Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы: "Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынас жүйесі"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Тақырыбы: "Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынас жүйесі"

библиотека
материалов

"Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынас жүйесі.

Ата-ана – баланың бас ұстазы. 
   Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің іргетасы.
   Баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы
   іспеттес.Өзі үлгі болумен қатар мейірім мен 
   махаббат иесі болуы қажет.
              «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды. Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бiрнеше анықтама бередi. Бiреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсiнсе, келесi бiреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бiр бөлiгi деп қарастырады. «Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген дене және рухани сипаттамаларымен ғана емес, жеке тұлғаның қоғамның жоғарғы идеалдарына сәйкестілерімен қалыптасуына әсер ететін жақтарының қалай өзгеретінін анықтауда.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуында қарым-қытынастың үш түрін бөліп қарастыруға болады: өзіне деген қатынасы, басқаларға деген және заттық әлемге деген қарым-қатынасы Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесiн В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттедi. Олар отбасында отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдiсi нәтижесiнде мектеп жасына дейiнгi бала өздiгiнен дербес түрлi әрекеттер (киiм кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетiлген эмоционалды қарым-қатынасты әлi де болса аса қажет етедi деп тұжырымдайды . В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады.

   Батыстық ғалым А.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоционалды қатынасына байланысты» - деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ресейлік ғалым А. И. Захаров соңғы жылдары экономикалық өзгерістер барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар балаға деген эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын айтады. Отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі чех ғалымдарының да назарын өзіне аударта білді. Осы орайда И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, баланы айнала қоршаған әлеуметтік құбылыстар, тәрбиедегі олқылықтар, отбасындағы үлкендердің селқос қатынасы – балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын тудырып, психика дамуын тежейді деп көрсетеді. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А.Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды.

            Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі, ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В.Запорожец, Я.З.Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, кұрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді [4]. Айналада, болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады ретінде танылады.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.

«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.

Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:

- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
І.Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.

Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағын өткіздім.

«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қойдық.
«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысты.
«Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікірсайыста талқыладық


1.Балалардың педагогикалық-психологиялық даму картасы
Балалардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін бағалау индикаторлары
Тәрбие мен білім берудегі дамытушы ортаның деңгейін анықтаушы индикатор жасаймын
2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару
сауалнама,тест,интерпритация - суреттері, т.б) жазып қоямын
3.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру
«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі»
4.Топтық,жеке кеңес беру

Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
 





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-339761

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"