Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: "Мен Отанымның патриотымын" 4сынып

Тақырыбы: "Мен Отанымның патриотымын" 4сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Мен, Отанымның патриотымын!

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Көрнекілігі: Отан туралы мақал-мәтелдер, суреттер, рәміздер, Н.Ә.Назарбаев суреті.

Барысы: I.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз! Ақпыз,қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!

II.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Балалар, Біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасының президенті кім? Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Хор: «Қазақстан бақыты» Отан деген не, кім қалай түсінеді? Жангүлім: -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Наргиза: Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме? Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен – Биік тау, орман, тоғай көлімізді. Аяжан: Отан дейміз кең-байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Сабрина: Отан- тарих, Отан – тіл, Жасаған елің, өз- халқың. Отан – өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын.   Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың. Отан – осы достарым, Көңілге мұны түйе біл!«Отан» деп өс жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл! Қ.Назерке: Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері Ахмет .Байтұрсынов, Міржақып .Дулатов, Мағжан .Жұмабаев, Сұлтанмахмұт .Торайғыров, еңбектерінен де кездестіреміз. Ахмет .Байтұрсынов: - Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып...- десе, Міржақып .Дулатов: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді. Әли: Ал Сұлтанмахмұт .Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Аяулым: Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Диана: Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Ерік: Мен өз елімнің патриотымын
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
Дильназ: Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Мұғалім: Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.
Жанер: Мен кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, тиімді жұмыс жасай білуге дағдыландым.Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек – менің өмірім, менің Отаным
Қарақат: Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық.
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
А.Назерке..Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан Тілегіміз бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан. Ерхат.Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің тірегім, Құшағыңда гүл атам. Исмаил. Күлімде, күн күлімде Күлсін барлық бала шат Берекелі бүгіндей Бейбіт болсын болашақ! Ән: Жаса, Қазақстан!

Артур: Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң, Сенен бақыт тарайды, Баршамызға Ұлы Отан. Елсияр: Отанды Жас, кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз, Өйткені онда бәріміз де Туып, өмір сүреміз.: Ән: Біз дәуірдің түлегіміз. Қарақат: Достық деген ізгіліктің алаңы Оған куә ғасырлар мен замандар. Отанын да сатып кете алады Қиын шақта, досын сатқан адамдар. Аяжан: Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз.  Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді. Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».
Қорытынды: — Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат, патриот екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің балаларыболыңдар!

Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отанға деген адал сезім;

Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!



Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
- Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.








Автор
Дата добавления 26.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров30
Номер материала ДБ-293274
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх