Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тақырыбы: Геометриялық пішіндер және оның түр-түстері.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер және оның түр-түстері.

библиотека
материалов

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық», «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика, көркем әдебиет, жапсыру.

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер және оның түр-түстері.

Мақсаты: 1.Ата –аналардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсене қатысуы, ата-аналармен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас. Заттың түр-түсін, пішіндерді ажырата білуге үйрету. Көзбен мөлшерлей білу, салыстыру, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2. Бейнелеу, жапсыру дағдыларын дербес іс-әрекетінің, қимыл-қозғалысын, саусақ моторикасын дамыту. Ата-ана, тәрбиеші, бала арасындағы байланысты дамыту.

3.Тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қызыл, көк, шаршы, сары, дөңгелек, ұқсас, үлкен, кіші.

Көрнекілік құралдар: белдемше геометриялық пішіндер тігілген, ойыншықтар, геометриялық пішіндер, дайын сызба үлгісі.

Жылулық шеңбері: Балалар шеңбер жасап тұрайық

Армысың күн ата (қолдарын жоғары көтереді)

Армысың көк аспан

Армысың жер ана

Армысың достарым (бір-бірімен құшақтасады)

Мінекей менің қолым ( қолдарымен ұстасады)

Барлығымыз қол ұстасып жылуымызды бір-бірімізге берейік. Қонақтарға бұрылып, жылуымызды берейік деп алақанға үрлейік, бәрі бас иіп амандасады.

Тәрбиеші: Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс шығатын сияқты. Біреу есік қағып тұр.

Көңілді әуенмен топқа қуыршақ Мақпал кіреді.

  • Амансыңдар ма, балалар, келген қонақтар.

Мен қуыршақ Мақпалмын, сыйқырлы ойыншықтар әлеміне қонаққа келдім сендерге. Мен сендерге құр қол келген жоқпын, сыйлықтарым бар. Қараңдаршы менің қалталы белдемшем қандай әдемі. Белдемшемнен не байқап тұрсыңдар?. Қалталар.

Қалталардың түстерін, пішінін айтып беріңдерші. Балаларды бір-бірден шақырып тапсырма беру. Мысалы: Ақжол қызыл қалтаны көрсетші.

Қызыл қалтаның ішінде не бар? (Қоян)

Қоян қандай?

Екінші баланы шығарып үлкен қоянды көрсетші. Балалар үлкен қоян кім де?, кіші қоян кім де?

Кім қоян туралы тақпақ біледі?

Алаңқайға жиналып

Келіп қалды қояндар

Міне қандай қояндар

Ұзын құлақ қояндар

Көк түсті қалта. Онда не бар? Аю

Қандай пішінді қалтадан алдың? Сенің аюыңның көлемі қандай? Кім аюды көрсетеді? Аю туралы кім тақпақ айтып береді?

Маймақ аю орманда

Жаңғақ теріп келеді

Жаңғақтарын қалтаға.

Жинап, жинап келеді.

3. Сары түсті қалта: Доп. Доп домалақ па дөңгелек пе? Үлкен бе, кіші ме?

Доп неге дөңгелейді?

Добым менің добым менің

Өзің неткен көңілді едің

Зымырайсың, құтыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

Сергіту сәті

Ойын: «Сыйқырлық қорап» Қораптың ішінде геометриялық пішіндер, сыртында суреттер. Жерге тастап қандай пішін түсті? Деп сұрақтар қояды. Ішінде бірдеңе бар ғой деймін, ашып көрейік, ішінде пішіндер бар екен. Осы пішіндермен не құрастыруға болады?.

Қағаз бетіне құрастырып , жапсырып көрейік.

Балар жұмысы.

Тәрбиеші: Ал балалар, жапсырып болдыңдар ма? Болсаңдар жұмысымызды қонақтарға көрсетейік. Бір, екі бала өз жұмысын айтып береді.

Аяулым сен не құрастырдың? Бәйтерек.

Қандай тамаша. Кім айтады? Қай қалада Бәйтерек орналасқан?. Астанада.

Тәрбиеші: Ұмыт та қалған жазылмай,

Есте жоқ ескі тағдырдай:

Әлем

Әлі көрген жоқ,

Бәйтеректі дәл мұндай.

Нұр сыйлап қала көркіне,

Тағзым етіп:

Жер ,Күнге

Тұр ғажайып ғимарат –

Зор бәйтерек кейпінде... – деп белгілі балалар ақыны Өтепберген Ақыпбергенов жыр арнаған биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені Астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың ең алғаш келетін жері осы. Биіктен қала көрінген тамашалаған бала түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі келеді.

Біздің бас қаламыз қай қала? Астана.

Ал біздің туған жеріміз қай жер екен? Туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан. Балалар біз биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз.

Балаларды мадақтау, мақтау.






Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров117
Номер материала ДБ-007894
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх