Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Скачать материал

                 

                         Кульмагамбетова Р.С.

                  №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

                        Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Тақырыбы:  «Қош бол, құтты Әліппем!»                                                                                    Мақсаты:                                                                                                                                          Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.                                                                                               
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, шар, жазба қағаздар,суреттер.                                                  Барысы                                                                                                                                                              І. Ұйымдастыру бөлімі.                                                                                                                 Психологиялық дайындық.                                                                                                                                    ІІ. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар мен қадірлі ата-аналар мен оқушылар!
Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Осы сыныптың «Әліппеге шексіз рахмет!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!                                                                                                        
1 оқушы:                                                                                                                                                   Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,

Өңкей білгіш балдырған,
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

2 оқушы:                                                                                                                                               Армысыңдар, аналар!

Бармысыңдар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар,

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз!

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Мұғалім:

Мына тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.

-Р.Рымбаева кім? (әнші)

-Тастан-тасқа секіретін қандай малдың төлі ?(лақ)

-Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Мектептен үйге барған соң.

Киімдерімізді  шашпай неге іліп қоямыз? (ілгіш)

-Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?                                                                                                                                 (әліппе)

-біз жазуды қайда жазамыз?                                                                                                                    (дәптер)

-....етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.                                                                                                                            (еңбек)

(Сөзжұмбақ  ӘЛІППЕ шешіледі)

Мұғалім:                                                                                                                                                                     Өсті міне бойларың,
 Өсті ақыл - ойларың.
 Қуанышқа ортақпын,
 Құтты болсын тойларың!
 - Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
  Іші толы әріпке,  білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
    Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:Әліппе, Әліппе:
     Менің атым - Әліппе,
     Мені анаңдай дәріпте.
     Мені оқып ер жеткен,
     Ағаң менен әпкең де.
    Армысыздар жас достар!
    Армысыңдар, ата - ана!
    Болашаққа жол бастар,
   Әліппең келді ортаға.
   Мерекеңмен құттықтаймын
   Бүлдіршіндер, балғындар!
   Не үйреніп, не білдік
   Кәне ортаға салайық.
    Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?
  - Талабы биік таудаймыз.
   - Мың бұралған бишіміз.
   - Біз шеберміз.
   - Ақылдымыз.
  - Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
  - Көп оқимыз.
   Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз. Біз бүгін шексіз қуаныштымыз Өйткені алғаш қолымызға қалам ұстап хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. мектеп табалдырыған аттаған күннен бастап әліппе бізбен бірге.Осы уақытта не үйрендік не білдік, кәне ортаға салайық
 3 оқушы
Бар кітапқа бас болған, 
Әліппе білім анасы .
Әліппеден басталған, 
Даналықтың данасы .
4 оқушы
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе.
Айшуақ 
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.                                                                                                                                
Әліппе :
Менің атым әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Бауыржан да Мәлікте.                                                                                                                                                         Мұғалім: -Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып беріңдерші? 
Оқушылар: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді ,жаңылтпаш айтуды, жұмбақ жасыруды үйрендік. 
Әліппе: Олай болса,балалар сіздердің білімдеріңізді ойын арқылы тексеріп көрейін.Алда қандай мереке келе жатыр? 
Оқушылар: Жаңа жыл! 
Әліппе: Дұрыс айтасыңдар! Жаңа жыл әсем шыршасыз өтпейтіні белгілі ғой сондықтан қазір біздер шыршаны безендіру ойынын ойнаймыз. 
1. Қазақ тілінде неше әріп бар? 
2. Өзің білетін бір мақал айт. 
3. Ырым –тыйым сөздерді білесің бе? 
4. Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесің? 
5. ҚР рәміздерін ата. 
6. ҚР президенті кім? 
Би: Қамажай 
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен «Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті. Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін. 
(Үш оқушы шығып оқиды)                                                                                                                                   
5 оқушы
Әліппе менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің, 
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мұғалім: Сенің нұрың сөнбесін 
Ашық аспан жарық күн! 
Келешегі сөйлесін, 
Қазақ деген халықтың! 
6-оқушы: Оқуды көп ойладық 
Қызығына тоймадық 
Әріптерді үйреніп 
Сауат аштық ,тойладық. 
7-оқушы: Барлық әріп бағалы 
Айттық әділ бағаны 
Әріпсіз сөз болмайды 
Буын онсыз толмайды 
Адам барлық әріпті 
Ардақты қолдайды 
8-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені 
Қызығып қарай берді әріптерді 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 
9-оқушы: Әліппем менің Әліппем! 
А деген бастап әріптен 
Сөз құрап жаза бастадым 
Тақылдап таңба танып мен . 
Осылай алға аттадым 
Әр әріпті жаттадым 
Жаттаған сайын әріпті 
Сөз құрап жаза бастадым. 
Хор: Отан. 
Әліппе : Құрметті оқушылар! Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» ортаға шақырайық. 
Ана тілі: Сәлеметсіздерме, балалар ! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сендер барлық әріптерді танып, оқи алатын болыпсыңдар. 
Ендеше менің сендерге қояр сұрағым бар: 
- Таулары бар ең биік 
Даласы бар жерұйық –бұл қай ел? 
-Төтеп беріп не сынға, 
Қайыспағаған ауырға 
Адал болып досына 
Бас имеген жауына 
Ердің аты кім? 

- Ең алғаш қазақ әліпбиін кім жазды? 
- Ең алғаш қазақ балаларына арналған мектепті кім ашты? 

Ана тілі: Өте жақсы балалар! Тәртіп пен білім егіз, тәртіп болмаған жерде ешқанлай білім болмайды. Сондықтанда ең алдымен тәртіпті болуларың керек. 
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз! 
Би: «Қамажай» 
Көрініс: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі 
Әліппе: 42 әріпті игердің, 
Әріптен, буындап сөз тердің. 
Ризамын балалар сендерге, 
Рахмет айтар кез келді. 
Оқушы: Таныстырған 42 әріппен 
Қош бол менің қасиетті Әліппем! 
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, 
Сауатты адам қатарына кіргенім. 
Хормен: Қош бол, құтты Әліппем 
Тіл тұсауын кестің сен! 
Мұғалім: Әсемпаз болма әрнеге 
Өнерпаз болсаң ,арқалан 
Сен де бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан ,- деп Абай атамыз айтқандай алдымызда «Әліппе» ұстап,санамақ ойнап тұрған бүгінгі бүлдіршіндер,ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. 
Білім негізі бастауышта дегендей,осы бүлдіршіндерді алға сүйреп, білімнің , өмірдің шыңына жетелеу- біздің міндетіміз. 
Бүгінгі Әліппені аяқтап, жас ұрпақтың санасына білім сәулесінің шапағын ұялатқан күні ұстаз ретінде шәкірттерімнің балаң арман, сәби қиялдарына құлақ қойғанмын. Ендеше , бала жүрегінің балауса арманын естіп көрейікші. 
(Әр оқушының арман – тілегін тыңдау) 

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 
Балалардың білімі құтты болсын 
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын 
Білімдерін ары қарай дамытатын 
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 541
    • DOCX 155.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кульмагамбетова Райгул С. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кульмагамбетова Райгул С
    Кульмагамбетова Райгул С
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2363
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека