Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: Халық даналығы 2 сынып

Тақырыбы: Халық даналығы 2 сынып

Скачать материал

4

Тақырып: Жүрек жылуы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 2 «а», 2 «ә»

Сабақ мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту,сүйіспеншілікпен әрекет жасау дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: мейірімділік қасиет пен өзара көмек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:қамқорлық жасау өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:қайырымды,жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Видео

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлеу. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қортынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

 

Сабақ барысын талдау:

3.     Дәйексөз.

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан. М. Пришвин Қорытынды: Өзің адамдарға, айналаға көмек көрсете алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар, айналаңда көмек береді дегенді білдіреді.

Жан-жағына жақсылық жасап жүру жақсы адамның ісі.

 

4.     Әңгiмелеу

Мәтінмен жұмыс.

Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З. Мейірхановтың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

- Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

- Маржанға баға бер.

Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Қорытынды:

Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

 

5.Шығармашылық жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

- Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?»сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жария етеді)

- Расында да, адамның әдептілігімен, жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Құрметті ұстаз - аналар алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз!(Оқушылар жауқазын гүлін ұстаздарға сыйлайды)

Жүректен жүрекке.

Оқушылар жүрегімізді жақсы тілекке толтырайық. (оқушылар жүрекке жақсы тілектер жазып оны үлкен жүрекке іледі)

Елімізде қайырымдылық жасаудың негізінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. ( Оқушыларға слайд арқылы көрсету

 

6.Топпен ән айту.

Қорытынды:Жақсы бала еңбекшіл болады, қиындықты женеді барлық табиғатда суйсінеді онда балалар есимізден жақсылықты шығармайық.

 

7.     Үй тапсырмасы.

25-сабақ Алпыстан асқаннан ақыл сұра. Оқу

 

8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

Жауабы: Сүйіспеншілікке, мейірімділіккке, әдептілікке, бауырмашылдыққа үйрендік. Осы қаситеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді ашайық. Деп музыканы сөндіреміз.

1.     Ал енді, демалып келіңдер!.

 

 

 

4

Тақырып: Халық даналығы

Құндылық: Адамгершілік

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сынып 2 «а», «ә»

Сабақ мақсаты:

«Даналық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: -жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі – халық даналығы екендігін түсіндіру; -халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру; -халық даналығын сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық , Данышпан атаның жіберген хаты, Ақботаның қоржыны.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.



Қорытынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

 

Сабақ барысын талдау:

3.      

Дәйексөз. «Ақыл шыңы – даналық» халық даналығы

 

 

4.      

Мәтінмен жұмыс

Өсиет әңгіме *Хан баласы «халық даналығын» қалай табады? *Халық даналығына нелер жатады?

Қорытынды:

 

 

6.Шығармашылық жұмыс

Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар. 1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 2. Адам деген – ардақты ат. 3.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 4. Адам арын ойлайды. 5. Оқу – инемен құдық қазғандай. 6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

7.     Дәптермен жұмыс -Дәптерде жұмбақ шешуінің суреттері (доп, күн, өрмекші) берілген, олардың тұстарына қалдырылған бос жолдарға жұмбақтың берілуін жазыңдар. *Домалап кетеді, Қайта домалап жетеді. (Доп) *Қараңғыны түреді, Ылғи жалғыз жүреді. (Күн) *Шидей ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге Аспалы тор құрады. (Өрмекші)

8.     Ойын. «Жұм – аш» Балалар партада өз орындарында отырады. Бір оқушы ортаға шығап, берілген бір заттың түрін, түсін, көлемін, ерекшелігін жұмбақтап жасырады, қалған балалар табуға тырысады.

 

7.     Үй тапсырмасы.

27-сабақ Халқым менің қонақжай. Қонақ күту рәсімін айту. Оқу

 

9.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

Жауабы: Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны құрметтеп, сақтауға, бағалауға үйрендік. Осы қаситеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді ашайық. Деп музыканы сөндіреміз.

Ал енді, демалып келіңдер!.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Халық даналығы 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 1730
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султан Ляззат Базарбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султан Ляззат Базарбайкызы
    Султан Ляззат Базарбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25897
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе