Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Тақырыбы: "Мата түрлерімен танысу" (6 класс)

Тақырыбы: "Мата түрлерімен танысу" (6 класс)


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы C:\Users\Жанболат\Desktop\♥1273.jpg

9 жалпы білім беру орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Куянбаева Кумуш Айдарбаевна



6-сынып .№11сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мата түрлерімен танысу. Жүн және жібек маталар.

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Оқушыларға жалпы мата және олардың алынуы туралы білім беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікті сезіне білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі түсіндіру, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс бейнелеу, дүниетану.
Көрнекі құралдар мата қиындылар ,сым қайшы.
Сабақтың мазмұны
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мазмұнын айқындау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Сарамандық жұмыс.
5. Сабақты бекіту.
6. Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма.
7. Сабақты қорыту.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды ұйымдастыру мақсатында “Сіз білесіз бе? ”ойынын жүргізу.
Оқушылардың бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.
2. Сабақтың мақсатын айқындау.
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.Сол мақсатты бірге орындауға шақыру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мата тұрмысымызда кеңінен қолданылады. Күнделікті киімдеріміздің, үй, тұрмыс заттарының бәрі матадан тігіледі.Демек , матасыз өмірімізді елестете алмаймыз.
Мата – жіптер жүйесін өзара көлденеңінен тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, ал матаға көлденең түсетін жіптерді арқау жүйе деп атайды. Мата арнайы тоқу станогында тоқылады. Мата жіптер айқасуынан, ал жіптер бірнеше қабат жіңішке талшықтардан тұрады.
Тоқылған талшықтарға байланысты маталар – табиғи талшықтардан алынған және жасанды талшықтардан алынған болып екіге бөлінеді.Коллекцияның көмегімен матаның екі түрін тану.
Табиғи талшықтардан алынатын материалдар гигиеналық тұрғыдан алғанда денсаулыққа пайдалы, бірақ тез қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады.
Жасанды талшықтардан алынатын қоспа маталар жылтырлау, беті тайғақ , тез сетінейді, аз қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген киім жақсы үтіктеледі, оңай жыртылады, тез кебеді.
Мата талшықтарын мақтаның піскен қауашағынан алады. Жануарлар өнімінің талшықтары қой, ешкі, түйе жүндерінен алынады.
Зығырды ертеде “ Орыс алтыны ”, ал мақтаны “ақ алтын” деп атаған. Орыс көпестері зығыр матасын Үндістанға сатқан. Ол барлық жерде киім, төсек жабдықтары, іш киім, сүлгі мен дастарқан тігуде қолданылған. Зығыр матасы тез қыртыстанады, оны болдырмау үшін зығыр матасына лавсан жіптерін қосып тоқиды. Мақта көптеген елдерде өсірледі. Жазы ыстық Оңтүстік Қазақстан облысында мақта дақылын өсіру, өңдеу кеңінен қолға алынған . Мақта көктемде егіледі, жазда қоза өсіп шығады.Уақыты жеткенде олар гүлдеп, бұталарында ішінде мақтасы бар жасыл қауашақтар өсіп шығады. Қауашақ ішіндегі тұқымдар жұмысақ ақ түбімен көтеріледі. Түбіт тез өсетіндіктен, қауашақ ішіне сыймайды, қауызды жарып шығады. Мақтаны күзде жинайды.

Мата шаруашылықта өте көп пайдаланады. Маталар тоқылуына қарай,өнделуіне қарай әр түрлі болады. Мысалы: жүн,жібек, зығыр, атлас және т.б. Жібек және жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындалады.табиғи жүн қой,ешкі, түйеден алынады.Көбіне жүн матаны қой жүнінен жасайды, себебі еліміз қой шаруашылығымен шұғылданады.Қойдың жүнін қайшымен немесе қайшымен қырқады.Жүнді алғаннан кейін алғашқы өндеуден өткізу керек:жүнді сорттайды-талшықтарды сапасы бойынша іріктейді:қоқымдарынан тазартып түтеді, қопсытып ыстық сумен жуады,арнайы машиналарда кептіреді

Табиғи жібек –өте жіңішке,нәзік жіп.Оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады.Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді.Жіп өте жіңішке болғандықтан , бінеше қуыршақтың жібіе біріктіреді.Ондай жіпті жібек шикізаты деп атайды
Жібек мата табиғи және жасады жібек талшықтарынан тоқылады . Жібек алу әдісі ерте заманда Қытайда пайда болған.
4. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , капрон матадан гүл жасау.Жұмысты кезеңдерге бөліп орыындау.
Жұмыс істеу тәсілдері
6. Үйге тапсырма.
Мата анықтамасын жаттау.
Үйге маталар коллекциясын аяқтау.
Кестені толтыр.
7.Сабақты қорыту.
Бүгін сабақтың өту барысын қайталап өту. Маталар туралы қысқаша шолу.

Бағалау.

C:\Users\Жанболат\Desktop\1395301841.jpg

http://www.kz.all.biz/img/kz/catalog/166801.jpeg


Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров522
Номер материала ДВ-560682
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх