, олардың қолы тиюіне мүмкіндік беріп, таяқты сөл төмендетеді де, балалардың белсенділігін арттыру үшін, қайтадан тез көтере қояды.
 
Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін тәрбиеші кімнің қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді. Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады. Тәрбиеші дөңгелекті машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды – бөлмеде жүгіруді ұсынады.
 

Кішкентай және үлкен аяқтар. 
Балалар орындыққа жартылай дөңгелене отырады. Тәрбиеші оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Тәрбиеші көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «тымпыл, тымпыл, тымпыл!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін тәрбиеші қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда тымпыл-тымпыл жүріп бара жатыр».
 
Тәрбиеші алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.
 

Кішкене қоян, шыға ғой... 
Бір топ бала тәрбиешімен бірге дөңгелене тұра қалады. Тәрбиеші кім кішкене қоян болады деп сұрайды. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.
 
Жүр, көжегім, шыға ғой,
 
Сұр көжегім, шыға ғой!
 
Айтқанымды ұға ғой.
 
Міне, былай шыға ғой!
 
Кішкене деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.
 
Жүр, көжегім, тап-тап бас!
 
Сұр көжегім, баптап бас!
 
Міне былай тап-тап бас!
 
Міне былай нақ-нақ бас!
 
Жүр, көжегім, билей ғой,
 
Сұр көжегім, билей ғой!
 
Міне былай билеп көр,
 
Міне былай билеп бер.
 

Жүр, көжегім жүгірші,
 
Сұр көжегім, жүгірші.
 
Міне былай бір ыршы,
 
Міне былай жүгірші. Жүр, көжегім, таңдап ал,
 
Сұр көжегім, аңдап ал!
 
Міне былай таңдап ал,
 
Дәнеңе жоқ таңданар!
 
Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.
 
Жүр, көдегім, тәжім ет,
 
Сұр көжегім тәжім ет!
 
Ұқпа мұны әзіл деп
 
Міне былай тәжім ет!
 
Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.
 
Ескерту. Өлеңнің әп шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.
 

Күнім, күнім ... (Сәулем, сәулем...) 
Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.
 
О, алтын күн, алтын күн,
 
Әйнектен қара, жарқын күн!
 
Балаларың жылауда,
 
Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).
 
Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.
 

Қолдың буындары мен саусақтары бұлшық еттерін жетілдіруге арналған ойындар
 
Саңырауқұлақтар 
Ойын үшін балаларға тесіктері бар кішкентай стол мен түрлі түсті саңырауқұлақтар береді. Ойынның басында тәрбиешіні балаларға саңырауқұлақтарды столдың тесігіне қалай тығуды көрсетеді. Балалар мұны жақсы меңгергеннен кейін тәрбиеші балалардың назарын саңырауқұлақтардың түр-түсіне аударады да тапсырманы қиындатады: саңырауқұлақтарды сол түспен дөңгелектеліп көрсетілген тесіктерге тығу керек дейді.
 
Ойынның варианты
 
Ойын үшін балаларға үсті төртке бөлініп, негізгі төрт бояумен боялған кішкентай стол беріледі. Мұндай жағдайда балалар саңырауқұлақтарды столдың тиісті түсі бар жағында орналасқан тесікке тығуы керек.
 
Балалар бір-біріне үйреніп, бірге ойнауға дағдыланған кезде екіден төрт адамға дейін біріктіруге болады. Тәрбиеші бұл ойынға балалардың майда бұлшық еттері мен саусақтарының қимылдарын жетілдіру мақсатымен, бірте-бірте балаларды тартады. Барлық балалар ойынның ережесін әбден игергеннен кейін, оны емін-еркін пайдалануға береді.
 

Мұнара жасайық. 
Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға тәрбиеші бір мезгілде 5-6 баланы қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.
 
Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке (стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін үйренгенде тәрбиеші олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны қалай жасау керек екенін көрсетеді.
 
Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде тізбектеледі.
 

Моншақ 
Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан, пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.
 

Қазық қақ. 
Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді.
 
Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.
 

Негізгі қимылдар – жүру мен жүгіру. 
Жалаушаны тап.
 
Балалар (6-8 адам) орындықтарда немесе көгалда отырады. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар көзін жұмады, осы кезде тәрбиеші жалаушаларды (балалардың санына қарай) әр жерге тығып қояды.
 
«Жалаушаларды іздейтін уақыт жетті», - дейді тәрбиеші. Балалар көздерін ашып, іздеуге кетеді. Жалаушаны тапқан бала өз орнына қайта келеді. Балалардың барлығы да жалаушаларды тапқаннан кейін, бірінің артына бірі тізіліп, алаңды жағалай жүреді. Колоннаның алдында жалаушаны бірінші тапқан бала жүреді. «Орындарыңа барыңдар!» деген сигнал естілгенде, балалар өз орындықтарына барып отырады, ойын қайта басталады.
 
Тәрбиеші балалардың бір жалаушадан ғана алуына бақылау жасауы керек. Бұл ойынды орман ішінде, алаңда өткізген жақсы болады: жалаушаларды шөптің арасына, бұталарда, ағаштардың артына жасыруға болады.
 

Қыдыруға барайық. 
Балалар алаңның (бөлменің) жан-жағына қойылған орындықтарда отырады. Тәрбиеші балалардың біреуіне жақындап келеді де оны өзімен бірге қыдыруға шақырады. Ол бала тәрбиешінің артына тұрады. Ендігі бала одан кейін тұрады да, тағы сондай. Тәрбиеші осылайша 6-8 баланы жинайды да, олармен бірге алаңды бір-екі айналып өтеді. «Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз орындарына жүгіреді. Тәрбиеші басқа балаларға келеді, ойын одан әрі жалғастырылады.
 

Өз үйіңді тап. 
Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді тәрбиеші. Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді. Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.
 
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.
 
Ойынның басқа варианты.
 
Жеке үйдің – орындықтың орнына балаларға бөлменің әр бұрышында коллектив үйлер құрып, онда 4-6 баладан жиналуды ұсынуға болады. «Үйлеріңе қайтыңдар» деген сигнал бойынша балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді.
 

Өз түсіңді тап. 
Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі – жасыл, екіншісі – көк, үшіншісі – сары жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің (алаңның) бұрыштарында топтасады. Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары) қояды.
 
Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар», - деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке-жеке алаңды (бөлмені) аралап кетеді. «Өз түсіңді тап деген жаңа сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.
 

Тышқандар мен мысық. 
Балалар-тышқандар бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына ұзыннан-ұзақ қойылған орындықтарда немесе скамейкаларда – індерінде отырады. Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Оның ролін тәрбиеші атқарады. 
Мысық ұйықтап қалады, тек осы кезде ғана тышқандар бөлмеде жүгіріп жүреді. Бір уақытта мысық оянады, мияулайды да тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар індеріне қарай қашады, орындықтардағы өз орындарына барады. (Тәрбиеші тек біреуді ұстағысы келген түр білдіреді.) Тышқандардың бәрі өз індеріне оралғаннан кейін, мысық бөлмені тағы бір аралап шығады да қайтадан өз орнына келіп, ұйықтап қалады. Ойын қайталанады.
 
Тәрбиеші ойынға қолға кигізілетін ойыншық мысықты пайдалана алады.
 

Поезд. 
Балалар алаңның бір жағында немесе бөлменің бір қабырғасын жағалай колонна құрып тұрады. Колоннаның ең басында тұрған бала – паровоз, ал қалғандары – вагондар.
 
Тәрбиеші гудок береді де балалар алға қарай жылжи бастайды (бірін-бірі ұстамаған күйде). Алғашқыда жай қимылдайды, одан кейін тезірек, ақырында жүгіруге көшеді, жай қимылдаған кезде балалар «чу-чу-чу» деген дыбыс білдіреді. «Поезд станцияға жақындап келеді», - дейді тәрбиеші. Балалар бірте-бірте жүріс қарқынын баяулатады да тоқтайды. Тәрбиеші қайтадан гудок береді, поезд қайтадан қозғалады.
 
Тәрбиеші балалардың жүріс қарқынын және оның мерзімін реттеп отырады. Алғашқы кезде ол балалар колоннасын өзі басқарады, ол кейін екпінділеу баланың бірін алға қояды.
 
Ойынның басқа варианты
 
Балалар ойынды жақсы меңгергеннен кейін, яғни бірінің артынан бірі тіркесіп жүре алатын болғанда, ойынды күрделендіруге болады – поезд тоқтағаннан кейін балалар серуенге шығады: гүл, жеміс-жидек, қозықұйрық тереді. Гудокты естіген кезде балалар белгіленген жерге (қабырғаға) қарай жүгіреді де колоннаға қатарға тұрады.
 
Алғашқыда балаларға қалай болса солай тұруға рұқсат етуге болады, ал жылдың аяқ кезінде колоннадағы өз орнын білуге - өз вагонын табуға – үйрету қажет. Жылдың екінші жартысында ойында бірқатар құрал-жабдықтарды пайдалану ұсынылады, мысалы, поезд көпірден өтер кезде (гимнастикалық скамейкалардан немесе екі басқыштың арасына салынған тақтайдан немесе екі рейканың арасынан, сызылған линиялардан, төселген жіптерден, т.б.).
 

Жел көбік. 
Алғашқыда балалар осыдан бұрынғы топтағыдай ойнай береді, кейін барып ойын күрделене түседі. «Жел көбік, кете көрме жырылып» деген сөз тіркестерінен кейін балалар отырмайды, ал тәрбиеші: «Көбік ұшып барады», - дейді. Балалар жан-жаққа бытырап (сол алаңның ішінде) тұра-тұра қашады, ал тәрбиеші: «Ұшты, ұшты, ұшты», - дейді. Бұдан кейін тәрбиеші балаларды қайтадан дөңгелене қатар тұруға шақырады, ойын қайта басталады. 
Ойынды 3-4 рет қайталауға болады.
 

Қараторғай ұялары. 
Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл – торғай ұялары.
 
Барлық балалар – қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп – ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.
 
Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.
 

Негізгі қимылдар – секіру. 
Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.
 
Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл – үй төбесінде немесе ұяларда отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», - дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді. Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу» деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді.
 

Масаны ұста. 
Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, бетін ортаға беріп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, оның қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оған картон қағаздан жасап жіпке байланған маса ұзындығы 0,5м бар. Тәрбиеші масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым» , - дейді.
 
Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.
 
Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп тұруы керек.
 
Ойын варианты.
 
Егер ойнаушылар тобы шағындау болса, тәрбиеші картон маса байланған шыбықты ұстап алға қарай жүгіруіне болады, ал балалар оны қуып жетуге тырысады.
 

Бақалар. 
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:
 
Бақалар басы қалтаңдап,
 
Шоршиды жолда талтаңдап.
 
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
 
Жүгіреді талтақтап.
 
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.
 

Кішкене өзен арқылы. 
Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл – өзен.
 
Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады; тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуіне көмектеседі.
 

Аттар. 
Балалар аттарды бейнелейді. Бөлменің немесе алаңның бір шетіне жиналып, мынадай өлең айтады:
 
Топ-топ түсіп төрт тұяқ,
 
Шоқырақтап шап, атым.
 
Құйрық-жалын суылдап,
 
Ұш оғындай садақтың. Өзен кешіп, тау асып,
 
Шабысыңнан танба сен.
 
Дүрсілдетіп дүниені
 
Ытқып, ытқып заула сен.
 
Соңғы сөзді айта бергенде, балалар алға қарай ұмтыла секіреді. Тәрбиешінің «үйге» деген сигналы бойынша жай ғана орындарына оралады. Тәрбиеші тексті қайталайды, аттар қайтадан бөлмені айнала шаба жөнеледі.
 
Тәрбиеші өлеңді түгел айтып болмайынша, балалардың орындарынан қозғалмауын қадағалаған жөн.
 

Кегли. 
Ойынды пластамассадан жасалған кеглилер қолданылады.Оларды бір-бірінен 10-15см қашықтықта орналастырады.
 
Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.
 
Тәрбиеші балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады; жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.
 

Допты домалат. 
Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана (диаметрі 6-8 см) шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырған жалаушаға (линияға) дейін домалатып жеткізу ұсынылады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.
 

Құрсауды дөңгелет. 
Үш-төрт бала тәрбиешіге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Тәрбиеші құрсауды кезекпен әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керісінше тәрбиешіге қарай дөңгелетеді.
 
Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері ойнай алады.
 

Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат. 
Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр түрлі түсті жалаушалар қойылады.
 
Тәрбиеші балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын домалатып болғаннан кейін, тәрбиеші енді оларды корзинаға салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.
 

Ұя басқан тауық пен балапандар. 
Балалар балапандарды, ал тәрбиеші ұя басқан тауықты бейнелейді.
 
Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл – үй (жалаушалар тізбектеле жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады). Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.
 
Тауық балапандарына тамақ (жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп, енесіне келеді
























Қосымша Ғ

Әуен-сазды ойындар:

 АҢШЫ ЖӘНЕ ҚОЯНДАР

Ойын шарты:Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып, немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" -  деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.

 

Сылдырмақ

Ойын шарты:Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.

«Малды төлiн емiзуге шақыру»

Ойын жүргiзушi:

Кәне, балалар, төрт түлiк малды төлiн емiзуге бәрiмiз бiрдей дауыстап шақырайық.

Дыбыстардың тазалығына, сөздердi анық айтуға көңiл бөлген жөн.

Ойынды көрнектiлiктер пайдалана отырып, еткiзуге болады.

hello_html_m57dd5155.png









1) Ұрмалы немесе iшектi аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, кобыз, жетiген, т. б.) дыбыс ерекшелiктерi арқылы айыра бiлуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсендiлiгiн, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешiмiн дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.

2) Күйдi тыңдатып, одан алған әсерiн сұрау. Немесе, күйдi тыңдата отырып, оларға күйден алган серiн, көңiл күйiн, ой сезiмi мен толымысын суретке салдыру керек.

З) Ою-өрнектердiң түрлерiн көрнекi кұралдар пайдалану арқылы таптыру. Көрнекi кұралдарға — үй жиһаздарынан: түскиiз, қоржын, киiз, әр түрлi иллюстрацияларды пайдалануға болады.


Музыкалық ойын «Көги гөк»

Қызды кемпiр етiп сайлайды. Қалғандары қаз болады. «Кемпiр» шетке шығып тұрады, баска ойыншылар қаздай тiзiлiп, бiрiнiң соңынан бiрi ұстап, хормен әндетедi. (Бiрнеше рет қайталанады).








Балалар қаздың жүрiсiне елiктей ақырын оң мен солға шайқалып «кемпiрдiң» қасына келедi. Бiрiншi келген балаға «кемпiр» ине (шеп, таяқша) берiп: «Жоғалтпаңдар!»— деп тапсырады. Балалар айнала жүрiп, қайтадан қаздай тiзiлiп «кемпiрге» келедi.

Кемпiр: (Бiрнеше рет қайталанады.)

hello_html_71a3a8d2.png




деп жауап бередi.





Олай болса, сендердiң бiрiңдi алып қаламын деп кемпiр балаларға бас салады. Балалар тiзбегiн жазбай қаша жөнелуi керек. Колға түскен бiреуiн «кемпiр» қасына алып қала бередi. Ойын барлық балалардьы түгел ұстап болғанша қайта жалғаса бередi.

Үш гүл

Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналғандидактикалық ойын.

Ойын құралдары

Көрнекілік:картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.

1.   Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен

Гүлдердің орына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады.

Таратылатыны: Әр балаға әуеннің көңіл күйін білдірітен бір гүлден беріледі.

ОЙЫН ШАРТЫ

1.   Музыка жетекшісі музыкалық шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманы атын және де композиторын атайды.

2.   Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыка жетекшісі музыкалық шығараманы ойнайды да балалар әуеннің көңіл күйін ажыратып әуенге сай гүлді алып шығады.

 

 Сиқырлы текше

 Мақсаты:Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.

 Ойын шарты:Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және    балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ  айтады.

–      Алма кепті домалап,

–      Көше бойын аралап.

–      Кім алманы табады,

–      Сол ойыннан шығады.

Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.

  

   НЕ  ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ?

 Құстар.

Суреттерге қарап, қай құс қандай дыбыс шығаратынын аңықтап, олардың қимылдарын келтіріп, музыкамен қимылдау.

  

КҮННІҢ КӨЗІ ЖӘНЕ БҰЛТ

 Ойын шарты:Балалар пьесаны тыңдайды. Пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін шығарады, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәйғана орташа болса - күннің көзімен бұлт арласқан карточканы шығарады. Балалар жауаптың дұрыстығын өздері бағалайды.                                                          

Мақсаты:Әуеннің мазмұнын ажырата білу.


МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК

 Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.

Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді.  Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.

Мақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу.


Біздің саяхат

Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз

1.  Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;

2.  Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;

3.  Айгерім допты алып жерге соға бастады;

4.  Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.


«Сылдырмақтар» М.Раухвергер

 Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.

  

«Көңілді жасырынбақ» В.Петрова

 Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.


«Қояндар» орыс халық әні

 Ойын шарты:Балалар орындарында отырады,ән-күй жетекшісі ойыншық қоянмен, әндетіп, бір балаға жақындайды.Қоян ән жетекшісі атаған баланың жанына келіп жақындайды.Әннен кейін бала қоянды қорқытып қуады.Қоян тез келіп баланың орнына отырып алуы керек.Үлгермеген бала ән немесе би билейді.

2нұсқасы.

Ойын шарты:Балалар көз алдарына серуенді елестетеді, ән – күй жетекшісі мына жерде кішкене қояндар тұрады – дейді.Ал олар мында не істеп жүр екен?Оны сендер өздерің шешесіңдер.

Ән-күй жетекшісі үнтаспада (бесік жыры, полька, т.б әуендерді қояды, ал топтан бір бала шығып керек карточканы үйшікке орналастырады.


«Қуыршақтар ұйықтайды және билейді»

 Ойын шарты:Ортаға ән-күй жетекшісі қуыршақты шығарады, қуыршақ балалармен би билейді, егерде қуыршақ ұйықтап қалса балалар қуыршақпен бірге ұйықтап қалады.


«Музыкалық қапшық»

Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық қапшықты алып келеді.Ол қапшықтың ішінде музыкалық аспаптар, ән-күй жетекшісі сол аспаптарда кезек-кезек ойнап балаларға үндерін естіртеді, ал балалар қандай аспаптың үні екенін ойлап табулары керек.


Қолданылған әдебиеттер тізімі.



  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ҚР МЖМБС 1.001-2009ж;

  2. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. - Астана, 2010ж;

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

  5. «Әнші балапан» мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған әндер мен
    өлеңдер жинағы.
    – Астана, 2014ж;

  6. Гвоздев А.Н. Развитие словарного запаса в первые годы жизни ребенка. – Куйбышев, 1990ж;

  7. Богатырева А.Н. Развитие речи у детей до трех лет //Ваш ребенок от 0 до 3. – М., 2002ж;

  8. «Дошкольное воспитание» журналы, 2003 ж. №1 ;

  9. «Дошкольное воспитание» журналы, 2000 ж. №11;

  10. http://collegy.ucoz.ru

  11. http://goo.kz

  12. http://kk.wikipedia.org

  13. http://rcdd.kz


63

Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров2967
Номер материала ДБ-036626
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх