Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс» (1 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс» (1 класс)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс»

Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөдер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика»

оқулықтарының мұқабасы, ауызша есептерге көрнекіліктер, шарлар.

Мұғалім: Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар,қонақтар! Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танып, алғаш сауатымызды ашқан біздің ең жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отырмыз! Егеменді ел болып, керегеміз кеңейіп, елдік атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тағы бір той тойлағалы отырмыз. Ол «Әліппемен қоштасу» тойы.

Бүгін сіздердің алдарыңызға шәкірттер Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ. Олай болса, «Әліппе,саған мың алғыс» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Олай болса 1-сынып шәкірттерін ортаға шақырайық!


Мұғалім:

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

Алтын ұя мектебім,

Саған деген жүректе

Ақ алғысым көп менің.

Шашу,шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Дәстүрін біз жасайық.


Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Абдуллина Г.О. береміз.


Бүгін біз кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді оқи аламыз.

Мұғалім:- Балалар, іші толған әріпке білімдегі жарық не?

Оқушылар:-Болашаққа жол ашқан. Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім:-Олай болса, бәрімізге қымбат дос әліппені ортаға шақырайық!

Хормен:-Әліппе,Әліппе,Әліппе. (Әліппе ортаға шығады)

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппең келді ортаға.


Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың,

Қуанышы халықтың!


Жаннұр:

Әліппемен менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Ақнұр:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің сүйікті Әліппем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.

Балауса:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.


Камшат:

А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты.

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Дария:

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Әріптерді сөйлету.



Ақнұр.

А әрпі.

А дегенім ардақты,

Ақ сүт берген анамыз.

Балауса.

Б әрпі.

Б дегенім бал тәлім

Біз бақытты баламыз.

Дария.

Д әрпі.

Д дегенім дойбыңмын,

Күнде ойнайтын ойыныңмын.

Жаннұр.

Ж әрпі.

Ж дегенім жеңісім,

Жеңіс қымбат мен үшін.

Камшат.

К әрпі.

К дегенім кемеңді,

Капитандар басқарар.


Ой қозғау.

(Ортаға партаға әріптер тасталады сол әріптерден сөз құрастыру)

Ән: Хор. «Әліппе»


Әліппе: Балалар қош сау болыңдар! Мені жақсы меңгеріп алыпсыңдар.

Сендерге көп-көп рахмет.

(Ортаға ана тілі оқулығын шақырамыз)


Ана тілі

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

  • Армысыздар жас достар! Менің атым «Ана тілі». Енді мені оқитын боласыңдар.Мені де ынта қойып оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.

Оқушылар хормен: Оқимыз ана тілін. Уәде береміз.


Ән: Хор: «Ұстазым»



Мұғалім: Ал, енді достар маиематика пәнінен не үйреніп, не білгенімізді ортаға салайық. Олай болса санамақты кім айтып береді?


Жаннұр:

1-дегенім бесік

Шықтық содан өсіп.

2-дегенім елім

Далам,тауым,көгім.

3-дегенім үміт

Үміт артар жігіт.

4-дегенім төзім

Төзе білем өзім.

5-дегенім бақыт

Бағалайтын уақыт.

6-дегенім ақыл

Тыңдағаның мақұл.

7-дегенім жалау

Жүректегі алау.

8-дегенім сөзің

Серт беретін кезің.

9-деген тоқтау

10-дегенім Отан

Қорға соны ботам.


Мұғалім:

Жақсы балалар біздер қандай тыйым сөздерді үйрендік?

Оқушылар жауабы.


Малды теппе.

Нанды бір қолмен үзбе.

Есікті керме.

Босағаға сүйенбе.

Үйде ысқырма.

Қолыңды төбеңе қойма.

Тұзды баспа.

Би: «Қуыршақтар»

Ән: «Ана». Орындайтын: Ақнұр, Балауса.


Мұғалім:


-Біз кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік, енді сонымызды ортаға салайық.

-Біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-«Әліппе» сөзін тақтаға жазу.

-Алда қандай мереке келе жатыр?

-Қазір қай мезгіл?


Камшат:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе.


Балауса:

Мектеп, мектеп бұл мектеп,

Оқыған ата-анамыз.

Атыңды сенің құрметтеп

Әрқашан еске аламыз.


Дария:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.


Ақнұр:

Нәрін жинап білімнің,

Талай сырды ұғындым.

Құтты боллсын достарым,

Құтты болсын ұлы күн.


Көрініс: «Бауырсақ» ертегісі

Ән: «Бала тілегі»


Әліппе: -Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!


«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.



Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

(«5» -тіктер тарату)


Хормен: «Қош бол құтты Әліппе!»


Мұғалім:

-Қымбатты кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің-өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмас қазына болсын! Елдеріңді, жерлеріңді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңізге шын жүректен тілектеспін!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар міне, бүгін, сіздер балаларыңыздың 4 ай ішінде не үйренгенін көріп тамашаладыңыздар. Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген ата-аналарымызға мың алғыс айтамыз! Еліміздің, жеріміздің сүйікті ұл-қыздары болыңыздар!




Автор
Дата добавления 12.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров94
Номер материала ДБ-025418
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх