Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Статьи / Тақырыбы: Физика пәні сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде

Тақырыбы: Физика пәні сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Физика пәні сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде

Физика пәні оқытушысы: Курмалакова Ж.Ж.

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан оқушыларымыздың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселеміз. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Елбасының тапсырмасы бойынша  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы  маңызды тетіктердің бірі.

Аталған тетіктер Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айрықша мән беріліп айтылған.Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден байқауға болады.

Әлемдік білім берудің нәтижелілігіне қарағанда Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өлшеусіз қажымас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.

Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция»- сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.

Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады. Функциналдық сауаттылықты дамытуда

-Ғылыми –зерттеушілік жағынан  қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі,ғылыми-зерттеушілік,сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата-аналардың рөлін диогностикалау);

Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін,коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Физика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Есептерді өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу
мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс. Соның бірі «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде:

сабақтың мазмұны, сапасы артады;

жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады;

оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады;

пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақ сыни тұрғысынан ойлау (СТО) – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады:

-оқушыларды ойландыруға;

-өз ойларын ашық айтуға;

-пікір таластыруға /дебат/;

-дұрыс сөйлей білуге;

-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге;

-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану

III. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде – мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады.

Мағынаны тану кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді. Ой толғаныс кезеңінде -оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады.

Енді осы технологияның әдіс – тәсілдері бойынша өткізген сабақтарымның бірнешеуін ұсынамын.

Тобы:№34

Сабақ тақырыбы: Жарық дисперсиясы

Білімділік мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы

дисперсия құбылысын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қызығушылық және ойлау

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен

еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Технологиясы: – дамыта оқыту, СТО – стратегиясы.

Көрнекілік: Үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, шыны призма, диск.

Пәнаралық байланыс: Математика, химия, информатика, география, арнаулы пән.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу, тотастыру және топтарға атау беру, бағалау парағын тарату (1 мин )

1-топ:Жарық интерференциясы

2-топ: Жарық дифракциясы

3-топ Жарық дисперсиясы

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта біз жарықтың дифракциясы және жарық интерференциясы тақырыбын өткен болатынбыз,олай болса оқушылардың білімдерін шындайтын сұрақ-жауап

Блиц-турнир (әр топ кезекпен жауап беред)(2 мин)

1. Жарық жылдамдығын лабораториялық тәсілмен ашқан француз физигі.(О.Ж.Френель)

2.Толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

3.Толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

4. Жарық жылдамдығының сан мәні неге тең

6. Толқын ұзындығының өлшем бірлігі

7. Жарық дегеніміз не?

8. Неліктен далаға қарағанда бос бөлмеде дыбыс қатты шығады? (шағылу құбылысы)

9. Неге жазда ақ түсті киім, ал қыста қара түсті киім киеміз?

10. Қусаң қашады, қашсаң қуады? (Көлеңке)

Жұмбақтар шешу

1.Хабар алған алыстан, екі өріс табысқан (электромагниттік толқын)

2. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің (ауа)

3. Аспандағы алып топ, жарқырайды жарық боп (күн)

4.Жарқылдап соң жаңағы, суға бөкті бар алып, көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ

Сонымен, дифракция дегеніміз- жарық толқындарының бөгетті орағытып өтуі, ал дифракциялық тор толқын ұзындығын өлшейтін құрал екендігін біле отырып, жарық өлшейтін бір қасиетін білдік.

Жаңа материалды түсіндіру (20 мин)

Тақырыбы: Жарық дисперсиясы.

Сабақ мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы дисперсия құбылысын түсіндіру.Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.

СТО бағдарламасымен топты үшке топтастырып, әр топқа атау беріледі.

-Топта жұмыс істей алуға үйрету

- өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру

-пікір айтуға үйрету

-бір-бірін тындауға, жауаптарын бағалай білуге үйрету. Топтарға өзбетінше ізденіс жасай отыра мәтін бойынша тақырыптан мәлімет алады.

Жоспары:

1-топ: Ньютон эксперименті .Спектр дегеніміз не?

2-топ: Дисперсияның мағынасы не?

3-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер

Үш топқа ортақ деңгейлік есептер.

1-топ: Ньютон мынадай эксперимент жасады.

(Интерактивті тақтаға суретті шығару)

hello_html_m1923fa87.jpghello_html_1e948852.jpg

Әр түрлі заттардың түстері туралы сұрақ адам баласын ерте заманнан бері қызықтырып келді. Сонда да Ньютонға дейін бұл салада ешқандай белгілі нәрсе болмады. Түс заттың өзіне тән қасиет деп есептелді. Ал әр уақытта түрлі бақылау жүргізгенде жарықтану шарты өзгерген жағдайда дененің түсі де өзгеретінін анықтауға болады. Жарық пен қараңғыны араластырғанда әр түрлі түстер пайда болады деген пікірлер де болды. Кемпірқосақ түсін жаңбыр тамшыларымен байланыстырды. Алмаз түстерінің ойнауы, шыны призмадан өткен түстің түрленуі де белгілі болатын. Бірақ Ньютонға дейін ешкім де бұл құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы байланысты білуге ұмтылған жоқ.

1666 шыны өңдеп жүрген болатынмын,мен түс жөніндегібелгілі құбылыстыарды тексеру үшін ұшбүрышты призманы тауып алдым. Осы мақсатта мен призманы өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым. Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен алынған түрлі түсті және күшейтілген түстерді қарау маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды”. Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұрақты жолақтарды Ньютон спектр (spektrum- көру) деп аталады.

Бұл эксперимент ақ жарықтың күрделі түс екенін анықтады.



7 Түс.



Ньютон бұл түстерді спектр деп атады. ( лат dispersio- шашырау дегенді білдіреді) Ньютон ашқан құбылыс дисперсия деген атаққа ие болды.Сонымен дисперсия дегеніміз не?

Ньютон қызыл,күлгін түсті жеке жеке бөліп алып,екінші призмадан өткізген кезде күлгін тіс күшті сынады, қызыл түс әлсіз сынады.

Дисперсия қүбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын түсіндіреді, яғни жарық су тамшыларын немесе атмосферадағы мұз қабыршақтарында сынуының нәтижесінде пайда болады. (судың хим.форм. жазу,кемпірқосақтың суреті интерактивті тақтада көрсетіледі)

2-топ: Жарық дисперсияның мағынасы не?

Жарық дисперсиясының екі мағынасы бар:1- күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы,2- заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі. Жарық толқыны фазалық жылдамдығының жиілікке`v. () не ұзындығына заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне . Жарық дисперсиясы нәтижесінде ақ жарық спектрге жіктеледі.Осы спектрді зерттеу арқылы И.Ньютон Жарық дисперсиясын ашты (1672-ның) арасында осындай заңдылық байқалатын құбылыс қалыпты Жарық дисперсиясы деп аталады.-дің (не кемігенде) сыну көрсеткіші де (n) артады. n мен ) артқанда (). Спектрдің берілген аймағы үшін мөлдір денелерде жарық толқынының жиілігі ( Аномаль  кемігенде) сыну көрсеткіші n кемиді. Оптикалық шыныларда қалыпты Жарық дисперсиясы, ал жарық өткенде жұтылу жолақтары айқын білінетін газдар мен буларда аномаль Жарық дисперсиясы байқалады. Затта жарықтың сынуы жарықтың фазалық жылдамдығының өзгеруі салдарынан болады. Мұндай жағдайда заттың сыну көрсеткіші (n) мына формуладан анықталады: n=c/v, мұндағы cv— жарықтың берілген ортадағы фазалық жылдамдығы, с — артқанда (Жарық дисперсиясы кезінде толқын жиілігі  вакуумдағы жарық жылдамдығы. Жарықтың электрмагниттік  — магниттік өтімділік. Призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы түрлі түсті спектрге жіктеледі. Жеті түрлі түстен құралған бұл спектрдің ең көбірек бұрылатыны және ең қысқа толқындысы (жиілігі үлкені) — күлгін — диэлектрлік өтімділік, теориясы бойынша: , мұндағы  сәуле, ал ең аз бұрылатыны және ең ұзын толқындысы — қызыл сәуле. Жарықтың классик. теориясы бойынша Жарық дисперсиясы жарық таралған орта атомдарының (не молекулаларының) электрондары мен жарық толқындары туғызған айнымалы электр өрісінің өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Мөлдір денелердегі Жарық дисперсиясы спектрлік приборларды,ахроматикалық линзаларды жасау кезінде қолданылады.

Бейне ролик Жарық дисперсиясының алынуы.(3 мин)

. Осы мақсатта мен өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым.Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым.Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен алынған түрлі-түсті және күшейтілген түстерді қарау маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды". Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұратын жолақтарды Ньютон спектр (spektrum — көру) деп атады (түрлі-түсті қосымшадағы 3-сурет).Бұл эксперименттің екі ерекшелігі Ньютонды таң қалдырды. Жарық призмадан неге боялып шығады? Және дөңгелек саңылаудан түскен шоқ призмада сынып шыққаннан кейін неге жолақ түріне енеді?Шоқтың ұзындығын оның енімен салыстырып, оның ұзындығының енінен 5 есе артык екенін тапты. Мұны түсіндіру өте қиын болды. Бірақ Ньютон күн спектрінің әр түсін басқалардан жеке бөліп алып, оны екінші призмадан сынуға мәжбүр етті. Бұл жағдайда ол әр түрлі түстердің әрқалай сынатынын байқады. Мысалы, қызыл түс басқаларға қарағанда әлсіз, ал күлгін түс бәрінен де күшті сынады.Ньютон мұны түсіндіре алмады. Бірақ эксперимент жарықтың призмадан сынғанда ұзынша болатынын түсіндірді. Бұл эксперимент ақ түстің күрделі түс екенін көрсетті. Ол негізгі жеті түстен түрады: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін Ақ түстің күрделі түс екенін көрсететін Ньютонның жасаган тағы бір тәжірибесі бар.Ньютон дөңгелектің бетін сектор түрінде негізгі жеті түсті бояп қойды. Бұл дөңгелек қозғалтқыштың айналу осіне бекітілді. Айналудың белгілі бір жылдамдығында түсті дөңгелек ақ болып көрінеді. Ньютонның ашқан құбылысы жарықтың дисперсиясы деп атады. Бір заттың ор түрлі толқын ұзындығына сәйкес сыну көрсеткіші бар. Жарықтың жылдамдығы вакуумде 300 000 км/с екені белгілі. Ал басқа мөлдір ортадан өткенде жарық жылдамдығы өзгереді және ол вакуумдегіден аз. Қызыл түсті жарық толқынының таралу жылдамдығы кез келген ортада максимал, ал күлгін түсті жарық толқынының таралу жылдамдығы — минимал болады. Мысалы, суда vk = 228 000 км/с, ал vk= 227 000 км/с. Күкірт көміртекте vk= 185 000 км/с, ал vk= 177 000 км/с. Вакуумде жарық дисперсиясы болмайды, өйткені онда барлық жарық толқындары бірдей жылдамдықпен таралады.Дисперсия құбылысының ашылуы кемпірқосак құбылысын түсіндіруге көмектесті.

hello_html_m5c94ff47.jpghello_html_6ef8cb.jpg

3-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер

1807 жылы ағылшын физигі Томс Юнг өте маңызды жаңалық ашты. Ол қызыл, жасыл, көгілдір түстерді қосып,ақ түс алуға болатынын байқады. Сонымен қатар қызыл,жасыл, көгілдір түстерді қосып басқа түстер алуға болатынын байқады. Қызыл, жасыл, көгілдір түстерді Юнг алғашқы түстер деп атады.















Толықтауыш тустер: Күн спкетрінен қызыл түсті бөліп алсақ, нәтижесінде көгілдір жасыл жарық шығады.Бір – біріне  қосқанда ақ  жарық  беретін  түстерді  толықтауыш  түстер деп атады.
Егер зат  ақ  жарықтың  барлық  құрамды  бөлігін  біркелкі  шашыратса ол  ақ  болып  көрінеді.Ал зат өзіне түскен  барлық түсті жұтса, ол  қара түсті  береді.
Сондықтан мөлдір  денелерді жарық  жолына  ұстаса , олар  әр түрлі түске  боялған  тәрізді көрінеді.Мұндай  заттар  
жарық  сүзгісі деп  аталады.

Жаңа материалды қорытып, бекіту. (10-13 мин)

Деңгейлік есептер

  1. Зеңбіректен 4 км қашықтықта тұрған бақылаушы жарқылдан кейін 12с өткенде жарылыстың дыбысын естиді.Осы мәліметтер бойынша дыбыстың ауадағы жылдамдығын анықтау.(333м/с)

  2. Адам 16 Гц жиіліктен 20000 Гц жиілікке дейінгі дыбысты сетиді. Адамның қабылдайтын толқын ұзындықтарының интервалын анықтау керек. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340м/с. (21,25м,17мм-ге)

  3. Дыбыстық сезім адамда шамамен 0,01с сақталады. Негізгі және тосқауылдан шағылған дыбысты ажырату үшін адам тосқауылдан қандау қашықтықта болуы керек. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340м/с. (1,7м)

Жаңа материалды түсіндіріп , дисперсия құбылысына мысалдар келтіру арқылы оқушылардың алған білімін бекітеміз.

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)(2 мин)

Түсті жолақтың өзін Ньютон........................ деп атады.

Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон ....................... деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле..................... сынады, зат ішіндегі жылдамдығы ......................... болады.

Латынның dispersio деген сөзі , қазақша ............. деген сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге ......... тасымалдайды.

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)

1Түсті жолақтың өзін Ньютон спектр деп атады.

2. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон дисперсия деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле аз сынады, зат ішіндегі жылдамдығы үлкен болады.

Латынның dispersio деген сөзі , қазақша шашамын деген сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге энергия тасымалдайды.

Оқушыларды бағалау (1 мин)

Бағалау парақтары бойынша оқушылармен бірлесе топ бағасын айтамын

Үй тапсырмасы (1 мин)

1. Б.Кронгарт, В.Кем, Физика 11 сынып § 4,6 153 - бет

2. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы» №1046,1047,1049 есептер шығару.

3. Эссе жазу.Тақырыбы: «Жерде күннің жарығы болмас

Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары (10- сынып)

Сабақтың мақсаты: өтілген тақырыпты қайталай отырып, алған білімдерін жинақтау, пысықтау. Бүгінгі өмір талабына сәйкес оқушылардың газ заңдары тақырыбын білу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақматериалдарын оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстары арқылы меңгерту.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: Дөңгелек үстел, ассоциация әдісі, «Венн» диаграммасы, «Ой толғау» әдісі және «Еркін жазу» стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Физик – ғалымдардың суреттері, слайд, сызба – нұсқа, кестелер, білім деңгейлері жазылған плакат.

Сабақтың барысы: «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары үш кезеңнен тұрады.

«Қызығушылықты ояту» кезеңі. Сабақтың бұл кезінде ассоциация әдісі негізінде «Газ заңдары» тақырыбы бойынша ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырылады.

Бұл кезде оқушылар өздерін шығармашылық жұмыспен айналысатын зерттеуші ретінде сезінуі керек. Зерттеу тақырыбы «Газ заңдары». Осыған орай өз ойларын жекелей, жұптық, топтық шаралар арқылы жеткізе білулері шарт.

Ассоциациялық карта арқылы әр топтан бір спикердің жауабы тыңдалады. (Бұл әдіс бойынша сыныптағы барлық оқушы өз ойларын мүмкіндіктеріне қарап қағаз бетіне түсіреді).

Келесі тапсырма «Газ заңдары» тақырыбын еске түсіре отырып, оны сипаттайтын шамалармен танысу, осы шамалар туралы мәліметтер жинақтау. Ол үшін дөңгелек үстел әдісін қолданамыз. Үш топ бойынша төмендегідей тақырыптар беріледі. І топ – «Изотермиялық», ІІ топ – «Изохоралық», ІІІ топ – «Изобаралық». Тақырыптарға байланысты ойларын қағазға түсіреді, зерттеу уақыттарына 3 минут бөлінеді. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша жұмыс жүргізу шарттары мынадай болады.

1.Әрбір топ жазуларын бөлек түспен толтырулары қажет.

2.«Талқылау аяқталды» командасынан кейін жазуды аяқтап, сағат тілінің жүрісі бойынша әрбір топ келесі топқа жазған беттерін беру керек, әрбір топ оқушылары жазған материалдармен танысып, толықтырулар мен түзетулер енгізіп, қайтаруы керек (түзету мен толықтырулар топтардың таңдаған түстерімен жазылуы қажет).

Белгіленген уақыттан кейін әрбір топтан спикерлер сөз алып, өз тақырыптары бойынша қорғау жұмыстарын жүргізеді. Осы уақытта топтың басқа мүшелері өз тақырыптарына байланысты физик – ғалымдардың суреттерін және сызбаларын тауып тақтаға іледі.

Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгерту жүзеге асады. Әр топ өз аттарына сәйкес тақырыптарын түсіндіре келіп, күнделікті өмірде қолдана білу қажеттігіне тоқталып өтеді.

«Ой толғаныс» кезеңі – сабақты бекіту кезңінде «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ерекшеліктерін салыстырады.

Топ оқушылары процестерге берілген есептерді тақтаға орындайды, дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Сабаққа қатысқан оқушылардың барлығы бағаланады. Оқушылардың ауызша жауаптары, есептер шығаруы, шығармашылық жұмыстары басшылыққа алына отырып бағаланады.

Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, түсінгендігін, әлі де болса нені білгісі келетіндерін қағаз бетіне түсіріп келу тапсырылады.

Қорытынды: осы технологияның страгегияларын пайдалану барысында сабақта мүлдем ауыз ашпайтын оқушының ойын айтқанын, ізденгенін, топқа өз үлесін қосуға тырысатынын, өзінен кеткен қателіктерін мойындайтынына көзім жетті. Жыл сайынғы жинақталып келе жатқан тәжірибеге қоса, оқытудың жаңа технологиясы сапалы білімге көрсеткіш болмақ.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керекдеп сөзімді аяқтағым келеді.

Ұсыныстар:
1.«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясын сабақта тиімді қолдану.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашу.

3. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру.



 

 

















АҚТӨБЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН БАСҚАРУ КОЛЛЕДЖІ






Баяндама

Тақырыбы: «Физика пәні сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде »











Өткізген: Курмалакова Ж.Ж.

физика пәні оқытушысы





Ақтөбе қаласы







 

 

 

 




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.11.2016
Раздел Физика
Подраздел Статьи
Просмотров20
Номер материала ДБ-367668
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх