Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: "Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы балабақшада"

Тақырыбы: "Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы балабақшада"

Скачать материал

«Отан  сүйгіштік  және  рухани  адамгершілік  тәрбиенің  бастауы -                              балабақшада».

                                                  Екінші санаты тәрбиеші: Н.Б.Абайдельдина

Ата - бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз асыл қазынамыз – ұлт тәрбиесі. Заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде салт - дәстүрді пайдаланудың пайдасы зор.
Тәрбие үрдісі өте қиын да күрделі, басып өтпеуге болмайтын жол. Қазақ үнемі баласына болашақта елімнің арқа сүйер азаматы, келешектің иесі өмірімнің жалғасы деп қараған. Осы қағиданы берік ұстаған ата - бабамыз қашанда келешек ұрпақты отанын сүйетін және қарапайым бала етіп тәрбиелеуді мақсат тұтады.
Отансүйгіштік – тарихи, әлеуметтік ұғым. Гректің – parties, «Отан» деген сөзінен шыққан.
Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді.
Отансүйгіштік ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғы шарттар қажет:
• Төл тарихымызды білу;
• Ата - тілді ардақтап құрметтеу;
• Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу.
• Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
Отансүйгіштік ұғымын қалыптастыру үшін жасалатын алғы шарттар:
Ана тілді ардақтап, құрметтеу - Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету
Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу - Бойында ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары бар рухани бай адам қалыптастыру
Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу - Азаматтық - патриоттық тәрбие беру. Тұлғалық, азаматтық сана - сезімін қалыптастыру
Бала - елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғаны абзал. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы ғана сіңеді. Оның басты құралы рухани тәрбие. Рухани сезім – ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себепті Кез - келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан - дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсете аламыз. «Өзіңді - өзің танысаң, істің басы»- деген екен Шәкәрім бабамыз. Өзін - өзі тани білу дегеніміз – адамның өзін - өзі тәрбиелеуі. Ал, өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамгершілік мінезді қалыптастыруға бастайтын жол. Адамгершілік бар жерде жақсылық үйлесім тауып тұрады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты, нақты әрекеттерден тысқары тұрған шалқар кеңістіктегі сан алуан құбылыстар мен адамдар әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын байытады. Көркем шығармалардың бала дамуындағы танымдық - адамгершілік, эстетикалық қызметінің маңызы жоғары. Оған бала қиялын дамыту, көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсер етуді, түрлі мазмұндағы өнер түрлерімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілін, баланың дербес сөздік шығармашылығын дамытуды айтуға болады. Тәрбиешіден көркем шығармаларды таңдауда бала ұғымына жеңіл, дамуы мен танымдық жетілуіне әсер ете алатындай мүмкіндіктерді қарастыру талап етіледі. Бала - ұлт болашағы. Бала тәрбиесінде ата - ана балабақша, тәрбиеші болып бірігіп белсене жұмыс жасауы қажет. Ынтымақ пен бірлік, сүйіспеншілік бар жерде тәрбие - береке тауып тұрары сөзсіз. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі.
Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Егер бала бойында адамгершілік құндылықтарын жастайынан көргіміз келсе, оның қалыптасуына тек көмектесуіміз, қолдау жасауымыз керек. Сонда ғана ертеңгі қоғамда бәсекелестікке түсе алатын өзінің біліктілігін жан - жақты көрсете алатын болашақ ұрпақ бойынан адамгершіліктің жоғары құндылықтарын көре аламыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы балабақшада""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 383 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 2550
    • DOCX 38 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абайдельдина Нургуль Бораншыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11581
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции