Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Найдено 53 материала по теме

Тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем 8 сынып

    DOCX

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Ауызеку тілде еркін сөйлеп, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.

Міндеті:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету

Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, батылдыққа, тәуекелдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу, диалог

Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Бағалау парақшаларын таратамын (Өз - өзін бағалау)

Оқушыларды санау арқылы, әділ тәсілмен 3 топқа бөлдім.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Оқушыларға кеспе қағаздары таратылады

Біліммен ой сергіту

1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады (кемінде екі)

2. Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата (жоқ)

3. Ыңғайласқа айналатын салалас түрі (кезектес)

4. Қайталанбайтын жалғаулықтар (және, немесе)

5. Мынау, сонша, сол жалғаулығы қай салаласта (жалғаулық емес)

6. Үш жалғаулығы бар салалас (кезектес)

7. Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл сал (шартты бағ саб)

8. Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың (салалас емес)

Салаластың қай түрі?

ІІІ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру

Тірек сызбалар арқылы

ІV. Мәтіндермен жұмыс

Мәтінді оқып шығып, бір - біріне әңгімелеу, жаңа сөздермен танысу. Бір - біріне сұрақтар қойып, пікір алмасу, түсіндіру

Мысалы

- Екі әңгімеден қайсысы ұнады?

- Неліктен әкесін құтқарды деп ойлайсыңдар?

- Қай ұлға сүйсіндіңдер?

- Осындай жағдайға түссеңдер, сендер не істер едіңдер?

- Әкенің тілін алу керек пе?

- Өзің кімнің орнында болғанды қалайсың?

- Қандай ой түйдің?

Осыдан соң 2 топқа мынадай тапсырма беремін яғни пікірталас жүргізеді, 1 топ ерте кездегі ұлдарсыңдар, 2 топ қазіргі кездегі ұлдарсыңдар 3 топ бақылаушы

(Оқушылар сипаттайды)

1 топқа

Ерте кездегі ұл бала

2 топқа

Қазіргі кездегі ұл бала

V Жаттығулармен жұмыс

1. Мәтіннен мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңдар, жасалу жолын көрсету

2. Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар

Қартайған

Ержүрек

Қауқарсыз

Пайда

Қуану

Жағымды

(өзін - өзі бағалау)

VІ. Сабақты бекіту

Кері байланыс (келісемін, келіспеймін)

Тест сұрақтары арқылы иә, жоқ

1. Шал ұлынан ақша сұратты (жоқ)

2. Кедей шалдың ержүрек, адал ұлы бар екен. (иә)

3. Бала біреуден көмек сұрады (жоқ)

4. Әкесі қауқарлы, жас болатын. (жоқ)

5. Баласы қарақшылармен жолыққан жоқ. (жоқ)

6. Баласы өзін ұсынды (иә)

7. Олар шалдың ұлына таң қалған жоқ (жоқ)

8. Олар әкесін берді. (иә)

9. Ұлын алып қалды (жоқ)

10. Әкесі мен баласы үйіне қайтты. (иә)

Оқушыларға стикерлер тарату

Не үйрендім?

Сізді не қызықтырды?

Қандай қиыншылықтар болды?

Суммативтік баға шығару

Үйге тапсырма: Ережені жаттау, өлеңді мәнерлеп оқып жаттап алу, әр оқушыға1 ситуациялық жағдай дайындап келу.

Тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем 8 сынып

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Рысбеков Қанабек Алдабергенович

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  • На сайте: 9 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 13102
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 13102
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Мен Қанабек Алдабергенұлы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі", - деген даналық сөздің ұғымы терең екеніне келісем. Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Рысбеков Қанабек Алдабергенович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: