Инфоурок География КонспектыТақырыбы: «Мұхит суының басты қасиеттері» Сыныбы: 6 «В» Пәні: География

Тақырыбы: «Мұхит суының басты қасиеттері» Сыныбы: 6 «В» Пәні: География

Скачать материал

 

Сабақтың  тақырыбы : Жер  бедері  мен  пайдалы  қазбалары .

Сабақтың  мақсаты : Аустралия  материгінің  жер  бедері  туралы  түсінік  беру . Картамен  жұмыс  істеу  шеберлігін  арттыру  . Өз   бетімен  оқуын  ұйымдастыру .

 Сабақтың  түрі : Өткен  материалды  бекіту , жаңа  сабақты  игеру .

Сабақтың  көрнекілігі :  Гимн (Қазақстан  және  Аустралия) , видеоролик ,фотослайд, дүниежүзінің  физикалық  картасы , глобус .

Сабақтың  барысы :

                                          1 Ұйымдастыру  кезеңі

А) Сабаққа  оқушылардың  қатысуын  тексеру

Ә) Көңіл – күйлерін  анықтау,топтарға бөлу

Б)Гимн  «Қазақстан  мен Аустралия»

                                        II Үй  тапсырмасын  тексеру

1 « Менің  білетін  деректерім » 

                                         III Жаңа  сабақ

1 «Менің  мұны  білгенім  жөн» 

2 «Астана фотослайд және  видеоролик  Аустралия»

Аустралия  ең  кішкентай  материк , көлемі 7,7 млн  км  . Егер  кімде – кім Аустралия  материкгін  айналып  шыққысы  келсе , оған  бар – жоғы  жарты  жыл  ғана  уақыт  кетеді . Ал  Евразияны  айналып  шығу  үшін  25  жыл  уақыт  кетер  еді . Аустралия  қойдың  саны , қырқылған  жүнін  өткізуден  дүние  жүзінде 1 орын  алады . Материкті  1606 жылы  голланд теңізшісі В . Янсзон  ашқан .Ол  материкті  жаңа Голлондия  деп  атаған . Птолемей  картасы  мен   орта  ғасырлық  карталарда  Аустралия  үлкен  белгісіз  Оңтүстік  жер  деп аталған . Өзінің  атауын  ол  XIX ғ (1814 жыл) алды .

Аустралия  ертедегі  геологиялық  кезеңдерде  құрлықтан  алыс  жатқан ең  жалғыз  материк. Ерте  бөлініп  кетуі материкте  жануарлар  мен   өсімдіктер  дүниесінің  сақталып  қалуына  септігін  тигізген.  Тынық  мұхит жағалауы  қозғалмалы  тынымсыз  аймақ  болғандықтан  материк  бірнеше  рет  тұтастай  көтеріліп , төмен  түсіп , майысуларға  ұшыраған . Соның  әсерінен  Жаңа  Гвинея  аралының  оңтүстігіндегі  бөлігі  мен  Тасмания  аралы  бөлініп , бұғаздар  мен  шығанақтар  пайда  болған . Жерінің 5 %   тауларға , 2,5 – ін  шөлдерге , 5,5 % - орман  алып  жатыр . Ежелгі  платформалық  құрылым  болғандықтан  кен  байлықтары ,  әсіресе  боксит , қорғасын , мырыш , темір , никель , уран  кендерінің  мол  қоры  бар . Дүние  жүзінде  бокситтің  қоры  жөнінен  1 орында , темір ,  никел , алтын , қалайы   қор  жөнінен  алдынғы  орында . Теңіз  қайрандарынан  мұнай , Батыс  Аустралияда  кен  орындары  ашылды . Аустралияда  дүние  жүзіндегі  уранның 1/ 3  шоғырланған (Солтүстік  Батыс , Оңтүстік  Аустралияда ) Көмір  өндіруден  дүние  жүзінде  алтыншы  орында ,  ал  оны  сыртқы  шығарудан 1 орында . Қазақстанмен  сауда  және  қызмет  көрсету  үлесі  14 млн  доллордан  асады .

3 Мәтінмен  жұмыс: Оқушылар  топарға  бөлініп, оқулықтағы  мәтіндер  бөлініп  беріледі.Берілген  тапсырмаларын  топ  арасында орындап,  Аустралияның  жер бедері туралы  түсініп, картадан тауларын,ең биік шыңын,су айырық жотасын, шөлдерін, өзен-көлдерін  табады.Ерекшеліктеріне  тоқталады.

Айналмалы  бекеттер  әдісі  арқылы  өздерінің идеясына  сүйіне  отырып , мәтінді  толық  менгеруін  көздейді .

4  Картамен  жұмыс . Үлкен  су  айрық  жотасы , Косцюшка  тауы , пайдалы  қазбаларын ,  материктің  жағалауын , аралдарды көрсету

5 Құндылықтар  спекторы : Жаңа  тақырып  бойынша меңгерген  құнды  білімдері  мен  пікірлерін  айту

Сабақты  қортындылау : Аустралия  дүние  жүзінде дамыған  мемлекеттер қатарындағы  мемлекет. Оны  Ұлыбритания  королевасы басқарады.Жанартауы жоқ бірден-бір  материк.Қалталы жануарлары сақталған ,өзіне тән ерекшеліктері бар, түгелдей  оңтүстік жарты шарда орналасқан материк.

Бағалау : Оқушылар  өз-өздерін, бір-бірін, топты бағалайды

Үйге  тапсырма : Аустралия  және  мұхиттық  аралдар жайында  қызықты  мағлұматтар  жинақтау .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы :Климаттың  адам  өмірі  мен  шаруашылық  әрекетіне  тигізетін  әсері  .

Сабақтың  мақсаты : Климаттың  адам  өмірі  мен  шаруашылық  әрекеттеріне  тигізетін  әсері туралы  түсінік  қалыптастыру . Алған  білімдерін  өмірде  қолдана  алуына  көмектесу. Картамен  жұмыс  істеу  шеберлігін  арттыру  . Өз   бетімен  оқуын  ұйымдастыру.

Сабақтың  көрнекілігі :   видеоролик , Қазақстанның  климат  картасы , суреттер .

Сабақтың  барысы :

                                          1 Ұйымдастыру  кезеңі

А) Сабаққа  оқушылардың  қатысуын  тексеру .

 Ә) Көңіл – күйлерін  анықтау, топтарға бөлу

 

                                        II Үй  тапсырмасын  тексеру

1 « Менің  білетін  деректерім »

 1-сұрақ:  Қазақстан  жерінде  жауын-шашынның  аз  түсуі  мен  әркелкі  түсу  себептері.

 2-сұрақ:  Қазақстанда  жауын-шашынның  орташа жылдық  мөлшері.

 3-сұрақ:  Қазақстанда  жауын-шашынның ең көп және  ең  аз  жауатын аймағы.

 4-сұрақ:   Ылңалдану  коэффициенті  дегеніміз  не?  К=1, К↓,К↑.

                                         III Жаңа  сабақ

1 «Менің  мұны  білгенім  жөн» 

 Жаңа  тақырыпты  оқушыларға  сұрақтар  қоя  отырып  ашу.

Адам  баласының  тіршілігі  үшін  жарық  пен  жылудың , ауаның  қажет  екендігі  бізге  белгілі.  Адам  баласы  климат   қорларын  маңызды  емдеу  факторлары  ретінде  қолдануына  болады. Медициналық  және  курорттық , климатология  ғалымдары  бірқатар  климат  элементтерін (күн  радиациясы, температура, ылғалдылық, жел) кешендік  сипаттаумен  шұғылданады. «Комфорт  зонасы» климат элеметтерінің  үйлесімділігі  адамның  көңіл  күйіне  жайлы  әсер  етеді . Қазақстанның  көп  жеріндегі  климат  адамдардың  денсаулығына  тиімді.Климаттың  ауыл  шаруашылығына тигізеттін  әсері  де  мол. Бірақ  адамның   шаруашылық  әрекеттерініңде  климатқа  тигізер  әсері  ерекше. Әр  түрлі  отындарды  жағу  нәтижесінде атмосферада  көмірқышқыл  газының  мөлшері  шамадан  тыс  көбеюде. Ал атмосфераның  жер  бетіне  таяу  қабатында  орташа  температура  1 – 2 градусқа  артуда.

2.  Фотослайд және  видеоролик   

3 Мәтінмен  жұмыс . Топтарға  мәтінді  бөліп беру.Мәтіндерді өз бетінше оқып, талқылайды, жаңа мағлұматтармен толықтырады.Суреттерге түсініктемелер береді.   

 1-ші   топтың      мәтінмен   жұмысы

Қазақстанның  климаты  жалпы  құрғақтығымен  ерекше  көзге  түседі. Әсіресе  оңтүстікте  жаз  өте  ыстық  болады. Құмның  беті  60 -70 градусқа  дейін  қызады. Құрғақ  ауаның  пайда  болуы  күшті  қызған  және  тропиктік  ауа  массасының  басым  болған  кезімен  байланысты.  Оған  ылғалы  аз,  ыстық  құрғақ  жел -  аңызақ  тән . Аңызақ  желді  күндердің  ұзақтығы  табиғат  зоналарында  түрлеше  болады. Дала  зонасында 5-10  күндей,  шөлейт  зонасында  40 күн, шөл  зонасында  яғни  Қызылқұмда -100 күн . Қазақстан  жерінде  қуаншылық  соңғы  20  жылда  4  рет  болды. Орта  Азия  мен  Иранның  үстінде  қалыптасқан  тропиктік  ауа  массалары  көбіне  республикамыздың  оңтүстік  аймақтарында  жоғары  температура  қалыптастырып, өз  кезегінде  жерді құрғатып  жібереді. Қуаншылықтың  ауыл  шаруашылығына  әкелетін  зианы  көп,  жем-шөп  қоры кеміп,  екпе  дақыл  өнімдері  азаяды.

2-ші   топтың      мәтінмен   жұмысы

Қазақстанда  жылдың  жылы  мезгілінде  байқалатын  ерекше  атмосфералық  құбылыстың  бірі--  шаңды  дауыл. Олар  желдің  жылдамдығына  және  топырақ  жамылғысының  сипатына  тығыз  байланысты. Шанды  дауыл  ауа  құрғақ  кезде ,  борпылдақ  топырақты  алапта  соғатын  қатты  жел. Олар  топырақтың  ұлпаларын  ұшырып,  өсімдік  тамырларын  ашып  тастайды, ауыл  шаруашылығына  көп   зиян  келтіреді . Қазақстанның  дала  зонасында  орташа  есеппен  жылына  20-38 күн  шаңды  дауыл  болады.  Республиканың  оңтүстігінде  құмды  шөлдерде,  Балқаш  көлінің  оңтүстігіндегі  шаңды  дауыл  55-60  күн  болады . Жылдамдығы  15- 20 м / сек-тан  немесе  сағатына  72 км / сағ-тан  асатын  қатты  соққан  желді  дауыл  деп  атайды.Көлдерде  балық  аулауға  кедергі етеді, жол қатынасын қиындатады.

3-ші   топтың      мәтінмен   жұмысы

Табиғат -  адамзаттың  тіршілік  ететін  ортасы,  сондықтан  оның   көптеген  сүраныстарын  қанағаттандыратын   шикізат  көзі  болып  саналады. Қоршаған  ортаның  табиғат  жағдайлары  адамның  шаруашылық  әрекетінің  түрін  анықтайды. Сонымен  қатар  қоршаған  орта  адам  денсаулығына  да  әсерін  тигізеді.  Ауаның  тазалығы  ,  қоршаған  ортаның  басқа  құрам  бөліктеріндегі  тепе-теңдіктің  сақталуы  адамның  жұмыс  қабілетіне, ұзақ  өмір  сүруіне  жағдай  жасайды. ТАмаша табиғат ,таза климат адамның  күш-  қуатының  қалпына  келіп, тынығуына  көмектеседі.Ядролық  жаылыстар, ұшырылған  зымырандар, заводтардан  шыққан  қалдықтар  атмосфераны  ластап  климаттың  өзгеруне  алып  келді  Ал  климаттың  өзгеруі  адамның  денсаулығына  кері  зардабын  тигізуде.

3-ші   топтың      мәтінмен   жұмысы

        Сыртқы  апаттарға  көбінесе  адам  әрекеті  себепші  болады. Республикамыздың  таулы  аудандарында  сел,қар көшкіндері  құбылыстары  байқалады.  Біздің  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  биік  аймақтарда  2724  мұздық  бар.Осылардың  еруінен  және  қардың  қалын  түсуіне  байланысты  күшті  сел  тасқындары  болып  тұрады.  Апатты  сел  тасқындары  1921  жылы  Алматыда ,  1963  жылы  Есікте, 1977  жылы  Медеуде , 2010  жылы Қызылағаштағы  су  тасқыны  зор  материалдық  және адам  шығынын  әкелді. Мұндай  құбылыстар  мал  шаруашылығы  мен  адам  өміріне тигізер  әсері бар, транспорттық  апаттар , байланыс  және  энергия  желілеріне  үзілістер  туғызады.   

 

Айналмалы  бекеттер  әдісі  арқылы  өздерінің идеясына  сүйіне  отырып , мәтінді  толық  менгеруін  көздейді .

4  Картамен  жұмыс :

1-      топ:  Ормандары  кесілген аймақты  картадан  көрсету.Оның  нәтижесін  түсіндіру. 

2-      Топ: Қолдан  жасалған  су  қоймаларын  картадан  көрсету. Оның  климатқа  әсерін түсіндіру.

3-      Топ: Антарктида  мен  Гренландияның және  тау  мұздықтарын картадан  көрсету.  Мұздықтардың  еру себептерін  түсіндіру.

4-      топ: Қазақстанның  қай бөлігіндегі  климат  астық  шаруашылығын  дамытуға  жағдай  жасайды.Сол  бөлікті  картадан  көрсету.

5. Құндылықтар  спекторы : Жаңа  тақырып  бойынша меңгерген  құнды  білімдері  мен  пікірлерін  айту

IV.Сабақты  қортындылау . Видеоролик . Климаттың  өзгерісі  адамның  денсаулығына  және  шаруашылық  әрекетіне  қолайсыз  әсерін  тигізетіні  анықталған. Сондықтан  қазіргі  кезде  адамзаттың  алдына  атмосфераны  ластаудан  сақтау, климаттық  жағымсыз  өзгерістеріне  жол  бермеу  мәселесі  қойылып  отыр.

V. Кері  байланыс . INSERT  стратегиясы

VI.Бағалау : топты бағалау, өзін бағалау, жұптық бағалау.

VII.Үйге  тапсырма :

 1. Қазақстанның  оңтүстігінде  вегетация  кезеңі  180  күннен  астам .Күннің  жылуы  мен  сәуленің  молдылығы ....

 2.  Қауыртты  атмосфералық  құбылыстар  жайында  қызықты  мағлұматтар  жинақтау .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  8  В  сынып  жетекшісі :  Сарсенова  Шарипа

               Шұбарсу  жалпы   орта   мектебі .

Сабақтың тақырыбы

                  «Шешім  қабылдауға  асықпаңыз»                            

Сабақтың мақсаты

Қазіргі таңда мектеп жасындағы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан өзіне-өзі қол жұмсау және оған итермелейтін іс-әрекеттерден сақтандыру.Жасөспірімдердің санасын өмірге деген құштарлыққа баулу,зиянды әрекеттерден арылтуда салауатты өмір салтын насихаттау,шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру,

мәселені шешуде өзін-өзі басқару және оларға кеңес,көмек беру.

Оқу нәтижесі

Сабақ барысында коучинкке қатысушылар «Шешім қабылдау» ұғымын меңгереді,шешім қабылдайды, таңдау жасайды,

Салауатты өмір салтын  ұстанады.

    

Ресурстар

Суреттер, стикерлер,бейнеролик,сайд

 

Мұғалімнің іс –әрекеті

Мамандар мен оқушылардың іс – әрекеті

1 минут

1Ұйымдастыру кезеңі 

Топ ережесін құру, топқа бөлу

 

Жас ерекшеліктері мен мамандықтарына қарай топтарға бөлінеді

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14минут

1 Тақырыпты ашу. слайд - шоу

Тақырыптағы өзекті мәселелерге  тоқталады,

сұрақтар қоя отырып, сабаққа қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылайды.

Адамға  әрқашан таңдау  жасауға тура  келеді.Бірақ көп жағдайда олар мүмкін болатын қауіп-қатер, көзқарас пен білімге сүйене бермейді . Бүгін сіздермен бірге  жауапты шешім  қабылдауды үйренеміз.Күнделікті ойланбай – ақ  көптеген шешімдер қабылдап жатамыз.Шешім қабылдағанда қандайда бір алғы шарттарға сүйенеміз , Ендеше біздердің қабылдайтын шешімдерімізге  әртүрлі  факторлардың ықпал жасайтынын және ол  әрекеттерді қалайша  сезуге  болатынын, яғни  жауапты шешімді қалай қабылдау  керектігін  әңгіме етеміз . Шешім  қабылдау – адам екі  немесе одан  да көп  мүмкін  іс- әрекет  нұсқаларының  беруін  ғана  таңдайтын процесс.

1 Сұрақ : Қызыл  дөңгелекте - Мектеп  бітіруші универстетке түсуді  емес  жұмысқа орналасуды  шешті .

2 Сұрақ: Қызыл сары-  оқушы спорт  секциясына  қатысуды тоқтатуды шешті.

3 Сұрақ: Жасыл – Оқушы марихуанна  тартып  көруді  шешті .

 

 

Тапсырма : Шешім қабылдау  алгоритімін  сызыңыз

Ойларын ортаға салады,

Сұрақтарға жауап береді,сыни тұрғыдан ойлайды , пікір  алмасады ,шешім  қабылдау  алгоритм  сызбасын  сызады, тұжырымдайды, ақпарат жинайды, шешім қабылдайды,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойланады, пікір алмасады,жауап береді,дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.

 

 

 

 

 

 

Шешім қабылдау алгоритмін сызады, қорғайды .

 

Сабақты  қорытындылау,үйге тапсырма:   2минут


13 минут

АКТ байланысты экранда бірнеше суреттер көрсетіледі, соған байланысты топтық жұмыс жасау.

Суреттерге  қарап өздерінің ойын  айтады ,суреттің мазмұның  ашады . Топ пен  жұмыс жасайды.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының  зиянды  әрекеттер ,

суицид  көрсеткіштері мен топтары жайында мағлұматтар береді .

 

Сабақтың тақырыбы: « Егемендікті  еңселі  еткен - Елбасы»

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға  этносаралық  келісім -  өміршеңдік  оттегі  екендігін, тұрақтылық  пен  келісім – ол  отбасылық  әл- ауқат , қауіпсіздік , баспана ; бейбітшілік – ол  әке  мен  ана ,  балалар  денсаулығы , бақыты екендігін,тұрақты  жұмыс, жалақы, ертеңгі  күнге  деген  сенімділік -  біздің  болашағымыздың  тірегі  екендігін , елбасымыздың жолдауларының   құндылығы осылардан  тұратындығы  жайында  түсінік  қалыптастыру. Патриоттық  тәрбие  беру.

Күтілетін  нәтижесі  : Еліміздегі  өміршеңдіктің  негізі  этносаралық  келісім екендігін  , тұрақтылық  пен  келісім , бейбітшілік –болашағымыздың  тірегі  екендігін  біледі ,ертеңгі  күнге  деген  сенімділік  қалыптасады , елбасымыздың  жолдауларының  құндылығын  түсінеді. Патриоттық тәрбие  алады .

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

 

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

 

Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, ой –қозғау, миға  шабуыл.

Сабақтың  барысы:  

     Кіріспе :                                   1.Ұйымдастыру  кезеңі

             а)Сыныпта  оқушыларды  түгендеу, ынтымақтастық  атмосферасын  құру, топтарға  бөлу

             ә)  Қазақстан  Республикасының Гимі 

     Негізгі  бөлім :

               1.Тақырыпты  ашу  . Ой  қозғау.

  1сұрақ:Конституция  бойынша  мемлекет  басшысы  және  ең  жоғары  лауазым  иесі.(Президент)               

  2сұрақ:ҚР-ның заң  шығарушы  орган (Парламент)                                        

  3сұрақ:Парламент  неше палатадан  тұрады ?   (Екі палатадан)                  

  4сұрақ:Мемлекеттік  рәміздердің  қабылданған күні.(1992ж.6маусым)

  5сұрақ:Еліміздің  даму  жолында елбасымыз  қанша  жолдау  жасады? (19 жолдауын  жолдады).

             2.  Алысты  жақын  ету – бүгінгі  Жолдаудың  ең  басты  түйіні.                                              

 Асылжан:   Елбасымыз 1991-2014 жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық.Қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталған болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.

Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырды.

 Гүлжан :    Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 Ержан :   Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

  Нұргүл : Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы  технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырды.

  Саламат : Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды.   

  Роза : Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  Асылжан : Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі – 15 пайыз.

  Гүлжан : Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.

  Ержан : Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.

                    

   Нұргүл : Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.

Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткел және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырды.

   Саламат : Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет  үлкен сұраныс тудырады.

Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым – жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.

   Роза : Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

  Арман :  Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.

Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу- және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.   

  Балауса : Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.

   Шыңғыс : Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.

Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырады.

   Аружан : Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.  

  М. Бекжан : Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!

   Нұрболат : Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!- деп өзінің  ыстық  лебізін  білдірді,  Елбасымыз.

 

   Әшіркүл : Жалпыұлттық идеямызды – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

  Шыңғыс : Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!

   Ильмира : «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі.

   Шыңғыс : Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!-деді Елбасымыз.

   Ильмира : Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті – деді  Елбасымыз .

              Миға  шабуыл  сұрақтары :

1сұрақ: Ең  бірінші  және  ең  соңғы  жолдаудың  атауын, жылдарын ата.  («Қазақстан – 2030»қазан 1997 ж. «Нұрлы  жол – болашаққа  бастар  жол» 11.11. 2014ж) 

 2сұрақ: «Қазақстан  жолы – 2050: Бір мақсат, бір  мүдде , бір  болашақ.» жолдауы  қай жылы халыққа жолданды   ? (18.01.2014 ж.)

3сұрақ: «Болашақтың іргесін  бірге  қалаймыз!»(28.01.2011 ж.)

4сұрақ: «Дағдарыстан – жаңару  мен  дамуға»  атты  жолдауы  халыққа  қай  жылы  жолданды? (6.03. 2009 ж.)

5сұрақ:1.03. 2006 жылы  халыққа  жолданған  жолдауды  ата.(Бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы.)

6сұрақ:Нұрлы  жол – болашаққа  бастар  жол жолдауын  қай  жылы жолдады ? (11. 11. 2014 ж.)

                Талдау :

    1-топ

      *  Елбасымыз 1991-2014 жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард          долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық

     *Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

     *  Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет.

    2-топ

     *   Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырды

     *  Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды

     *Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань

    Қорытынды : Бағалау.

    Керібайланыс.

    

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Мұхит суының басты қасиеттері.

 

 

 

                                                               Білімділік: Оқушылардың географиялық                            

                                                       білімдерін  шыңдап, жетілдіру, мұхит суының басты 

                                                        қасиеттерін ұғындыру

 

 

Сабақтың мақсаты:                          Дамыту: Оқушылардың  шығармашылық 

                                                          қабілетін дамыту, картамен жұмыс істеу дағдысын 

                                                          жетілдіру.

                                                           

                                                               Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға саналы да 

                                                               сауатты тәрбие беру.

 

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

 

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

 

Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, ой –қозғау.

 

 

 

 

 

Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзілік мұхиттар картасы, үлестірмелі қағаздар,слайд.

                                      Ұйымдастыру               Оқушыларды түгелдеу сынып тазалығына

                                                кезеңі                     көңіл бөлу                        

                                                                                                                   

                                                                              психологиялық дайындау

                                                                                              Оқушының іс –әркеті.Топтастыру оқу 

                                                                                              құралдарын дайындау

                                          Үйге берілген                      сұрақ -жауап

                                тапсырманы тексеру               қорытындылау

 

                                                     

                                                                                 әңгіме

                                                                                мәтінмен жұмыс

                                                                               ой-қозғау

                                                                               картамен жұмыс

Сабақтың                                                            сементикалық карта

мазмұны                     Жаңа сабақ                          (әр топқа таратылады)

                                                                               проблемалық сұрақтар

                                                                              дәптермен жұмыс

                                                                             шығармашылық жұмыс

                                      мағынаны тану

                                    қорытындылау,бағалау                               

                                  Үйге тапсырма: Мұхит суының қасиеттері

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру:

             Сұрақ –жауап.

1 сұрақ: Мұхит сулары қалай қозғалысқа келеді?

2 сұрақ: Мұхит суының қозғалысы қалай аталады?

3 сұрақ: Толқындар пайда болуына қарай неше топқа бөлінеді және ата?

4 сұрақ: Жел әсерінен пайда болған толқынның атын ата?

5 сұрақ: Жер сілкіну, жанартаулар атқылауынан пайда болған толқын қандай толқын?

6 сұрақ: Толысу мен қайту құбылысы  ненің әсерінен болады?

              Үй тапсырмасын қорытындылау

Толқынның жылдамдығы мен ұзындығы өте үлкен болғандықтан, ол жатқан күшпен соғады. Цунами келер алдында су әдетте бірнеше минут ішінде жағадан жүздеген метр, ал кейде километрге дейін шегінеді. Су неғұрлым көп шегінсе, цунами толқыны соғұрлым биік болады.

Толқынның пайдасы

Толқынның зияны

 

 

 

Жаңа сабақ.

1.     Әңгіме –дәріс:

Су-жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене сондықтан да мұқитты «жылу қорының жинаушысы» деп атайды . Мұхит суы баяу жылынады және баяу суынады.мұхит суының басты қасиеттерінің бірі –оның температурасы. Мұхит суының жылдық орташа температураның ең жоғары көрсеткіштері 27 0+280С  экваторлық ендіктерде байқалады. Мұхит бетіндегі орташа жылдық температура +17,40С. Тынық мұхитта орташа жылдық температура +19,10С.

Үнды мұхитында -17,10, Солтүстік мұзды мұхитта ең төмен температурасы-1,70С.

Сонымен температура ендіктерде жатуымен мұхиттарда өзгеріп отырады.

 

 

 

 

 

 


 а)               900                   б)                   450                                в)                  150

 

терңдеген сайын температура төмендейді.

Поляр аймақтарда суық сулар басым болады.Жоғары ендіктерде мұхит түбінде судың температурасы 00 шамасында болса, экваторлық, қоңыржай ендіктерде +20,+30С. Жалпы алғанда, Дүниежүзілік мұхиттың орташа температурасы+3,80С.

Мұхит түбіне жақын су қабатттарының температурасына Жердің ішкі жылуы да әсер етеді.Мысалы, Қызыл теңіздің табанындағы ойыстарда судың температурасы +720С –қа дейін жетеді.

Мұхит суының 96,5 %-ын таза су құрайды. Қалған 3,5%-ы еріген тұздарадан тұрады.Сондықтан басты қасиеттерінің бірі тұздылығы. Дүниежүзілік мұхитта шамамен 49,2.1015м еріген тұз бар деп есептеледі.

Аталған тұзды құрғақ күйде жер бетіне біркелкі етіп жайса, Жер шарын қалыңдығы 150м тұз қабаты көмкерген болар еді. Мұхит суында кездесетін тұздардың арасында ас тұзы басым, 85% .Тұздардан басқа орасан мол мөлшерде еріген газдар кездеседі.

2.     Мәтінмен жұмыс (І –топ мұхит суының температурасын, ІІ топ  мұхит суының тұздылығы, ІІІ топ толықтырушы).

3.     Ой қозғау (ассоцация).

Мұхит суының қасиеттері
 

 

 


температурасытұздылығы                                                                                                               

 

4.Картамен жұмыс.

5.Сематикалық карта

1-сематикалық карта     1-топ

Нысандар

тұздылығы

температура

Тереңдіктегі темпертурасы

Үнді мұхиты

(Тропик маңында)

 

 

 

 

2-сематикалық карта      2-топ

Нысандар

тұздылығы

температура

Тереңдіктегі темпертурасы

Дүниежүзілік мұхит

 

 

 

 

3-сематикалық карта     3-топ

Нысандар

тұздылығы

температура

Тереңдіктегі темпертурасы

Тынық мұхит

(тропик маңында)

 

 

 

 

6. Проблемалық сұрақтар.

1 топқа:

Ауаның ұдайы жылынуы қандай өзгерістер туындатуы мүмкін?

(мұздықтарды ерітіп құрлықты 53м су басуы мүмкін)

2 топқа:

Дүние жүзінде тұщы судың тапшылығы артып, ауыз суға  деген сұраныс артуда.Су ресурстарымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген елдерге де  қатер төнуде. Соның ішінде Қазақстанда да су көздерінің жеткіліксіздігі, ластануы артуда.Бұл жағдайдан қалай шығу мүмкін?

(Суды үнемдеп, ащы суларды тұщыландыратын қондырғылар яғни Ақтаудағыдай суды тұщыландыратын АЭС –терді көбейту керек).

3-топқа

Қаңтар айында солтүстік жарты шарда судың  температурасы төмен, ал  Оңтүстік жарты шарда  судың температурасы көтеріледі.  Оңтүстік жарты шарда су температурасының жоғары болуы неліктен? Ал шілде айында солтүстік жарты шарда су температурасы көтеріледі де , оңтүстік жарты шарда, керісінше төмендейді неліктен?

 (Солтүстік жарты шарда шілде, оңтүстікте қаңтар айы болады.)

 

7. Дәптермен жұмыс, терминдермен жұмыс.

8. Шығармашылық жұмыс.

Мағынаны тану.

 

Білемін

Білмеймін

Мен үшін жаңа ақпарат

Мені таңқалдырды

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау кезеңі.

Оқушыларды бағалау.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Мұхит суының басты қасиеттері» Сыныбы: 6 «В» Пәні: География"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімділік: Оқушылардың географиялық

білімдеріншыңдап, жетілдіру, мұхит суының басты

қасиеттерін ұғындыру

Сабақтың мақсаты:Дамыту: Оқушылардыңшығармашылық

қабілетін дамыту, картамен жұмыс істеу дағдысын

жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға саналы да

сауатты тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, ой –қозғау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 1933
    • DOCX 122 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенова Шарипа Кобекбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсенова Шарипа Кобекбаевна
    Сарсенова Шарипа Кобекбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16194
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1707 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек