Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы «Менің Отаным – Қазақстан»

Тақырыбы «Менің Отаным – Қазақстан»

Скачать материал

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

 

Мақсаты:

а) білімділік: Қазақ халқының өткен тарихынан түсінік бере отырып,қазақ хандығының құрылу тарихы,ел үмітін ақтаған батыр бабаларымыздың ерлігі,ел ішіндегі татулық, ынтымақтастық пен бірлік жайында түсінік беру.

ә) тәрбиелік: Жас ұрпақтың бойына ел тарихына деген мақтаныш сезімін ұялату,Отанын сүюге,туған жеріне, еліне деген отаншылдық рухына тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қ.Р.картасы, қазақ хандарының суреттері, Қ.Р Конституциясы,т.б.суреттер.

Жүрісі:

1)      Ұйымдастыру. (Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару)

2)      Кіріспе. (Мұғалімнің кіріспе сөзі,тәрбие сағатының мақсаты)

3)      Негізгі бөлім.(Тақырып бойынша оқушылардың түсініктері мен өлеңдері)

4)      Қорытынды

 

Әнұран (хормен айтады)

Мұғалім:

Оқушылар, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты өткен тарихымызға шолу жасау,ата-бабаларымыздың ерлік істерін ұмытпай, қастерлей білу.Өздеріңе белгілі,биыл біз қазақ хандығының 550 жылдығын республика көлемінде атап өткелі отырмыз.Осыдан бірнеше ғасырлар бұрын Қазақстан жерінде әр түрлі хандықтар болды.Соның бірі – Шейбан Әбілқайыр хан. Әбілқайыр халқына өте қатал хан болды.Оның қол астындағы бір-біріне туыс Керей мен Жәнібек сұлтандар ханға бағенбай, еркін өмір сүргісі келіп бөлініп кетеді.Шу өзенінің бойына келген соң халық Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлайды.Әбілқайыр өлгеннен кейін оның хандығы ыдырап, халқының көбі Керей мен Жәнібекке келіп қосылды.Қазақ халқының тарихында Керей мен Жәнібек –«қазақ хандығын» құрушылар деп саналады.(Ұлы жеңістің 70 жылдығы,Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы,Н.Ә.Назараевтың «Ұлт жоспары», «100 нақты қадам», «Мәңгілік ел» ұлттық идеяларынан қысқаша түсініктер беріледі.)

А) Оқушылар:

Рзакулова Шынарай. «Хан», «сұлтан» -деген сөздердің мағынасы қандай?

«Хан» сөзі –көне Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінен бастап белгілі болып келе жатқан сөз. Ол түркі халықтары мен монғолдарда хаған,қаған түріндежұмсалып, лауазымды білдірген.Бұл сөз алғашқыда тайпа көсемі деген ұғымды білдірсе, кейінірек ол жоғарғы мемлекет билеушісінің лауазымы ретінде қолданылған.Біздің қазақ халқында  да қоғамның билеуші тобының жоғарғы әлеуметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті: өкіметті нығайту, қауымдық жерлерді руларға бөліп беру, көшіп-қону мәселесін реттеу,басқа көрші елдермен қарым-қатынас жасап, оны тұрақтандыру т.б. болды.

Сарсенбаева Асима. Шейбан Әбілқайыр қырық жыл ел билеп, өз халқына қаталдық көрсетті.Сол кезде оның қол астында Керей мен Жәнібек деген сұлтандар болды. Олар жақын туыс екен. Екеуінің аталары кезінде ел билеген атақты хандар болған.Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынбай, туыс-бауырларымен, қарамағындағы  адамдарымен бөлініп кетеді. Жасы үлкен болғандықтан Халық Керейді хан етіп сайлайды.Осылайша жаңадан хандық құрылады. Оны «қазақ хандығы» деп, ал оның халқын –қазақ халқы деп атай бастайды.

Мұғалім: Бүгінгі тақырыбымыздың бір бөлімі- Ұлы Жеңістің 70 жылдығына тоқталып өтейік. (Сұрақ-жауап)

-          Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

-          Кімдермен соғыстық?

-          Қашан жеңіске жеттік?

-          Ұлы Отан соғысы батырларынан кімдерді білесіңдер?

 

Ондаған Аяулым.

1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқанда елімізге қауіп төнді.Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды.Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз.Олардың ерлік істері ешқашан да ұмытылмайды!

Ревшенова Айгөлек.

Қазақстан тарихында 1995 жылы тамыздың 30-ы күні бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияны қабылдау күні болып енді.Тәуелсіздігімізді алғанға дейінгі кезеңде елімізде 1924, 1937, 1978 жылдары Кеңес дәуірінің Конституциялары қабылданды. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1993 жылы Конституциямызды қабылдадық, бірақ бұл Конституция Қазақстан халықтарының маңызды мәселелерін шешу үшін жарамсыз екені айқындалып, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды.

Конституция 9 бап 98 тараудан тұрады.

Караксиева Гүлден. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы жайында түсінік береді.

 

Ә) Өлеңдер

Шынар:  Өлең « Достық»

Аяулым: Өлең  «Үш бақытым»

Айгөлек:  Өлең «Мен Қазақпын»

 

Қорытынды

а)  Пысықтау сұрақтары

                          -Сабақтан не ұқтыңдар?

-Тарих дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бейбітшілік деген не?

-Ата Заңымыз не үшін керек?

-Халықтар достығы туралы не білесіңдер?

 

Ә)  Оқушылар,осымен біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.

Әрқашан өткен тарихымызды ұмытпай, қастерлей білейік!

Елімізді,Отанымызды сүйе білейік!

Ата Заңымызды, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтей білейік!

Достықты, ынтымақты, бірлікті ту етейік!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы «Менің Отаным – Қазақстан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 629
    • DOCX 15.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акмурзаева Бахар Сидназаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акмурзаева Бахар Сидназаровна
    Акмурзаева Бахар Сидназаровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9886
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 40 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе