Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тақырыбы: "Өнеге отбасынан" (5класс)

Тақырыбы: "Өнеге отбасынан" (5класс)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

9 жалпы білім беру орта мектебі











«Өнеге отбасынан»

(ашық сабақ)





Сыныбы: 5 « Г »

Орындаған: Бәжікбай Н.Т

















Мұнайлы ауданы 2015-2016оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан

Мақсаты:

Білімділік: отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру;

Дамытушылық: отбасында жарамды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана туралы нақыл сөздер.

Тыныштық сәті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар!Бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр. Бүгін біз «Өнеге отбасынан » тақырыбында ашық сабақ өткіземіз.

Үй тапсырмасын тексеру

Отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.Олай болса сендер де бір сынып бір отбасы іспеттессіңдер.

« Қазақы дастархан » әнін орындайық.

Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған

Татулық белгісі ме ?

Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы:

Ей менің асқар тауым!

Қазақы дастарханым.

Өзіңсің бақ берекем,

Аққайнар бастауларым.

Анаға ақ пейілді

Иілсе келің балаң.

Ықылас, ізет еткен

Сыйластық елін табам.

Қайырмасы:

Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар абай болсын.

Кірлетпей таза ұстасын,

Халықтың шар айнасын!

Қайырмасы:

Әңгімелесу

  • Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасына кімдер жатады?

  • Отбасы туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  • Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?

  • Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

Бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс арқылы өткізіледі.

1-топ « Қамқоршы »тобы. 2-топ «Жәрдемші» тобы.

Мәтінмен жұмыс: Ақылды егінші

Мәтінді мұғалім оқып түсіндіру.Оқушылар түсінгенін өз ойларымен жеткізеді.

  • Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде?

  • Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің?







Дәйексөз

« Үлкен алдында жас қарызы ,

ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый »

Тапсырма

  • Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер,

ата, әжелеріңнен ұрпақтартарына қалдырған өсиеттері туралы шағын әңгіме жазыңдар.( баяу музыка қойылады) ( 3 минут уақыт беріледі)

Уақыт аяқталған соң балалар өз жазғандарын оқиды.

Постер қорғау

Оқушылар 2топқа бөлініп « Шаңырақ », « Дастархан » тақырыбында постер қорғайды.

Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үйдің ниетін көрсететін берекесі.Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын мейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады.Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды.Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды.Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастархан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал жайын бағыт бағдарын, шаруа жайын ұғады.Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да « Қырықтың бірі-Қыдыр » деп,құт санайды.

Сыңарын тап ойыны

1-топқа

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без.. .(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

2-топқа

1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар . Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шиаплы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДВ-438172
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх