Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыТақырыбы: «Көктем келбеті» №6 "Балапан" Балабақша

Тақырыбы: «Көктем келбеті» №6 "Балапан" Балабақша

Скачать материал

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Көктем келбеті»

 

Мақсаты: Балаларды көктем мезгілінің өзгерістерімен таныстыру, жануарлар мен өсімдіктердің тыныс- тіршілігін, көктемгі еңбек түрлерін айтып түсіндіру.

Дамытушылығы: Табиғат ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:  Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:  Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.

Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, үй жануарлары, шөп, гүлдер, көбелектер, қарлығаштар, көктем мезгілі слайдпен көрсетіледі, ыдысқа салынған топырақ, белшік, тырма.

Сөздік жұмыс: Бүршік жарды, көшетті отырғызу, нығыздаймыз, ылғалдаймыз, қопсытады, төлдейді.

Жеке жұмыс: Азамат және Мөлдірмен жаңа сөздерді қайталау.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

         І. Ұйымдастыру кезеңі

        Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші балаша.

Сәлем, сәлем нұрлы күн,

Сәлем саған жер ана.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

 

        Балалар көңіл күйлерің қалай?

        Тамаша.

        Ендеше біз «Тамаша» ойынын ұйымдастырып жіберейік.

                   Шарты. Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер «тамаша» деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп бір – бірлеріңе көрсетесіңдер:

        Көктем мезгілінің ауа-райы қандай?

        Тамаша!

        Гүлдердің исі қандай?

        Тамаша!

        Құстардың даусы қандай?

        Тамаша!

        Жайқалып өскен көк шөп қандай?

        Тамаша!

        Келген қонақтардың көңіл – күйлері қандай?

        Тамаша!

        Өте жақсы балалар! Көтеріңкі көңіл-күймен бүгінгі оқу іс – әрекетімізді бастайық. Орындарымызға отырамыз.

        Балалар, бүгін аптаның қай күні?

        Қазір жылдың қай мезгілі?

        Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қалай аталады?

        Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

        Өте жақсы, жарайсыңдар!

 

ІІ. Өткенді қайталау.

        Өткен оқу іс-әрекетімізде қандай тақырып өттік? Есімізге түсірейікші балалар.

        Ғарышкерлер туралы сендер не үйрендіңдер?

        Ю.А.Гагарин кім?

         Мөлдір:              Ю.А.Гагарин ол ғарышты алғаш көрген, білген, зерттеген, басқа адамдарға жол ашқан тұңғыш ғарышкер.

        Қазақстан Республикасында ғарышқа ұшқан ғарышкер бар ма?

        Олар кімдер?

         Нұртай:     Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері. Ол осы ұшу арқылы еліміздің тәуелсіздікпен бостандыққа қол жеткізгенін жалпақ елге паш етті.

         Нұрай:      Талғат Мусабаев Тоқтар Әубәкіровтан кейінгі ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері. Ол ғарышта екі рет болып ғылыми бағдарламаларды жүзеге асырды.

        Өте жақсы жарайсыңдар!

 

 

                   ІІІ.  Жаңа тақырып: «Көктем келбеті»

        Балалар біз жаңа оқу іс – әрекетін бастамас бұрын мына жұмбақтың шешуін табайық:

         Күн ұзарып, қар еріп,

         Су сайларға толады.

         Бөбектерім айтындаршы,

         Бұл қай кезде болады?

        Көктемде.

 

Ғажайып сәт (Көктем кіреді)

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар.

Мен көңілді Көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге,

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне,

Тіршілікті сыйлаймын.

 

        Сәлеметсізбе Көктем, қош келдіңіз!

        Мен сендердің көктем жайлы өтетін жаңа тақырыбыңызға қатысуыма бола ма?

        Иә.

        Жарайды Көктем, бізбен бірге оқу іс-әрекетіне қатысыңыз.

Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Көктем мезгілінде күн ұзарып, түн қысқара бастайды. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жерлер қараяды, арықтардан су аға бастайды. Көктемде жер беті кілемдей жайнап, жасыл түске енеді. Көктем мезгілінің алғашқы гүлі бәйшешек бой көтере бастайды. Әсем қызғалдақтар шешек жарады. Ағаштар бүршік жарып, жасыл жапыраққа бөленеді. Жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келе бастайды. Жәндіктер тіріледі, көбелектер пайда болады. Адамдар үшін көктем мезгілі қызу жұмыс науқаны, жұрт егіске шығады, жер жыртылады, егін егеді. Үй жануарлары төлдей бастайды. Нөсер жаңбырдан кейін әдемі кемпірқосақ пайда болады. Көктем өте көңілді мезгіл. Осы құбылыстың бәрін көктем келбеті деп атаймыз. (слайдпен көктем мезгілінің құбылыстары көрсетіледі)

        Балалар, сендерге  бүгінгі оқу іс – әрекетті ұнады ма?

        Иә.

 

                   IV. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

 

        Көктем мезгілі  жайлы кім қандай тақпақ біледі?

Рахима:     Жау – жау жаңбыр, жау жаңбыр,

                   Жауған жаңбыр жауған нұр.

                   Жердің шаңы басылсын,

                   Гүлдің аузы ашылсын.

 

Бейбіт:       Көк көбелек, көк көбелек,

                   Көздері дөп-дөңгелек.

                   Гүл көрсе күлімдейді,

                   Қолыма ілінбейді.

                   Көк шөптің арасынан,

                   Түр түсі білінбейді.

 

Малика:   Арасында гүлдердің,

                   Ойнап бүгін көп жүрдім.

                   Қызыл, көкшіл, сары,

                   Әп – әдемі бәрі.

                   Бірі сондай ірі,

                   Ал нәп-нәзік бірі.

                   Дейтін көкем күнім,

                   Дейтін анам гүлім.

                   Енді ғана білдім,

                   Менде балғын гүлмін.

 

      Өте жақсы балалар.

                   Біз өткенде серуен кезінде өзіміздің ауламыздағы жеміс шие ағашын бақыладық. Бұл ағашты бұдан екі жыл бұрын отырғызғанбыз, ал қазір бұл ағаштың жеміс бергелі тұрғанын көріп тұрмыз. Оны біз, бұл ағаштың гүл ашқандығынан білеміз. Гүлдері қанша көп болса, сонша жемісті мол береді.

      Балалар, бүгін біз қай мезгіл туралы түсінік алдық?

      Көктем.

Көктем:  Өте жақсы балалар, сендердің мен жайлы түсініктерің маған қатты ұнады. Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы түсіндіңдер ме?

      Иә.

     Ал енді осы түсінігімізді іс жүзінде көрсетейік. Көктем келбетін сипаттап берейін (ортаға ағаш көшетін алып келіп, отырғызу әдіс-тәсілін көрсету).

Ағаш көшетін отырғызу үшін, алдымен топырақты жұмсатып, қопсытамыз. Ағаш көшетін салатын орынды дайындап, көшетті отырғызамыз. Үстін топырақпен қайта жауып, ауа кірместей етіп, оны нығыздаймыз. Үстінен кішкене сумен ылғалдаймыз.

     Көктем мезгілінде ағашта қандай өзгерістер болады?

     Жапырақтар пайда болады (3-4 бала жапырақтар қыстырады)

     Нелер ұшып келеді?

     Құстар ұшып келеді.

     Құстар қайда қонады?

     Құстар ағаш бұтағына қонады (3-4 бала құстарды отырғызады)

     Көк шөптер қайда өседі?

     Жерде (3-4 бала жерге шөп отырғызады)

     Төлдер қайда ойнақтайды?

     Көк шөптің үстінде ойнақтайды (төлдер суретін орналастырады)

     Бұның бәрі қай мезгілде болады балалар?

     Көктемде.

     Өте жақсы балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

Көктем: Балалар, сендердің мен жайлы сипаттаған көрінісіңіз маған қатты ұнады. Мені табиғат аясындағы құстар шақырып жатыр, ал мен сендермен қоштасқалы тұрмын, мына бәйшешек гүлдерін  сендерге сыйға тартамын.

   Қош саубол Көктем, көріскенше күн нұрлы болсын.

 

Қорытынды.

Бәріміз бірге айтамыз:    

Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен қонақтарға сыйлаймыз

      (Келген қонақтарға қолдан салған бәйшешек гүлін сыйлайды. Тілек айтады). Балалар:  Ауырмаңыз, деніңіз сау болсын, аман болыңыз, сіздерге рахмет, т.б.

 

     Балалар, бүгінгі ашық оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, сендерге үлкен рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Көктем келбеті» №6 "Балапан" Балабақша"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 6981
    • DOCX 59.5 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сахиева Рабига Кошкинбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сахиева Рабига Кошкинбаевна
    Сахиева Рабига Кошкинбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44967
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Конструируем сегодня – отличники завтра: пропедевтика инженерного образования в детском саду

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация занятий адаптивной физической культурой с детьми дошкольного возраста с ограниченными возможностями здоровья

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 38 регионов

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции