Инфоурок Литература Другие методич. материалыТақырыбы: М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар.

Тақырыбы: М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар.

Скачать материал

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Бөлім: Махаббат пен абырой                                        Мектеп:Шаған ЖОББМ

Күні: 17.01.2019                                                               Мұғалімнің аты-жөні:Ханов Ш.У

Сынып: 8 «А», «Ә»                                            

Қатысқандар саны:                                                           Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар.

Оқу  мақсаты

8.3.1.1 Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалар мен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарманы осы тектес басқа шығармамен салыстырып,тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Бағалау критерийі

Білім алушы

   Шығарманың тақырыбы мен идеясын басқашығармалармен салыстырады

   Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Мақсатқа сай шығармадан үзіндіні таңдай біледі;

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей алады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында  креативті жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: хат танитын кісі, шешіліп сөйлеу, қолға түскен сандуғаш

 Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Құндылықтарды дарыту

 Сөз өнері, шығармашылық

Пәнаралық  байланыс

 Тапсырмаларды орындауда тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

 

Алдыңғы сабақта оқушылардың зерттеушілік, танымдық, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы  алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен  білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау.  М.Дулатов «бақытсыз Жамал» романы.

Автор шығарманы жазу арқылы бүгінгі жастарға,оқырманға қандай ой салғысы келді?

Шығарманың компазициялық құрылымын айтып шығу.

 

Миға шабуыл

Бұл шығарма несімен құнды?

Романдағы кейіпкерлерді қалай бағалар едіңіз?

 

«Бақытсыз Жамал» романы бойынша сұрақтар:

1.Роман оқиғасы қайда өтеді?-

2.Міржақып романды жазудағы мақсатын қайда баян етеді?

3. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе

4.Шығарма қалай басталады?

5.Романдағы Ғалидың образы қандай?

6.А.Байтұрсыновтың «Бақытсыз Жамал» романына байланысты айтқан пікірі?-

7. Роман қалай аяқталады?

8. Романдағы неке куәлігінің жалған берілуі мәселесі қалай суреттеледі?-

9.Романдағы көтерілген басты тақырып

10.Романның басты кейіпкерлері? -

11.«Бақытсыз Жамал» романының негізгі желісі қалай өрбиді?

12.«Бақытсыз Жамал» романында заман өзгерістерін қалай бейнелейді? -

13.«Бақытсыз Жамал» романының бас қаһарманы Жамал бейнесі.-

14.«Бақытсыз Жамал» романындағы Ғали қабірі басындағы Жамал монологы?15. «Бақытсыз Жамал» романындағы Ғали портреті?

16. «Бақытсыз Жамал» романындағы Ғазиз атты кейіпкер қандай қызмет атқарады?

17.«Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың әкесі Сәрсенбай бейнесі? -

18.«Бақытсыз Жамал» романындағы Байжан болашақ келіні Жамал Ғалимен қашып кеткенде қандай әрекет жасайды?

19. Романның кемшін тұстары

20.Жұманның Жамалды қорлауы негізді ме? Жұман бойынан қандай мінез-қасиеттерді көресіздер?

 

ҚБ: «Қол шапалақ», «Екі жұлдыз ,бір тілек»

 

Дескриптор: Білім алушы.

-берілген сұрақтарға жауап береді;

--жүйелі дұрыс жауап береді.

 

Кеспе қағаздар,

 

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

25 минут

Тапсырма

1.М.Дулатовтың  «Бақытсыз Жамал»  романының тақырыбы, көтерген мәселесі бойынша тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2.Берілген екі шығарманың ерекшелігі мен айырмашылығын салыстырыңыз.

 

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік –Кебек» дастаны

 

 

 

Дескриптор                                                         Білім алушы

 

-шығармалардың өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығын анықтайды;

-екі шығарманы салыстыра талдайды;

-шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

 

«Автор орындығ» арқылы талдаған ойларын айтып береді.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек»

 

Сабақтың соңы

 5 минут

Кері байланыс:  Оқушылар «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды.

·          Мен үш тапсырмада нәтижеге жеттім... ;

·          Мен өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер... ;

·          Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда мен... жасар едім.

Стикер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді  жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


 Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің  ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,», «Бірдей..., Әртүрлі?»,«Ыстық орындық» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Сұрақ қою. Қайта сұрақ қою » әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі  әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау  ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың топпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуы үшін орындықтар мен үстелдер  екі жаққа тең етіп бөлініп, қарама- қарсы қойылады.

 

                                                                                                                                                                                                                                 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 104 631 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2019 2353
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 53 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 697018
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой