Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Тақырыбы: Отбасын ерте құру дұрыс па?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Тақырыбы: Отбасын ерте құру дұрыс па?

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Отбасын ерте құру дұрыс па?»



Дебат

9-10-11 сынып оқушылары



Н.Ə. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл мақалды бүгінгі күні жиі қолдануға тура келеді. Мұның себебін өзіміз көріп те, біліп те жүрміз. Отбасын құрып, өмірге ұрпақ әкелу – өмір заңдылығы. Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өз теңін табады. Дегенмен, қай уақытта, қай жаста жанұя құрған дұрыс? Байқап жүргеніміздей, қазіргі уақытта жастардың ерте үйленіп, жастай тұрмысқа шығып жатқан жайы бар. Бұған көп жағдайда қызды өз еркінен тыс алып қашу немесе олардың аяғының ауырлап қалуы себеп болып отыр.

Қазіргі уақытта аталмыш себептердің соңғысы жиі орын алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, әлемде жыл сайын 16 миллион кәмелетке жетпеген қыз екіқабат болып қалады. 15 пен 18 жастағы 3 миллион бойжеткен жасанды түсік жасатады. Олардың қатарында қаракөз қазақ қыздары да бар. Статистика еліміздегі некенің үштен бірі сәтсіз болатынын көрсетіп отыр.

2014 жылғы қаңтар-қарашада АХАЖ органдары 147,3 мың неке қию туралы акті жазбасын ұсынды.
2013 жылмен салыстырғанда неке қию саны 5,1%-ға азайыпты.

2014 жылы қаңтар-қараша арасында 48,4 мың ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш берген. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ажырасу 2,3%-ға өскен. 2013 жылы 47,3 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.

2015 жылы қаңтар-наурызда АХАЖ органдары 30,3 (31,6) мың неке қию туралы акті жазбасын ұсынды.

2014 жылы қаңтар-наурызбен салыстырғанда олардың саны 4,1% азайды. Некенің жалпы коэфиценті 1000 адамға 7,02 (7,42) некені құрады.

2015 жылы қаңтар-наурыз айларында ажырасулар саны 12,0 (11,6) мың болды, 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 3,4% көбейген. Ажырасудың жалпы коэфициенті 1000 адамға шаққанда 2,77 (2,72) бұзылған некені құрады.

Ойнап жүріп, от басқан қыз-жігіттердің жағдайын естісек, тіпті таңғалмайтын да болдық.

Мәліметке қарағанда, өмірге сәби әкелген 10 әйелдің біреуі – балалықтан арылмаған жас қыз. Қазақстандағы жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастық президенті Тамара Жүсіпәлиеваның айтуынша, елімізде 15-17 жас аралығындағы 10 мың жасөспірім жыл сайын ана болады. Бұл нәрестелер некесіз туғандықтан, көбінесе балалар үйіне өткізіледі.

Осындай зерттеулердің нәтижелерін іздестіріп, салыстыра келе ерте үйленудің оң факторларын көп кездестірмедім. Ерте үйленудің оң факторлары деп қандай жағдайларды айта аламыз. Яғни, ерте үйленген жастарымыздың бір-біріне деген түсіністік бар болған жағдайда, екіншіден ата-ананың қолдауымен әлеуметтік жағынан көмек болған жағдайда жас, ерте үйленген отбасылар өздерінің некелерін сақтап қалуы мүмкін. Егерде бір-бірін қандай жағдай болмасын түсініп, қолдайтын болса, ата-ана тарапынан түсіністіктер болып, екі жасқа мына өмірдің қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұзақ жолдардан қиналмай, қиналса да қасқайып қарсы тұра алатындай етіп бағыт-бағдар көрсетін ата-ана болса, олардың оқуына, дүниеге келген нәрестелерінің аман-есен өсуіне көмектесер болса, осындай жағдайлардың нәтижесінде ерте үйленген жастарымыздың некелері әлде қайда берік болады. Және еліміздің демографиялық жағынан өсуі де алға қарай жылжиды.

Халқымыз «он үште отау иесі» деген. Бірақ қазір ол заман емес. Қыз 14-16 жаста физиологиялық тұрғыда жетілуі мүмкін. Бірақ ол бұл жаста сана-сезімі тұрғысынан алып қарағанда әлі бала. Сондықтан қыздарымыз бұл жаста жүкті болып, ана атанып, шаңырақ көтеруге емес, білім алуға, сана-сезімін, ойын жетілдіруге тырысқаны абзал.

Бірақ, қазіргі таңда жастарымыздың ерте үйленуінің теріс факторлары өте көп. Жастардың ерте некелесудің қиындықтары болатынын ескергені абзал. Себебі, барлық отбасында дерлік әлеуметтік жағдай, ата-ананың қолдауы бола бермейтіні анық. Жалпы, ерте шаңырақ көтерген жастар ата-аналарына көп ауыртпалық түсіреді. Отбасындағы барлық ауыртпалық бала көтергеннен бастап жас келіннің иығына түседі. Мына дамыған, жаһандану заманында ерте үйленген отбасының білім алуы да қиынға соғады. Ерте некелесу дегеніміз – білім алудан қол үзу дегенді білдіреді. Жас күйеуі де балалықтан толық арылмағандықтан әкелік парызын атқаруға дайын емес. Олардың отбасын ары қарай жалғастыруға әлеуметтік жағдай көтермейді, отбасындағы кикілжің, ұрыс-керіс, береке-бірліктің жоқтығы осы сәттерде басталып, аяғы отбасының екі жаққа кетуіне әкеліп соғады. Отбасында кикілжің тудыратын себеп өте көп, соның ішінде ең көп тарағаны отбасы мүшесінің бірі екіншісін қайта тәрбиелегісі келетіндігі. Бұған айтарым «Адамды өзгерту мүмкін емес, тек оған деген қарым-қатынасыңды өзгерт» деп кеңес берер едім. Мұндай отбасылардың ғұмыры ұзаққа бара бермейді. Ал ажырасқан жағдайда білім алмаған, оның үстіне баласы бар әйелдің өмірден өз орнын табуы қиынға соқпақ.

Шығармашылық бастамашыл әйелдерінің лигасы” қоғамдық бірлестігі 2010 жылы ерте некелесу проблемасына орай зерттеулер жүргізген. Зерттеу елімізде ерте некелесуге көбіне ықтиярсыз некелесу, яғни қыздың келісімінсіз алып қашу себеп болатынын көрсеткен. Тіпті заңға да қарамайды. Заң бойынша Қазақстан Республикасында неке жасы 18 жас деп көрсетілген. Егер де қыздың аяғы ауыр болса немесе тағы да сол сияқты маңызды салдар болса, некелесу жасы 2 жасқа төмендетiледi.

Ал, қазіргі таңда заманымыздың дамыған шағында әрбір ата-ананың көзі ашық, білімді отбасылар, сондықтан ұл, қыздарымыздың ақылмен, келісіммен үйленіп жатқаны қаншама, ата-анасының абыройын ойлап, қыздарымыз қашып кетуден гөрі ұзатылып шыққанды жөн көреді. Бұл ата-ананың тәрбиесінен берілетін қасиет. Ал ерте шаңырақ көтерген отбасылардың бірден-бір себебі, үйдегі тыйымның аздығы, ата-ананы тыңдамау, қыз бен жігіт болып ерте махаббат құру, осының салдарынан сезіміне ерік бере алмай жыныстық қатынасқа дейін барып, соңы екі қабат болып, мектеп қабырғасында жүріп-ақ үйленіп жатқандары бар.

Осындай жағдайлардан кейін ешкімге ауыртпалық түсірмей, өз аяқтарына тұрған кезде үй болған дұрыс. Сондықтан жастар құр нәпсіге еліктеп, сезімге беріліп үйлене салмай немесе еріксіз алып қашпай, бәрін ой елегінен өткізіп алған жөн. Оның үстіне отбасын құратын жандар отбасылық жауапкершіліктің де қандай екенін, ер мен әйелге жүктелген міндеттерді де ұғып алмайынша үйленуге асықпағаны дұрыс. Бұл жерде ең алдымен ата-ана тәрбиесінің рөлі зор. Балаларының тәрбиесіне тікелей ата-ана жауап беруі керек. Үйленген екі жастың ата-аналары екі жақтан да тәрбие берген кезде ғана неке сақталады.

Швеция билігі отбасы заңнамасын түбірімен өзгертуге тырысуда. Ресей де некелесу жасын 21-ге ұзартуды мақұл көріп отыр. Ықтиярсыз некелескені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілсе, 18 жасқа толмағандарға үйленуге заң жүзінде қатаң тыйым салынса құба-құп болар еді.

Мен де кейде ойлаймын. Бізге де үйлену жасын арттыру туралы ойланған жөн-ақ! Бұл ұлтымыздың некені қадірлеу, отбасы тұрақтылығын сақтау сынды менталитетіне сәйкес келеді. Қазіргі біздің нарықтық заманда ең қолайлысы 23-тен асқан соң тұрмыс құру сияқты. Өйткені, 4-5 жыл оқуға, кейін 1-2 жыл жұмыс істеуге кетеді. Бәрін көріп, білген соң асықпай тұрмыс құр. Соның есебінде отбасы, ошақ қасы, бала-шаға жайлы ойлары да кеңейеді. Жалпы көреген болу кімге артық болған? Осыдан баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керек, қандай білім беру керек, үйді қалай ұстау керек бәріне біраз түзу көзқарас қалыптасады. Осыдан барып, елге қалаулы, білімді азаматтарды тәрбиелеу мүмкіншілігі артады деп ойлаймын.

Сонымен, ерте үйленудің де, кеш үйленудің де қажеті жоқ. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бәрінің де өз уақытысымен болғаны дұрыс.
















Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі






Тақырыбы: «Отбасын ерте құру дұрыс па?»



Дебат

9-10-11 сынып оқушылары









Психолог: Кокебаева Назерке Амантаевна















2015-2016 оқу жылы



G:\DCIM\127___09\IMG_7577.JPGG:\DCIM\127___09\IMG_7576.JPG

G:\DCIM\127___09\IMG_7575.JPG

G:\DCIM\127___09\IMG_7573.JPG

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров479
Номер материала ДВ-565527
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх