Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: "ХХІ К Ө Ш Б А С Ш Ы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тақырыбы: "ХХІ К Ө Ш Б А С Ш Ы"

библиотека
материалов



Тақырыбы: ХХІ – ғасыр көшбасшысы.

Мақсаты:1. Оқушыларға өздері оқып танысқан, алған білімдерін пысықтау, шығармашылығын жан – жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау;

2. Оқушылардың шығармашылық, іздемпаздық қабілетін, ой – өрісін, танымдық, іскерлік, есте сақтау қабілетін дамыту;

3. Топпен жұмыс істей білуге, бірлікке, ұйымшылдыққа, достыққа, бірін – бірі тыңдай білуге тәрбиелеу:

Түрі: Жарыс сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: Слайд, смайлик суреті

Барысы:

І. Ұйымдастыру

- Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап, Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір, таза көңілмен – бүгінгі ХХІ – ғасыр көшбасшысы атты сайысымызды бастаймыз.

  • Бүгінгі біздің сайысымыз 5 турдан турады.

І тур: Тапқыр болсаң – тауып көр.

ІІ тур: Сыр – сандық.

ІІІ тур: Ситуациялық сұрақ.

ІҮ тур: Ойланайық бәріміз.

Ү тур: Кім жылдам.

ҮІ тур: Шығармашылық жұмыс.

  • Бұл турларда бірнеше тапсырмалар беріледі. Соған мұқият жауап береміз. Сайысымызды бастамас бұрын мен сендерді 3 топқа бөлемін.

І топ. «Алғырлар»

ІІ топ. «Тапқырлар»

ІІІ топ. «Білгірлер»

Ұрандары: І топ. «Алғырлар» тобы

Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.

ІІ топ. «Тапқырлар»

Ақыл – азбайды, Білім – тозбайды.

ІІІ топ. «Білгірлер»

Оқу – білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.

І тур: Тапқыр болсаң, тауып көр.

Сұрақтары:

1.Бір кесе меруерт мәтінінің авторы кім? (Ш. Құдайбердіұлы)

2. Абай Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді? (1845-1904жж.)

3. Б. Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесіндегі «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» деген мақал кімге қатыста айтылған? (Мәуленге)

4. «Қамқорлық» мәтініндегі жағымда кейіпкер кім? (Қожа)

5. Жантас торғайды немен атты? (рогаткамен)

6. Міржақып Дулатов кім?(қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын тб)

7.Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата? (Күріш, мақтаның қорабы мен гүлі, жүгері)

8. Өсімдіктер ерекшеліктеріне қарай нешеге бөлінеді? Оларды ата? (Ағаш, бұта және шөптекті өсімдіктер)

9. Емен неше жыл өмір сүреді? (1000 жыл)

10. Бір жылдық өсімдіктерді ата? (Бидай, күнбағыс, қызанақ)

11. Жер бетінде жануарлардың неше түрі бар? (2 млн.)

12. Жануарлар неше топқа бөлінеді? Оларды ата? (бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар және сүтқоректілер)

13.Сөз таптарына нелер жатады? Оларды ата?

14. Зат есім дегеніміз не?

15. Сын есім дегеніміз не?

16. А қандай дыбыс?

17. Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?

18. Қ қандай дыбыс?

ІІ тур: Сыр – сандық

Бұл турда топтар мақал - мәтел айтып жарысады. Отан, ата – ана, білім, еңбек туралы мақал - мәтелдер айту.

ІІІ тур: Ситуациялық сұрақтар.

  1. Сен ініңмен бірге мектепке асығып келе жатырсың. Қоңырау уақыты жақындап қалды. Сенің інің абайсызда құлап қалды. Сенің ініңе көмек керек болды, себебі ол қатты жарақаттанып қалды. Ал, сенің сыныбыңда өте маңызды сабақ болып жатыр. Ол сабаққа көптеген мұғалімдер қатысады. Оған сен міндетті түрде қатысуың керек. Осы жағдайда сен не істер едің?

  2. Екі дос дүкенге келді. Дүкеннің ішінде адамдар өте көп. Екі достың біреуі қатты шөлдеп, су ішкісі келді. Ол тоңазытқыштан су алып, ішті. Сосын балалық жасап екеуі жаңағы алған судың ақшасын төлемей шығып кете береді. Егерде сол баланың орнында болсаң сен не істер едің? Ал, сен сол балаларды көрген болсаң не істейсің?

  3. Қыс мезгілі. Айнала аппақ кар. Сендер сынып болып аққала жасауға шықтыңдар. Аққала жасап ойнап жатқанда кеннеттен сыныбыңның 2 баласы қыздарды қармен ұра бастады. Дөңгелеткен қардың ішіне байқаусыздан тас кетіп қалды. Ол 1 қыздың басына тиіп, басын қатып қойды. Қыздардың барлығы мұғалімге айтып қойды. Ал кызды ұрған екі бала қашып кетті. Ол екеуі сендердің достарың. Сендер сол достарыңды мұғалімге айтып қояр ма едіңдер, әлде кешіріңіз біз ойнаған едік деп достарыңды құтқарар ма едіңдер?

ІҮ тур: Ойланайық бәріміз.

Бұл турда сендерге логикалық есептер мен сұрақтар қойылады. Мұқият тыңдап дұрыс және жылдам жауап береміз.

  1. 1 кг тұз ауыр ма әлде 1 кг мақта ауыр ма? (Тең)

  2. Үстелдің төрт бұрышы бар? Оның бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрыш қалады? (5)

  3. Жарығы сөніп – өшіп кеме келе жатыр. Біз оны көреміз бе? (Көрмейміз)

  4. Сол жақтан оқысаң да, оң жақтан оқысаңда бірдей сан қайсысы?

  5. Алты балаға алты алманы тең бөліп беру керек. Бірақ 1 алма себетте қалу керек. ( Соңғы балаға себетпен беремін.)

  6. Бөлменің 4 бұрышының әрқайсысында мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы тағы 3 мысық отыр. Осы бөлмеде барлығы қанша мысық отыр. (4 мысық)

  7. Үш адамның қолы нешеу? (6 қол)

  8. Бір жұмыртқа 3 минутта піседі, онда 4 жұмырқа неше минутта піседі? (3 минут)

  9. Ағаш басында 100 торғай отырған. Аңшы келіп 10 торғайды атып өлтірді. Ағаш басында неше торғай қалды? (ұшып кетті)

Ү – тур: Кім жылдам

«Байтерек» сөзінен сөздер шығару.

ҮІ – тур: Постер қорғау

Әр топқа 5 минут уақыт беріледі.

І –топ: Күз мезгіліндегі табиғат көрінісін саламыз.

ІІ – топ: Қыс мезгіліндегі табиғат көрінісін саламыз.

ІІІ – топ: Көктем мезгіліндегі табиғат көрінісін саламыз.

Бағалау

  • Әр топ бір – бірін бағалайды

  • Білім ағашы

  • Әр топтың ұпай саны есептеліп, топтарға диплом беріледі.





















Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров75
Номер материала ДБ-036067
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх