Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Конспекты / Тақырыбы Іскерлік ойын. « Кәсіпкерлік, ел экономикасында бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Тақырыбы Іскерлік ойын. « Кәсіпкерлік, ел экономикасында бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары»

библиотека
материалов

8 сынып технология пәні

Тақырыбы Іскерлік ойын. « Кәсіпкерлік, ел экономикасында бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары»
Мақсаты : Оқушылардың экономикаға деген қызығушылықтарын арттыру, пәнге деген білімділігін дамыту, топта жұмыс жасауға үйрету, өзінің әрекеттерін өз пайдасына жарату, кәсіпкерліктің негіздеріне үйрету  
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету;
Дамытушылығы: маңызды шешімдерді қабылдай алатын, жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымдылық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелігі: жеке бас құндылықтары, мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп, ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, әр топқа даярланған үстел, қабырға газеттері, тақырыпқа сай безендірілген тақта, тапсырмалар жинағы. 
Жоспары: 
1. Мұғалімнің бастау сөздері 
2. «Экономикалық санау» 
3. «Өз бизнесімізді бастаймыз» 
4. «Бизнес - жоспар» 
5. Нарыққа шығу (жарнама) 
6. Өз пайдаңа жарат (дағдарыс, инвестиция, банкроттық) 
7. Соңғы тауар (сурет сайысы) 
8. Кәсіпкерліктің жақсы және жаман жақтары 
Оқушыларды 3 топқа бөлу 
1 топ 2 топ 3 топ 
1. Мұғалімнің бастау сөздері 
Салеметсіздер ме құрметті оқушылар Бүгінгі «Болашақ кәсіпкерлер» іскерлік ойынымызға қош келдініздер. Қазақстанға әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіру міндеті жүктеліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа заманға сай келетін салық жүйесін, банк секторын, құнды қағаздар нарығын дамыту, қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және де кәсіпкерлік негіздерін жоғары дәрежеде дамыту керектігі мәселесі көтерілді. 
Кәсіпкер анықтамасына келсек: Кәсіпкер тәуекелге бел буып, алдынан кезіккен барлық қиындықты мойнына алатын іскер, шебер адам. Кәсіпкерліктің негізі мақсаты – пайда табу. 
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді дербес шаруашылық қызметі. 
Осындай мақсатпен бүгін оқушыларымызға іскерлік саясатын үйретуге тырысамыз. Оқушылар өздерінің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін сынап көрсін. Сондықтан да құрметті оқушылар, өз мемлекетіміздің болашағын көтеру, біздің жастардың қолында! 
2. «Экономикалық санау 
Бүгінгі экономикалық сайысымызға 3 топ қатысады. 
Бұл топтың мүшелері 8 сынып оқушыларынан құралған. 
Қазір экономикалық санау өткіземіз. Бұл әр топтың шығу ретін реттейді. 


1 топқа:
25*150= 3750  200*25= 5000  75*15= 1125  17*20= 340 
2 топка:
45*13= 585  35*10= 350  49*80= 3920  99*12= 1188 
3 топка:
12*86= 1032  300*13= 3900  65*13= 845  69*69= 4761 

3. «Өз бизнесімізді бастаймыз» 
Бірінші болып есеп шығарған топ өзінің бизнесін бастайды. Яғни 1 кезең Өз бизнесімізді бастаймыз. Әр топ алдын ала өздері қандай кәсіпкерлік түрімен айналысатынан таныстырып өтеді
өз жобасын ұсынады - «Қазақстанның сувенирлері», «Гүл Бизнесті», «Туристік бизнес» жобаларын ұйымдастырады Бизнеспен жаңадан шұғылданушы кәсіпкер шағын бизнестің басты артықшылықтарын жақсы білу керек. Ол оған өзінің фирмасын құрып, оны әрі қарай жетілдіруде зор демеу болады.

Бизнесмен болу жолдары

1. Тәуелсіз жұмыс істеу . Шағын фирмалардың көбі басқару иерархиясын сақтамайды. Бұл ынталы да жігерлі кәсіпкерге іс-әрекет бостандығын береді .

2. Икемді әрі тез шешімдерді қабылдау мүмкіндігі. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын бизнестегі басқару шешімдерін қабылдау құрылымы оңтайландырылған, бұл болып жатқан өзгерістерге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін береді.

3. Жергілікті жағдайға икемді болу . Шағын бизнес жергілікті нарықтың сұраныстарын, салттарын, әдеттерін зерттеуге толық икемделген.

4. Операциялық шығындары төмен болады. Жалақы қоры біршама төмен, жабдықты сатып алу көп инвестицияны талап етпейді , басқаруға арналған шығындар азаяды .

5. Материалды табысқа тез жету мүмкіндігі . Сіз бір мезгілде жалақыны да, бизнестен түсетін үлесақыны да аласыз.

6. Ұзақ мерзімді пайдалар. Егер ісі оңға басса, кәсіпкер өз ісін керек болған кезде тез әрі тиімді сата алады.

7. Бірнеше мамандықты алып жүру . Көп адам әмбебап болуға тырысады ( қаржы маманы , менеджер т.с.с. ).

8. Өзіндік немесе дербес нарық артықшылығы . Әдетте ірі бәсекелес компаниялардың іс-әрекеттері бас кеңселері қарастырған процедураларға тәуелді болады. Шағын бизнес оларға қарағанда ширақ келеді, әсіресе нарық белгілі бір шарттарға немесе белгілі бір мерзімге байланысты болған жағдайда.

9. Кәсіпкерлік рухты сақтай білу. Дүниежүзілік статистикаға жүгінсек шағын фирмалардың инновациялық, кәсіпкерлік рухы өте жоғары болады, оған заманауи салаларда (электроника, гендік инженерия, компьютерлер) шағын бизнестің басым болуы дәлел болады. АҚШ-та шағын кәсіпорындарда істейтіндер арманшыл, қиялшыл болып келеді деседі

4. «Бизнес - жоспар» 
Келесі кезеңімізде әр топ өз кәсіпорындарының бизнес – жоспарларын таныстырып өтсін. Қорғауға 5 минут беріледі. 
5. Нарыққа шығу (жарнама) 
Бұл кезеңде әр топ өздерінің кәсіпорынын презентациясын жасасын. Яғни тауарларын жарнамалап, тұтынушыларға ұсынсын. Дайындалу уақыты 2 мин. 
6. Өз пайдаңа жарат 
Келесі тапсырмада 3 парақ жасырылған. Бұл парақтың ішінде 3 сөз жасырылған. Әр топ өзіне түскен сөзге белгілі бір іс - әрекет жасауы тиіс. 
(дағдарыс, инвестиция, банкроттық) 
Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

Мысалы 1.Сіздің компанияныз дағдарыс кезінде қандай іс – шаралар қолданар еді? Экономикалық дағдарыс– дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайышығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс– нарықтық экономиканыңөзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.

2. Егерде сіздің кәсіпорынынызға мемлекет тарапынан инвестиция берілсе? Бай-бақуатты болудың ең сенімді, қарапайым және қолжетімді жолы – инвестиция екендігін осының алдындағы бір мақаламызда айтып кеттік. Инвестициялау үшін ірі бизнесмен болу немесе жалақыңыздың жоғары болуы шарт емес. Ең бастысы, алдыңызға нақты мақсат қойып, ақшаңызды сенімді жобаларға үзбей инвестициялап отыруды берік дағдыға айналдыру қажет. Міне, сонда табысқа сөзсіз жетеріңіз анық.

«Инвестициялауды қалай үйренуге болады?» деген сауалға жауап бермес бұрын, ең алдымен «Инвестициялау не үшін қажет?» деген сұрақтың жауабын тауып алғанымыз жөн. Инвестициямен айналысқысы келетін адам негізінен екі мақсатты көздейді: №1 мақсат – белгілі бір қажеттілік үшін ақша жинау.3. Егерде сіздің кәсіпорыныныз банкроттыққа ұшыраса не істер едіңіздер? 
Дайындалу уақыты 5 минут 
7. «Ойлан, тап
Кәсіпорындарымыз дайындалып жатқанша біз көрермен оқушылармен ойын ойнаймыз. . Логикалық есептер

1. Атам мен әжемнің туған күні бір күнде. Бірақ екеуі жасты емес бұл қалай? 2. Су жағасында тауықтың үйректің 7 балапаны келді. Суда 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? 3. Аспанда 3 тырна, 5 қарға,3 түйеқұс ұшып барады. Барлығы неше құс? 4.Мектепке қарай 5 бала кетіп бара жатыр еді, Мерей оларды қуып жетті. Үйге неше бала қайтып барады?



8. «Соңғы тауар» 
Бұл кезеннің шарты әр топ өздерінің өндіретін тауар не қызметтерінің суретін ерекше етіп салып шығуы тиіс. Орындалу уакыты 2 минут 
Мысалы: Егер кәсіпкер газет шыгару ісімен айналысса, онда ол газет суретін салады. 
9. Рефлексия 
Кәсіпкерліктің +, - жақтарын айтып шығу. 
Қандай керекті мағлұматтарға ие болдыңыз?
Болашақта кәсіпкерлікпен айналысамын деген оқушылар бар ма? 
Қорытынды шығару
Еңбегіне қарай-өнбегі “Үздік кәсіпкер” “Тапқыр кәсіпкер” «Дамыған кәсіпкер» http://soltustik.stat.gov.kz/files/images/press/press65k_2011.jpg

Ұйге тапсырма: Еңбек нарығы деген не? . Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш, ақыл-ой қабілеттілігін бейнелейді.



Еңбегіне қарай-өнбегі “Үздік кәсіпкер” “Тапқыр кәсіпкер” «Дамыған кәсіпкер» “Өрк






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров526
Номер материала ДВ-462636
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх