Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым» Мақсаты: Отанға сүйіспеншілігін арттыру.. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Күтілетін нә

Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым» Мақсаты: Отанға сүйіспеншілігін арттыру.. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Күтілетін нә


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым»
Мақсаты: Отанға сүйіспеншілігін арттыру.. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:  Ел ерлігін бағалайды; еліне сүйіспеншілігі артады ;
Өз елінің патриоты болуға жетелейді.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, 
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері, 
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
--------------------------------------------------

Қазақстанға Ұлы Отан соғысының отты шарпуы тиген жоқ, соған қарамастан соғыстың барлық кезеңдерінде болған оқиғалар республикамен тығыз қабысып жатты.

Қазақстаннан 1 366 000 адам майданға аттанды. Олардың 60 мыңы қайтып оралған жоқ.

Жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500 қазақстандықтың 53-і біздің жерлесіміз – солтүстік қазақстандықтар.

Әрбір үшінші солтүстік қазақстандық Отанды қорғау үшін әскерге шақырылды. Олардың ішінде 45 364 адам майданда мерт болды.

Соғыс жылдарында Қазақстанда қуатты қорғаныс индустриясы құрылды. Елдің батыс аудандарынан көшірілген 140-тан астам кәсіпорындар мен қоныс аударған 1 000 000-нан астам кеңес азаматтары республика аумағына орналастырылды. Соғыс жылдарында Қазақстан елге 6 000 000 тонна астық, басқа да азық-түлік өнімдерін, жалпыодақтық мыс, молибден, қорғасын, көмір өндірудің едәуір үлесін берді.

Ер-азаматтарсыз қалған ауылдарда бар ауыртпалықты әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер де көтерді. Олар ашқұрсақ жүріп, бәрін майданға берді. Астық дайындауға қоса азық-түлік, жылы киім-кешек салынған сәлемдеме жөнелтті, жинаған ақшасын қорғаныс қорына аударды.




Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген

http://www.youtube.com/watch?v=qVJ9lva13rw Бауыржан
сілтемесімен берілген бейнежазбаны қарайды.

  1. Тыңдалым дағдысымен жұмыс:
    1.Бауыржан Момышұлының сөздерінен не ой түйдіңіздер?
    2.Азаматтық борыш дегенді қалай түсінесіздер? 
    3. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» 
    Б. Момышұлының осы сөздерінің астарынан не ұқтыңыздар?
    4. Жеңіс үшін қандай іс-әрекеттер жасалды? 

Қосыл Омаров «Ауылдағы арпалыс»

Жасырмаймын, болғам жоқ мен соғыста,

Өткен жоқ уақытым бірақ босқа.

Қаршадайдан колхозда жұмыс істеп,

Жеңіске үлесімді қосқам жоқ па

Қоштасып балалықпен 11жаста,

Төрт жылдай өтті өмірім арпалыста.

Сиырмен егін ектік, шөп те шаптық,

Шыдадық жұмсаса да қай жұмысқа.

Колхоздың бар жұмысын мойынға алған

Әйелдер мен кәрі, жас үйде қалған.

Аш-жалаңаш жүрсе де, бұл да ерлік,

Қыңқ етіп бірде-бір мойымаған.

Жеңіске жеттік, рас, қан майданда,

Белдескен өмір, өлім жағдайында.

Ағалар бірі құлап, бірі «уралап»,

Ту тікті рейхстаг маңдайына.

Мінекей, жетпісінші Жеңіс күні,

Артық емес қайталап жатсақ мұны.

Қан кешкен от пен оқтың арасында

Ерекше ағалардың артқан жүгі.

Дегенмен Ұлы Жеңіс ортақ маған,

Кінәм жоқ қан майданға бара алмаған.

Тездеткен Жеңіс күнін деп ойлаймын

Колхозшы жас та, кәрі елде қалған.

  1. Постерлер дайындалса «Соғыс» «Бейбітшілік»

Пікірталас: Қазіргі таңда ерлік бар ма?
Адамды ерлік жасауға не итермелейді?

  1. Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
    Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
    Жауды жойып батырлар елге оралды,
    Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

    Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
    Бейбіт өмір оралды күні жарық.
    «Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
    Ұшымен көздің жасын сығып алып.

    Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
    Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
    Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
    Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

  1. «Ақ тілек» Түрлі –түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және оқушыларға таратылып беріледі. Мысалы: қалам, кітап, айна, білім. өмір. табиғат, теңіз, күн т.с.с. Оқушылар өзінің тобындағы оқушыға стикердегі сөзді қатыстырып, тілек жазады

  2. 2 жүргізуші: 
    - Елге қауып төнбесін, 
    Есен-аман болайық. 
    1 жүргізуші: 
    - Бейбіт болсын еліміз, 
    Арайлансын күніміз.
    2 жүргізуші: 
    - Ардагер ата - әжелеріміз.
    Ұзақ ғұмыр сүрсін.
    1 жүргізуші:- Мереке баршамызға, құтты болсын! 







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 11.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДA-038692
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх