Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тақырыбы: Менің адами құндылықтарым
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тақырыбы: Менің адами құндылықтарым

библиотека
материалов

hello_html_m43126a9a.gifЕ.Өмірбаев атындағы орта мектеп













«Менің адами құндылықтарым»







Дайындаған: Кокебаева Н.А.











2015-2016 оқу жылы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің адами құндылықтарым»

Күні: 22.01.16жыл

Сыныбы: 7 «Ә»

Мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі тануына, тұлғаның өсуіне, өмірдегі кедергілерді жеңуге және денсаулықтарын нығайтуға жағдай туғызу. Адамгершілік құндылықтарды бойына жинақтаған, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Слайд, карточкалар, құм, тас, су.
Ашық тәрбие сағатының түрі: әңгіме тренинг
Сынып сағатының әдісі: ойын-жаттығу, сұрақ-жауап.
Ашық тәрбие сағатының барысы: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Біз бүгін өз-өзімізді әрі қарай тани түсуге, өзімізді тану арқылы басқаны қабылдай білуге жағдай жасаймыз.

1.Ерекше танысу. Шеңбер жасап тұрамыз және өз атыңа жақсы сөз қосып айту. Мысалы: Мен ақкөңіл Бақытпын...

2. Амандасу.  Қызыл түс-қолмен                      

Жасыл түс-құшақтасу                     

Сары түс-арқамен амандасу.

Біздің осы бөлме патшалық деп есептеңдер. Сендер патшалықтың ханы мен ханшайымысыңдар. Қазір патшалықтың ережесін, яғни осы тренингтің ережесін қабылдаймыз. Егер қабылдасаңдар қол соғыңдар, егер қабылдамасаңдар аяқ тарсылдатыңдар.

* Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

* Бір-бірімізді тыңдаймыз,сөзін бөлмейміз;

* Бір ғана адам сөйлейді «көтерілген қол ережесі»;

* Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;

* Өз ойларымызбен бөлісеміз;

* Бос сұрақтар болмайды;

* Басқалардың сезімдерін ескереміз;

* Құпиялықты сақтаймыз.

Кіріспе әңгіме

Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма? Деген сұраққа кім болса да жоқ өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын толғанбайтын мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды-деп  жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойлармызды ортаға салып қөрейік.

 Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол –бақыт .  Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

 Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз,      ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол  өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді біреулері бастарын тасқа, жарға да, ұрып өз жолын таба алмай жатады.

Пікірлесейік, әңгімелесейік.

·         Өмір, өмір сүру дегенді қалай түсінесіңдер?

·         Бақыт дегеніміз не?

·         Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

·         Бақытқа жету үшін адам не істеу керек?

·         Өз өміріңді өзгерткің келе ме?  Өз өміріңді қалай өткізер едің?

·         Уақыттың адам өміріне ықпалы бар ма?

·         Өмірден өтпеңдер дегенді қалай түсінесіңдер?

·         Адам өмірінің мәні уақыт өткен соң өзгеруі мүмкін бе, ол неге байланысты деп ойлайсың?

«Өмір туралы тәжірибе»

Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: Отбасы, Отан, сүйіспеншілік. Бақыт, денсаулық, білім.

Ұсақ тастар: жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу заттарды білдіреді.

Құм дегеніміз – адамның күнделікті өміріндегі ұсақ-түйектер, яғни күйбең тіршілік. Егер адам құммен толтырған екінші ыдыс сияқты өз өмірін ұсақ-түйекпен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайлы.

Ірі тастарыңды қадірлеп, сақтай біліңдер. Тек солар ғана құнды, қалғандары құм ғана.

4.Ой қозғау: «Өмір туралы аңыз»

Өмір жайлы:

  1. Өмір – теңіз, тағдыр кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

  2. Әр адамның өмірбе бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.

  3. Өткен өмірдің берер сабағы , үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.

  4. Өмірде әр нәрседен хабарың болса да, адамның мінез-құлқын білмей кетесің.

  5. Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық, оны кей пенде сезінеді, кей пенде сезінбейді. Тіршіліктің әр күнін бақыт деп сана.

  6. Тағдырдың қожасы тағдыр ғана, адам оның құлы.

  7. Бір жақсы қасиетіңді толық көрсетуге жақсы қасиеттің көптігі кедергі келтіреді.

  8. Өзінде болғанды өзгелерге бере алмайтындар, өзгелерде болғанды көре алмайды.

  9. Өзен ағысымен өлі балық қана жүреді.

  10. Ештеңені жүрекке жақын қабылдама, жақын қабылдасаң, жадыңда ұстағың келеді, жадыңда ұстаған жаныңа ауыр тиеді.

  11. Уақытты өлтіру үшін көздеудің де қажеті жоқ.

  12. Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.

Біз бір-бірімізді жақынырақ таныу үшін, мына карточкаларды таңдап сөйлемді аяқтаймыз. -Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдың? -Нашар көңіл-күй, көңілсіздік болды ма?

5.Сергіту сәті:

Егер шаттық өмір сүрсек

Оқушылар дөңгеленіп тұрады. «Орындарын ауыстыру» ойыны.
Қыс айында туылғандар
13- ке толғандар
Ән айтқанды жақсы көретіндер
Әжесімен бірге тұратындар
Мектепке келерде жолдан өтетіндер
Осы айда сабақтан қалмаған оқушылар
6. «Талап тауы» жаттығуы.

Нұсқау: оқушыларға 7 парақтан таратып, 7 құндылықтарын жазуды ұсыну. талап тауына шығу үшін 7 құндылықтарының біоеуін сол жерге тастап кетіп отырады.

  1. Жеті құндылықты алып, орман ішінде келе жатырсың, алдыңнан өзен шығады. Өзеннен өту үшін балықшыдан қайықпен өткізіп жіберуін сұрайсың, ол оның құнына бір құндылықтарыңды сұрайды.

  2. Өзеннен өтіп, тағы келе жатырсың, келе жатырсың. Алдыңнан қарақшалардың бір адамды ұрып жатқанын көресің, қарақшыларға жірберуін сұрағаныңда, оның орынына бір құндылықтарыңды сұрайды. Сөйтіп ол адамды қарақшылардан құтқарып аласыңдар.

  3. Орман ішінде адасып келе жатырсың, келе жатырсың. сол кезде алдыңнан кемпір шығады. кемпірден жолды сұрағандарыңда ол орнына бір құндылықтарыңды сұрайды. Сөйтіп сендер бір құндылықтарыңды бердіңдер.

  4. Орман ішінде келе жатырсың, алдыңнан үш жол шығады. сол долдың қайсына барарыңды білмей тұрғаныңда алдыңнан цыган шыға келеді. Сен одан үш жолдың қайсысын таңдаймын деп сұрағаныңда бір құндылығыңды берсең айтармын деп, дұрыс жол көрсетеді.

  5. Өйтіп ары қарай келе жатырсың, келе жатырсың. Алдарыңнан аю шыға келеді. Сол кезде орманда өздерің қарақшылардан құтқарған бір адам мылтығымен өтіп бара жатқанын көресің, сен көмек сұрағаныңда ол сенен бір құндылығыңды беруді сұрайды. Сөйтіп аюдан да өтесің.

  6. орман аралап келе жатқанда алдыңнан «Талап тауы» да көрінді. Енді талап тауының етегінде ақсақал тұр екен. Ол талап тауына шығу үшін бір құндылықтарыңды беріңдер деп сұрайды.

жаттығу соңында қолымызда қалған соңғы құндылық, бұл сіздің өміріңіздегі ең негізгі, маңызды құндылығыңыз.

8.Сараптау: Өз сезімдерің қалай? Бүгінгі тренинг ұнады ма?

 9. Қорытынды:

Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді.» дегендей

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс

Мен бақыттымын тақырыбында сурет салу.




Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров2065
Номер материала ДВ-565466
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх