Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым»

библиотека
материалов

hello_html_4e745f17.gifЕ.Өмірбаев атындағы орта мектеп

















Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг

2 «Ә» сыныбы









Дайындаған: Кокебаева Н.А













2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым» (ата-аналарға)


Тренинг тақырыбы:
«Менің отбасым-менің байлығым»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Көрнекілігі: слайд, А-4, тұрлі түсті бояулар
Барысы:
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

І. «Танысу» жаттығуы
Ата-аналар өз есімдерін және баласының есімінің неге сүйеніп қойғандарын айту. Мектеп жасындағы балаларымыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты. 
ІІ. Жағдаятты шешу
І-топ

1 «Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
ІІ-топ
1. «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз:«Басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?
2.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
ІІІ-топ
1. Сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
2. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
ІІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.
ІV. Ойын « Ата- ана мейірімі». 
Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.
V. «Ана туралы ғибратты әңгімелер» видеослайд.

VІ. Психологиялық кеңес
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА
АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік жасаңыз (жасамаған жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барған кезде бала мектепке бейімделе бастайды. Жалпы бейімделу баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты 2 айдан 6 айға дейін созылады.
Бұл мәселені шешу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:
- Өз балаңызбен жиі сөйлесіңіз.
- Балаға Сіздің онымен қарым-қатынастан ләззат алып тұрғаныңызды көруі қажет.
- Өз балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Қиын жағдайларда қалай шешу жолдары туралы онымен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
- Баланың үй жұмысын орындауына жайлы жағдай жасаңыз.
- Баланы белгілі уақытта үй тапысырмасын орындауға үйретіңіз. Бұл болашақта тез бейімделуіне және денсаулығын сақтауға көмектеседі.
- Бірінші сынып оқушысына үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетіңіз.
- Балаңыздың еңбегін құрметтеңіз.
- Егер Сізді баланың тәртібінде, оқу үлгерімінде бір нәрсе мазаласа, Сіз әрқашан кеңесті мұғалімнен немесе мектеп психологынан сұрай аласыз.

ҮІ. «Тілек шамы». (Қорытындылау)
Мақсаты:
тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.
Сау болыңыздар!























































Ақпарлама







11.09.15ж 2 «Г» сыныбының ата-аналарына «Менің отбасым – менің байлығым» атты тренинг болып өтті. Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Тренинг барысында
«Танысу» жаттығуы жүргізілді. Ата-аналар өз есімдерін және баласының есімінің неге сүйеніп қойғандарын айтып, мектеп жасындағы балаларымыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шықты. Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты сұрақтарға жауап берді. Ата-аналарға «Жағдаятты шешу» тапсырмасы жүргізілді. Жағдаяттар жазылған карточкалар таратылды. Өз ойларымен бөлісіп, жағдаяттардан шығуға тырысты. Тыныштық сәті «Гүлдің оянуы», « Ата- ана мейірімі» ойындары жүргізілді. Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтты. қатысушыларға «Ана туралы ғибратты әңгімелер» видеослайды көрсетілді. «Тілек шамы». Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. Қорытындылау. Тренинг өз мақсатына жетті.






Педагог-психолог: Кокебаева Н.А.



C:\Users\NAZ\Desktop\Психология 2015-2016\отбасы мерекесі\Фото отбасы\IMG_7548.JPG

«Тілек шамы» жаттығуы

C:\Users\NAZ\Desktop\Психология 2015-2016\отбасы мерекесі\Фото отбасы\IMG_7542.JPG



C:\Users\NAZ\Desktop\Психология 2015-2016\отбасы мерекесі\Фото отбасы\IMG_7543.JPG

C:\Users\NAZ\Desktop\Психология 2015-2016\отбасы мерекесі\Фото отбасы\IMG_7537.JPG

«Ата-ана мейірімі» ойыны

C:\Users\NAZ\Desktop\Психология 2015-2016\отбасы мерекесі\Фото отбасы\IMG_7536.JPG



C:\Users\NAZ\Desktop\Психология 2015-2016\отбасы мерекесі\Фото отбасы\IMG_7510.JPG

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров90
Номер материала ДВ-565544
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх