Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Тақырыбы: "НЕСИЕЛІК ШАРТ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ"

Тақырыбы: "НЕСИЕЛІК ШАРТ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«НЕСИЕЛІК ШАРТ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» тақырыбы БОЙЫНША ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН қолдана отырып «БАНК ІСІ» пәніНЕН жүргізілген ЖАҢА БІЛІМДІ ХАБАРЛАУ сабағының әдістемелік әзірлемесі


Сейдахметова Г. А. –

Алматы экономикалық колледжі

«Банк ісі» пәнінің оқытушысы


Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

Бүгінгі күнгі инновациялық, интербелсенді әдіс тәсілдер және де ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттің ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізгі мақсат болып айқындалады. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б).

Ойыншы үшін рөлді ұғыну, оған кіру, еркін ойнап шығу. Рөлдік ойындарды дайындау тақырып бойынша рөлді студенттер арасында бөлу, жиынның сипатын анықтау сияқтылардан басталады. Рөлдік ойынның мақсаты ойыншыға рөлді ойнап шығуға көмектесу, кейіпкердің орнына өзін қоя білу.

«Банк ісі» сабағы нақты ғылым болғандықтан интербелсенді әдіс және ойын технологиясының элементтерін пайдаланып оқыту қолайлы.

Рөлдік ойындар дегеніміз - болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым - қатынас жүйесін модельдеу, елестету.

Бұл ойын технологиясының соның ішінде рөлдік ойынның мақсаты – бір жағынан оқушының болашақ таңдап алған мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, екінші жағынан жауапкершілігін арттыру.

Оқушының қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады.

Бала белгілі бір рөлді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді, мамандыққа деген сүйіспеншілігі және жауапкершілігі артады.

Бұл аралас сабақ «Несиелік шарт және оны ұйымдастыру» тақырыбының теориялық білімдерін қорыту болып саналады және білімгерлердің ой – қабілеттерін тереңдету.




























САБАҚ БАРЫСЫ


I.Ұйымдастыру кезеңі: Дәрісхананың сабақ өткізуге дайындығын және студенттердің қатысуын тексеру. Сабақтың жоспарын хабарлау.

ІІ. Жаңа білімді хабарлау сабағы:

I – кезең: жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Несиелік шарт және оны ұйымдастыру

Дәріс жоспары:

1.Несиелік келісім – шарттың мазмұны

2.Несие шарттының ұйымдастырылуы және құрылымы

І.Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.Несие шарты – бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.

Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.


Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • нhello_html_78265b90.pngесиеге деген өтінішті қарау;

  • несиелік қабілетін талдау;

  • несиелік келісімшарт жасасу;

  • несие беру;

  • несиелік мәміленің орындаоуына бақылау жасау.


2 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басаталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қаматамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі.

Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетінің тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субьектісімен қатынасқа түседі.Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім шарт негізінде шешеді.

Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

- несиелеу мақсаты және обьектісі;

- несиенің мөлшері;

- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;

- несиені қамтамасыз ету нысаны;

- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;

- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;

- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.

Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардын өздері анықтайды.

ІІ.Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірбиесінде кепіл туралы келісім шарттын орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажырытылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:

  • келісімшарт жасаушы тараптар туралы мәләметтер;

  • келісімшарт заты;

  • кепіл берушінін құқықтары мен міндеттері;

  • кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;

  • талап ету құқықтары;

  • кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;

  • кепілге қойған мүліктін бұзылуына баланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;

  • дауларды шешу;

  • басқа шарттар.

  • Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен – жайы мен өзге де мәліметтері.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.

Біріншісі несие клиентінің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады.

Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктін туындауына байланысты біртіндеп іске асады.

Үшінші белгілі бір сомманы алуға клиенттін құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).

Ihello_html_m2809ae52.pngI – кезең: текшелерге жауап беру

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

1.Несие дегеніміз не?

2.Комерциялық банктің құрылымы?

3.Несиелік өтініш және қабілеті дегеніміз не?

4.Банктік қызметтерді атаңыз?

5.Қазақстан Республикасының банкті ашу кезеңдері?

6.“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заң қай жылы қабылданды?

7.Еншілес банк дегеніміз не?

8.Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне қандай несиелер береді және олардың жіктелуі?

9.Қарыз алушының несиелік қабілеті?

10.Несиелік саясат?

11.Ағымдық мониторинг дегеніміз не?

12.Жобалық несиелеу дегеніміз не?

13.Тұтыну несиесінің қандай түрлері болады?

14.Жеке тұлғаларды несиелеу түрлеріне не жатады?

15.Банк филиалы дегеніміз не?

16.Қарыз алушының мінездемесі?

17.Қарыз алушы несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштеріне не жатады?

18.Несие тарихы?

19.Несиелік мониторингке түсініктеме беріңіз?

20.Тереңдетілген мониторинг дегеніміз не?


III – кезең: рольдік ойын

  • Рольдік ойын (яғни студенттердің банкте қалай өзін - өзі ұстап және де келісім – шартты толтырып, несие алатындығы туралы)

hello_html_m41d54279.png


hello_html_m3abbeff5.gif
























IV – кезең: эрудит ойыны (экономикалық терминдер)

Ойынның мақсаты: Эрудит ойыны (экономикалық терминдер)

Мhello_html_m1cc4c5a.gifына әріптерден басталатын экономикалық терминдерді жазу
























V. Жаңа тақырыпты бекіту: Жаңа сабақты пысықтау мақсатында, өтінішті толтырып, берілген келісім – шартпен танысып, оны толтыру. Сұрақтар қойып, қаншалықты оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендігін тексеру.


VI. Сабақты қорытындылау:


VII.Бағалау.

«5» деген баға – студентің «өте жақсы» жауап бергені үшін және сабаққа жақсы қатысып отырғаны үшін

«4» деген баға – студентің «жақсы» жауап бергені үшін және сабақта қосымша сұрақтарға жауап бергені үшін

«3» деген баға – студентің «қанағат» жауап бергені үшін

«hello_html_m6727a71.gifhello_html_56437223.gifhello_html_7bea0b5b.gif2» деген баға – студентің «қанағатсыз», яғни сабақта ешқандай сұрақтарға жауап бермей және де қатыспағандығы үшін.

hello_html_m2a4ef9c6.gif








VIII. Үй тапсырмасы: Жаңа өтілген дәрісті оқу. Берілген мәліметтер бойынша әр – түрлі несиелік келісім – шарттармен танысып, оларды толтыру.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. С.Құлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов; Қаржы оқулығы 2009 жыл.

  2. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы «Жеті жарғы» 2009 жыл.

  3. Н.Н. Хамитов «Банк ісі» Алматы экономика 2006 жыл.

  4. Р.Ж.Қалғұлова «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005 жыл.






Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДВ-475850
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх