Инфоурок Музыка КонспектыТақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат"

Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат"

Скачать материал

                                               

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

              «Бәйтерек» балабақшасының музыка жетекшісі

                                Вид Галина Анатольевна

Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат"

Мақсаты: Музыканың мәнерлеу құбылыстарын қабылдап, ажырата білуге үйрету.   

                  Түрліше  сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын

                  дамыту, даусын жетілдіру. Әнді асықпай, сөздерін анық айтуға үйрету.

                  Музыканы сәйкес би қимылдарымен үйлестіре қозғалуға талпындыру.

                  Ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, оларға деген танымалдылығын,     

                  қызығушылығын дамыту. Бір- бірімен дос болуға, қайырымды болуға 

                  тәрбиелеу.

Ойын-сауықтар барысы:

    Балалар "Өз елім" әнімен залға билеп кіреді. Жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші:

- Балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ендеше, бір әдемі ән айтайық, ертегі елінің кейіпкерлері келіп қалар.

 

Ән: "Ертегі"

Музыкамен Ертөстік шауып келеді.

Жүргізуші:

- Жол болсын!

Ертөстік:

- Әлей болсын!

Жүргізуші:

- Сіз кім боласыз?

Ертөстік:

                                   Ертөстігім деп елім,

                                   Ертегі ғып шертеді.

                                   Мәңгі жасап келемін,

                                   Мен қазақтың өркені.

- Ертөстік деген батыр мен боламын.

Жүргізуші:

- Сіз қайда бара жатырмыз.

Ертөстік:

- Жалмауыз кемпір менің Жалқұйрық атамды жер астына түсіріп жіберіпті, соны іздеп барамын.

Жүргізуші:

- Олай болса, біздің мына балалар арасынан өзіңізге жолдас боларлық  балалар бар, солардың өнерін тамашалаңыз.

Би: "Батырлар"

Ертөстік шауып келе жатып Саққұлаққа кезігеді.

Ертөстік:

- Оу, неғып отырған адамсың.

Саққұлақ:

- Жердің үстіндегі Ертөстік жердің астына түсті дегенді естіп, соның жолын тосып отырмын.

Ертөстік:

- Ертөстікке  жолдас боларлықтай қандай өнерің бар.    

Саққұлақ:

- Жер астының сақшысымын. Алыстағыны, жақындағыны түгел естіп қоямын. Жақсы ән тыңдағым келіп тұр. Балалар  маған ән орындап беріңдерші.

Ән: "Саяхат"  (әнін жазған Ә.Бейсеуов, сөзі Т.Молдағалиев)

Ертөстік:

- Олай болса іздеген Ертөстігің мен боламын. Жолға шығайық.

   Екеуі шауып келе жатып, Желаяққа кездеседі.

Ертөстік:

- Оу, неғып жүрген адамсың?

Желаяқ:

 - Жердің үстіндегі Ертөстік жердің астына түсті дегенді естіп, соның жолын тосып отырмын.

Ертөстік:

- Ертөстікке  жолдас боларлықтай қандай өнерің бар.    

Желаяқ:

- Жер астының желаяғымын. Ұшқан құс, қашқан аң менен құтыла алмайды, киіктерді қуғанда қатты жүгіретінім соншалық, аяғыма қазандай тас байлап алып жүгіремін, сонда жақсы үстаймын.

Ертөстік:

- Олай болса іздеген Ертөстігің мен боламын, көрсет балаларға өнеріңді.

Желаяқ:

- Балалар, мен сияқты жылдам жүгіру үшін, жүйрік болу керек. Сол үшін ойын ойнап жіберейік.

Жүргізуші:

- Балалар, сендер ойын ойнауға қалайсыңдар, ұлттық ойындардан қандай ойын білесіңдер?

Балалар:

- "Тақия тастамақ", "Хан талапай", "Қыз қуу", "Арқан тартыс", "Теңге алу".

Жүргізуші:

- Желаяқ,  Ертөстік біздің балалар ұлттық ойындардың бәрін біледі. "Теңге алу" ойынын ойнасақ қалай болады?

 

Ойын: "Теңге алу"

 

Ертөстік:

- Оу, неғып жүрген адамсың?

Таусоғар:

- Жердің үстіндегі Ертөстік жердің астына түсті дегенді естіп, соның жолын тосып отырмын.

Ертөстік:

- Ертөстікке  жолдас боларлықтай қандай өнерің бар, көрсет балаларға өнеріңді.

Таусоғар:

- Жер астының алыбымын, күшім бойыма сыймаған соң, мына таудың тастарын ары-бері қозғап, ойнап отырмын. Таусоғар деген батыр мен боламын.

Ертөстік:

- Олай болса іздеген Ертөстігің мен боламын, көрсет балаларға өнеріңді.

Таусоғар:

- Балалар, менімен күш салыстыратындарың бар ма?

 

Ойын: "Күш сынасу"

 

   Төртеуі шауып келе жатқанда, алдарынан Көлтаусар шығады.

Ертөстік:

- Оу, неғып жүрген адамсың?

Көлтаусар:

- Жердің үстіндегі Ертөстік жердің астына түсті дегенді естіп, соның жолын тосып отырмын.

Ертөстік:

- Ертөстікке  жолдас боларлықтай қандай өнерің бар?

Көлтаусар:

- Бір көлдің суы менің ішіме сыйып кетеді. Көлтаусар батыр мен боламын.

Ертөстік:

- Олай болса іздеген Ертөстігің мен боламын, көрсет балаларға өнеріңді.

Көлтаусар:

- Балалар, мына ойынды ойнап жіберейік, суды төкпей, шашпай келесі ыдысқа тасу керек.

 

Ойын: "Су тасу"

Осы кезде Саққұлақ жерді тыңдайды.

Ертөстік:

- Оу, Саққұлақ саған не болды?

Саққұлақ:

- Ертөстік сенің Шалқұйрық атың елге жетіп қойыпты, сені Кенжекей тосып жүр екен.

Ертөстік:

- Олай болса, елге қайтайық.

    Шауып сахынадан шығып кетеді. Ортаға Кенжекей шығады.

Кенжекей:

- Бүгін құба інген көрінбейді ғой.

                                  Мақтаулы қалың түйеден,

                                  Таңдап алған құба інген.

                                  Артайын деп ер қосын,

                                  Арнап та алған құба інген.

                                  Ерте тұрып байлаудан,

                                  Жүріп те кеттің құба інген,

                                  Төстік ердің өлгенін

                                   Болмаса  қайтып келгенін

                                   Білдірші енді құба інген.

     Сол кезде Ертөстік жолдастарымен келеді.

Кенжекей:

- Ертөстік, мына қасыңдағы жолдастарың кім?

Ертөстік:

- Бұлар маған алыс жол көрсеткен достарым, жол көрсеткендеріңе мың да бір рахмет.

Кенжекей:

- Ертөстікке жолда серік болып, көмек көрсеткендеріңе мен де алғыс айтамын. Ертөстіктің аман келгеніне той жасаймын, құрметті қонағымыз болыңыз.

                                      Көктем қандай көркем,

                                      Қызғалдақ нұрын төккен.

                                       Жастардың сырын шерткен,

                                       Тым құлпыра түскен.

                                       Шуаққа бөлеп гүл өсірген,

                                       Жыл құстарын ілестіріп.

                                       Көрікті көктем қандай көркем,

                                       Наурыз ғой бұл бізге жеткен.

- Қане, құрбыларым биге шығайық.

 

Би: "Достастық"

Жүргізуші:

- Біздің балалар сіздерге арнап ән орындайды. Қане, балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, ән орындайық.

Ән: "Биші болам өскенде" ( әні: Т. Ал- Мұхамед, сөзі: К. Бұтвыбаев)

Жүргізуші:

- Біздің қыздар өздерімен бірге шашу ретінде билерін ала келіпті. Бишілерді қарсы алайық.

Би: "Қамажай" (қыздар билейді)

Жүргізуші:

- Сендер әнші, биші екенсіңдер риза болып отырмын. Ал, енді сендердің қүштеріңді сынағым келіп отыр. Қазақтың "қыз қуу"  деген ұлттық ойыны бар, соны ойнайық. Біздің қыздарымыз шетінен жүйрік, жете алмай қалып, қамшының астына қалып қоймасақ болғаны.

 

Қазақтың ұлттық ойыны: "Қыз қуу"

 

Ән: "Наурыз" ( әні: Б. Есдәулетова, сөзі: Ш. Сарынова)

Жүргізуші:

- Балалар, міне ертегі елінде көңіл көтеріп, мәз болып, тойға қатыстық. Енді, балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды.

-  Бүгінгі мерекені көріп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі мерекеге дейін аман-есен болыңыздар.

      Балалар музыка әуенімен шығып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Музыканың мәнерлеу құбылыстарын қабылдап, ажырата білуге үйрету.

Түрлішесипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын

дамыту, даусын жетілдіру. Әнді асықпай, сөздерін анық айтуға үйрету.

Музыканы сәйкес би қимылдарымен үйлестіре қозғалуға талпындыру.

Ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, оларға деген танымалдылығын,

қызығушылығын дамыту. Бір- бірімен дос болуға, қайырымды болуға

тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2015 2044
    • DOCX 47.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Вид Галина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Вид Галина Анатольевна
    Вид Галина Анатольевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3313
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 133 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 306 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек